Назарбаев идеологиясы әлі бар ма?Емтихан сұрақтарын кім таратты? Google-де жұмыс істейтін түлектер

  Рет қаралды 10,024

Cұрауы бар / Sūrauy bar

Cұрауы бар / Sūrauy bar

Күн бұрын

Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев зияткерлік мектептеріне бөлінетін қаражат 4 есе қысқарды. Бюджеті азайғаннан кейін бұл білім ошағы қарапайым мектеп сияқты болып қалмай ма? Ақшаның қысқаруы білім сапасына қаншалықты әсер етті?
Бүгінде Назарбаев мектептерінде 80 шетелдік мұғалім бар. Олардың жалақысы неге көп?
«Назарбаев мектептерінде тек бай-бағландардың балалары оқиды» деген әңгіме қаншалықты рас? Мұндағы ұстаздардың жалақысы қанша? Мақтаулы мектепке қабылданудың жолы қандай? Емтихан жауаптары неге Нидерландыға жіберіледі? Мектепте ауыл балаларының саны неге аз?
Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозинді сөзге тарттық. Сұрау салдық.
Көріп, пікір жазуды және арнаға жазылуды ұмытпаңыз.
Тайм-код
0:00 Анонс
1:15 Студия қонағын таныстыру
2:30 PISA зерттеуінде Қазақстан үздік 50 елге кірді
4:20 Отандық жас математиктер 1-орындағы Сингапурдан озып кетті
5:10 Атырау облысы соңғы орыннан бірінші орынға шықты
6:00 Емтихан материалдарын таратқан оқушылар оқудан шығарыла ма?
7:25 Емтихан сұрақтары қаншалықты құпия?
9:19 Еш материал алдын-ала жарияланбайтынына 100% кепілдік беремін
10:00 Баланы Назарбаев мектебіне күштеп түсіру дұрыс емес
11:40 Балаларды емтиханға дайындау үшін мобильді қосымша шығардық
13:23 Биыл Назарбаев мектебіне іріктеуге 28 мың оқушы қатысты
14:23 Назарбаев мектептеріне 3 мыңға жуық грант қарастырылған
15:30 Емтихан парақшаларын тексеру үшін Нидерландыға жіберіледі
17:06 Қазақстанда тестология мамандарын даярламайтыны өкінішті
18:07 «Қаңтар» оқиғасынан кейін күрт өзгерді
20:00 Назарбаев мектебі түлектері Кэмбридж емтихандарын тапсырады
22:07 Назарбаев мектебінің бюджеті жайлы
23:20 Назарбаев мектептеріне оқушыларының тамағына неге ақша көп бөлінеді?
25:50 Назарбаев мектептерінің атауы ауыса ма?
28:11 Тұңғыш Президенттің қосқан үлесі зор
29:25 Ағылшын тілі деп жүріп, қазақ тілі тасада қалып қойып жатқан жоқ па?
31:06 Ауыл балаларына неге жеңілдік жасалмайды?
33:51 Назарбаев мектептерінде байлардың балалары ғана оқымайды
36:30 Сыныпты үшпен бітірген оқушы мектептен шығарылады
39:32 Назарбаев мектептерінде 80 шетелдік мұғалім бар
42:02 Мұғалімдердің айлығы 460 - 800 мыңға жуық
44:03 Түлектердің 80 пайызы отандық оқу орындарына түседі
46:25 «Болашақ» бағдарламасы қажет пе?
48:19 «Болашақпен» оқығандар неге мектептерде жұмыс істегісі келмейді?
51:23 Назарбаев мектептерінің басқа мектептерге қандай пайдасы тиді?
SŪRAUY BAR - биліктің бастауы - ХАЛЫҚ. Ал ел талабы - біздің назарда. Себебі әр қазақтың сұрауы бар.
Facebook / surauybar
Instagram / surauybar
Tik tok / surauybar
Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз!
АШЫҚ СҰХБАТ • ...СҰРАУЫ БАР - АШЫҚ С...
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР • ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӨТКІР ОЙ • ӨТКІР ОЙ
ВИДЕОПОДКАСТ • ... СҰРАУЫ БАР - ВИДЕО...
QAZAQ BOL • QAZAQ BOL
#Surauybar #Cұрауыбар#ниш#назарбаев#интервью

Пікірлер: 92
@ansarislam7581
@ansarislam7581 Ай бұрын
Ниш,Болашақ Ескі Қазақстанның ең есті жобасы. Жабылып қалмасын. Нишқа тиіспеңдер, аулақ жүріңдер. Мешіт салғанша, ауылға НИШ мектебін салсын. Дұрыс айтып отыр, Жангозин.
@user-fj5fs2ql8p
@user-fj5fs2ql8p Ай бұрын
Мектеп, университет атауын ауыстыру керек. Себебі, ол халықтың ақшасымен қаржыландырып отыр. Бұл мектептерде ең бастысы әрбір сыныпта 8-10 баладан оқытылады. Оның үстіне 6 сыныптан кейін ең озат оқушыларды жинап алады. Қазір ақшасы барлар үшін ақылы мектептер толып жатыр. Еліміздің болашағы үшін ең бастысы бастауыш сыныптарды сол мектеп ауласынан бөлек ғимарат салып, сонда жақсылап таза ана тілінде білім беру керек. Әрбір сыныпта он бала болуы керек. Отыратын парталарға да ерекше назар аудару керек. Оқушы отырғанда айағын тіреуішке тіреп, шамамен 45 градуста созып отыруы керек. Бұл баланың денсаулығына, қанайналымына пайдалы. 1970 жылы мен мектепке барғанда біздің парталарымыз сондай болды, өте ыңғайлы болатын. Бастауыштың ғимараты мектептен бөлек тұрды. Ол кезде біздерге күніне бір стакан ыссы сүт беретін. Қазір қазақ орта мектебінде бастуыш, орта, жоғары сыныптар - бәрі бірге кіреді, шыққанда да солай. Бесінші сыныпта тағы бір немерем оқиды. Сыныптағы парталардың сапасы сын көтермейді. Аласа және айақ қойатын тіреуіш жоқ. Бес-алты сағат айақты жерге тіреп отыру баланың дене бітіміне кері әсер етеді. Сол бөлмеде тіпті жоғары сынып оқушылары да "бүктеліп" отырып сабақ оқиды. Олар қолдарын партаға тіреп отыру үшін бүгіліп отыруға тура келеді. Осы мектептерде ас тек бастауыш сынып оқушыларына ғана беріледі. Таңғы кезектегілерге каша, екінші кезеңдегілерге "екінші блюдо" береді. Қалғандары сатып алып жейді. Тегін үйірмелер шектеулі. Соған қарамастан осы оқушылар өте намысшыл, жарыстарға қатысып жүлделі оралып жүр. Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні: өзі азғантай ғана оқушыларды алаламай, бәріне бірдей ақша бөлінсін. Барлық сыныпта он оқушыдан отырсын. Екі, үш аусымдық мектептер болмасын. Мектептерде оқушылардың денсаулығына көп көңіл бөлінсін(отыратын парталар оқушылардың бойына сәйкес болу керек). Ұстаздарға сабыр мен төзім, өз ісіне адалдық тілеймін.
@user-fj5fs2ql8p
@user-fj5fs2ql8p Ай бұрын
Қосымша: мана ұмытып кетіппін. Үш тілде оқытудың қажеті жоқ. Қазақ тілі - Ана тілі мен ағылшын тілінде оқыту керек. Орыс тілі шет тілі болғандықтан, барлық мектептерде оқыту керек емес. Оның орнына түрік немесе арап тілін оқытсын. Орыс әдебиетінің орнына әлемдік әдебиетті оқысын.
@user-gp5rx3gp1z
@user-gp5rx3gp1z Ай бұрын
Әнуар Жангозин мырзаға көп рахмет.Тамаша зерттеу түрінде НЗМ мектебіне талдау жасап берді.Бұл мектептің оқушыларына көп қолдау қажет , себебі таңертеңнен кешке дейін сабақ оқығандықтан балаға мейірім қажет екенін сезіндім өз баламнан.Сұрақтарға таза шынайы жауап беруде Әнуар Қанатұлы.Әрқашанда еліміздің сауатты және білімді жастарын даярлайтын мектебіміз өз статусын жоймасын дегім келеді.Журналист пен Ә.Қанатұлына рахмет🥰
@user-fv2uk3jw2i
@user-fv2uk3jw2i Ай бұрын
Бюджеттің ақшасы барлық мектептерге жұмсалады. Неге НИШ тің бюджетіне қадалып қалды. Мектептен басқада жерлерде желініп желге ұшқан қаржыны есептеп алсыншы. Болашақ білімді жастарды дайындайтын орталықтың ізіне түсіп қадағалай беру ақымақтық, болашаққа балта шабу.
@aigerimserikbaeva6624
@aigerimserikbaeva6624 Ай бұрын
Білімді жастардың біліміне ақшаны қысқартканшы жемқорлықты тоқтатып , бюджеттен желінген ақшаны қысқартсын . Болашағы бар мемлекет жастардың біліміне қол сұғама ?
