Надир Хайруллаевич: Yesmed клиникасы , Псевдоврачтар , Check up.

  Рет қаралды 814

Alem Medicus

Alem Medicus

Күн бұрын

01:34 Таныстыру
02:56 Болашақта кім боламын, қайда барамын?
06:20 Надир Хайруллаевичке кім наставник болды?
08:28 Yesmed клиникасынынң ашылу тарихы
13:24 Дәрігер инстаграмды халық үшін жургізу шарт!
18:10 Псевдоврачтар: "Баланың миының 90% майдан тұрады",Қонжық клиникасы
23:45 Yesmed клиникасындағы дәрігерлерге қойылатын талаптар
25:25 3 концепциянын бастысы - Communication
29:23 Yesmed клиникасына алғыс
30:19 Кореядагы чекап vs Қазақстандағы чекап,connect
31:59 Клиникалық білім, БАД-ты дұрыс қолдану, БАД дәрі емес!!!
36:24 Сарафанное радио, БАД сыйлық ретінде
37:38 Yesmed мектебінің миссиясы, 30 дан аса курстар!
38:43 ҚЗ дәрігерлері Араб дәрігерлерін оқытады!😍
40:32 Студенттер университеттен бөлек қосымша білім алуы шарт!
43:44 ҚЗ нарықта 5000 дәрігер жетіспейді, 5000 потенциалды дәрігер шетелде!
48:30 Білікті маман қандай көлемде айлық алуы керек? Айлық көтерудің жаңа тактикасы.
52:22 Айлық аз болған сайын, даму мүмкіншілігіңіз азаяды
54:50 Ата-анаңыз үшін Check up программа!

Пікірлер: 42
@flyingdragontenli473
@flyingdragontenli473 Күн бұрын
Подкаст үшін рахмет! Надир Хайруллаұлының білікті маман екені бірден көрініп тұр. Қазақстан мен Еуропа дәрігерлерінің жалақысына ерекше назар аударғаныңызға қуаныштымын. Невропатолог дәругррді мысал ретінде келтіргеніңіз үшін бөлек алғыс айтамын! Шынымды айтсам, Алматыда осындай керемет мамандар бар екенін және жалпы өзіңіз қалауымен осылай ақша табуға және жұмыс істеуге болатынын білмедім. Сіз менің медицина саласына деген көз қарасымды әжептеуір кеңейттіңіз, сол үшін де көп алғыс білдіремін. Надир Хайруллаұлы өзінің жеке тәжірибесіне сүйене отырып көптеген маңызды инсайттармен бөлісе кетті, студент ретінде мен болашақта міндетті түрде оларды пайдаланамын деген ойдамын. Және мен осы кеңестерді пайдаланған кезде, осы подкаст миымда инструкция ретінде сақталып қалатын сияқты. Практикада жүгенде мен түпкілікті таңдау жасамас бұрын, құлшынысымды тұдыратын бір саланы табу мақсатында, міндетті түрде таңдауға болатын барлық бағыттарды сынап көретін боламын. Бұл, әрине, база, бірақ бұл кеңестерді елемеуге болмайды. Подкастта мүлдем керексіз нәрсе айтылған жоқ, мүмкіндігінше бәрі нақты және түсінікті түрде жеткізілді.
@AidanaZharylkasynova-z7w
@AidanaZharylkasynova-z7w 7 сағат бұрын
Надир Хайруллаевич , Алем медикус подкастының кезекті қонағы болып келгеніңізге өте қуаныштымын. Бір жыл бұрын сіздің қатысуыңызбен өткен мотивациялық кеш өте әсерлі болып еді. Сол сәттен өмірге деген көзқарасым өзгеріп, ой-санам кеңейгендей. Өз тәжірибеңізбен бөлісіп, бізге ақыл-кеңес айтқаныңыз бізге үлкен сыйлық. Сондықтан, қазірден бастап, 4 курс студенті болсам да, сіз айтқандай өз бағытымды іздеумен айналысуға бел будым. Сіз кһпке үлгі тұтарлық мамансыз, ешқашан берілмей, әрқашан өз қалауыңды орындауды үйретесіз. Әр айтқан сөзіңіз бізге бағалы! Біздің мемлекетіміздің медицинасыз көтеретін сіздей маманға алғысым шексіз!!!
@Asset012
@Asset012 Күн бұрын
Кеш жарық! Ең бірінші осындай подкасты ұйымдастырған Әлем медикус ұжымына көп-көп рақмет. Осындай подкастар көбейе берсін. Надир мырза қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, білікті, білімге ұмтылған дәрігерлер мен студенттерді жігерлендірді деп ойлаймын. Алдағы уақытта сіздердің іздеріңізді басып келе жатқан жас болашақ дәрігерлер сіздерге қарап бой түзейді. Қазақстан медицинасы сіздер сияқты көкірегі ояу азаматтардың арқасында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосыларына сенемін. Өзекті мәселелерді қозғап, дұрыс әрі орынды сұрақ қою арқылы подкаст керемет шықты деп ойлаймын!"
@Balaussya
@Balaussya Күн бұрын
Өте керемет шығарылым, жаңадан шыққан кезінде көргенде бөлек, қазір қайталап көргенімде бөлек ойлар түйіп жатырмын, себебі осы бірнеше ай ішінде біздің медицина, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің кемшіліктері инфо-алаңымда көп болды. Надир мырзаның Қазақстандағы медицина жүйесі жайлы сөз қозғап өткені ұнады. Көптеген медициналық қызмет көрсетудегі кемшіліктер: сапаның болмауы, дәрігерлердің жалақысы мәселесі, дәрігерлердің өз біліктілігін көтеруге деген талпынысының төмен деңгейде болуы, клиникадағы және ғылыми зерттеудегі медицинаның ұштаспауы, псевдодәрігерлердің көбеюі, халықтың базалық деңгейде медициналық білім деңгейінің төмен болуы, осы саладағы халықтың неге құқылы, мед.сақтандыруды, дәрі-дәрмекті қалай дұрыс қолдану, профилактикалық түсіндіру, ағарту жұмыстарының аздық етуі, т.б. мәселелер тікелей денсаулық сақтау жүйесінің дұрыс ұйымдастырылмауының салдары болып табылады. Бұл салада озық жүйе АҚШ-та екені бәрімізге мәлім, медициналық сақтандырумен адамдар жеке клиникаларға жүгінуге, жоғары сападағы мед.қызметтерге қол жеткізе алады. Сақтандыру арқылы көбінесе осы yesmed секілді жеке клиникаларға барады. Алайда кемістігі де аз емес, мысалға мед.сақтандыруың болмаса, еш жерден көмек ала алмайсың деген сияқты. Ал Қазақстандағы қазіргі жүйе КСРО-да 1926-1970 жылдары ұтымды болған (өмір ұзақтығы 26 жылға ұзарды) Семашко жүйесінің ізбасары болып табылады, яғни ОСМС арқылы халық тегін медициналық көмек ала алады. Бірақ ОСМС жүйесіне «прозрачность» жетіспейді. Одан бөлек қолымыздағы қолжетімді құрал Damumed жүйесінде оптимизация жасау қажет, халық арасында мемлекет, сіздер, біздер сияқты медицина саласында жүрген адамдардан тарапынан медициналық ағартуды күшейтуіміз керек. Сонымен қатар Надир мырза айтқандай дәрігер құқұғын қорғайтын заңнаманы да реттеу керек. Дәрігер құқықтары мен міндеттерін реттеу тек қана дәрігерлер қауымдастығы үшін емес, жалпы ұлт мүддесі үшін өте маңызды деп санаймын. Сондағы айтпағым Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі үлкен реформаны талап ететіндігі. (Менде мынандай бір ой болып еді, Қазақстанға да шет елдегідегідей мемлекеттік болсын, жеке болсын клиникаларды басқаруды екі басшылыққа бөлсе деген: бірі медициналық қызметтерді жүргізуге жауап берсе, ол жерде басты адам- бас дәрігер, ал екінші ол тек қаражатпен айналысатын бөлім болса деген, бірақ бұл ойлар әлі шикі секілді, Қазақстанға сәйкес келетін модельді осы оймен және қазіргі жүйенің гибриді жасау керек сияқты) Негізі бұл тақырыпқа қатысты тереңірек қазбалап, ойымды жеткізу үшін видеодағы комментарий алаңы аздық етіп жатыр, бірақ қысқаша осылай. Және де Надир мырзамен кездесіп жатсам, осы тақырыпта тереңірек қазбалап, yesmed клиникасының “устройствасы”, политикасы жайлы білгім келуші еді. Сонымен қатар, клиниканың медицинадағы қызметкерлердің біліктілігін көтерудегі жұмысы ұнайды, бұл да бір медицинаның дамуына үлкен бір үлес деп санаймын
@nbmadeena
@nbmadeena Күн бұрын
Подкаст өте қызықты! Өзекті тақырыптар қозғалған. Надир Хайруллаевичтен жеке бір тұлға ретінде өсу үшін үйренеріміз көп екен. Қозғалған мәселелер бойынша: 1. Дәрігер ол-элита. Белгілі бір шыңда тұрған жеке тұлға. Бірақ осы шыңға шықтым деп жалған сөйлейтін псевдоврачтар элитаға ұмтылғысы келетіні таң емес. Медицина мен проект/бизнес тең ұғым болып кеткендей. Қай бұрышқа қарсаңда әр кім өз бизнесін дамытуға тырысып жатыр. Сан бар сапа жоқ. Әлеуметтік желіге кірсең де, әр жерде өзіндік жарнамалар. Халықтың адасатындай-ақ бар. Өйткені бизнес бастаушылар халыққа не керегін біледі және құлақтарына майдай жағатындай өтіріктерімен алдап ұсыныстарына сендіретін псевдоврачтардың көбеюі қынжылтады. Осы мәселе бойынша заң қарастырылса ең дұрыс шешім болар еді. Қажырлы еңбексіз өзін дәрігер деп атаулары негізсіз ұғым. 2. БАД мәселесі бойынша өзімнің де таныстарым бар назначениесіз өздеріне өздері тағайындап қабылдап жүрген. Ойын өзгертуге тырысасың, бірақ тек өзін алдайды. Әрине әлеуметтік желіде көрген псевдоврачтардың дезинформациясынан кейін. Осы жерде қанша хейт болса да нағыз білікті дәрігерлер әлеуметтік желіге кішкене кірісіп, псевдоврачтардың білімсіздігін біліктілігімен басып тастаса халықтың көзі сол кезде ашылар ма еді?! 3. Коммуникация бойынша/ бізде болашақта білікті дәрігер бола аламыз егер де осы кезде коммуникациямызды жақсартсақ. Ішкі ауралар бойынша ұстазымыз айқан еді “бәрін үйретемін тек пациенттен бір бұрышта отырып қашпаңдар,керісінше көп пациентті көруге тырысыңдар”- деп. Ұстаздың айтқан сөзі осы жерде үлкен ой тудыры. Пациентпен сөйлесіп, сабақ кезінде өзімізді комуникацияға дағдыландырсақ, кейін дәрігер болғанда пациенттер сол кезде алаңсыз біздерге сенім арта алады деп ойлаймын.
@zhasulanbakdauletuly8240
@zhasulanbakdauletuly8240 2 күн бұрын
Түнгі үште отырып қарап шықтым . Маған Надир мырза жеке тұлға ретінде ұнады . 25 жасында клиника ашу екінің бірінің қолынан келетін іс емес негізі. Менің түсінгенім бойынша ол кісі универдің өзінде жыбырлап ұйымдардың басында жүрген және ол ұйымдар Надир мырзаның көш басшылық қасиеттерінің қалыптасуына әсер еткен . Жас болсада үлкен мақсат қойып және сол мақсаттың айналасына өз ісінің мамандарын топтастырып және оларды сол мақсатта сендіре алу , бұл бір шеберлік . Надир мырзаның жасап жатқаны ол үлкен іс ,ал ол үлкен жауапкершілік . Жауапкершілігі жоғары адамның бай болуы да , басшы болуы да әділетті ! Тоқаевқа дауыс береміз ). Әңгіме майланып кетті демессіздер көргенімді жаздым !
