НАМЫСТЫ ОЯТАТЫН ОҚИҒА - КАЗАҚТАР КӨРІҢДЕР!

  Рет қаралды 132,486

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

Жыл бұрын

Бәріңізге ассалаумағаликум. Саясат-маясаттан шаршасаңыз бұл видеоны міндетті түрде көріп шығыңыз. Әңгіме Оңтүстік Корея жайлы. Бізге еш қатысы болмасада олардың тарихындағы бір оқиға сізге сөззсіз үлкен ой салатын болады. Корейлер қалай көгерді? Қамыс шақай мен шиден тоқылған қалпағынан басқа киер киімі жоқ корейлер аз жылда қалайша сұмдық дамыған мемлекет құра алды? Немістерден алған қарызды қайтару үшін кәріс қыз-жігіттері қандай қиыншылық көрді? Президент Пак Чон Хи неге еңіреп жылады? Оңтүстік корея тарихындағы жүректі елжіретер өте қызықты әңгімені сізге білген дұрыс!
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Корей елінің экономикасы адам көргісіз құлдырады. Тіпті әлемдегі ең кедей мем¬ле¬кеттердің қатарына қосылды. 1962 жы묬ғы даму көрсеткіші бойынша Оңтүс¬тік Корея Азия елдерінің ішінде соңынан са¬нағанда Үндістаннан кейін екінші орын¬да тұрды. Халқының қамыс шақай мен шиден тоқылған дөңгелек қалпақтан басқа іліп алар киімі болмады. Осы тұста елді мұндай күйден құтқаратын тек ұлттық идеология екенін түсінген бір зиялылар ел басында отырған тұлғаларға барып, «корей халқы тауықтан жақсы ма, әлде жаман ма?» деген жалғыз сұрақ бойынша бүкілхалықтық сауалдама жүр¬гізуге үгіттейді. Сауалдама жүргізіледі. Әри¬не, ел тұрғындары түгелдей «Корей адамы тауықтан жақсы» деген жауапқа тоқтайды. Олай болса, дейді жоғарыдағы зия¬лылар: «Әрбір корей тауықтан бұрын оянып, іске кіріссін» деп үндеу тастайды. Осы бір қара¬пайым ғана сауалдама күллі халықты ерте тұ¬рып, еңбекке жұмылдыра алған. Бұл - бір.
Екіншіден, елдің экономикалық әлеуетін көтеріп, өндіріс орындарын ашу үшін аса қо¬мақты қаржы керек болады. Оны қайдан таппақ? Ел ағалары ақылдаса келе Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қақ жарылған неміс жұртының бір бөлігі Германия Феде¬ративтік Республикасынан қарызға қар-жы сұрап елші аттандырды. Ол тұста неміс¬тер қанды соғыста қирап қалған өндіріс ошақ¬тарын жандандыру үшін жанталасып жатқан. Ауыр жұмыс атқаратын шахталар мен емханаларда тазалықшылар жетіспейтін. Корейлер осы екі жұмысты өздері атқарып, алған қарызды жұмысшылардың еңбек ақысы арқылы төлеуге келісіп, 140 миллион марка несие алады.
Сөйтіп үкімет күллі корей жастарына сауға салады. «Корей халқының болашағы үшін жас жанын пида етіп, шетелге ақысы аз жұмысқа кім барады?». Қолма-қол 46 мың қыз-жігіт білек сыбанып шығады. Көбі орта мектептің жоғары сынып оқушылары. «Елімнің ертеңі үшін - еңбегім садақа». Осылай деп Кэмпу әуежайынан ұшаққа отырған жанкешті жас¬тар Германияны бетке алады. Жас қыздар адам аяғы жетпей¬тін қиырдағы ауылдық емханаларға жібері¬леді. Олардың істейтін жұмысы - өлген адам-дардың мүрдесін тазалап, жуу. Буыны қатып, белі бекімеген бойжеткен үшін таң¬нан кешке дейін мәйітпен бірге болу қандай қиын. Бірақ олар төзді. Бірде-бірі кері қайт¬қан жоқ.
Ал 1000 метрлік терең шахтаның астына түскендер ше?! Тар қапаста тұншығып кө¬мір қазды. Немістер 8 сағат жұмыс істесе, корей¬лердің күндік нормасы - 10 сағат. Себебі белгілі. Алғашында даланың жабы жылқысындай тапалторы корейлерге күле қараған жергілікті жігіттер кешікпей олар¬дың шыдам-төзіміне бас шайқады.
Сөйтіп 1963 жыл туғанда Федеративтік Германия басшысының шақыртуымен Оңтүс¬тік Корея президенті Пак Жон Хи елдің астанасы Боннға келді. Корей елінің басшысы Гер¬мания канцлерімен бірге елі¬нің ертеңі үшін «құрбандық тоқтысына» ай¬налған жастармен жүздесуге барады. Корей басшысын жерлестерімен жүздестіру үшін 500 орындық зал дайындалыпты. Залға кіріп келген Пак Жон Хи қарсы алдында қара-қожалақ күйелеш куртка киген жұмыс¬шы жастарды көреді. Барлығының бет-әлпеті қара қойдың үйітілген басындай күрең қош¬қыл. Бауырластарының жүзін көрген прези¬дент еңіреп қоя беріпті. Тіпті өз елінің әнұраны шырқалған кезде де көз жасын тыя алмапты.
Сондағы жылап тұрып айтқаны: «Уа, менің қырандарым, сендер корей халқының жарқын болашағы үшін мың метрдегі жан баласы шыдамайтын тар қапаста еңбек етіп жатырсыңдар. Уа, бойжеткен арулар, сен¬дер артта қалған аш-жалаңаш бауыр¬ларыңды тамаққа тойдырып, киімге кенел¬ту үшін жат жерде өлген адамның мәй¬ітін жуып жүрсіңдер. Сендердің осы бір жан¬кешті істеріңді корей халқы мәңгі ұмыт¬пайды». Президентінің еңіреген түрін көрген жанкешті жастар да жылап тұрып: «Біз ешқашан алған беттен қайтпаймыз», деген екен.
Қызық болғанда, мұндай оқиғаны көзі көріп, тірідей куә болған Германия канц¬лері Людвиг Эдхардтың өзі шыдай алмай, көзінен мон¬шақ-моншақ жас үзіпті. Өйткені корей пре¬зиденті қонақ үйде де, көлік ішінде отырып та, ресми кездесу кезінде де тек жылаумен болған екен.
Ресми кездесудің үшінші күні жоғары палата депутаттары алдында сөз сөйлеген Пак: «Сіздерден өтінерім, бізге сеніп несие беріңіздер, біз де сіздер сияқты көркейейік. Корей халқы уәдесін орындайды. Қарызды қайтарамыз» дейді. Нәтижесінде, аса көп мөлшерде көмек алады. Осы қаржының арқасында 1965 жылдан бастап Оңтүстік Корея Республикасы әлем нарығына тауар экспорттауға қол жеткізді. Қазіргі қал-ахуалын өздеріңіз көріп отырсыздар.

Пікірлер: 337
@user-ft5fu5sl4w
@user-ft5fu5sl4w Жыл бұрын
Мине Осындай басшылар керек. Жерим елим халкым бай куатты болсын деп жанын салатын жане созин халыкка откизе алатын. Таза жигиттер керек. Казиргилердин колынвн келмейди... Осы корсетилимди коптеп тарату керек. Уйкы тойды азайту керек. Коленкесинен коркатындардан кутылуымыз керек...
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-wb7zy8sd8n
@user-wb7zy8sd8n Жыл бұрын
калмак назарбаев айтты сендер бала туатын кезде менимен акылдастындарма деп.
@altmus7289
@altmus7289 Жыл бұрын
Рахмет , осындай фактілерді -корея ,жапон халықтарының жанкешті , еңбектенгеніін арқасында көркейіп отырғанын көріп отырмыз. Өте керемет ! Үлгі тұтатын халықтар.
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@titikaka1132
@titikaka1132 Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 дамиды, бар болғаны демократиялы,парламенттік республика орнату керек.
@user-dd3ik5rf6f
@user-dd3ik5rf6f Жыл бұрын
Ислам мемлекети дамыган Асман империясы Араб имиграты ел ушын жан куйдиретин жан болса бизде не шанс пайдалынып калайык маска 200 тг сатып калайык деген ой ешким ел деп емес ку кап ты ойлап жасайды
@titikaka1132
@titikaka1132 Жыл бұрын
@@user-dd3ik5rf6f ешқандай дамыған ел емес технологиялары жоқ,өзіндік
@user-vu9ph5yo7e
@user-vu9ph5yo7e Жыл бұрын
Бұндай жетістіктерге жету үшін , ел билігінде ұры қары емес , халқым елім дейтін нағыз патриот жандар болу керек , ауыртпалықты да , жетістіктерді халықпен бірге көтеретін , бір жағадан бас , бір жеңнен халықпен бірге қол шығаратын , ісіне ақылы сай жандар қажет . Өз халқын , өз елін тонап , халықты аздырып аш көз арамтамақ , тойымсыз жандарың істеріне куәміз ,
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-lb6xe9rj2d
@user-lb6xe9rj2d Жыл бұрын
Адалдық тек д¡нге байланысты емес ол тәрбиеге байланысты. Б¡зде орыстарда солай ешқашан дамымайды олар ешқашан тойымсыз жылқы сияқты жей беред¡ қасиеттер¡ жоқ дым көрмеген көргенс¡здер өздер¡ннен бөтен ештенне көрмейд¡ көрг¡с¡де келмейд¡ балық бастан шрид¡ деген дұрыс егер ен ұстег¡ өз адалдықтарын көрсет¡п қалгандарын сондай жолды көрсетсе барлыгы солай сол зан жолмен кетер ед¡ енд¡ олар көрсеткен қисық тойымсыз жолдан шыгу онай емес тек барлыгын тұгел қалдырмай ештенне өзгермейд¡ қайтып халықтын қалауымен сайланса мұнкүн ол Япондарга жетуге нес¡ бар елде шұкүр дұрыс адал намысты азаматтар бар ел халық б¡лед¡ ондай азаматтарды.Араптар не Мұсылман емеспе оларда Жапондарыннанда артық тұрмайма олай бұкүл Мұсылмандарга т¡л тиг¡збе.
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@user-lb6xe9rj2d не жазганынды тусынбедiм. Не болсада ислам курып кетсын мусылмандармен бipге
@Katarnaut
@Katarnaut Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 неге олай ойлайсыз. Ислам діні жаманшылыққа шақырама әлде ислам діні дамымауды насихаттайма.Олай ойлауыңыздын себебі неде.Ислам діні болса дамымайды десеңіз.Исламның нағыз ордасы Арабия елі мысал бола алмайма?
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@Katarnaut Арабияны дамыған деп кім айтты? Ел қалай дамиды халық құраннан басқа ештеңе оқымаса?
@user-ss4ox9qq3g
@user-ss4ox9qq3g Жыл бұрын
Қазақ еліне осындай жан ашыр көш басшы керек .Ұры қарыдан еліміз қашан арылады екен.
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@Qq-ll9pm
@Qq-ll9pm Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 сеніңше ислами мемлекеттер дамымайдыма сонда?
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@Qq-ll9pm арине, халық құраннан басқа ештеңе оқымаса
@Qq-ll9pm
@Qq-ll9pm Жыл бұрын
Ал онда Түркия БАӘ сауд арабиясы кувейт бахрейн сынды мемлекеттерге не дейсің,сондықтан мәселе ол дінде емес
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@Qq-ll9pm оларды дамыған деп кім айтты? Туркия кезінде Ататүріктің арқасында исламға тиым салынып, еуропаға бет бұрып дамып кетті. Қазір эрдоганның арқасында кері тартылып жатыр
@violetmasim2794
@violetmasim2794 Жыл бұрын
Мұхтар Аблязов , Мұхтар Таижан, МҰХТАР, ДОСЫМ Сәтбаев ,Ринат Кибраев Жанар билікке келсін
@user-ie4ds5mk7y
@user-ie4ds5mk7y Жыл бұрын
Рахмет! Бірақ бізде жемқорлықтың тамыры тереңге кетті. Қазақстан дамиды,өркендейді дегенге сену өте қиын.
@user-cq6gp3fg5y
@user-cq6gp3fg5y Жыл бұрын
@@user-ok3ny8it5c Жартыбас.
@zhanylsynkuzhakiyeva1853
@zhanylsynkuzhakiyeva1853 Жыл бұрын
Сенин шукирлигин кимге керек
@user-wk8se6mw6v
@user-wk8se6mw6v Жыл бұрын
Аузыңа жылан жұмыртқаласын
@nazgulnazgul9115
@nazgulnazgul9115 Жыл бұрын
@@user-wk8se6mw6v какой ты крутой
@user-zu9hv3wz4i
@user-zu9hv3wz4i Жыл бұрын
білген дұрыс елімнің жастары . бір жылап алдым. жарайсындар елі үшін жетістікке жеткен корей халқына, халқы үшін жылаған президент үшін мың алғыс. ия еңбек и күрес керек.
@user-dt7jy9wd2j
@user-dt7jy9wd2j Жыл бұрын
Рахмет, керемет корей халықы
@user-hl9xd8uw6n
@user-hl9xd8uw6n Жыл бұрын
Әттең, шіркін бізге де осындай басшылар керек болып тұрғаны 🤲🤲🤲
@user-du9im6cn2o
@user-du9im6cn2o Жыл бұрын
Назарбаев астана құрылысында денсаулықтарыңан айрылған қазақ жігіттері үшін бір тамшы көз жасы төкмікен. Алладан денсаулық тілеймін қазақ жігіттеріңе
@user-fg9vw3hh6n
@user-fg9vw3hh6n Жыл бұрын
Әумин
@user-xr2cn4hx3q
@user-xr2cn4hx3q Жыл бұрын
Бауры м боласынба,сойлеген созуне Караганда жас баласынгой.Мен Саган Караганда шалмын гой. Осыны сен озун барып кординбе, не болмаса биринши импортерун кабар жибердиме.Рахмет сага балам, биздин казак балдарымыз каншасы жумумс тирлик балдарын асырап остуруп журу, сен один сол Кореяга барып корип пен сойлегенин мол жерде туып оскен шыгарсын. Корея озинше билген жолбен бара жатыр, биз озимиздин жолы менее журемиз.
@user-eq1ns7hq5x
@user-eq1ns7hq5x Жыл бұрын
Біздің президенттер халқына жаны ашымайды
@user-du9im6cn2o
@user-du9im6cn2o Жыл бұрын
@@user-xr2cn4hx3q жасым 41 де астанада курылста денсаулықтан айрылдым
@user-wp6vb6ml4s
@user-wp6vb6ml4s Жыл бұрын
@@user-du9im6cn2o обал болган екен бастысы амансың жазыласың еш оилама сауыгып кетесиң
@user-gb6ff8fe8i
@user-gb6ff8fe8i Жыл бұрын
Алла бызге Менделеевтын букул таблицасынын баилығын бергеннын өщінде біз соншама кедейлік кешудемыз.Букул баилыкты Назарбаевтын туыскандарымен аиналасындагыларыгана паидасын корып жермыздын астындағы,устындегі бар баилыкка ие.Кара калык ,жастарымыз баспанасыз жалдамалы уилерде кредиттен көз ашпаи шамаларынша баларын оқытып, багып жатыр,Жогарылардын жагдаилары жаксы.Олар солардын тапсымасын булжытпаи орындаушылар.Бызде ештеме озгермеиды, бул билык туп тамырымен кетпеи.Карга карганын козын шукымаиды. Сол баягы жартас сол жартас.
@tuganjeimkazakshtan9486
@tuganjeimkazakshtan9486 Жыл бұрын
Шың даму үшін әрекет жасай білді мықты стратегия жасай білді әрине дамиды өз қалтасын ойлаған жоқ басшылар Халыққа матеватция бере білді
@user-kq6el9kl7g
@user-kq6el9kl7g Жыл бұрын
Шіркін бізде де осындай басшылар болсашы,мына корей президентін көріп, мен сонымен бірге жыладым ,жүрегі таза, халқын қалай сүйеді,солардан өнеге алуға болады.Бізде шындықты шырылдатып айтқанды,өлтіреді,не болмаса түрмеге отырғызады,ал өтірік мақтап ,құйрықтарына көпшік қойғандарды ,жағымпаздарды, екіжүзділерді,сіздікі дұрыс деп басты изей беретіндерді,ұры қарыларды,жемқорларды,солар жоғарғы жақта отырғандар.
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@subarusubaru6100
@subarusubaru6100 Жыл бұрын
Мине пенсияда болсамда оте дурыс ангиме.Жумыс орын завод цех жане жастарымызды сол жумыска уйретсек басшылар жумысшымен бирге касында жане тек истейтин берилген таныстык блат туустар деген жок....Калганы енбек енбек...Коп Рахмет! Дурыс коя билсек жастарымыз жер аударады....
@zhahantv2594
@zhahantv2594 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум айт қабыл болсын
@ahmet3283
@ahmet3283 Жыл бұрын
Брат z белгісін алып тасташ аваннан.
@ahmet3283
@ahmet3283 Жыл бұрын
Әмин қабыл болсын.
@user-fp3bo7zx9w
@user-fp3bo7zx9w Жыл бұрын
Акупанттардын белгиси негып тур аванызда?
@user-wc2oo5ig7m
@user-wc2oo5ig7m Жыл бұрын
Орыссыңба????
@zhambulauganbaev8455
@zhambulauganbaev8455 Жыл бұрын
Ассаламуагалеикум казагым бизде бирге болып алга журемиз алга казахстан
@alimkonisbaev502
@alimkonisbaev502 Жыл бұрын
Алаш Қазағым саяси сауат ашыңыздар ояныңыздар ешқашан артқа қайту жоқ біздің Қазақтың Карейа Жапониядан қайжері кем біз неге дамымаймыз оянатын кез келді мына биліктегі Тоқаев Амалдарлар Карейаның Призидентіне уқсап жыладыңызба жоқ сіз барлығын қан қақсатып жылаттыңыз алдынғы Призидент бір Астана салдым деп дүние жүзіне жар салды мейлі оғанда рахмет бірақ Қалықтың әлеүметтік жағдайышы оны ойлап отырған ешкім жоқ өзіміздің барлық өндірісіміз қазба байлығымыз қайда Адам баласының қуны азаматтық қуқығы қайда неге біз Қазақ елде барлық нәрсе шығады Елімізде завот фаврика жоқ байлығы бар қуны жоқ ешнәрсесі жоқ қазба байлығы жоқ Корейамен Жапония бай Мемлекет не үшін Алаш Қазағым тағыда қайталаймын ояныңдар Қудайдан қур тілеп отыра берүді доғарыңдар Қудайдың өзі Қуранда әрекет сеннен берекет меннен деген
@user-hq7er8rc2w
@user-hq7er8rc2w Жыл бұрын
Керемет ақпарат, шексіз алғыс білдіремін авторға. Осындай намысты жастар мен ел призенденті қазақтың тағдырында болса еді деп үміт етеміз.