@kunnuraitbayeva
@kunnuraitbayeva Ай бұрын
Сұхбат ұнады, Назарбаев мектептерінің ары қарай дамып, көшбасшы ретінде барлық мектептерге өз әдістері мен жақсы тәжірибелерін енгізе беруіне тілектеспін. Сұрап отырған журналист те, басқа адамдар да талабын қоя берсін, сонда олар да соған байланысты көбірек қызмет атқаруға тырысады
@user-jd2vs7fj6o
@user-jd2vs7fj6o Ай бұрын
Назарбаеатың атын барлық нысаннан алып тастау керек.Ондай халықтың байлығын тонаған адамның атын беру моральдық тұрғыдан қақымыз жоқ.
@shakerbanumyrzakhanova6321
@shakerbanumyrzakhanova6321 Ай бұрын
Дұрыс айтасыз,Қуандық...
@sayanzhirenov426
@sayanzhirenov426 Ай бұрын
Өте орынды пікір
@user-pu8sy5ue8e
@user-pu8sy5ue8e Ай бұрын
НИШ , Болашақ- оқығандар мемлекет бюджетімен оқыды, бітірген соң елге келіп кемінде 5-жыл жұмыс істеу керек деп жоба қабылдау керек. Шет елден келмей қалады, Отанға білімді мамандар керек емес пе? Болмаса артта қалып кетеміз.
@user-cn7gd8bp8p
@user-cn7gd8bp8p Ай бұрын
Ербол Сейілхан-білікті журналист,Әнуар Жанғозиннен сұхбат алғаныңызға көп рақымет! Ә.Жанғозин-білімді басшы! Ербол Сейілханға сұхбат бергеніңізге көп рақымет!!
@UmbetalyNursayaWorld
@UmbetalyNursayaWorld Ай бұрын
Неге НИШ қадалып қалдыңыз???? Қанша бюджет ақшасы желініп отыр!!!! Соны білесіз, неге осы сұрақтарды шенеуніктерге, билік басында отырған жемқорларға қоймайсыз??????? Балалар жақсы білім алып отырған білім ордасына тиіспеңіздер! Өз баласы осы мектепке түсе алмаған ата-аналар негативті комментарии жазады! Өз баласы түссе, олай жазбас еді!
@user-gv5us3nf1l
@user-gv5us3nf1l Ай бұрын
Тамаша мектеп, білімді интеллектуалды ұрпақ дайындап жатыр
@saulekolkhosova8954
@saulekolkhosova8954 Ай бұрын
НИШ мектептеріне түсудегі нақтылық, тазалық өте ұнайды, осы мектепке дайындық жүргізу барысында күмән да болған, кейін баламыздың білімі бағаланып, тізімде жоғарыдан көргенде ол күмән жоғалды, қазір де баламыздың жан жақты дамуынан ризамыз, бір тілек елімізде білім саласын дамытуда мектеп басшыларын дайындау курстарынан өткізіп, білікті басшыларды резервте ұстау, керемет бағыт деп есептеймін, тек мектеп басшыларынан басқа сол сияқты аудан, қала , республикалық білім ұйымдарының да басшыларын дайындау курстарын жандандыра түссе нұр үстіне нұр болар еді деген тілектестік ұсыныс
@superkotenok106
@superkotenok106 Ай бұрын
Что все прикопались к НИШ. Прекрасная школа. Лично я очень рада, что у нас в РК есть школы такого уровня. Тем более есть гранты. Пусть молодежь учиться, развивается. Надо учитывать тот факт , что не все уезжают в зарубеж. Большая часть остается.
@user-tk1to7ou4x
@user-tk1to7ou4x Ай бұрын
осындай фундаменті қалыптасқан, дұрыс нәрселердің қаражатын қысқартпау керек! оданда керек емес қысқарту керек болса форум, морумдарды қысқартыңдар
@user-zx7fv5zv1o
@user-zx7fv5zv1o Ай бұрын
Шет елге жасырған жемқорлардың ақшасын кез келген қазақ балаларының болашағын қорғау үшін жоғарғы билік білім үшін қаражатты шектемеу керек атауын өзгеруге бизнесмендер қаражатты мойнына алу керек
@aibekduisebekov3548
@aibekduisebekov3548 Ай бұрын
Менің қызым биыл таза еңбекпен дайындығының арқасында НИШ қа түсті, менде ойлағанмын сыбайлас бар деп жоқ таза біліммен түседі екен
@UmbetalyNursayaWorld
@UmbetalyNursayaWorld Ай бұрын
Бұл мектепте қарапайым отбасы балалары да оқиды. Ешкандай жемқорлық жоқ. Көзім жеткен соң, 100% айтып отырмын. Балалар ол мектепте кешке дейін жүреді, баска мектепте сагат 1-ге дейін ғана, айырмашылық бар. Журналист оны білмейді ғой, сондықтан сондай артық сұрақтар қойып отыр асқазан туралы😂 Хабары болмаған соң
@UmbetalyNursayaWorld
@UmbetalyNursayaWorld Ай бұрын
НИШ ( NIS) тиыспеңдерші. Бұл атау бренд болған, атауын аустырғаннан ештеңе өзгермейді. Бұл атау Бренд болып қалыптасқан!! Жангозин дұрыс айтты!
@UmbetalyNursayaWorld
@UmbetalyNursayaWorld Ай бұрын
Билік басында отырғандардың ақшасын санаңызшы, шенеуніктердің айлығын қысқарту керек, олар керемет ауыр жұмыс жасап жатыр ма? Бюджетті солай үнемдеу керек
@sadiksadik4774
@sadiksadik4774 Ай бұрын
Кімнің боғын жеке соның сөзін жақтап отыр ,жетістік тер сонша көп ғылым білімде не ұшін нәтиже жоқ, бәріне сылтау аитыу дағдыға аиналған
@user-cn7gd8bp8p
@user-cn7gd8bp8p Ай бұрын
Ә.Жанғозин -өте сауатты,білікті,интеллекті жоғары басшы екен! Өзінің ана тілі-Қазақ тілін білу деңгейі жоғары екен! Осындай кадрлар біздің Қазақ еліне қажет!!!
@user-vi5nu1bx1t
@user-vi5nu1bx1t Ай бұрын
Ә. Жангозин - үштілді еркін меңгерген басшы, кез келген адам бұл системада жұмыс жасамайды.
@user-lv7xs5mb9h
@user-lv7xs5mb9h Ай бұрын
Пусть процветает НИШ! Жарайсыңдар!
@user-qj6mo2hj1r
@user-qj6mo2hj1r Ай бұрын
Атауды міндетті түрде өзгерту керек.Халықтың ақшасымен қаржыландырып отырғандықтан "Қазақтың интеллектуалды мектебі"деп аталса несі айып?
@shakerbanumyrzakhanova6321
@shakerbanumyrzakhanova6321 Ай бұрын
Дұрыс,келісемін пікірмен,Назарбаев өз зейнетақысымен қаржыландырып отырған жоқ қой,сондықтан атауы өзгергені дұрыс
@user-io4ik9pb5n
@user-io4ik9pb5n Ай бұрын
Қазақстандағы маңдай алды мектептерге зиян келдірмеу керек. Еліміздегі ұрпақтың келешегі емеспе...
@alikaiyr6308
@alikaiyr6308 Ай бұрын
Қызықты сұхбат, рақмет
@UmbetalyNursayaWorld
@UmbetalyNursayaWorld Ай бұрын
Жангозин мырза жаксы жауап берді
@user-ge4wm7tn1y
@user-ge4wm7tn1y Ай бұрын
НЗМ бұл Қазақстанға астыртын жасалып отырған дсверсия. НЗМ немесе НУ бітіргендер қайда ? Жай мектептерді бітіреді болды. Осыншама НЗМ ,КТЛ Қазақстанға керек пе. Мен РФМШ 1975 жылы бітірдім, бәріміз осы Қазақстанда жұмыс істейді. Әліде қызмет етіп келеміз. Мына скипер не мыжып отыр.
@user-zx7fv5zv1o
@user-zx7fv5zv1o Ай бұрын
Мектептің атын міндетті түрде өзгерту керек 30жыл қазақ халқын тонаған Назарбаевтың әкесінен қалған мұрасы жоқ нағыз Қазақстанның болашақ жастарын білімді адалдыққа ел басқару өз Отаны үшін халыққа қызмет жасайды десе міндетті түрде атын өзгерту керек атын өзгертпей қанды жыл 1986 жыл Жаңаөзендегі халықты жалақы талап еткені үшін қырып салды 1922 жылғы қанды қаңтарды еш кім ұмытпайды ол тарихта еш уақытта өшпейді жастарды еш кім алдай алмайды мектепті болашақ жастар үшін жалғастыру керек
@kunnuraitbayeva
@kunnuraitbayeva Ай бұрын
Назарбаевтың 3 жақсылығын жоққа шығармайық: 1. Шекара бекіту 2. Астананы ауыстыру 3. Ниш, Ну оқу орындары Өздерінің балалары түсе алмаған жұрт қырта береді. Шынымен бала таңертеңнен кешке дейін жүрсе, тамққа 2 есе шығын жұмсайды. Тамақтары да жақсы, өйткені талап бар. Басқа мектептердің дамымай қалғанына бұлар кінәлі емес қой. Ал орыс, ағылшын тілдері білімге ашатын терезе, мойындасақ та, мойындамасақ та сол. Патриотизмді тәрбиелеп жатыр, оқушылары тәртіпті, оқымысты. Неге алға кеткен нәрсені кері тартамыз.