@ssandusha
@ssandusha 3 күн бұрын
Дәл қазір осы подкаст мен үшін өте пайдалы болды, пациент болып та, студент болып та, практикант болып та қазіргі медициналық жүйені көріп қыңжыласын. Осындай көзі ашық, сауатты дәрігерлерді көріп қуанамын. Осы подкастта, медицинадағы жүйенің қалай жұмыс істейтінін, тек университеттің білімімен шектеліп қалмауды, болашақта қандай дәрігер болуға тырысатынымды үйрендім. Надир мырза секілді, ең алдымен халық үшін жұмыс жасайтын дәрігердердің көп болуын қалаймын, подкаст үшін үлкен рахмет🙌🏻
@Nurasyl09
@Nurasyl09 3 күн бұрын
Қазір жалпы псевдодәрігерлер шынымен қаптап кетті. Кейде әдемі сөйлеген ақ халатты жандарға қызығып кетесің бірақ, артыңда бұл кісі шынымен өз ісінің маманы ма деген сұрақ келеді. Осы подкастта осы тақырып жақсы ашылған. Маған ұнады. Екінші бір бөлігі студенттерге айтқан ақылы шыны керек біразіміздің уақытымызды үнемдейтін сияқты. Өйткені зав кафедра, мықты хирург деп артынан қуып, шындығында ол кісілердің уақыты болмай бір шетінде қалып қоямыз. Түпкі ойдың түйіні түзу ниет-бәрін өзі көрсетпек. Тек бұл жолда біраз еңбек керек.
@erasylbeats1151
@erasylbeats1151 Күн бұрын
Қазіргі кезде бизнес, психология, ислам жайлы подкасттар қазақ тілінде жақсы дамып кеткенін білеміз, бірақ медицина туралы тыңдаған алғашқы подкастым болды. Негізі медик студенттер үшін бұл өте жақсы мотивация және өздеріне жеке пайдалы көп инсайттар алуға болады.
@berdiyarberdiyar3859
@berdiyarberdiyar3859 2 күн бұрын
Бір сөзбен керемет. Қарапайым халықтың медицинаға деген сенімі видеода аталған псевдодәрігерлердің әрекеті мен адам денсаулығын бизнеске айналдырғандардың себебінен жоғалып отыр. Өз денсаулығына уайымдап, үлкен үмітпен тексерілуге келген жанға маңызы жоқ анализдер тағайындалып жатады. Таяқтың екі ұшы бар демекші, бұл жайт сол "дәрігерлердің" өздеріне әсер етіп қана қоймай, зардабын күллі Отандық медицина тартатыны өкінішті ақ.
@dauqken
@dauqken 2 күн бұрын
Надир мырзамен ең алғаш “Alem medicus” ұйымы өткізген кездесуде танысқан едім. Өз клиникасын осындай жас кезінде ашты дегенді естігенде таң қалғаным есімде. Біздің ойда клиника ашу үшін бай ата-анаң немесе үлкен несие алу міндет ретінде көрінген еді. Алайда, осы кездесуден кейін Надир мырзаның көрегенділігі мен кәсіби маман ретінде жасаған жұмыстары менің болашағыма деген көзқарасымды өзгертті. Бұл подкастта айтылған ақпарат өте ауқымды және қазіргі цифрлық замандағы кәсіби дәрігерлердің назарында болу керек. Себебі, адамзат инстаграм секілді әлеуметтік желіде жарияланатын ақпаратқа еш күмәнсіз сенетін болған. Әр дәрігер мүмкіндігінше өзінің кәсібін цифрландыруға көшу керек. Яғни, псевдодәрігерлердің шынайы келбетін ашып, халықтың өз денсаулығына немқұрайлы қарамауына жол ашу міндет. Қаншама жазықсыз адам өзінің денсаулығын дұрыстаймын деп керісінше нәтижеге жетіп жатыр. Халықтың көзін ашу әрбір жауапкершілігі мол медицина қызметкерінің борышы!
@aighanymdat1088
@aighanymdat1088 3 күн бұрын
Кезекті Alem Medicus подкастын тыңдап, өзіме көптеген ой түйдім. Жақында Надир Хайруллаевич 25 жасында клиника ашты дегенде, өмір жолы, дамуы қатты қызық болды және осы подкасттан өзіме түртіп алған сәттермен бөліскім келіп отыр. Елімізде дәрігерлік жұмыспен айналысуға қатаң заң жоқ екені көңілге тиеді. Шынымен де, қазір әлеуметтік желілерден медициналық білімі, тәжірибесі жоқ, бұрынғы расталмаған емдеу әдістерін ұсынатын псевдоврачтар халықтың миын улап жатыр. Сондықтан да, қазіргі таңда еліміздегі мықты дәрігерлер халыққа дұрыс ақпаратты жеткізу мақсатында әлеуметтік желілерді қолданып, халықтың көзін ашуы қажет. Өзімде соңғы уақытта жеке брендті қазірден қолға алу,инстаграмм дамыту мәселесін қарастырып жүргенмін, осы видео өзім үшін шамалы болса да, мотивация болды. Сонымен қатар, БАДы мәселесі де қазіргі таңда ахуалды мәселеге айналып жатыр.Мысалы, менің де таныстарымның ішінде өздеріне БАД-тарды дәрігермен ақылдаспай-ақ, мөлшерін барлығын өздері таңдап, самолечениемен айналысатын жандар бар. Сол себептен, БАДы қолданар алдын білікті дәрігерлермен ақылдасып, толықтай тексерілген ба жоқ па қарау керекпіз. Белгілі бір деңгейде көмектессе де, ауруды ең алдымен дәлелді медицинамен емдеген жөн, себебі БАД-тарды дәрі ретінде санаған қате ұғым.
@doc.farizza
@doc.farizza 7 күн бұрын
Осыдан бір жыл алдын көлемінде Alem medicus Надир Хайруллаевичпен мотивациялық кездесу өткізген болатын. Ол кезде интернатурадан кейінгі кезеңде мамандықты қалай таңдаймыз деген тақырыпта сөз қозғалған. Бір жылдан соң Alem medicus-та Надир Хайруллаевичты подкастта көргеніме қуаныштымын.🔥 Беталды БАД пайдаланатын халыққа түсіндірме жұмысын жүргізу, Медицинада қосымша потенциалды қалай ашамыз , жоғары табысқа шығу бойынша кәсіби шеберлік жақсы жеткізілді.Тек медиктерге емес жалпы халық көруге тұратын подкаст болды♻️
@stuDENTall.
@stuDENTall. 6 күн бұрын
Осыдан жарты жыл бұрын қазақша стоматологиялық видео сабақтар түсіріп бастадым, басында басқалар не ойлайды, менен қате тауып алама сынды ойлар туындады. Кейін подкасттан Надир ағайдын сөздерін естіп, жүректен өтті, егер жүректе үйретуге деген пейіл болса неге оны жаратпасқа. Мақсат: медицинаны түсінікті әрі пайдалы қылу😉
@adalaru
@adalaru 3 күн бұрын
Қазіргі медицина саласында қоғамға қараңғылық түсіретін үлкен бұлт бар. Ол қазіргі кезде псевдо дәрігерлердің көбеюі. Желіде негізсіз, клиникалық расталмаған біліммен, өз ойын білдіріп, халыққа ем беріп жатқан видеоларды көрсең жүрек түршігеді. Сол үшін өз саласындағы мықты мамандар өздерінің жеке брендін арттыруы керек деген оймен 100% келісемін. Тағы осындай подкасттарды күтеміз🙌🏻
@muzapparabuirbek4226
@muzapparabuirbek4226 2 күн бұрын
Есть много образованных людей, но не очень мудрых. Есть люди без образования, но невероятно мудрые и практичные. Если образование решит все, 1000 студентов закончат обучение и станут сертифицированными врачами за 1 год. Почему медицина в РК все та же? Я признаю, что это неотложная операция. А специалисты-терапевты-теоретики: Стыдно называть людей «псевдо» врачами, выписывая рецепты без диагноза и штампа. "Когда дело не выполняется специалистами своего дела, знающие и незнающие становятся наравне.".