@kereiqazaq1621
@kereiqazaq1621 Жыл бұрын
Айт қабыл болсын
@nazira8373
@nazira8373 Жыл бұрын
Жемкорлык пен Басшыларды курту керек алдымен
@user-mr9gy2cd1u
@user-mr9gy2cd1u Жыл бұрын
Қазақ елінің өз байлығын өзіне жаратса, табыстың артылғанын жемқорлық жайылмай айырбас жасаса бізде дамыған болар едік Құзғындардың көзін топырақ толтырса тояр.
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-pb4mi2bg2s
@user-pb4mi2bg2s Жыл бұрын
Алла разы босын сызге
@aidosbazylbekov4736
@aidosbazylbekov4736 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум, керемет видео
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-wl4er9lf8i
@user-wl4er9lf8i Жыл бұрын
Хабарыңызға көп рахмет.Корей халқының осы бастамасы біздің жастарымызға шенуніктерімізге үлгі болсын.
@user-es5dd3hq9z
@user-es5dd3hq9z Жыл бұрын
Айналайын даусыннан .
@user-eb3bf8mk7o
@user-eb3bf8mk7o Жыл бұрын
Корея тарихын тындап отырып козым жаска кокырегыме оксык тыгылды елбасы мыкты екен быздын де елбасымыз осындай болганда тек халкым ушын кызмет етемын деп турса халык басшысымен бырге болатын едык кой кайдам быздыкылер кара басынын камын ойлаган ынгай шошкалар арамтамактар аштыктан саби олып ортенып жатсада былк етпеды тек быр Аллахка тапсырдым кайуандарды
@user-us6bb5kc7i
@user-us6bb5kc7i Жыл бұрын
Правители этих стран достойные сыны своего народа почет и уважение я завидую этим народам.
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-ch2jb2nx6j
@user-ch2jb2nx6j Жыл бұрын
У казахов никогда не будет как у них,потому что потому что!!!!
@user-nm9nv5zm8d
@user-nm9nv5zm8d Жыл бұрын
Айналайын бауырым Алла Тағала тілжағыңа күш-қуат берсін әрқашан еңбектерің жемісті болсын ақыйқаттың жаршысы аманбол
@user-gq7if1ph7p
@user-gq7if1ph7p Жыл бұрын
Ассалаумалейкум айт қабыл болсын. Әр телефон артында тығылып біз жатсақ, ғылымға білімге мән бермесек, жас қрпақтарға білім ғылым тұрмақ тезектің исі мұрына жетпесе, ел болып еш әрекет жасамаса аңдығаны дайын ақша мен ойын, елдің рухын санасын ойтатын әркеттер жасалса
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-gq7if1ph7p
@user-gq7if1ph7p Жыл бұрын
Ассалаумалейкум, ол дұрыс көзқарас емес, адам мұсылман болу болмауда емес білім мен ғылымды игеруінде. бастысы қоғамдағы жағыдайлар мен жеке адамның көзқарасында, сол көзқарасты туындатып отырған биліктегі адам өзгермейінше, санасы өзгермейінше қоғамдағы алға дамуы қиын болады, сіздің өз пікріңіз ғана кезінде қазіргі білім негізін салған мұсылмандар еді. Сізідің ойыңыз жай ғана саияси ойыннан туындаған көзқарас деп ойлаймын...
@user-ki8bi2xf3t
@user-ki8bi2xf3t Жыл бұрын
Алла разы болсын
@Superkont1k
@Superkont1k Жыл бұрын
*АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН* *Құрбан айт қабыл болсын* *Есімім Айша* *Осыдан екі жыл бұрын ата-анамыз жол апатынан дүниеден өтті* Төрт бауырыммен қалдым. Бауырларымды жетімдер үйіне бермес үшін тұрмыс құрдым. Бірақ ол кісімен тұрмаймын. Қазір квартира жалдап тұрып жатырмыз. Берілген пособие барлығы қарыз жабумен кетеді, тамағымызға інімнін дәрі дәрмектеріне ақшамыз қалмайды. Қатты қиналып кеттік көмек қол ұшын созам деуші жандарға АЛЛА РАЗЫ болсын Каспий голд те халық банк те осы нөмерде АЙША 7️⃣жеті4️⃣төрт7️⃣жеті3️⃣үш0️⃣нөл3️⃣үш0️⃣нөл9️⃣тоғыз2️⃣екі5️⃣бес
@user-xw1eh3lu1h
@user-xw1eh3lu1h Жыл бұрын
Танирим Алла Кудайым жар болсын сиздерге ютуб каналга шыгарсанышы блогерлермен соилесип елге халыкка корсетип уи жагдаиларынды турмыстарынды тусирип дегендеи осылаи истесендер халык ел корип комектеседи дегеним гои .
@user-he4bp7cn9m
@user-he4bp7cn9m Жыл бұрын
Кореяны айтпай біздің совет өкіметі кезіңдегіні көрсету керек, сол кезде халық қалай тұрды, бай ,кедей деген болған жоқ,бәрінің құқұғы тең болған.
@user-fotbaal
@user-fotbaal Жыл бұрын
@@user-he4bp7cn9m ксроң құрып кетсін нән ксрода туғанғо мәселе бәрі бірди тұратынында емес мәселе орта тап көп болуында кәрей мен жапон дамыды сен айтып отқан ксро көрген шалдар отқан жоқпа жоғарыда милион алып байып сол назарбай емеспа тонаған қазақстанды тонаған сенің камунистеріңғо
@user-wp6vb6ml4s
@user-wp6vb6ml4s Жыл бұрын
@@user-xw1eh3lu1h осындаилар кобеиіп кетигои ол ауылындагы акім коше комитети депутаты бар комисия шешип квартирада турганы басында уиі жок аке шешесинин олген аныктама уиі жок документине торт бауыры бары турмыста жок жалгыз басты екенине коз салып ешкандаи комек жок алмаи далада турганы квартира жалдаганы коршилерден туысжакындары барма барин билип жагдаиы корнип турса гана комек уи беруге болады тургылыкты жери билу керек не бар не жок укиметтен не алатын жумыс истеима тексеру керек содан ғвна берсе казир екинин бири осындаи онаи халыктың аркасында алганға жаман уиренген берсин алсын тек ку басында кун кормеи жетим таза адамдврга берилу керек туптеп келгенде
@user-cl1rx8vb3j
@user-cl1rx8vb3j Жыл бұрын
Осындай видеоларга рахмет!
