НАН КӨП ЖЕЙТІНДЕР КӨРСІН🥐🍞🥖🍔🥞

  Рет қаралды 190

Мерует Асханасы

Мерует Асханасы

Күн бұрын

#денсаулық #нан #2024
Бір бөлке қара нанның ақ нанға қарағанда пайдалы екені рас па? Ал нанды етпен жеуге болмайды дегенге сенуге бола ма? Және глютеннен қорқуымыз керек пе? Нанның пайдасы мен зияны туралы көкейімізде жүрген сұрақтардың жауабын ұсынады.
Нан тезірек тоюға және ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі, сондықтан одан бас тарпау керек.
Шындығында: Егер артық салмағыңыз болса және оның ұлғайғанын қаламасаңыз, нанға шектеу қойған жөн. Нан - айтарлықтай құнарлы тағам. Бастысы, оны жұмсақ сұрыпты ұннан жасайды. Өз кезегінде ол жылдам глюкозаға айналады. Нанның гликемиялық индексі жоғары, сондықтан қандағы қант мөлшерінің артуына, артық салмақ қосуға және бауырда май жиналуына ықпал етеді. Демек нан жеуге болмай ма? Иә, семіздіктен зардап шегетіндерге бас тартқан жөн. Ал өзгелеріне нанның негізгі тағамды толықтырушы деп қабылданғанымен, негізгі асқа қарағанда, нанның құрамында калория мен жеңіл көмірсулар көбірек екенін естен шығармаған абзал. Әр нәрсенің белгілі бір мөлшері бар. Бір тілім нанның салдарынан калорияның тәуліктің нормадан аздап асуы айлар мен жылдардан кейін артық салмаққа алып келіп, екінші дәрежелі қант диабетіне шалдығу қатерін арттырады.
Біздің ойымызша: Ақ нанға қарағанда қара нан пайдалырақ.
Шындығында: Екі нанның құрамы, көмірсулардың мөлшері мен құнарлылығы бойынша бір-бірінен айырмашылығы аз. Қант диабетіне шалдыққанда ақ нанды қара түріне алмастыруға болады деген сөздер аңыз болып табылады. Олардың арасындағы жалғыз айырмашылық, қара нандағы көмірсулардың көзі - қарабидай ұны. Ол қышқылырақ, сондықтан асқазан сөлінің өңешке түсуінен зардап шегетіндерде аурудың асқынуын тудырады.
Біздің ойымызша: Нанның глютенсіз түрін жеген дұрыс. Себебі глютен зиян.
Шындығында: Глютенсіз нан - бұл күріш немесе жүгері ұнынан жасалған нан. Жүгері ұнынан жасалған жұқа нан - әлемдегі көптеген халықтардың асханасының ажырамас бір бөлшегі. Олар өте дәмді. Алайда медицина тұрғысынан қарағанда, оның кәдімгі ақ немесе қара наннан айырмашылығы жоқ. Бір ғана айырмашылығы - олардың құрамында глютен, яғни кей адамдарда ішектің қабынуын тудыратын ақуыз жоқ. Ішектің глютенмен зақымдалуы целиакия (глютенді энтеропатия) деп аталады және шамамен адамдардың 1 пайызында кездеседі. Бүгінде «желілік сарапшылардан» «ішектің тесілуі» мен улы глютен туралы әңгімелерді жиі естуге болады. Олар глютенсіз диетаны қажет етпейтін адамдарға ағзасының глютенді көтере алмайтынын дәлелдеместен немесе ол үшін IgG4 антиденелерді анықтауға арналған қан талдауын пайданалып, диетаның осы түрін ұсынып жатады. Ал шындығында целиакияны анықтау жолы мүлдем басқа. Егер сізден мұндай диагноз анықталмаса, нанның қандай ұннан жасалғанының айрмашылығы жоқ.
Біздің ойымызша: Ашытқы қосылған нан газ түзілуін тудырады, сондықтан оны жемеген дұрыс.
Шындығында: Кез келген нан газ түзілуін тудыра алады. Ішектегі бактериялар нанның құрамындағы «жеңіл көмірсулардан» газ және сүт қышқылын жасайды. Алайда мұндай құбылыс барлық адамда бола бермейді. Тек аш ішекте бактериялардың көбеюі синдромы кезінде ғана кездеседі. Өз кезегінде ол қант диабеті, семіздік және құрамында көмісулар көп тағамдарды шектен тыс мөлшерде жеумен қатар жүреді. Бұл процеске ашытқының қатысы жоқ. Сонымен қатар ол қамырды ашытқанымен, пісіру кезінде жойылып кетеді. Ал «ашытқысыз нандарда» дәл сол ашытқы пайдаланылады, алайда ұйытқы түрінде.
Біздің ойымызша: Нанды етпен жемеген дұрыс. Бұл ас қорытылуын қиындатады.
Шындығында: Қиындатпайды. «Тағамдарды араластырмай жеу» - ғылыми тәжірибе емес. Астың қорытылуы ұйқы безінің ферменттері арқылы жүзеге асады. Ал нанды қорытатын амилаза және етті қорытатын трипсин и липаза ферменттері қатар бөлінеді және бір-бірінің жұмысына кедергі келтірмейді.
Біздің ойымызша: Жаңа піскен наннан бас тартқан жөн. Себебі ол да ауыр қорытылады және ішекте жайсыздық тудыруы мүмкін.
Шындығында: Жаңа піскен нан ұзағырақ қорытылады. Жаңа піскен нанды көп жеген адамдарда ішек бітелуі болған жағдайлар белгілі. Сонымен қатар жаңа піскен нан рефлюкс (асқазан сөлінің өңешке түсуі) тудыруы мүмкін. Алайда оны белгілі бір мөлшерде ғана жесе, зияны жоқ.
Әрине, нанның зияны көп сияқты болып көрінуі мүмкін. Алайда оның дұрыс пайдалануды қажет ететін аспаздық құрал сияқты екенін түсіну керек. Кез келген тағамды көп жеудің өз қатері бар. Сондықтан мөлшерін біліп жеу керек. Ас атасы саналатын нан кез келген үйдің дастарханына міндетті түрде қойылады. Егер оны көп жеудің зияны қандай екенін білсеңіз, қиындықтар болмайтыны анық.
#рекомендация #денсаулық #нан#2024нан###қамыр#зияны #пайдасы

