Утильсбор кімге керек? | Шетелден автокөлік әкелу қашан қолжетімді болады? | Кедендік сетка

  Рет қаралды 125,151

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

5 ай бұрын

#Қазақстан #Мажилис #Депутат #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайыловқа
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Бүгінгі депутаттық сауалым биліктің беймәлім шешімдерінен соң тоз-тозы шыққан темірді тақымдауға мәжбүр мұқым елдің мұңы.
Расында солай, Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек Қазақстандағы автокөліктер адам тасудан әуелде ада болуы керек. Себебі әбден тозығы жеткен, санмен сөйлейік: қазір Қазақстанда 4 миллион жеңіл автокөлік, 454 мың жүк көлігі мен 95 мың автобус бар. Стандартқа салсақ, темір тұлпардың талқаны шықпай жүріп беретін уақыты ең көп дегенде 10 жыл.
Ал Қазақстанда тіркелген жеңіл автокөліктердің 49 пайызының зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан, 21 пайызына 10 жыл толған, осылай кете береді. Жаңа деп саналатын 3 жылға дейінгі жеңіл автокөліктердің үлесі елімізде 6 пайыз ғана екен. Осыдан-ақ Қазақстандағы автопарктің мүшкіл жағдайын білуге болады. Ескі көлік есті алатыны бар, салдарынан жолда қалған жолаушы мен жол апатына түскен жандардың саны аз емес. Мұны саладағы сарапшылар айтып отыр.
Қазақта: «Шабатын көлік күй тілейді» дейтін бар. Бірақ 4 миллион жеңіл автокөліктің тең жартысының тас жолға табаны тигеніне 20 жыл толған болса одан қандай күй сұраймыз? Үйсіз, күйсіз жүрген азаматтарымыздың ең болмағанда дұрыс көлік мінгісі-ақ келеді. Бірақ оған ақылға сыймайтын кедергілер қойылған.
Себеп, Қазақстанға шетелден автокөлік әкелу үшін бірнеше төлем жасау керек. Бірінші, көлік бағасының 12 пайызын құрайтын қосымша құн салығын төлеу керек. Екінші, автокөлік бағасының 15 пайызына тең мемлекеттік баж төлеу керек. Үшінші, сәйкестендіру сертификатын төлеу керек. Яки, шетелден қандай автокөлік әкелсеңде олардың Қазақстандағы диллерлерінен сертификат алу шарт, оның құны 60 мың теңгеден - 140 мың теңгеге дейін. Төртінші, кедендік алым төлеу керек, шамамен 20 700 теңге. Бесінші, автокөліктің қозғалқышының көлеміне қарай утилалым төлеу шарт. Ол 258 750 теңгеден басталып қымбаттай береді. Қозғалтқыш көлемі 3-тен асса 1 983 750 теңге төлеу керек біздің азамат. Оған қоса шамамен 350 000 теңге акциз төлеу керек.
Әрі қарай, көліктің шығарылған жылына қарай төлем бар. Первичка дейді. Егер Қазақстанға әкелінген көліктің шыққанына 3 жылдан асса тағы 1,8 миллион теңге төлеу керек. Оған СВХ мен порттың және брокерлердің ақшасын қосыңыз. Осынша міндетті төлемнің салдарынан шетелдегі сапалы автокөлікті Қазақстан азаматтары әкеліп міне алмайды.
Су жаңа автокөлікті салыстырып қарайықшы, Хюндай Элантраның Қазақстандағы құны ресми сайтта 11 миллион теңгеден басталады. Ал шетелде сол автокөлікті кемінде екі есе арзанға алуға болады. Бұл жердегі басты проблема кедендік сетка. Яки, міне мына құжатта Қазақстанға кіретін барлық автокөліктердің ең төменгі бағасы белгіленген. Мәселен, жаңа айтқан хюндай элантраның бағасы 13 800 доллар деп бекітілген. Сіз оны шетелден 10 000 долларға сатып алсаңызда Қазақстанға тек 13 800 доллар деген бағамен кіреді. Және барлық салықтық және міндетті төлемдер осы бағамен есептеледі. Бұл әділетсіздік. Осы тарифпен есептегеннің өзінде, қазіргі курспен бізде хюндай элантраға бекітілген баға 6 334 200 теңге дейік. Оған елде төленетін төлемдерді қосқанда бағасы 8 966 383 теңгеге бір-ақ шығады. Демек азаматтарымыз 2 632 183 теңгені су жаңа автокөлікті Қазақстанға әкелгені үшін төлейді. Бұл өте қымбат. Ескі көлік әкелсе тіпті қымбатқа шығады.
Ең сорақысы, сансыз төлемдердің салдарынан Қазақстанның бюджеті қыруар қаржыдан қағылып отыр. Себебі отандастарымыз бітпейтін төлемнен арылу үшін шетелден алған автокөліктерін алдымен Қырғызстанға әкеліп тіркейді. Ол жақтағы төлем бізден 2 есе аз. Сосын Қазақстанға кіргізеді. Осылайша біз өз қолымызбен өзге елдің бюджетіне қаржы құйып отырмыз. 2023 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында Қырғыз еліне 483,5 миллион долларға бағаланған 41 мың автокөлік кірген. Кейін соның біраз бөлігі біздің елге өткен делінеді ашық дерекөзде. Осылайша Қазақстан азаматтарын жақсы көлік міну құқығынан қағып және қазынаға түсуі тиіс қыруар қаражаттан да қағылып отыр.
Осы тұста менің атыма толассыз келіп жатқан отандастарымыздың 3 талабы бар:
1. Қазақстанға шетелден кіргізілетін автокөліктердің шектік құны бекітілген кедендік сетканың бағасын төмендету.
2. Алғашқы тіркеу бағасын түсіру. Қазір Қазақстанға әкелінетін көліктердің шыққанына 3 жылдан асса оған 1,8 миллион төлеу міндетеледі, осы мерзімді 7 жылға дейін созу.
3. Утилалымның бағасын төмендету.
Осы депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзім ішінде жазбаша жауап күтеміз.
«AMANAT» партиясының
фракция мүшесі, депутат Н. Сәрсенғалиев
Инстаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 2 300
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 5 ай бұрын
Пікір жазыңыздар, ағайын!
@meirambekmukhtarov1253
@meirambekmukhtarov1253 5 ай бұрын
Бұның жауабын Скляр, Смагулов, Лавреньтев сияқтылардың қалталарынан табасыз😅
@user-ox1oq8ou1t
@user-ox1oq8ou1t 5 ай бұрын
қайта алымды көбейтіп, президентімізге ескерткіш қояйық!
@user-sx5hz1jh5p
@user-sx5hz1jh5p 5 ай бұрын
@@meirambekmukhtarov1253ап бәрекелді жауабын кутик ай қайдам келіспитініне сөззісго
@serikkalisheshenbay7853
@serikkalisheshenbay7853 5 ай бұрын
​@@user-ox1oq8ou1t😂😂😂онда сол ушин бяримиз депутат, аким болып кетемизгой
@user-yy9po8cr3j
@user-yy9po8cr3j 5 ай бұрын
Жараисын Нартаи
@user-um1kz4pw1t
@user-um1kz4pw1t 5 ай бұрын
Халықтың қамын ойлап отырған, Нартай Аралбайды қолдаңыздар қазақтарым!❤❤❤
@user-en3tu9xc8s
@user-en3tu9xc8s 5 ай бұрын
Халыққа керегі жоқ утильсбор мүлдем жойылсын!
@diamond7858
@diamond7858 5 ай бұрын
Үйсіз күйсіз жүрген Халқым, жаңа көлік мінсінші!!! Әумин
@user-iw1vh5ru4e
@user-iw1vh5ru4e 4 ай бұрын
Колдаймыз, керегі жоқ утильсбор мүлдем жойылсын
@user-xu4nb3hv5m
@user-xu4nb3hv5m 5 ай бұрын
Ай жарайсың Нартай бауырым! Осы мәселенің түбіне жетуіңе тілектеспін. Алла жар болсын!
@user-pg4gw3wi9x
@user-pg4gw3wi9x 5 ай бұрын
Осыны түбіне дейін шешіп берсеңіз, утилсбормен первичка алынып тастасын
@user-ik6bm9hy7z
@user-ik6bm9hy7z 5 ай бұрын
Бос сөз ғой. Оны кім тыңдайды? Күліп отырған сияқты ғой қалғандары.
@GalymzhanSyzdyk
@GalymzhanSyzdyk 4 ай бұрын
Алып тасталсын утильсбор мен первичка қолдаймыз !!!
@batirbekseydenov1271
@batirbekseydenov1271 5 ай бұрын
Енді премьердің жазбаша жауабын күтеміз. Жарайсың Нартай Аралбайұлы
@user-bf6dz1tu1v
@user-bf6dz1tu1v 5 ай бұрын
Ай жарадың Нартай ,енді осы істі аяғына дейін жеткізсеңіз, халықтың шексіз алғысына бөленіп,батасын аласыз
@user-pq8gv6lx4v
@user-pq8gv6lx4v 5 ай бұрын
Ия дұрыс аитасыз алға нартаи бауырым
@user-gz5jc8rn7u
@user-gz5jc8rn7u 4 ай бұрын
Жазға дейін шешсе, жазда жоспарлар бар еді 😊
@user-ud5nz6ux1k
@user-ud5nz6ux1k Ай бұрын
Ия,жазға дейін шешсе керемет болатын еді
@user-nu6vm5kj6d
@user-nu6vm5kj6d 5 ай бұрын
қолдаймыз Нартай мырзаны
@saibolatsyrtai2747
@saibolatsyrtai2747 3 ай бұрын
мүмкін билікті қуамыз, қару алып...
@QAZAQ9313
@QAZAQ9313 4 ай бұрын
Утильсбор керек емес қарапайым халықты қинай бермеу керекқо
@zhedelbekdzhumatayev2289
@zhedelbekdzhumatayev2289 5 ай бұрын
Осыны соңына дейін жеткізу қажет Нартай мырза.
@user-en3tu9xc8s
@user-en3tu9xc8s 5 ай бұрын
Өз халқына қарсы жұмыс жасайтын сатқын министрлерді осыны ойлап тапқан жұмыстан босату керек!
@aizhanzhakypbaeva1564
@aizhanzhakypbaeva1564 5 ай бұрын
Ол адамдардын есымдеры: Скляр, Смагулов, Лаврентьев, жане осы адамдарды президенттын озы колдап отыр, бары баягыша быр созбен
@askhatsmagul5533
@askhatsmagul5533 5 ай бұрын
Осы төлемдерді ойлап, енгізгендерды қылмыстық жауапқа тартып, сол ақшаны қайтару керек.
@raianaraianna1303
@raianaraianna1303 5 ай бұрын
​@@askhatsmagul5533дурыс
@user-bi8ip3ol8m
@user-bi8ip3ol8m 5 ай бұрын
Нартайдың айтқаныда кино қашаннан бері амснат халықты ойлапты неге сол жерде ауызша жауап бермеске, жазбаша жауап дейді, жазбаша жауап болмайды да болғанда емес оныдепутаттарда біледі айтады қояды талап етпейді
@aibeknurgojaev2122
@aibeknurgojaev2122 4 ай бұрын
Соттау керек, басқасына үлгі болсын
@samatserikxanuly2831
@samatserikxanuly2831 4 ай бұрын
Міне нағыз жігіттер. Аллаһ Тағала жар болсын. Өзімізді өзіміз қанаған халык болдык. Астағфируллаһ. Барар жерің халқым елім Мәңгілік өмірде Жәннәт болсын. Бұл өмір сынақ ағайын..
@user-cr5xc8td5j
@user-cr5xc8td5j 4 ай бұрын
Утильсбор мүлдем жойылсын, керек емес
@altynbek474
@altynbek474 5 ай бұрын
Утиль алымы керек емес. Қарапайым халықтың жағдайын ешкім ойлап отырған жоқ.
