Рет қаралды 39,112
Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva)
ТАСҚЫН -2024
Оралды қызыл судан қорғауға еліміздің 7 облысынан келген қол күші мен техникалар жұмылдырылған. Жайық суы күн сайын көтеріліп жатқан өңірде тасқынның шарықтау шегі 22-сәуір деп Қазгидромет болжап отыр.
МЕНЕДЖЕРГЕ АЛДАНҒАН
Бонус беріледі деп банкке берешек қылған. Мұғалімдер мен зейнеткерлердің атынан менеджер сырттай несие рәсімдеген. Банк қызметкері қызығын көрген ақшаны енді жұрт төлеп жатыр.
ЖАУАПКЕРШІЛІК АРТАДЫ
Мопедистер жол ережесін бұзғанда бұдан былай жауапкершіліктен сытылып кете алмайды. Мопед енді автокөлік сияқты тіркеуге алынып, сәйкесінше мемлекеттік нөмір тағылуы тиіс.
ЕҢБЕККЕ БАУЛУ
Қайыр тілеп жүргендер мен көшеде түкіргендерге енді ортақ жаза бар. Айыбын қоғамдық жұмыспен жуып шаюы тиіс.
#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары