Рет қаралды 151,318
#НартайАралбайұлы #МәуленӘшімбаев #НартайНьюс
🔹Спикер: Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
00:00 Басы
01:09 Таныстыру
01:40 Қазақстан бүгінде кедейлік деңгейі бойынша Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон секілді елдердің қатарында тұр. Мұнай мен газдың үстінде отырған, Менделеев таблицасының бүкіл элементі бар мемлекеттің халқының осы жағдайға жетуіне айыпты кім? Қымбатшылыққа кім кінәлі?
08:08 Президент Тоқаев: «Әлеуметтік желіде «ескі кадрмен Жаңа Қазақстанды қалай құруға болады?» дейтіндер бар. Бұл орынды сұрақ» деді. Менде де сол сұрақ. Жарнамасы жасалған «Жаңа Қазақстанды» ескі кадрлермен қалай құрамыз?
18:48 Халықтың көңілінен шықпаған облыс әкімдерін қашан ауыстырамыз?
23:45 Қаңтар оқиғасы кезінде сіз қайда болдыңыз?
23:56 Қаңтар оқиғасы кезінде оқ атуға бұйрық беру дұрыс шешім болды ма? Қаңтар кезінде 4 жасар Айкөркем Мелдехан есімді бөбек оққа ұшты. Елдегі екінші адамсыз ғой, бөбектің өлімі кімнің мойнында?
26:29 Ресейге экономикалық форумға барған Қазақстан Республикасы Президенті "Луганск пен Донецкіні мойындамаймыз" деді. Артынша Ресей КТК мұнай құбыры арқылы Қазақстанның мұнайын тасымалдауды тоқтатты. Осы екі оқиғаның өзара байланысы бар ма?
34:26 Қазақстан Еуразиялық Экономикалық Одақтан шыға ма? Экономистер бұл мүлдем тиімсіз ұйым деп дабыл қағып отыр.
41:26 5 маусымда референдум өтті, бірақ Қазақстанда баяғы қымбатшылық, сол кедейшілік, сол жұмыссыздық. Жаңа Қазақстан жарылқайды деп дауыс берген жұрт тағы алданып қалды ма?
44:31 Бұған дейін Сенат шикі жасалған кибербуллингке, Жерге, Салыққа қатысты тағдыршешті Заңдарды қайтарып жіберген еді Мәжіліске. Референдумнан кейін Сенат Заңдарды қабылдау/қабылдамау деген функциядан айырылады. Бұл қаншалықты дұрыс шешім?
51:00 Ауылдың жағдайы сіз айтқандай қашан жаңарып сала береді? Соның мерзімін айта аласыз ба?
52:51 Сенатор Дана Нұржігіт «әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа төмендету керек» деді. Бұл ұсынысты қолдайсыз ба? Мүмкін бе?
56:30 Орыс тіліне Заңдық күш беріп тұрған 7 баптың 2 тармағы референдумға шықпағаны елді қапаландырды. Мұны қашан алып тастаймыз? Қазақ тілінің Қазақстанда жетімсіреп тұрғанына кім кінәлі?
59:46 "Барлық мемлекеттік органдардың басшылары қазақ тілінде сөйлеу керек, қазақ тілінде құжат толтыру керек".
01:06:08 2017 жылдың көктемінде Латын қарпіне көшу туралы пікір айттыңыз, цитата: "Менің ойымша бұл дұрыс қадам. Бірақ біз белгілі бір өтпелі кезеңнің керек екенін ескеруіміз керек, кедергілер бар. Мемлекеттік органдар латынға көшуді науқаншылдыққа айналдырмау керек" дедіңіз. Латынның бірнеше нұсқасы қабылданбады. Қазір тіпті бұл тақырып жылы жабылып қалды, ел еске алмай кетті. Латынға көшетін болдық па, жоқ па? Қашан?
01:09:04 Сенаторлар депутаттық сауалдарын сізбен міндетті түрде келісуі керек пе?
01:12:20 Сенатор Нұртөре Жүсіп туды қорлаған өнерпаздарды 5 жылға сахнадан шеттету керек деді. Бұл Сенаттың ұлттық құндылықтармен айналыса бастағанын айғақтай ма?
01:13:13 "Үкімет біз көтерген кейбір сауалдарды уақытында қарамайды".
01:14:58 Мемлекеттік қызметкерлер жемқор атанбау үшін, елдік мүддені аяққа таптамау үшін не істеу керек? Қалай оқыту қажет?
01:20:38 Бүгінгікүннің батыры кім?
01:24:13 Қоштасу.
Инстаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev