Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені? Мен қазақтың баласы! «Тағы жұрт» деп тағы да, Танымассың, білмессің. Өйткені мен қазақпын, «Англичанин» емеспін. Танисың ғой сен оның Өзінен бұрын мылтығын, Дәріптейсің қасиетін Адамы түгіл, итінің. Мен де оны бір кезде Етігінен танығам Қадай басып өкшесін, Далама кеп қаңғыған. «Тағы» дейтін халқымды, Дозақ дейтін даланы. Кен қазам деп көр қазып, Ақтаратын моланы. Жылап жатса бір қазақ, Күлуші еді-ау ол өлі! Соның бәрі сұрқия Сұм патшаның әлегі. Екі аяқты ақ патша Көп батырды шеңгелін. Cap далада сарғайдым, Қасіретпен шөлдедім. Мынау қара көзімнен Сансыз дария жас ақты. Өз етімді өзіме Кесіп алып асатты. Айтып-айтпай, не керек, He көрмеді бұл қазақ! Дүние бүгін ұялар, Айтпа, ойбай, аузың жап
@ventihell37206 ай бұрын
Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені? Мен қазақтың баласы! «Тағы жұрт» деп тағы да, Танымассың, білмессің. Өйткені мен қазақпын, «Англичанин» емеспін. Танисың ғой сен оның Өзінен бұрын мылтығын, Дәріптейсің қасиетін Адамы түгіл, итінің. Мен де оны бір кезде Етігінен танығам Қадай басып өкшесін, Далама кеп қаңғыған. «Тағы» дейтін халқымды, Дозақ дейтін даланы. Кен қазам деп көр қазып, Ақтаратын моланы. Жылап жатса бір қазақ, Күлуші еді-ау ол өлі! Соның бәрі сұрқия Сұм патшаның әлегі. Екі аяқты ақ патша Көп батырды шеңгелін. Cap далада сарғайдым, Қасіретпен шөлдедім. Мынау қара көзімнен Сансыз дария жас ақты. Өз етімді өзіме Кесіп алып асатты. Айтып-айтпай, не керек, He көрмеді бұл қазақ! Дүние бүгін ұялар, Айтпа, ойбай, аузың жап. Сорлы емес ем ежелден, Қаралы едім, зарлы едім. Ұялушы ем өзге елден, Намысты едім, арлы едім. Есе тиер, енші алар Ел болсам деп ойлаушы ем. Қазақпын деп айта алар Мен болсам деп ойлаушы ем.