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv Ай бұрын
назарбаев ашқан жоқ. Оны ашуға себепкер басқа адамдар.Ол тек қол қойды өз атымен аталған соң. Аты өшкірдің аты өшсін. назарбаев Ғылым академиясын жапқан ғылымның жауы. Педиатр мамандығын жапқан балалардың жауы. Арысы халықты тонаған халықтың жауы. Басқа не деуге болады? 25:38
@user-ju8pi3mk6b
@user-ju8pi3mk6b Ай бұрын
"Соқыр көргенінен танбайды". 1). Шекараны бекітті дейді. Қалмақ шекараны немен бекітіпті? Қағазбен бе? Шекараны әскермен бекіту керек. Атажауымвз орыстардың мемлекетінің арасында әскер жоқ. Шекара ашық жатыр. Ресей, қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен арадағы шекараның кезкелген жерінен өтсең, қазақтың шекарашылары емес, басқа мемлекеттің шекарашыларына тап боласың. Қаншама мыңдаған шыршы километр жерімізді басқаларға таратып берді. Сол ма, назарбайдың атын жамылған қалмақтың шекарамызды бекіткені? 2). Астананы ауыстырды дейді. Бір емес, он "Астана" салатын қаражатты қалтасына салып, өзі шиқылдап отырған халықты қинап, білдірмей қырды ғой. Қытайдың арзан құрылыс материалымен салған Астанаң қазір күнде өртенумен, қираумен, бір тамшы жаңбыр жауса "Виницияға"айналып, "қаз қонып, үйрек ұшумен" келе жатыр. Мен Астанада бірнеше рет болдым. "Астанаңа ит байласа да тұрмайтын жер" ғой. Астана әділетсіздіктің жері, арам ақшамен, парамен байыған жемқорлар мен арам ақшаның жиналған жері ғой. Көшеде жүрген жастармен тілдессең де, кәрімен тілдессең да, құдды бір терең ойдан шыға алмай қыспақта жүрген, ресейдің коммунист-фашистік, имериалистік пропогандасына зомбиланған біртүрлі адамдар ештеңеге тура, дәл жауап айта алмайды. Ертең арғы жағындағы ешқандай әскер күзетпей тұрған шекарадан орыстың әскері еш кедергісіз кіріп келсе, бұл зомбиланған адамдар қолдарындағы қызыл-жасыл гүлді беріп, орыстың солдаттарының құшағына кіріп кететін сияқты. "Солтүстікке қазақты толтыру үшін астананы солтүстікке ауыстырды"- дейді. Атаңның қақ басы! Сол Астананы салған ақшаның оннан бірін солтүстікке көшетін қазақтарға берсе, қазақ жастарына барлық жағдай жасаса, онда қазақтардың жартсы солтүстікке көшіп кетер еді. Меніңше, қалмақ, "Алматы тар қала"- деп сылтауратып, Алматының алдауға көнбейтін көзі ашық, көкірегі ояу халқынан солтүстіктің алқаштарының арасына "қашып" кетті. Қажет болса, Алматы қаласын батысына қарай, солтүстігіне қарай созып сала беруіне болады ғой. Қазір тоқаев Алматы мен Қонаев қалаларының ортасына жаңадан қала салдырмақ болып жүр ғой. 3). "Назарбаев мектептерін ашты"- дейді. Жынды шығарсың! Жолғыз бір ған мектеп емес, кезкелген оқу орны мықты болуы міндет қой. Сен мақтаған мектепке бөлінген қаражат төрт есе азайтылды. Ал, содан не болып қалды? Ақша азайғандықтан нпзарбаевтың мектебі жабылып қалды ма? Жоқ!!! Әлде, біреудің қылы қисайып қалды ма? Әрине, тек назарбаевтың ғана қылы қисайып қалды. Өйткені, сол құдай атқан мектепке бюджеттен бөлінген қаражаттың төрттен үш бөлігі назарбаевтың қалтасына түсіп жатқан ғой. Қазір назарбаевтың қалтасында