@qaraqalpaqjaslari9280
@qaraqalpaqjaslari9280 Жыл бұрын
Ассалаума əлейкумлер сау болыңлар
@user-es5dd3hq9z
@user-es5dd3hq9z Жыл бұрын
Кайта кайта коруге болады керемет.
@user-gt4us2sx9d
@user-gt4us2sx9d Жыл бұрын
Алла Ози колдасын казак Елин, казак жерин , иншАлла Ата баба аруагы коршап ,Алладан урпагы ушин тилесин
@ake684
@ake684 Жыл бұрын
Әттең- ай, біздің бағымызға осындай қалықты ойлаған, миы істейтін бір басшы болмады ғой, милары өз қалталарына ғана жетеді ,жеп- ішіп қалықты тонағаннан басқа ешнәрсе білмейді. Жапондар мен кореялықтар бізге үлгі болу керек.
@user-cm4lc8lh8s
@user-cm4lc8lh8s Жыл бұрын
Вот такой лидер нам нужен,за которым пойдет народ без принуждения,страха,не продажные,не за деньги и воровства,без олигархов и др.нечисти,которые думают не о народе,а о своём кармане.
@svetlanautemuratova568
@svetlanautemuratova568 Жыл бұрын
Ассалаума алейкум қазақ туысқанлар менде өксип өксип жылап алдым Қарақалпақ туысқанларыңнан сәлем биздиң басшылар қашан кореяның басшысындай болар екен Қудай биздиңде сиздиңде басшыларымыздың көңил көзин ашсын инсап берсин Амин Аллаху Акбар
@user-ei8qi1uu6u
@user-ei8qi1uu6u Жыл бұрын
Құрбан айт қабыл болсын ағайындар ееееее брат қай бірін айтасын брат біздің елімізде жемқорлық көп ғой брат біз олар сияқты жұмыс істей алмаймыз ааааааау ағайындар киын біз бір бірмізді көре алмаймыз ғой ағайындар
@erlanerlan9453
@erlanerlan9453 Жыл бұрын
Біз қазақтар олай еңбек етсек тек Назарбаевтың семьясын байытамыз
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-qj3qu4gr6g
@user-qj3qu4gr6g Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 сонда кудайынды умыт демексинбе?Алладан корык
@user-to2zb1tu6g
@user-to2zb1tu6g Жыл бұрын
Алланың Нұры жаусын осындай жүрегінде Иманы бар басшылар көп болсын біздеде осындай басшылар бар деп сенемін.Жұма қабыл болсын.🤲🤲🤲🤲🤲
@user-kx1ri5gg3x
@user-kx1ri5gg3x Жыл бұрын
Өте дұрыс, тәрбиелік мәні бар уағыз екен...!
@Gulsin_NewWave
@Gulsin_NewWave Жыл бұрын
ӘП БӘРЕКЕЛДІ 👍👍👍...
@user-op6ev7ub1x
@user-op6ev7ub1x Жыл бұрын
Біздің үкімет басында отыратын дар үшін білген дұрыс екен.
@77.23.1
@77.23.1 Жыл бұрын
Текқана ұлтжанды президент керек ұлтүшін жанын беретін, басқасын қалқ өзі жасаиды
@user-be8md6nv9j
@user-be8md6nv9j Жыл бұрын
Базар жоқ
@user-ld9lr2nc2t
@user-ld9lr2nc2t Жыл бұрын
Бәсе, еңбек қана жеткізеді!
@user-ll9kw6il6q
@user-ll9kw6il6q Жыл бұрын
О жаратқан йем қазақ еліне де дәл оясындай президент берсінші елін халқын ойлаитын қазақ елі қашанғы өз отанында құл мен қайыршы болып өмір сүред ояншы қазағым ұрпағың үшін ертенгі күніңді ойласаң
@user-oc1xi6od2v
@user-oc1xi6od2v Жыл бұрын
казакстанға ослай жасау керек. жемкор бйлк пен аш көз байлар ат салсу керек
@user-ue5tn2eq1w
@user-ue5tn2eq1w Жыл бұрын
Не деген керемет. Бунын бары басшыгада ар бир адамнын сана сезимине де байланысты
@esenesen6841
@esenesen6841 Жыл бұрын
Qazaqstan 🇰🇿 региональный держава
@user-xg6wx6bh4m
@user-xg6wx6bh4m Жыл бұрын
Керемет үлгі. Үлгі жасадық ғой!!!
@magabak1720
@magabak1720 Жыл бұрын
Біздің қазақта 30жыл қарыз алыудан мемлекетті тонаудан ұрлықтан жемқорлықтан қазақ болашағы үшін әлемнің алдыңғы қатарна шықты деп айтады екен ештеңе түсінбейтіндер!болмаса бізде қандай бай қуаттымыз!шетелдегі үлкен банктерде қазақстандықтардың ақшасы ең көп көрнеді!және шетелдегі еңқымбат саяжайлардыда қазақтар сатып алады дейді,керек болса бір тулған күніне еңкөп ақша шашатын неше онмилион доллар оларда қазақ көрнеді!егер экономикасы ғлымы білімі болмаса ол қазақтар ақшаны қайдан алып шашып жүр!?бізде оңай халық емеспіз!ослай жалғаса берсек әлемдегі ең мықты қуатты ел боламыз!!!қазақтың біліміне жетпейді!дінімізде дамып қарштап барады!!!алға қазақтар !!!
@nurlibekmahambetov6458
@nurlibekmahambetov6458 Жыл бұрын
Казахтарда жалкау емес бизде тек жемкорлык бар соны коиса кориядан асып тусер едик
@user-yr1cg6ug2f
@user-yr1cg6ug2f Жыл бұрын
Олар дым кормеген кайиршилар емеспе
@user-up1wu4xi6k
@user-up1wu4xi6k Жыл бұрын
Әрине бәрі адамының адамдығына байланысты.Шәкәрім ғұлама адам болып туғаннан кейін адами міндет адам болып қалу. Нәпсісіне ие болмаған ол адам емес, аюан, несі артық тойғанын, құлқынын ойлайды.Сондықтан халық сайлаған парламент керек.Алтын ата заң керек, конституция. Алтын адам жоқ.