Пікірлер: 65
@АсемгульШияпова-и7ю
@АсемгульШияпова-и7ю 21 күн бұрын
Ас атасы- нан, нанымыз көп болғай!
@Өмір_айй
@Өмір_айй 23 күн бұрын
Алла разы болсын!
@Aserli_angymeler
@Aserli_angymeler 22 күн бұрын
Нанымыз көп болсын!
@mmambetova871
@mmambetova871 23 күн бұрын
Керемет
@ShakhnozaKhashimova
@ShakhnozaKhashimova 22 күн бұрын
Пайдалы ақпарат үшін рахмеет
@3-nw3dl
@3-nw3dl 21 күн бұрын
Тамаша
@user-kk1ez7bg1m
@user-kk1ez7bg1m 22 күн бұрын
Пайдалы ақпараттар көп болсын!
@asem.pazylova
@asem.pazylova 23 күн бұрын
Пайдалы ақпарат екен 👍
@Жайна-е2и
@Жайна-е2и 19 күн бұрын
біліп жүреміз
@KuralaiAitimbaeva
@KuralaiAitimbaeva 22 күн бұрын
Пайдалы ақпарат. Керемет.
@Aisana.erlankyzy
@Aisana.erlankyzy 23 күн бұрын
Көп пайдалы ақпарат бердіңіз рақмет
@Sport_kanall
@Sport_kanall 23 күн бұрын
Уау керемет👍🏻
@erkekelin1996
@erkekelin1996 23 күн бұрын
Пайдалы ақпарат болды. Рахмет сізге
@АбзалСагиев-и4л
@АбзалСагиев-и4л 23 күн бұрын
Ақ нанды піскесін ертесіне жеу керек
@Funny_ca
@Funny_ca 22 күн бұрын
Өте керемет ақпарат
@maratadeimov6140
@maratadeimov6140 18 күн бұрын
Айелім нанды өте қатты жақсы көреді🎉
@Айгерим-н4ж
@Айгерим-н4ж 22 күн бұрын
Қазіргі нанды аз қолданған дұрыс денсаулық үшін 👍
@_asmr.world_01
@_asmr.world_01 23 күн бұрын
Керемет жақсы ақпарат👍🏻
@ANIGULUMBETKAN
@ANIGULUMBETKAN 23 күн бұрын
керемет ақпарат екен
@zhazira700
@zhazira700 22 күн бұрын
Рахмет пайдалы ақпаратыңызға
@ZhansayaBekmurza
@ZhansayaBekmurza 21 күн бұрын
Өте күшті ақпарат, рақмет бөліскеніңізге
@elmiraamanzholova
@elmiraamanzholova 21 күн бұрын
Дами беріңіз.
@BaktygulShotova
@BaktygulShotova 21 күн бұрын
👍👍👍
@DTL355
@DTL355 22 күн бұрын
Пайдалы акпаратынызга Рахмет
@Altin_qol
@Altin_qol 23 күн бұрын
Дастарханды нансыз елестете алмаймызғой
@2-fc1ec
@2-fc1ec 22 күн бұрын
Супер удачи вам
@Adelya_Nurasyl
@Adelya_Nurasyl 23 күн бұрын
Акпарат үшін рахмет
@РусланАширбеков-и6р
@РусланАширбеков-и6р 23 күн бұрын
Ақпаратыңызға рахмет
@user-kk1ez7bg1m
@user-kk1ez7bg1m 22 күн бұрын
Шындығында солай!
@lauramirzanova
@lauramirzanova 22 күн бұрын
Пайдалы болды рахмет
@Adya-Ayanat
@Adya-Ayanat 23 күн бұрын
Көбіне қара нан жиміз
@Dinara-english93
@Dinara-english93 23 күн бұрын
Баяғы адамдамдар таза бидайдан жейтін болған ба?.ұнның жасалуына байланысты шығар ! Керемет
@zhanar.molibaeva
@zhanar.molibaeva 22 күн бұрын
Ақпарат пайдалы болды рақмет. Алда бұдан да пайдалы әрі керемет рецепттер күтеміз
@ShynaraiNurkenkyzy
@ShynaraiNurkenkyzy 22 күн бұрын
Жақсы пайдалы болды 😊
@mugalym_mat
@mugalym_mat 22 күн бұрын
45 лайк🎉🎉🎉🎉 Дами беріңіз
@ZhaziART
@ZhaziART 23 күн бұрын
❤❤❤❤❤супер. Рахмет көп
@БизнесТринер
@БизнесТринер 19 күн бұрын
Тамаша дами бериниз