@muzapparabuirbek4226
@muzapparabuirbek4226 2 күн бұрын
Каждый человек получает результат в соответствии со своим намерением. Кто учится ради диплома, чтобы сидеть в кресле, чтобы зарабатывать много денег - он этого и добьется. А кто стремится быть полезным народу, тот также достигнет этого и станет полезным. Как говорят казахи: "Можешь соперничать с чем угодно, но не соперничай с удачей мужчины." Всё по воле Аллаха, и каждый листок падает на землю по Его желанию. Не важно, что ты учился, что у тебя диплом, не нужно постоянно говорить "Я". Важно научиться видеть суть дела. Если дважды скажешь "я", это станет высокомерием. Гордыня - это действие шайтана, которое неугодно Творцу. Возможно, именно поэтому высокомерие так проявляется в обществе.
@ГулсимШамшадин
@ГулсимШамшадин 4 ай бұрын
Керемет! Еңбектеріңіз өрлей берсін!
@aizataminkyzy
@aizataminkyzy 4 ай бұрын
Подкаст пайдалы болады деген үміттеміз❤️🫰🏻
@КенжетайШамшадинов-ъ9у
@КенжетайШамшадинов-ъ9у 4 ай бұрын
Сәттілік тілеймін
@АсельОразбаева-з7м
@АсельОразбаева-з7м 4 ай бұрын
Рахмет улкен мықты инфолар айтылды
@ЖанарБаймбетова-с1ы
@ЖанарБаймбетова-с1ы 4 ай бұрын
Керемет
@guzalhonhodjayeva9749
@guzalhonhodjayeva9749 4 ай бұрын
Бомба подкаст👍🏻👍🏻👍🏻
@user-mx2hl4iv2e
@user-mx2hl4iv2e 3 ай бұрын
🔥🔥🔥
@khassanerkinov1345
@khassanerkinov1345 4 ай бұрын
Молодец 🎉
@stuDENTall.
@stuDENTall. 4 ай бұрын
Әдемі подкаст🔥
@djekkz6712
@djekkz6712 4 ай бұрын
👍👍👍👍
@guzalhonhodjayeva9749
@guzalhonhodjayeva9749 4 ай бұрын
😍😍😍
@mukassanberdikhan8155
@mukassanberdikhan8155 4 ай бұрын
👍
@dimash_qaldybai
@dimash_qaldybai 4 ай бұрын
👏👏👍🔥
@Samat.medicina
@Samat.medicina 8 күн бұрын
13.09-23.09 аралығында болатын конкурска қатысып *ТЕГІН БИЗНЕС ЗАВТРАККА* қатыс🙌🏻
@Nurasyl09
@Nurasyl09 4 ай бұрын
😍😍😍😍😍👍👍👍👍
@ГаухарКуралбек-д2т
@ГаухарКуралбек-д2т 4 ай бұрын
Надир молодец 😘😘😘студент кезде ози уздык болып журетин жигит еды
@ДамеляТілепбай
@ДамеляТілепбай 4 ай бұрын
Пайдалы подкаст болды!
So Cute 🥰
00:17
dednahype
Рет қаралды 65 МЛН
Как подписать? 😂 #shorts
00:10
Денис Кукояка
Рет қаралды 6 МЛН
Кеминдеги Эрмек устаз деген ким?
1:15:06
So Cute 🥰
00:17
dednahype
Рет қаралды 65 МЛН