@user-ds9xz8yt8x
@user-ds9xz8yt8x Жыл бұрын
Міне қандай патриот халық. Біздің миллиондарды жеп шетелге жасырған ақшаларын Қазақстанға құйсағой. Президент Тоқаев халқын жақсы көріп бақытты ел қыламын десе, барлық Қазақстанды тонағандардың ақшаларын алып елді өркендетуге жұмсаса тарихта аты алтын әріппен жазылып қалар еді. Мен ойлаймын қарға қарғаның көзін шұқымайдыау деп. Назарбаевтің билеген отыз жыл бойы, елді барлық соның туған туыстарымен айналасындағылар тонағанын бәрі біледі. Неге Тоқаев адал адам болса, сол ұрылардың ақшаларын тәркілемейді.
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@user-ds9xz8yt8x Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-fotbaal
@user-fotbaal Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 қумаш ей онда арабтар неге бай оларда мұсылманғо сингапур неге бай оларда мұсылманғо мәселе дінде емес мәселе жүйемен тәрбиеде
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@user-fotbaal сингапур мұсылман ел емес. Арабтарда тек шейхтар байлар жоғарыдағы біздікілердей. Өтірік әңгіме айтпа
@user-fotbaal
@user-fotbaal Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 сингапурда айшық бар сосын малайзиада мұсылман оларда дамыған
@user-zd8lh5io3m
@user-zd8lh5io3m Жыл бұрын
Кореяда жер асты байлықтары жоқ..Олардың басшылары адал болғандықтан алға яОзып шықты Біз жемқор шапыраштың үрім бұтағынан құтылмай, Қазақстан алға баспайды! Тоқаевқа жақтасайық ағайындар! Берген уәдесін орындамаса, Қазақстан Қалқы көтеріліп Президентке Қарсы Дауыспен сенімсіздік білдіріп шығайық!
@user-bs4vr5hk2y
@user-bs4vr5hk2y Жыл бұрын
Кантарда.токай.оз.казагын.атуга.буйрык.бердi Солушiн.жактаймызба???
@user-nz4on9zv2x
@user-nz4on9zv2x Жыл бұрын
👍👏☝️🔥
@agalik.bolashak
@agalik.bolashak Жыл бұрын
Қазақ елі бізге осыны неге жасамасқа 👍☝️🤲. Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорларға тоқтату қойыу міндет сізге.✊🤝🇰🇿
@titikaka1132
@titikaka1132 Жыл бұрын
Қазақты қырды ол,недеген аңқаусың
@user-ms5sc2su7o
@user-ms5sc2su7o Жыл бұрын
Коррупция мен озимизди озимиз мактауды кою керек.
@user-mw8mn2bs4z
@user-mw8mn2bs4z Жыл бұрын
Егер керек болса мен де барар едім елім үшін
@user-sy6lc6hv7e
@user-sy6lc6hv7e Жыл бұрын
бар
@user-he4bp7cn9m
@user-he4bp7cn9m Жыл бұрын
Балық басынан шіриді деген,шіріген үкімет құрымай,қанша айтсаңда, жазсанда өзгеріс болмай жатыр, қайта халықты тығырыққа тығып жатыр, азық түлік қымбаттап, қосып жатқан айлығы жоқ, зейнеткерлерге итке тастаған сүйек сияқты, тиын қосты, сонда жаңа қазақстан құратын үкімет ,оның депутаттары, министрлер қайда қарап отыр,кімге қызмет көрсетіп жатыр,ешқандай өзгеріс көріңбейді, баяғы жартас сол жартас,алты айда түк өзгермеді,сөзбен емес іспен көрсету керек өзгерісті.
@rakhymkazland9908
@rakhymkazland9908 Жыл бұрын
Біз дамимыз бірақ ло үшін уақыт қажет !
@user-yq1zq5kd6f
@user-yq1zq5kd6f Жыл бұрын
Корейге қарағанда,Қазакстанда мүмкіндік миллион есе көп,сол мүмкіндікті басшылық пен қосшылық бірге пайдалану керек.
@user-fotbaal
@user-fotbaal Жыл бұрын
Барлығы комп партианың адамдары құрттығо
@adaisak1555
@adaisak1555 Жыл бұрын
Биздин мемлекет али 60 жылда жур жемкорлыктын аркасында!
@user-mj2wp9bu6q
@user-mj2wp9bu6q Жыл бұрын
Міне осылардан үлгі алған дұрыс болар,қандаи мықты халық деші,
@user-nr9tg5ly9b
@user-nr9tg5ly9b Жыл бұрын
Біздің қазақ сағ. 10ға дейін ұйықтайды екен. Мен өзім Өзбекстаннан көшіп келгемін. Шымда жасаймын. Таңертең тұрып көшеге шығамын. Жұмыс деп кетіп жатқан бір адамды көрмейсің. Қораздар да шақыра-шақыра әбден мезі шығады. Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте оянған әйелдің бір ісі артық деген емес пе.
@janibekxodjanyazov5369
@janibekxodjanyazov5369 Жыл бұрын
Рахмет сау бол
@user-hy5ov1wp4d
@user-hy5ov1wp4d Жыл бұрын
Біздеде солай намысты болса екен.😮👍👍👍💕💕💕🙏🙏🙏✌🖐
@bakzhimalkingushanova8555
@bakzhimalkingushanova8555 Жыл бұрын
А кто нам мешает победить коррупцию? Сами же все даже мелкие проблемы хочем решить быстрее и без проблем и даем взятки? Не так, что ли? Сынок попал за драку-взятку даем и отмазываем. В аварию попали, виноваты- ааа, на лапу инспектору и досвиданья. В бизнесе вообще караул, и санэпидстанстанции и пожарным, и налоговой и всем, всем, всем. Просто надо самим быть честным везде и не придеться давать взятки. И страна будет не хуже, чем Япония, спать надо меньше и больше работать.
@user-uo2mi1ln1i
@user-uo2mi1ln1i Жыл бұрын
Ең үлкен кедергі ұлттық идеалогия жане тілдің 2-орында болғаны, жапондар тіл мәртебесін өте жоғары қойған ,яғни қазақша контентке өз тілінде сөйлемей өзге тілде жауап беру де үлкен қәтелік.
