Қарты бар үйдің қазынасы бар дегендей атамыз бен апамыздың қазақи бар болмысын өсіп келе жатқан немере шөберелердің бойына дарытып иманды,ибалы ұрпақ болып өсуіне барынша үлестерін қосып отырғанын көріп қуанып отырмыз алла атамыз бен апамызға мықты денсаулық берсін өсірген ұлдары мен қыздары немерелерінің шөберелерінің рахатын көрсін.🤲
@Алгебра8-9сыныптар3 жыл бұрын
Тамыры тереңге, саясы аймаққа тараған үлкен әулеттің өнегелі өмірі, үлгі боларлық тәрбиесі, тәрбие тағлымы баршаға үлгі, бағыт, бағдар! Алла амандығын берсін! Ұлағаттың ұйытқысы кемеңгер қарияларымыз арамызда ұзағынан жүрсін!
@АлтынайНалибаева-м9й3 жыл бұрын
Қазағымның кең пейілді дархан даласындай азаматтары жетерлік қой, шіркін. Бергенінен берері көп осындай ел ағалары аман болсын. Қазақы дәстүр мен салт-сананы берік ұстанған әулеттер барда қазақтың болашағы да зор.
@АйнагульСадиева3 жыл бұрын
Еліміздің әр отбасы сіздердей болса екен, бізге жұғысты болсын,әмин
@turkistan-sh21403 жыл бұрын
Өнегелі,бақытты отбасы👍👍💐
@АйжанТулегенова-я3н2 жыл бұрын
Керемет отбасы.Осы кисилердин жолын берсин.
@ШынгысРустемов-ж1и3 жыл бұрын
Серікбай көкеміздің отбасына, әулетіне Алла амандығын тілеймін! Керемет үлгі өнеге баршамызға, отбасындағы бала тәрбиесі
@СейтжанЖандуллаев-ш1з3 жыл бұрын
Керемет отбасы, тіл көзден сақтасын 👍👍
@СаулеКалмуратова-щ8в2 жыл бұрын
Тамырын тереңге жайған мәуелі жеміс ағашындай болған көкеміздің әлі де еліне берері көп. Оқып, өсіп-өніп саналы ұрпақ тәрбиелеп ұлын ұяға, қызын қияға қондырған апамызбен көкемізге Алла тағала осы балапандардың тек қызығын көруді нәсіп етсін.
@balnurshamshiddinova83543 жыл бұрын
Керемет отбасы екен Өнеге Тәрбиелі Алла Ұзағынан сүиіндірсін ұрпақтары Елге Қызымет ете берсін
@УлбикеСыздыкова3 жыл бұрын
Қариясы бар үйдің қазынасы бар деген осы. Ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар, алла тіл көзден сақтасын
@АмирдинАлишев3 жыл бұрын
Құрметті Серікбай аға-нағашыеке керемет. Сіздей ата, жеңейдей әже болу еліміздің әрбір ата-анасының алға қойған арман, мақсаттары ғой деп ойлаймын. Өзіңізді елге белгілі ел ағасы деп жоғары құрметтеймін. Облысымыздың басқару саласының барлық деңгейлерінде жауапты басшылық қызметтер атқарып әріптестеріңіздің арасында сый құрметке бөленіп келдіңіз. Зейнеткер болсаңыз да перзенттеріңіздің болашағына жақсы үлгі аларлықтай жұмыстар атқаруда екенсіз. Әр ата Сіздей болса кәнеки. Қуаныштымын Нағашыеке. Жасай беріңіздер жеңгеймен бірге перзенттер мен немерелер алдында.
@РозикАбжаппаров2 жыл бұрын
С Ибадуллаев ата менің түп нағашым болады
@KZ-vb1fi3 жыл бұрын
Жасөспірімдердің өнерлері өрге жүзсін!
@АйжанТулегенова-я3н2 жыл бұрын
Алла отбасыныздың амандыгын берсин
@СапаркулКонысбекова3 жыл бұрын
Жүзінен мейірім төгілген апкем,100 жасаңыз,болелерім мен сіздерді мақтан тұтам
@МухитТуганбаев-ч5щ3 жыл бұрын
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Атам қазақ қариясын құрметтеген, ұрпағымен мақтанған. Үлгі тұтар керемет әулет екен, Алланың назарында бақыттың базарында болыңыздар
@БауыржанТатибайев3 жыл бұрын
Отбасыңыз аман болсын
@ГулнурКарабалева3 жыл бұрын
Керемет отбасы екен Алла ұзақ өмір берсін
@АлтынайНалибаева-м9й3 жыл бұрын
Алла отбасыңыздың амандығын берсін, ел ағасы!!!
@ЕрболСауырбеков3 жыл бұрын
Отан - отбасынан басталады дейді. Адам баласының өміріндегі ең құнды қазынасы - отбасы. Отбасының қамқоршысы мен тіреуі - ер азаматы, шаңырағының шырайын келтіріп, ырысын еселеп, ынтымағын қамтамасыз ететін - адал жары, сол шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын бақыты - балалары. Әкеден көрген өнеге мен анадан алған тәлім - баланың өмірлік бағдаршамы болмақ.Ата-анамыздан үлгі аларлық қасиет көріп отырмыз.Қарты бар үйдің - Қазынасы бар деген осы деп білем.Ұл-қыз, немере шөбере рахатын көріңіздер.
@KZ-vb1fi3 жыл бұрын
Бір әулеттің бәйтерегіне айналған әкеміз, кәусәр бұлақ анамыз аман болсын..
@Астана-ы5я3 жыл бұрын
Енді Құран оқуға беріңіз, бізде Құранды тек кәсіби имамдар ғана оқи алады, енді әрбір мұсылман қари болса, қияметте Алланың өзі Құран жаттаушының ата аналарын марапаттайды, иншалла., Алла разы болсын.
@KZ-vb1fi3 жыл бұрын
Саламатсыз ба? Ол Түркістанда ма екен??
@Астана-ы5я3 жыл бұрын
@@KZ-vb1fiРМЗ медресесі, сонда Расул ұстаз,менің білерім, абзалы Сарыағаш медресесі, ютубта бар Сарыағаш медресесі туралы мағлұматтар.