Рет қаралды 1,940
ВК группа: proxima_g
Мен ВКда: aleksss000
Мен Инстаграмда: @proxima_d
Мен Твиттерде: @Darkhan87403546
QIWI Wallet: +77059619280
2 әріптен тұратын біз бүкіл жерден еститін және күнделікті айтатын өте танымал сөз бар. /видеолар\. Оке, ок немесе окей деп сіздер де айтасыздар әлеуметтік желілерде өте көп қолданасыздар. Бұл сөз шын мәнісінде де әлемдегі ең танымал сөз болып есептеледі. Біз шынымен де оны өте көп қолданамыз, жеке басым өте көп кезде қолданамын. Бірақ бұл сөз негізінде қандай мағына береді? Білесіздер ме? /видеолар\
Окей сөзінің тарихы сонау 18 ғасырдың 30 жылдарынан басталады. Бостонда, Бостон дегеніміз Америка Құрама Штаттарының қаласы, халық кітап жазғанда, хат жазғанда кейбір сөздерді әдейілеп қатемен жазуға әуес болады. Яғни сондай мода басталады, хайп басталады. Дәл сол кездерде Бостон интелектуалдары аббревиатураларды өздерінің сөздік қорларын абревиатуралармен яғни қысқаша сөздермен толтыра бастайды. Мысалы KC knuff ced (жеткілікті айтылды), KY - know use (пайдасыз), OW Oll wright (бәрі дұрыс). Бірақ осы аббревиатуралардың ішінен бір қысқарған сөз өте таныымал болып бөлініп шықты. ОК - Oll Korrekt. Барлығы дұрыс деп аударылады. Осылай Бостон интеллектуалдары қолданып бастаған қысқарған сөз 1839 жылы Бостон Пост газетіне сөз ретінде шығып танымалдылығы тағы да артып кетті. Бостон Дэйли Посттан кейін басқа да газеттер бұл сөзді көбірек қолдана бастады.
Бірақ бұл сөздің танымалдылығының артуына Америка Құрама Штаттарының 8 президенті Мартин Ван Бюррен де атсалысқан болатын. Мартин Ван Бюррен Киндерхук қаласынан болатын, және жергілікті осы қалада құрылған осы қаланың авторитеттерінің клубы Old Kinderhook клубының слоганы "Old Kinderhook is Oll Korrect" болатын. Яғни "OK is OK" Слоган негізінде әдемі қойылған.
ОК қысқартылған сөзі қай кезде слэнг яғни күнделікті өмірде айтыла бастаған сөз бола бастады? Ол телеграфтың ойлап табылуымен болатын (телеграф туралы видео). Телеграф адамдардың ара қатынасын оңайлатқан керемет бір өнертабыс болатын. ОК телеграфта қолдануға өте қолайлы сөздердің біріне айналды, өйткені өйткені екі ақ әріптен тұрады. Сіз тіпті қазірдің өзінде мессенджердарда бәрі дұрыс деп жазып жатпайсыз, жәй ғана ОК деп жазасыз.
Бұдан басқа ОК слэнгінің кең танылуына К әріпі де ықпалын тигізді. Ол кездерде К әріпін ағылшындықтар жалпы ағылшын тілін қолданатын адамдар азырақ қолданатын. Тіпті К әріпі өзінің танымалдылығы бойынша тек 22 орында болатын. К әріпінн танымалдылыққа әкелдіру үшін көптеген тауарлар немесе үлкен компаниялар маркетингте өздерінің бренд атауларын өзгерте бастаады. С әріпінің орнына көп жерлерде К әріпін қолдануды бастап кетті. Ал лингвисттер үшін ОК сөзі К әріпінің танымал болуына өз ықпалын тигізетіні айдан анық болды. Сол үшін де мемлекет маркетингте көп жұмыстар жасады.
Ағылшын тілі британ колонияларының өсуімен кең қолданысқа түсе бастады. Біз қолданып жүрген әлеуметтік желілер немесе мессенджерлардың көбісі ағылшын тілді елдерден ойлап табылған және сәйкесінше біздің де слэнгтердің арасына ОК сөзі кіріп кетті. Қарап тұрсыз ба слэнг деген сөздің өзі шет тілдерінен келген.
Видеода ОК сөзі қалайша кең қолданысқа түскенін талқыладық деп ойлаймын. Видео ұнаса лайк басып, тіркеліп менің инстаграм және вк парақшаларыма да жазыла кетіңіздер. Айтпақшы лайк сөзі де ағылшын тілінен келген сөз.