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@user-uo2mi1ln1i Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@user-uo2mi1ln1i
@user-uo2mi1ln1i Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 waren paren taron сыңба білмеймін кім екеніңді саған дін жайлы ешкім ешнәрсе демеді, ислам діні ұнамаса артыңды қысып ұшып кет жапонияға,жапондар сені қондыра мекен еліне,ислам дініне тиіскен Лениин бастаған әтейістер жазасын Алланың өзі беріпқойған байқа ұлыңмен қызың жныстық қатынаста болып жүрмесін,
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@user-uo2mi1ln1i дурыс жолга салватырмын сендерды
@user-uo2mi1ln1i
@user-uo2mi1ln1i Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 сен әтейс болсаң дін кінәлі емес шығар, сен ойлаған, мемлекетті дамытпай отырған чиновниктер сен сияқты Аллаға сенбейтін атейстер, егер Алладан қорқса Парахор болмайды Алладан қорқса зина жасамайды Алладан қорқса Заманбек Нұрқадиловты,Қайрат Рысқұлбековты атпайтын еді,сенің атейстерің дамытпай отыр қазақ мемлекетін біле білсең,
@tassnation7621
@tassnation7621 Жыл бұрын
Жемқорлар жоқ болып тұр ғой. Олар еңбекқор,, 60 жылдары карестер Казахстанға келді егін егіп поляда жатты, Арқасына балдарын байлап егін екті жер үйде тұрды Қазір бәрі бай.
@olzhasmoldabek7942
@olzhasmoldabek7942 Жыл бұрын
Көрген дұрыс пен білген дұрыс каналдары бір ғой дим
@user-sh8bb4hc3m
@user-sh8bb4hc3m Жыл бұрын
Шынымен білген дұрыс екен
@maryamalymbai6692
@maryamalymbai6692 Жыл бұрын
Каналың дұрыс әңгімең айтатын болыпты Тақырыбың сөйлеген сөзіңе сай екен
@user-ej8tq5nb3t
@user-ej8tq5nb3t Жыл бұрын
Осы бейнероликты укiмет мушелерiне , депутаттарга,*Президенте жеке-жнке корсетiндер. Парламент мажiлiсiнде, укiмет отырысында корсету керек. Халык бiлсе де не iстей алады? Сондыктан билiк кору керек. Ронда гана натиже шыгады, агайын!
@user-js1un4is5u
@user-js1un4is5u Жыл бұрын
Осы нұрсултан ең алғаш таққа отырғанда қарғалы шұға комбинатына келген машинасы қара чайка ма əлде басқа маркама ажырата алмаймын сол кезде бəрі амандасып қарсы алды бір орыс аға ой нұрсултан деп құшақтап амандасайын дегенде өзінше юолып сол кісіге көңілде бөлген жоқ сонда ең алғаш болған кезі кеудесін көтермей амандасса не болар еді əрине оны халық сайлаған жоқ . Димаш атамыздың орнын тартып алуға тырысып атамыздыда даттап дегеніне жетті емеспе ол сол кезде ақ қазақтарды қырып ішіп жеу болған ғой ойы болаттыңда сол кездегі өмірі күндерін өте жақсы білем сол кездегі 60_ шы жылғы милиция школындағы курсантармен арақ ішіп жүруші еді ал енді құдайын танымай кетті ия кедей бай болсам дейді бац құдай болсам деген ғой журналистер қснша жерден жазып айқайлап айтсада назарбаевтарды тек қана құдай немесе өлім ғана жеңе алады
@user-xz1qj6jq5c
@user-xz1qj6jq5c Жыл бұрын
Казахский народ стал мещанином Дух теряем что-ли почему мы Так живём ??? Где светлое будущее Казахского народа !!! Господин президент Кто рядом с вами окружения Олигархов !?
@user-cq6gp3fg5y
@user-cq6gp3fg5y Жыл бұрын
Наши знают только воровать и врать.
@a8samsung541
@a8samsung541 Жыл бұрын
Бизде жылай алатын басшы болмай тургой, айтпесе сол карейдин халкынан артык болмасак кем емеспиз, Алла адил патша насип етсин казакка!
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@a8samsung541
@a8samsung541 Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 динмен катысы жок, олай айтпа,исламсыз адамзат курдымга кетеди, жазбайаккой сау бол
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@a8samsung541 арабкул
@user-ui1zt8cq8r
@user-ui1zt8cq8r Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 Ия, осы сіздің мұсылмандыққа қас жауыздай қарайтыныңыз , сондай пікіріңіз көрші синьзяндағы мұсылмандыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатынан алынғанға ұқсайды. Шетжағасын сол елде болғанда көргеніміз , естігеміз , онда да саябыр , сіздің насихатыңыздай еді , бірақ кейін өршіп аяғы қиянатқа апарды, аржағыңызда не жатыр, ойлантатын жағдай....
@nazgulnazgul9115
@nazgulnazgul9115 Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 Ең таза дін Мұсылман діні, ғылыми дәлелде ген..Мұхаммед ғ.с парыз еткен "ілімге білімге ұмылу, өмірі ізеніс өзін жетілдіру" дегенді ескермей, құлдық санада, тоқырауда қалды Қараниеттілер мақсатына жету үшін, аңғал сенгіш мұсылманды адастырды...
@zagilasuleimenova9547
@zagilasuleimenova9547 Жыл бұрын
Егер басшылар да, халық та осындай ел үшін адалдық пен жанқиярлық, ынтымақтастық танытса әлі де кеш емес, дамыған елдердің қатарына қосыла аламыз
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
Жапондар мен Қазақтардың айырмашылығы, олар мұсылмандар емес. Ислам бар кезде Қазақстан ешқашан дамымайды, сол естеріңде болсын
@kazakhmen
@kazakhmen Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 ауызына келгенде үруге келсен, иттің жанында болғаны орнын
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@kazakhmen мусылмандар адам емес
@kazakhmen
@kazakhmen Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 Ит үреді, керуен көшеді
@warrenkensington6091
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@kazakhmen мұсылмандарғо ит
@user-nx8ji5ju1f
@user-nx8ji5ju1f Жыл бұрын
Назарбаев анау мынау, Токаев андак мындак, анау жыламады, мынау сурамады деп уйде отырып , шайга тойып алып акыл айтып киси болганша, осы окигадан сабак алып, тауыктан бурын турып жумыс истеик.анау урлап кетти, мынау зырлап кетти деп зарлай бергенше жумыс истейк. Казахтар каристен гана емес тауыктанда нашар болып тур. Тек тили сайрайды. Коршисине пышагын кайрайды. Кайман едим, казагым, калын журтым.....!?