@user-po9qs6pg4o
@user-po9qs6pg4o 5 ай бұрын
Депутаттар осы мәселені аяғына дейін жеткізсе жақсы болар еді
@user-xi5py5pz3q
@user-xi5py5pz3q 5 ай бұрын
Қазағым қашан өз-өзіне жағдай жасамақ ойы бар екен, осылай өмірден өтеміз ау...
@user-qz2fc1dd2w
@user-qz2fc1dd2w 3 ай бұрын
Халықтың жүрегінен орын табар депутат. Сапалы жұмыс. Бұрыннан осындай депутаттар керек еді елімізге🇰🇿
@erketaitileuhan7471
@erketaitileuhan7471 5 ай бұрын
Алып тастау керек халық жақсы жаңа көлік мінсін
@kamazikamaz
@kamazikamaz 5 ай бұрын
Нартай мырза, осы утил мен первичка алып тастауын сонына дейін қадағаласаныз, бұл халықты қанау ғой , сізден жақсы жаңалық күтесіз, өз халқына жаны ашымаса ондай министр не керек.
@user-qi4xq2lq4x
@user-qi4xq2lq4x 4 ай бұрын
Утиль алмды.первичканы.алыптасасыншы..Нардай мырзаға алла колдасын. НАРТАЙ.МЫРЗАНЫ.КОЛДАЙМЫЗ
@user-iz3vg4eq7k
@user-iz3vg4eq7k 4 ай бұрын
Өте дұрыс! Қолдаимыз 200% до конца
@sarsensarsen7322
@sarsensarsen7322 5 ай бұрын
Депутаттық сауалды депутаттық бұйрыққа ауыстыру керек!
@eldoseldonator8980
@eldoseldonator8980 5 ай бұрын
Жарайсың Нартай! Азамат! Халықтың сөзін жеткізгеніңе рахмет!
@user-nv2ov8wv1v
@user-nv2ov8wv1v 4 ай бұрын
Өте дұрыс айтылған пікір өлдікко ескі көлікпен
@alialibayev1736
@alialibayev1736 4 ай бұрын
Утильсбор халыққа қастандық
@user-hw5ib6mu6r
@user-hw5ib6mu6r 5 ай бұрын
Қашанға деиін шірік көлікпен жүреміз қазақ өмірің мазақ азап болды ау
@user-lu7xq7sc4q
@user-lu7xq7sc4q 5 ай бұрын
Біздің билікке халықтың қиналып,кедей өмір сүргені керек,халықтың қолындағыны соракбереді
@user-js2zd9re2i
@user-js2zd9re2i 4 ай бұрын
Жарайсың Нартай мырза халықтың мұң мұқтажың айттыңыз, сізді қолдаймыз.... Депутат болсаң осындай болу керек жарадың.
@askarbekisakov6459
@askarbekisakov6459 5 ай бұрын
УТИЛСБОР ЖАБЫЛСЫН
@user-oy3uj6tz4t
@user-oy3uj6tz4t 2 ай бұрын
Не только утиль. Там много платежей.
@nurlybeksamekov374
@nurlybeksamekov374 5 ай бұрын
Әб бәрекелді. Осы тақырыпты қозғайтын депутат табылды ғой. Жарайсың Нартай бауырым, халық мұңын қозғаудан жалықпаңызшы. Алла істеріңізге береке берсін бауырым. Сәттілік тілеймін
@user-rs8vv7ij8g
@user-rs8vv7ij8g 5 ай бұрын
Халықты тонауды қашан қояды олигархтар шыдамныңда шегі барғо, Нартайға рахмет міне нағыз депутат.
@user-be1mp6ge2t
@user-be1mp6ge2t 5 ай бұрын
Олигархтардың мүддесін жақтайтын министрлерді қатаң жауапқа тарту керек
@user-lm2fn3zz7w
@user-lm2fn3zz7w 3 ай бұрын
Рақмет Нартай мырза,халықтың қамын ойлағаныңызға Алла разы болсын!