меніңше, кем дегенде он Қазақстанның ақшасы мен байлығы жатыр. Демек, назарбаев мектебі ақша жеудің бір ғана құралы. Мен сол мектептердің ұстаздарымен сөйлесіп, сабақтары бойынша элементарлы сұрақтар қойғанымда олар дұрыс жауап бермей, өздерінің білімдерінің орта екендіктерін білдіріп қойды. Бұл жерде мектепте таң атқаннан қара кешке дейін балаларды зорлап оқытқандының ғана арқасында ғана білімдері сәл жоғары болғандықтарын білдіреді. Шетел оқу орындарының алдында бұл мектептің рейтенгісі мен аьағы жоғары дейді. Осы маған түсініксіз. Шетелдіктерге оның қажеті қанша? Мысалы, маған оның бір тиынға қажеті жоқ. Оқу орнына Африкада оқыса да, Ауғанстанда оқыса да, баланың емтиханда алған жоғарғы баллы ғана керек қой. Назарбаевтың Сосын мына сөйлеп отырған кісінің психологиясы дұрыс емес сияқты. Қазақшаны таза білсе де, қазақшасына акцетпен сөйлеп отыр. Сонда ол өзінің туған тілін акцентпен сөйлегенін жетістікке санап отырған сияқты. "Назарбанвтың аты брент"- деп қояды ғой. Меніңше, керісінше, "назарбаев"- деген ат Қазақстан мемлекетін, күллі қазақ халқын, қазақ деген ұлтты бүкіл әлемге масқаралап отыр ғой. Мектепке "ҚАЗАҚТЫҢ ЗАМАНАУИ МЕКТЕБІ"- деген ат қою керек. Және барлық мектепке заманымызға сәйкес жоғарғы талап қою керек. Ол үшін тест арқылы емес, мұғалімдерден онлайн арқылы ауызша емтихан алу керек.
@asselalimova7665
@asselalimova7665 Ай бұрын
Ербол мырза, сұхбатқа рахмет! Әйтсе де, біліктілігіңізді тереңдетсеңіз, жақсы болар еді. Қаржы мәселесінен басқа қазақ баласының миына қонарлық талай мәнді ойларды айтар еді қонағыңыз. НИШ балалары қаншама елде отанымыздың туын көтеріп келеді, ғылыми жетістіктер жасап жүр. Журналистеріміздің де сұрауы бар…
@user-gi4jt6et3b
@user-gi4jt6et3b Ай бұрын
Мына мұғалім миғыла ма жоқ ақымақ па нашарбайдың анығында кім екенін білмейма? Нашарбайдың атын ауыстыру керек тездетіп
@Дудар-ай
@Дудар-ай Ай бұрын
Не себепті ауыстыру керек?
@user-im7bc6jp8y
@user-im7bc6jp8y Ай бұрын
Атын ауыстырғаннан не түседі? Мектептің саясатқа түк қатысы жоқ
@user-lv7xs5mb9h
@user-lv7xs5mb9h Ай бұрын
Не надо опускаться до уровня идиотов, затопчут идиотизмом. Не обращайте внимания. Это такой уровень понятий
@user-vi5nu1bx1t
@user-vi5nu1bx1t Ай бұрын
Қалай сөйлейсіз, жазғанда ойлану керек қой!
@user-qk7lg1ty9n
@user-qk7lg1ty9n Ай бұрын
Жетістік деиді, сіріңке шығару неге тиімсіз.... Көлік жыиу заводтарын халықтың жалақысы арқалы қолдау керек тб осы ма нәтиже. Адалдық жоқ болса бәрі бекер.
@user-ge4wm7tn1y
@user-ge4wm7tn1y Ай бұрын
Осы дарынды балалар өзімізе қажет . Елді сүйу ,елге қызмет етуге деген жоқ ғой.
@user-mg1qg2ni2x
@user-mg1qg2ni2x Ай бұрын
Қазақтың мектептерінде Назарбаев мектебінің атын ауыстырғаны дұрыс!
@user-xd5np3bd8c
@user-xd5np3bd8c Ай бұрын
Назарбаевтың атын естігім келмейді😮😢
@Gaidarification
@Gaidarification Ай бұрын
Еш жерде оқығым да келмейді... Бәрін ауыстыру керек
@sayanzhirenov426
@sayanzhirenov426 Ай бұрын
Дұрыс назарбайдың атын ауыстыру керек
@user-ip3qo9en3z
@user-ip3qo9en3z Ай бұрын
Дұрыс айтасыз..