@РусланАхметченов
@РусланАхметченов 22 күн бұрын
Ақпарат пайдалы болды 😊
@Saulening_arnasi
@Saulening_arnasi 23 күн бұрын
Нан бар жерде ән бар. 🎉
@Aigulia99
@Aigulia99 21 күн бұрын
пайдалы акпарат болды
@АйгулИманкулова-у7к
@АйгулИманкулова-у7к 23 күн бұрын
Нан коп жемеймин жесем жаман семир кетем
@Bakhtiyarovy
@Bakhtiyarovy 23 күн бұрын
Пайдалы ақпарат болды
@Sugla.05.29
@Sugla.05.29 22 күн бұрын
Нан жемесек бір бүйрегіміз толмай тұрғандай болады
@МаржанАбдикаш
@МаржанАбдикаш 23 күн бұрын
Пайдалы ақпарат❤
@Tagam_TV
@Tagam_TV 23 күн бұрын
Нансыз бізге қиыын
@Almi220
@Almi220 22 күн бұрын
Ой көп жейміз біз
@Dflowerscraft
@Dflowerscraft 22 күн бұрын
екі күн болды бір себептермен нан жемей жүрміз, қиындау екен
@UserUser-fb9uv
@UserUser-fb9uv 23 күн бұрын
кара нан колариясы мыкты
@on_ai
@on_ai 23 күн бұрын
Арна дами берсін 👍🏻
@qol_onershi_
@qol_onershi_ 23 күн бұрын
нан болмаса аш қалатындай боламызғой🎉 бырақ дрож бен жасалған нан жемеймыз қалай дрож нанды тоқтаттық ден саулық өзгере бастады🎉
@ymbetkan-no7fs
@ymbetkan-no7fs 21 күн бұрын
нан жемесек тура алмаймыз қой
@НурдаулетБердиали
@НурдаулетБердиали 23 күн бұрын
Нансыз тамақ жиалмаймызғой😮
@СаматНабиханов
@СаматНабиханов 23 күн бұрын
Нансыз ас батпайдығой бізге
@4-yi4kr
@4-yi4kr 21 күн бұрын
Тамаша дами бериниз ❤
@Ютуб-ф8з
@Ютуб-ф8з 23 күн бұрын
Нансоғармын өзім
@Dinara_chanel890
@Dinara_chanel890 22 күн бұрын
Глютен шығып енді нан жей алмай отырмыз😂
@Dosbol-888
@Dosbol-888 22 күн бұрын
Маа мен нансыз тамақ жейалмаймынғой енді қыйын болатын болдығой😮
@qazaqfermer
@qazaqfermer 23 күн бұрын
Жолға шықсам серігің нан болсын дейтін еді апам
@aliya_keneskyzy
@aliya_keneskyzy 22 күн бұрын
Пайдалы ақпарат екен , мен көп нан жим 😂
@SANIYA-we9td
@SANIYA-we9td 23 күн бұрын
Менде глютен не переносимость 2шт көп жесем болды ауыр болып кетеді
@Kamshat-8085
@Kamshat-8085 22 күн бұрын
Қара нанда таза емес қазір бояу қосат
@Өмірден_алынған_әңгімелер
@Өмірден_алынған_әңгімелер 23 күн бұрын
Алла разы болсын!
@aikaxxmzz
@aikaxxmzz 21 күн бұрын
Керемет
@ayazhan_kelin
@ayazhan_kelin 22 күн бұрын
Пайдалы ақпарат болды. Рахмет көп
@IndiraINDIRA2-vt4qc
@IndiraINDIRA2-vt4qc 22 күн бұрын
Пайдалы ақпарат болды
МАИНКРАФТ В РЕАЛЬНОЙ ЖИЗНИ!🌍 @Mikecrab
00:31
⚡️КАН АНДРЕЙ⚡️
Рет қаралды 41 МЛН
An Unknown Ending💪
00:49
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 51 МЛН
Fake watermelon by Secret Vlog
00:16
Secret Vlog
Рет қаралды 16 МЛН
Выпуск новостей 08:00 от 22.09.2024
19:53
Телеканал 24kz
Рет қаралды 4,2 М.
Кыргызстан жаңылыктары | 21:00 | 22.09.2024
52:27
Ала-Тоо 24
Рет қаралды 19 М.
МАИНКРАФТ В РЕАЛЬНОЙ ЖИЗНИ!🌍 @Mikecrab
00:31
⚡️КАН АНДРЕЙ⚡️
Рет қаралды 41 МЛН