@user-vi3fy1xj6c
@user-vi3fy1xj6c 5 ай бұрын
Нағыз еркек, жарайсыз, депутаттардың ішінде ақылды адам бар екен, халықтың ойын, пікірін айтатын. Аман болш
@AsxatKurmaniyazov-lk7uc
@AsxatKurmaniyazov-lk7uc 5 ай бұрын
Колдаймыз Утил алымы алынсын халықтың талабы орындалсын👍
@daurmusahan7996
@daurmusahan7996 4 ай бұрын
Утильсбор және Алғашқы тіркеу алынып тасталсын. Сеткадағы көліктер бағасын төмендетсін!
@user-bb9bz2ek3l
@user-bb9bz2ek3l 4 ай бұрын
Если каждый депутат будет так переживать за Народ будет новый Казахстан. Депутату рыспект и уважение
@user-en3tu9xc8s
@user-en3tu9xc8s 5 ай бұрын
Халықты тонаудан басқа не біледі біздің биліктегілер! Ал әкелмесе жигули тепсін деп Ресейдің мүддесін қорғап отыр!
@user-je2nd1zo9o
@user-je2nd1zo9o 4 ай бұрын
Болмағаннан мінеді, әйтпесе орыстың тазйгі киімге керек 😂
@user-kk2ki8jq9w
@user-kk2ki8jq9w 5 ай бұрын
Әп бәрекелді қалың жұрттың көкейіндегі сұрақ осығой. Утил алымы кімнің қалтасына кетіп жатыр. Немістің көлігін 30жыл мініп шаршадыққой. Не көргенсіздік неде недеген бассыздық. ТАЛАП ОРЫНДАЛСЫН
@user-pi4mz3jp9w
@user-pi4mz3jp9w 4 ай бұрын
Дұрыс айтады 💯%
@aydarissaev3791
@aydarissaev3791 4 ай бұрын
Жарайсың Нартай! Бірақ бұл үкімет халықтың жан айқайын тыңдай қояма... Утильде, первичкада керегі жоқ...
@eldoseldonator8980
@eldoseldonator8980 5 ай бұрын
А. Смайылов мырза ойланып әрекет жасаса екен!
@user-xg8uk4fk2j
@user-xg8uk4fk2j 5 ай бұрын
Нартай осыны соңына дейін жүріп күрес.
@fran.3194
@fran.3194 5 ай бұрын
Халык сеніммен бирге
@Mega_Tron
@Mega_Tron 4 ай бұрын
Депутат мырза, осы мәселені аяғына дейін жеткізсеңіз, өтініш!!! Бұл барып тұрған бассыздық. Өте дұрыс әнгімені қозғадыңыз.
@azamatriskaliev9462
@azamatriskaliev9462 4 ай бұрын
Дұрыс айтасың Нартай! Бізде сол бұрынғы қара халықты тонау ғо. Утилсборды және первичканы азайту немесе алып тастау керек.
@Daniyar705
@Daniyar705 5 ай бұрын
Азайтылсын халыққа тиімді етіп
@user-dy8uo1zo1m
@user-dy8uo1zo1m 5 ай бұрын
Дұрыс айтасыз, қолдаймын!
@Tim.tim.tim.077
@Tim.tim.tim.077 3 ай бұрын
Нартай бауырым сенің тілің халық үшін осылай сайраса біз қуанамыз.
@user-xx7hp7yl3i
@user-xx7hp7yl3i 5 ай бұрын
Алла колдасын сізді. Риза боп отрм ешкай депутат айта алмаған нарсені айтып жатсыз✊️✊️✊️✊️✊️ Вот осындай адамдар бызге билікке керек. Халықты ойлайтын
@zhangabyl6939
@zhangabyl6939 5 ай бұрын
Қалқым жақсы тірлікте болсын деитін бізде үкімет жоқ
@user-yl3uu6oc2o
@user-yl3uu6oc2o 5 ай бұрын
убрать совсем утильсбор или снизить до двадцати тысяч тенге что за безпредел тварится в казахстане или правительство не хочет что бы простой народ казахстана ездил на нормальныхавтомашин где справедливость и прозрачность этот депутат молодец умный человек
@user-po9tr8zs2s
@user-po9tr8zs2s 5 ай бұрын
Жойылсын 32 жыл Қүлыбаевтардың калтасына кетті ғой миллиардтар
@fddfdf8542
@fddfdf8542 4 ай бұрын
шыркын жугылыйге зар болып отырмыз ғой!