@serikbossyn5322
@serikbossyn5322 5 күн бұрын
Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі ретінде айтарым, мектепте ешқандай да Н. Назарбаев туралы идеологиялар жүргізілмейді. Қай жағынан алып қарасаңыздар да мектепте бәрі әділ түрде жүреді. Тестілеу де, бағалау да. Бюджеттен әр балаға бөлінген әрбір тиын баланың қолайлы жағдайда білім алуына жұмсалады. 2022 жылы болған шу мен халықтың Назарбаев зияткерлік мектептерінің бюджетіне деген наразылығынан бюджеттің қысқарғаны рас. Соның әсерінен бұрынғыдай мектеп формасы тегін берілмейтін болды. Бұл өз кезегінде баласы мектепте оқитын көп балалы немесе жағдайы төмен отбасыларға кері әсерін тигізді. Ал негізінен білім сапасы өз сапасынан айырылған жоқ. Жалпы менің мектепке айтар алғысым зор, 7 сыныптан бері ата-анама ауыртпашылық салмай сапалы білім алдым. Мектеп жайлы сұрақтарыңыз болса жауап беруге дайынмын🫡🤗
@user-xo8yx1ho2w
@user-xo8yx1ho2w Ай бұрын
Озінде дір дір етип сойдеп отырсын, неге казак мектебін бітіргендрге басымшылык берілмейді?
@aigerimserikbaeva6624
@aigerimserikbaeva6624 Ай бұрын
НИШ мектепке түсу әр баланың таза еңбегі , жетістігі . Мектепке түсу үшін бала тынбай 4 жыл бас көтермей оқып,дацындалып, ол дайындыққа ай сайын 100-150мын шығын шығарып, күрделі экзаменнен өз күшімен өтуі. Мектепке түсу бір мәселе , сол мектепте статусын сақтап қалуы , әр тоқсан сайын өткізілетін СОР , СОЧ экзамендерін тапсыруы таза еңбек емегенде не ? Оны тек соны басынан өткерген ата ана айта алады . Өтірік дейтіндер еш іс әрекет жасамагандар . Білімді жастар ел болашағы . НИШ мектебінің статусы сақталсын. Бюджеті қайтарылсын
@user-cq4hv8uy9y
@user-cq4hv8uy9y Ай бұрын
Өзи сурақ қойып өзи жауап берип отыр сурақ қойдыңба тыңдап отырсаңшы
@user-fn5xz1fr9w
@user-fn5xz1fr9w Ай бұрын
НИШ ті Үкіметтің ақшасына оқып бітіріп, көбі шетелде жұмыс жасайды. Қазақстанға оралмайды да. АҚШ та гугл де қаншама адам жұмыс жасап жатыр. Ақпарат көп шетелде жұмыс жасайтындар туралы. Олар Қазақстанға келмейтіндерін, келгісі келмейтіндерін айтты. Сонда каншама млрд.ақша босқа кетіп жатыр
@user-mc4pm2ym1g
@user-mc4pm2ym1g Ай бұрын
НИШ переименовать Необходимо
@user-ur1td3lw9t
@user-ur1td3lw9t Ай бұрын
Назарбев мектебінде байдың балалары оқиды деген өтірік
@Gaidarification
@Gaidarification Ай бұрын
Аты ауысқан дұрыс... Теріс нәрселерді неге талқыламадыңыз? Суицид фактілер бар, шынында суицид па...? Балалардың ең қаймағын жинап алып, әрине нәтиже де күшті болады
@Adil-xk9gw
@Adil-xk9gw Ай бұрын
70 жылдары жаксы окыгандар кейн пол жуып слесарь болып журди Басында миы жок болса жане ынта искерлиги болмаса далада калады
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv Ай бұрын
назарбаев атауының өзі тәрбиеге қайшы. Сондай жемқор, әлемге әйгілі ұрының, алаяқтың аты жастарды сондай адам болсаң жазаланбайтын ең бай адам боласың деп тұр емес пе? Бұл мектептерде не тәрбиені айтуға болады?
@user-ge4wm7tn1y
@user-ge4wm7tn1y Ай бұрын
Анау олимпиаданы ұтты ,мына конкурсты ұтты дан басқа ештеңе жоқ. Иә олар шет елде. Сеніңіздер шет елге біздің балалар бес тиынға керегі жоқ. Қазақтарсызда қытай мен үрдістер толып жүр. Бұлар просто отработает бөлінген ақшаны.
@user-kf2rp4br9g
@user-kf2rp4br9g Ай бұрын
Неге ауыстыру керек жаксы мектеп.Ауыспаган жон.Байдын баласы деген отiрiк
@Gaidarification
@Gaidarification Ай бұрын
PISAдан қандай жетістіктер? 81 қатысушы елден барлық параметрден қалып баратырмыз. Еш жетістікті көріп жатқан жоқпын
@user-fn5xz1fr9w
@user-fn5xz1fr9w Ай бұрын
НИШ қарапайым мектеп қатарына қосылсын. Түлектерінің Қазақстанға пайдасы шамалы. Түлектері мемлекеттің ақшасына оқып бітірген соң өз келешігі үшін шетелдерде жалгастырып жүр. Ақша не үшін төлеп оқытылды сонда? Бюджеттің ақшасы боска кетіп жатыр. Егер ол еліне қызмет кылмаса
@user-vw3ll9fu3p
@user-vw3ll9fu3p Ай бұрын
Керісінше қарапайым мектептер НИШ деңгейіне көтерілсін деңіз одан да
@superkotenok106
@superkotenok106 Ай бұрын
Вы что завидуете ? Там учатся умные дети и государство правильно делает , что их поддерживает.