@user-eo8wg2tq2w
@user-eo8wg2tq2w Жыл бұрын
Мине осындай президент болуы керек. Елим деп куни туни уйыктамай қайткенде бай қуатты мемлекет боламыз деп ойлану керек. Завод, фабрика, промышленность салу керек.
@user-kb5xq6vh7b
@user-kb5xq6vh7b Жыл бұрын
Бызде солай болумыз керек ау шамасы
@user-cu4vf5zh2c
@user-cu4vf5zh2c Жыл бұрын
шынында тебіренерлік
@user-kz6br1oe2q
@user-kz6br1oe2q Жыл бұрын
Керемет ақпарат,балық басынан шіриді деген,елімізде бетке ұстар әділ басшы болмай тұр.
@user-rm2fx3kl3x
@user-rm2fx3kl3x Жыл бұрын
Біздің чиновниктер тонамаса жатып ішер жалқаулар оянса.жерімізді көрінген шет елге жалға бермеи өздеріміз еңбек етсек сол карея мен жапондар сияқты болар едік.
@user-kj7ih3ub7w
@user-kj7ih3ub7w Жыл бұрын
Тыңдап отырып керемет әсер алдым. Ішкі дүниең ілгері талпынысқа тартылады.
@user-cw4wy2kc6p
@user-cw4wy2kc6p Жыл бұрын
Біздің президент жыламақ түгіл,елім,жерім деген жастарды,демократиялық ел болуға ұмтылған көзі ашық,озық ойлы азаматтарды түрмеге қамап, қуғынға ұшыратып,байлықты талан-таражға салып қазақстанның күлін көкке ұшыруда..Халқым ,қаным,,қазағым дейтін президент көрмейтін шығарамыз! Ондай президент қазақта әлі туған жоқ!!!
@user-it7zp7en3n
@user-it7zp7en3n Жыл бұрын
Серіжан Білаш
@user-jw1ne3ui6m
@user-jw1ne3ui6m Жыл бұрын
Аттен ай казак елiне, Осындай басшы буйырмаганы.
@user-ob5sh2hy3m
@user-ob5sh2hy3m Жыл бұрын
Корейлерге кезінде казак жанашыр боп еді,кейін корей казакты өз елінде күл кылды.Омір ай де
@gulmyraboranbaeva8046
@gulmyraboranbaeva8046 Жыл бұрын
Корей билігі зиялыларының ақыл кеңесін тыңдапты Тыңдайтын құлағы көретін көзі бар көреген басшы деп осындайды айтады
@DELPHIN5656
@DELPHIN5656 Жыл бұрын
Бизде тусиндеде кормеисин елди оилаитын биликти.
@amanjolkutanov6150
@amanjolkutanov6150 Жыл бұрын
О Аллах мусулман болсакта сумдук президенттер ,уру баскесерлер отыр.!!Кудай осы иттердин басына тозак жасашы...бизде тек урлау,тонау ,елде кара Нан ,Су жок.осындай кафирден Калай кутуламыз?????
@user-tw8il3jc2h
@user-tw8il3jc2h Жыл бұрын
Нагыз халкына жаны ашыган басшы екен ширкинай.
@tankt343
@tankt343 Жыл бұрын
Ұлтжанды болу үшін бірінші орыс тілінен арылуымыз керек. Бақшадан бастап институт бітіргенше тек қана ана тілінде оқытып мұғалімнің үстемдігін жоғарлату керек. Сонда ғана ұлтжанды ел болашағын ойлайтын жастар шығады деп ойлаймын.
@user-zz6gl5gt6u
@user-zz6gl5gt6u Жыл бұрын
Оны айт буны айт бизде басшылар онбай карапайым калык онбайды
@user-vv1pg3yr4h
@user-vv1pg3yr4h Жыл бұрын
Мине осылай оркендеуымыз керек бизге айғырлар маза бермит олардан мези болдык
@user-bz4pc3kw7t
@user-bz4pc3kw7t Жыл бұрын
бұның бәрі патшадан!Біздікі тонаудан басқа ештеңе істеген жоқ!Қанша байлығымыз бар,біз арабтар сияқты болмасақта жоғары қатарда болатын едік...
@user-oq3ti1pt2d
@user-oq3ti1pt2d Жыл бұрын
СОЗДИН КЫСКАСЫ БУЛАРДЫН БАСШЫЛАРЫ АДАЛ БОЛДЫ, СОНДЫКТАН БУЛАРДЫН БАРИ АДАЛ ЖУМЫС ИСТЕДИ.
@taybatayba7071
@taybatayba7071 Жыл бұрын
Әр Казакым жалгызым дейтин Жоғарыдағылардың биреуин кормепин, Жоғары жака Казак жандылар келмейинше биздин Казак Елиинде Еш кандай өзгерис болмайды
@Gulsin_NewWave
@Gulsin_NewWave Жыл бұрын
Бекенде,сенде аманда -сау бол батырлар.... Брат,болат,сағат😂😂😅👍
@user-gh5jq4xz8v
@user-gh5jq4xz8v Жыл бұрын
👍👍
@user-zs5uj2wo8q
@user-zs5uj2wo8q Жыл бұрын
👍 👍 👍 👍 👍 👍
БРАВЛЕРЫ ОТОМСТИЛИ МАТЕРИ😬#shorts
00:26
INNA SERG
Рет қаралды 4,2 МЛН
Самый большой бутер в столовке! @krus-kos
00:42
Кушать Хочу
Рет қаралды 4,4 МЛН
СОҢҒЫ ӨСИЕТ. Білімдінің күні жарық.
3:38
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 63 М.
БЕТОРАМАЛ (әңгіме) #аудиокітап
27:21
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 27 М.
Мөлдір Әуелбекова: Төртінші әйел болдым
1:34:49
Мамский әңгіме
Рет қаралды 513 М.
Мөлдір Әуелбекова: Төртінші әйел болдым
1:34:49
Мамский әңгіме
Рет қаралды 513 М.
Nonomen funny video😂😂😂 #magic
0:29
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 40 МЛН
Kawaii Girl Friend #funny #viral #comedyvideo
0:16
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 32 МЛН