@__-wf1lk
@__-wf1lk 4 ай бұрын
Алып тастап, автокөлік заводтарын, монополистер сымақтарды конкуренттік ортаға жіберу керек
@baurzhannurtaza1660
@baurzhannurtaza1660 5 ай бұрын
Нартай халықтың мұң-мұқтажын парламентке жеткізіп отыратын қазақ батыры десем артық болмас! Қашанда осындай шешімін таппай келе жатқан маңызды,өзекті мәселелерді қозғап, парламентте мүлгіп отырған депутатсымақтар мен министрліктердің атынан келген шенеуніксымақтарды дүр сілкіндіріп алады! Жарайсың бауырым! Алла разы болсын!
@user-px1kf8tb5m
@user-px1kf8tb5m 5 ай бұрын
Осыларды арзандатса бәрімізде бір тазалау көлік мінер едик
@hamzaosmanov5478
@hamzaosmanov5478 4 ай бұрын
Аман болыныз, осындай акылды халкын ойлайтын депутат агаларымыз коп болсын
@user-kx2zr9rs1p
@user-kx2zr9rs1p 4 ай бұрын
Осындай депутаттар коп болса казах елі бұрында әлемнін алдында қатарында болатын еді
@user-iv1rd5yn9t
@user-iv1rd5yn9t 5 ай бұрын
Нартай оте керемет колдаймын рахмет сизге улкен
@user-dy7dr4rf2t
@user-dy7dr4rf2t 5 ай бұрын
Мен өзім 1999 жылғы машина мініп жүрмін, оның өзін 5 000 000 тг алғам, сонда 24-25 жыл болған, Халықты тонауды қою керек кой, өте дұрыс, қазағым да жақсы көлік мінсін
@user-lv3id5ze4v
@user-lv3id5ze4v 4 ай бұрын
Өте дұрыс депутаттық сауал. Қолға алыңыздар, халық шаршап еетті, көлік тоз тозы шықты. Өзім 1996 жылғы машинамен жүрмін, жаңа алайын десем қымбат
@user-rb2ss5is9s
@user-rb2ss5is9s 5 ай бұрын
Осындай Халық қамын ойлайтын аүаларымыз аман болсын 👍👍👍
@mychannel1360
@mychannel1360 4 ай бұрын
Г
@mychannel1360
@mychannel1360 4 ай бұрын
Ага
@gabitby2207
@gabitby2207 5 ай бұрын
Машинаның бағасынан қазақ номер алуға деиінгі шығын қымбат болып тұр ғой, недеген тойымсыздық сұмдық ғой, қай басымен ойлап тапқан
@user-uf3es6mi6y
@user-uf3es6mi6y 5 ай бұрын
Жарайсың Нартай! Осы сұрақ халыққа жағымды жағынан шешілсе керемет болар еді.
@bauyrzhanizgilik4190
@bauyrzhanizgilik4190 5 ай бұрын
Смайылов мырзаның берген жауабын жария етуіңізді күтеміз, Нартай мырза
@user-qg9xi9hl9c
@user-qg9xi9hl9c 5 ай бұрын
Рахмет Нартай Аралбай ұлы.Халықтың ойында жүрген өзекті мәселені қозғалысы.Аман болыңыз
@alibek212
@alibek212 5 ай бұрын
Халыққа керек емес алынып тасталсын
@Kazakhstan2050.
@Kazakhstan2050. 5 ай бұрын
1. Пенсияға шығу жасы азайтылсын, Аталарға 58 жас, Апаларға 55 жасқа азайтылсын! 2. Ең төменгі пенсия, пособия, жалақы сомасы 150 000 тг ге көтерілсін! 3. Жаңа туылған балаға берілетін ақша Ресейдегідей 3 000 000 тг ге көтерілсін! 4. Утильсбор мен первичная регистрация 5 - жылға Маратория жарияланып тоқтатылсын! Егер билік осыған келіссе, бірден реально миллиондаған кедей халықтың жағдайы жақсаратын еді!🙏🇰🇿
@tolegenomirjan3021
@tolegenomirjan3021 4 ай бұрын
Нартай мырзаның пікірі халықтың жан айқайы!Қолдаймыз!!!
