Некені дұрыс тіркеу

  Рет қаралды 1,734

zanger_margulan

zanger_margulan

2 жыл бұрын

Неке тіркеу егов арқылы жасауға болады. Азаматтық неке мен заңды некенің айырмашылығы қандай❓Біздің әрқайсымыз үшін отбасы - ең басты құндылық. Әлеуметтанушылық тұрғыдан алғанда, отбасы - бұл өзара қолдау мен балаларды тәрбиелеуге байланысты некеге немесе қандастыққа негізделген қоғамның шағын бөлшегі. Ал заң тұрғысынан - заңды неке, туыстық, мүліктік, бала асырап алу немесе баланы асырап алудың басқа түрінен туындайтын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттермен байланысқан адамдар тобы. Ерлі -зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тек некені АХАЖ бөлімінде тіркеген сәттен бастап туындайды. Егер адамдар діни рәсімдер мен басқа да рәсімдер бойынша үйленсе, онда мұндай қарым -қатынастың заңдық мәні болмайды, демек ол ешқандай құқықтық салдар туғызбайды.Әйел мен еркектің іс жүзінде бірге тұруы отбасылық қарым -қатынастың заңды түрі болып табылмайды.
3. 9-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет.
4. 11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдарНекелесуге (ерлі-зайыпты болуға):1) бір жынысты адамдардың2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың3) жақын туыстардың;4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
5. 13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады.Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісіле отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады. Айрықша мән-жайлар (жүктілікбала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.3. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.4. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
✅ 🔴☝► ✓✔♚ ♛★
☝ Конт. тел.: +7 (702) 699 9921
★ Закажите юридическую консультацию по ссылке:
► Инстаграм: / zanger_margulan
► Фейсбук: profile.php?...
С уважением, Шыныбаев Маргулан,
директор юридической компании "Shynybayev&partners".

Пікірлер: 5
@user-sw4ir7vo6q
@user-sw4ir7vo6q 2 жыл бұрын
Керемет жансыз 🙌оте пайдалы акпараттармен болисесіз 👍Сизден лично консултация калай алуга болады?
@user-kl6ld1jy7g
@user-kl6ld1jy7g 2 жыл бұрын
Ал,Отбасын бузатын арсыз катындар биреу байын тартып алып дуалап алып отырго.Сондай Арсыздарга неге Штраф койылмайды???? Сонда Ажырасу процессi азайып Тiрi Жетiм балалар азаяр едi.😔😔😔
@user-hq3lm9tr1s
@user-hq3lm9tr1s 29 күн бұрын
Менің загсте баста қате кеткен бурынғы әке тегінен мысал очество бізде Саттаровна деп жазылу керек мысал ретінде ал бізде Саттар қызы деп жазылған и жубайымның да солай кате жазылған ал балдарымның метіркелері солай қате жазылған оған кім кінәлі
@Damy-0001
@Damy-0001 2 ай бұрын
Ажырасуға бергенсоң, екінші әйелді ала алама заңды түрде
@zanger_margulan2264
@zanger_margulan2264 Ай бұрын
8702 699 99 21 хабарлассаңыз маған кеңеске түсесіз
Мүлік бөлісу
1:06
zanger_margulan
Рет қаралды 145
Как быстро замутить ЭлектроСамокат
00:59
ЖЕЛЕЗНЫЙ КОРОЛЬ
Рет қаралды 7 МЛН
ПЕЙ МОЛОКО КАК ФОКУСНИК
00:37
Masomka
Рет қаралды 10 МЛН
BGT Top 5 BEST Singing Auditions!
36:45
Amazing Auditions
Рет қаралды 34 М.
30 күн бойы тек су іштім. Су ішудің пайдасы
3:52
2 января 2024 г.
1:14
zanger_margulan
Рет қаралды 182
Кредит
0:35
zanger_margulan
Рет қаралды 155
График алу. Банктен график сұрау.
2:57
Заң аясында пайдалы ақпараттар!
Рет қаралды 6 М.
One Hour of the GREATEST Blind Auditions by MEN on The Voice
1:00:00
The Voice Global
Рет қаралды 80 М.
Раздел имущества
0:57
zanger_margulan
Рет қаралды 30
Как быстро замутить ЭлектроСамокат
00:59
ЖЕЛЕЗНЫЙ КОРОЛЬ
Рет қаралды 7 МЛН