@user-ip3qo9en3z
@user-ip3qo9en3z Ай бұрын
Дұрыс тексеріс болу керек онда тек байдың балдары ақшасы көптер оқиды таза біліммен түскен адамды естімедім
@user-vw3ll9fu3p
@user-vw3ll9fu3p Ай бұрын
100%қателесесіз. НЗМ-де емтиханнан сүрінбей өтсе ғана оқи алады. Ол емтиханның қаншалықты қиын екенін білсеңіз, 6 класс баласына тем более, конкуренция биыл көп болды, Ақтөбеде 1300 не жуық бала сынға түсті, оның 120 бала ғана өтеді, Аллаға шүкір балам жатпай турмай дайындалып,түстік. Ешқандай бай май жоқ, қарапайым декреттегі 4 баланың анасымын. Ақылы бөлімі бар жалпы, ол ашық түрде түседі, емтихансыз. Ал егер де баланың білім деңгейі не тәртібі төмендеп кетсе,оқудан шығарылады. Басы бар бала ғана оқи алады.
@asselalimova7665
@asselalimova7665 Ай бұрын
Адам естігенді/естімегенді емес, көргенін айту керек
@superkotenok106
@superkotenok106 Ай бұрын
Балалар Оз билимимен, Оз енбегимен туседи. Кате ойлайсыз.
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv Ай бұрын
Сенің брендтіңе болайын мәңгүрт
@user-ip3qo9en3z
@user-ip3qo9en3z Ай бұрын
Мына кісі өтірік айтып отыр бұл мектепте таза сыбайлас жемқорлық осы жақында ауылдан жиенім ақылы бір жыл онлайн оқып осы оқуға іріктеуге іліге алмады ол қыз мектепте озат оқушы интеллектісі жоғары
@user-vw3ll9fu3p
@user-vw3ll9fu3p Ай бұрын
Балам 5 ай ақылы центрге барып дайындалып, НЗГ-ге түсті...қайдағы сыбайлас ..қай қала, неше баллға жетті
@superkotenok106
@superkotenok106 Ай бұрын
6 ай дайындалып тустик, ешкандай жемкорлык жок. Каншама бала оз билимимен тусип жатыр
@user-if7wr5cr4q
@user-if7wr5cr4q Ай бұрын
Аты ауыскан мен заты ауыспаиды
@lyubasalim5764
@lyubasalim5764 Ай бұрын
Мектепте орыс тілі басым, қазақ сыныптарында да,басқармасынан бұйрықтар орыс тілінде келеді. Мұғалымды құл ретінде санайды,тәрбие тек қана ән бимен шектеледі, мұғалім зейнетке шыққанда кей бір директор рахметінде айтпайды. Павлодар нзм-бін орыс қатыны билеп отыр. Оқушыларды мұғалімға жалған айыптауды ұйретеді (стукачество),кураторлар өте әлсіз,өздерін тәрбиелеу керек.
@user-lv7xs5mb9h
@user-lv7xs5mb9h Ай бұрын
Сіздің балаңыз оқуға барған емес пен. Куратор тек посещение, успеваемость, т.б. қарайды. Ал тәрбиелеуді ата-аналардың қолында болу керек, ең алдымен
@aigerimserikbaeva6624
@aigerimserikbaeva6624 Ай бұрын
Білімді жастардың біліміне ақшаны қысқартканшы жемқорлықты тоқтатып , бюджеттен желінген ақшаны қысқартсын . Болашағы бар мемлекет жастардың біліміне қол сұғама ?
Самый Молодой Актёр Без Оскара 😂
00:13
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 12 МЛН
ПРОВЕРИЛ АРБУЗЫ #shorts
00:34
Паша Осадчий
Рет қаралды 6 МЛН
Заманбек Нұрқаділов Назарбаевты төңкерер еді. Тоқаев Жақияновты шақыра ма? Рахатты кім өлтірді/ТШАН
1:23:34
Демократиялы Қазақстан / Демократический Казахстан
Рет қаралды 96 М.
Зейнет жасы бейнет басы болмасын І «Ашық алаң»
50:11
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 130 М.
Самый Молодой Актёр Без Оскара 😂
00:13
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 12 МЛН