@user-ss7zq2it8q
@user-ss7zq2it8q 4 ай бұрын
Өте дұрыс айтты. Утиль сбордың қайда кетіп жатқаны белгісіз, неге ашық түрде айтпайды қайда кететінін және қандай шаралар жасалып жатқанын. Первичный регистрацияда да түсініксіз,3- жылдан асқан әр көлік 1700000 теңгеден бастап төлейді, оны да ашық түрде жариялауға боладығой, қазіргі таңда барлығы интернет желісінде ашық болу керекқой. Нартайды қолдаймыз, осындай халықтың ойын жеткізетін депутаттарымыз көп болсын.
@AURUM98576
@AURUM98576 5 ай бұрын
Ақиқат айтылы әйтеуір үлкен мінберден!
@user-pn2kl1br9u
@user-pn2kl1br9u 5 ай бұрын
Утил мен алғашқы тіркеу мүлдем алынып тастасын халықты бүгінге дейін тонағаны жетет осыларды төлейміз деп түрси алып киелмай қалдық ғой
@HuanbekTileuhan-nc7fq
@HuanbekTileuhan-nc7fq 4 ай бұрын
Ассалаумағалейкум өте дұрыс пікір үкімет халыққа жол ашып утиль мен первичканы толығымен алып тастасын біз Нартай Аралбай ұлын толығымен Қазақстан халқы 100% қолдаймыз.
@user-nq9xl9kc8n
@user-nq9xl9kc8n 4 ай бұрын
Осы салықтың жартысынан көбі бреулердің қалтасына кетіп жатқанына бәс тігемін.
@user-ht4sp8sy5d
@user-ht4sp8sy5d 5 ай бұрын
Алла разы болсын Нартай саған! Халықты қинап жіберді ғой мына хайуандар шенеуіктер!
@mshiturman9450
@mshiturman9450 5 ай бұрын
Жарайсың батырым Бар екенсіңдер
@user-xj6uv4vo3g
@user-xj6uv4vo3g 4 ай бұрын
Ресейге керек, біріншіден, сосын біздің автокөлік жасайтын автопромға керек...
@user-rb9jy3vi6q
@user-rb9jy3vi6q 5 ай бұрын
Осындай Халық қамын ойлайтын Ағаларымыз аман болсын Керемет шындықты шырылдатып тұрып айтып тастады КЕРЕМЕТ 💯💯💯💥💥💥💥👌👌👌👍👍👍
@user-hv9bu5or3z
@user-hv9bu5or3z 5 ай бұрын
Соны қазір біліп жатыр ма
@user-wg1ne9wy1b
@user-wg1ne9wy1b 5 ай бұрын
Нартай Бауырымыз өте маңызды халықтың көкейінде жүрген мәселені қозғады жарайсың Нартай бауырым! Ісің алға жүрсін!халықтың жаршысы болып жүре бер
@user-dy8zu7mk3j
@user-dy8zu7mk3j 4 ай бұрын
Сау болшы НАРТАЙ...! ХАЛЫҚТЫҢ ЖАН АЙТАЙЫН ЖЕТКІЗЕ БЕР!
@rollankakitayev2488
@rollankakitayev2488 5 ай бұрын
Бұндай сауалнамалар бұрында депудаттар жолдаған, түк өзгеріс жоқ. Баяғы жартас сол жартас.
@user-sj5gl9vl1m
@user-sj5gl9vl1m 5 ай бұрын
Мине нагыз шындыкты айткан азамат
@daurenmasqaraev3165
@daurenmasqaraev3165 5 ай бұрын
ПОСЛЕ СЕНТЯБРЬ ШЕТ ЕЛДЕН КИРГЕН АВТОКОЛИКТЕРИН ТИРКЕП БЕРИНДЕР. ХАЛЫКТЫ ОЛАЙ МАЗАК ЕТПЕНДЕР, АЙТПЕСЕ КОТЕРИЛСЕ АРТЫ ЖАКСЫ БОЛМАЙДЫ!
@edik.kenjedekov8202
@edik.kenjedekov8202 4 ай бұрын
Жақсы айтып жатырғой булар тыңдайтын құлақ болмай турғой
@user-tt3bm5ck6l
@user-tt3bm5ck6l 4 ай бұрын
Өкімет халықтың жағдайын емес олигархтардың жағдайын жақсартып жатыр.
@user-qv7xh5uq5u
@user-qv7xh5uq5u 5 ай бұрын
Барлығыз қолдап жіберейік!!!
@user-tj2to8ys8m
@user-tj2to8ys8m 5 ай бұрын
Ассалумагалейком Казак халыкка оте дурыс айтылды утил мен биринши алымды халыкка тиымды бага койып берсин Жана Казакстан кайда
@user-ql4mt4yf9s
@user-ql4mt4yf9s 4 ай бұрын
Парламентте отырып бұларда шешеалмай біреуге қарап жалынып отырса қімнен қайыр күтеміз.
@kanatakhmetov9721
@kanatakhmetov9721 4 ай бұрын
Жарайсың!Депутат осындай болу керек
@aidarberkenov4765
@aidarberkenov4765 5 ай бұрын
Халық үшін жойындар
@user-ix5df9rn5q
@user-ix5df9rn5q 5 ай бұрын
Абыройын оскир,аман болшы 🙆‍♂️
@user-ru6nd8sx5i
@user-ru6nd8sx5i 4 ай бұрын
Жарайсың Нартай халықтың мұқтажын беттеріне айтып. 🇰🇿💪🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@user-fv4xj3qx3k
@user-fv4xj3qx3k 4 ай бұрын
Ай жарайсың Нардай бауырым қолдаймыз бұл ұлкен мәселе қалықтың көкейінде жүрген қолдаймыз қолдаймыз
@user-ge9vi2ri8i
@user-ge9vi2ri8i 5 ай бұрын
Утиль - 100 мың теңгеден аспау керек. Первичка - жаңа машинаң 1000 тг дей болса, жүрілген машина 5000 тг болсын жетеді.
@user-xb7zv6tb2q
@user-xb7zv6tb2q 5 ай бұрын
Еркек екен Нартай жарайсын
@user-ub2dr6se7b
@user-ub2dr6se7b 5 ай бұрын
Рахмет Депутат Мырза, осындай мемлекет кызметкерге быз Куанамыз, казакта Умыт Бар Ел болуга
@user-gc3ny2bx6r
@user-gc3ny2bx6r 5 ай бұрын
Маша Алла Алла береке берсин бауырым
УТИЛЬАЛЫМ ЖОЙЫЛАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТ РАС ПА? / Сол жағалау
30:22
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 50 М.
Жаңа көлік мінгім келеді. «Талқы»
39:55
Khabar NEWS
Рет қаралды 141 М.
Маленькая и средняя фанта
00:56
Multi DO Smile Russian
Рет қаралды 4,9 МЛН
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 16 МЛН
когда достали одноклассники!
00:49
БРУНО
Рет қаралды 1,3 МЛН
1 класс vs 11 класс (неаккуратность)
01:00
БЕРТ
Рет қаралды 2,2 МЛН
28 мамыр 2024 жыл - 15:00 жаңалықтар топтамасы
11:49
Телеканал 24kz
Рет қаралды 4,8 М.
Краш жігіт траштанып кетпеді ме?
20:59
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 34 М.
УТИЛЬСБОР - МОНОПОЛИЮ ЛИКВИДИРУЮТ: А ЧТО БУДЕТ С САМОЙ СТАВКОЙ? | Время говорить
21:04
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 78 М.
ЕҢ ТӨМЕНГІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСЕ МЕ?
3:39
Телеканал ТДК-42
Рет қаралды 93 М.
РИНАТ ЗАЙТОВ 85 МЫҢ ТЕНГЕГЕ ӨМІР СҮРЕ АЛАСЫН БА?
6:29
ДЕПУТАТ ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА
Рет қаралды 668 М.
Маленькая и средняя фанта
00:56
Multi DO Smile Russian
Рет қаралды 4,9 МЛН