Екі жирен - Халық әні

  Рет қаралды 65,016

Bek Nuriddinuly

Bek Nuriddinuly

Жыл бұрын

+7 702 542 6361
Сөзі
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.
[Қайырмасы]
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
Ғизатлу хат жазамын, қалқам, саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға осыменен өтті заман.
[Қайырмасы]
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.

Пікірлер: 141
@user-qs6fc3uv7e
@user-qs6fc3uv7e 5 ай бұрын
❤❤❤Менің Нұрлары Пейіште шалқығыр Папам мен Мамамның үйде әр кеште мамамның гармонына сүйеніп айтатын өлеңдерінің бірі еді! Есіктің алдына шығып айтса - ауылдың барлығына естілетін еді ау саңқылдаған ашық дауыстары! Көзімнің жасы тоқтамады ай! Менің жасым 60-тан асты. Десе де сенің өнеріңнің құдіретінен өзімді ата-анамның алдында жайқалған балауса шағыма барып қайтқандай болдым! Рахмет, Аллаға саған дауыс бергеніне, маған тыңдауға мүмкіндік бергеніне! Шырағым, мың жаса! Өнерің танымал бола берсін!❤❤❤
@user-jl7qf2wk1z
@user-jl7qf2wk1z 5 ай бұрын
❤❤❤🎉🎉🎉 шығармашылық табыстар, сәттіліктер тілеймін. Жарайсың айналайын, керемет, өте шынайы!!!
@user-uz8tf5wq6c
@user-uz8tf5wq6c 7 ай бұрын
Ұлт ұстазы Ахмет атамыздың жатқан жері жайлы болсын! Рухы пейіштің төрінде шалқысын! Осындай тамаша ән қалдырғаны үшін мың тағызым!🤲😪
@sabitmusahan2379
@sabitmusahan2379 9 ай бұрын
Осы әншінің талғамына тәнтімін. Табиғатыма жақын әндерді айтады
@user-fd3gl6vu4p
@user-fd3gl6vu4p Жыл бұрын
Беу, шіркін! Дауысы алты қырдың астынан шыққан сал-серілердің жалғасы Бек інім, аман болшы!
@QazagymUshin
@QazagymUshin 10 ай бұрын
РАХМЕТ БАУЫРЫМ. ӨТКЕН ӨМІРДІ ЕСКЕ АЛЫП КӨЗІМЕ ЕРІКСІЗ ЖАС КЕЛЕ БЕРЕДІ ОСЫ ӘННЕН. РАХМЕТ БАУЫРЫМ КЕРЕМЕТ❤
@user-gs7mj9su2b
@user-gs7mj9su2b 8 ай бұрын
Керемет. Ұлым. 👍👍👍
@user-fk3xl1zp4y
@user-fk3xl1zp4y 3 ай бұрын
Бұл дауыс қазақтың кең даласын, сұлу табиғатын, таудан құлап аққан арынды өзенді , тау бөктерінде отырған түтіні будақтаған қазақы үйлерді көз алдыңа келтіреді екен.
@ERNAZAR_BEGYMBETOV
@ERNAZAR_BEGYMBETOV Жыл бұрын
Пах шіркін, мін жоқ! Бір жасап қалдық ау..әнді естіп.
@gulchitankakova6330
@gulchitankakova6330 9 ай бұрын
Дүниеден озған әкемнің айтатын өлеңі еді. Көз жасым тоқтамастан аға берді-ау, тыңдап отырып. Рахмет өнеріңізге🌹🙏❤️
@user-lj8rm6qs8u
@user-lj8rm6qs8u 7 ай бұрын
1000 просмотров меники болду. В день по 100 раз слушаю. Керемет ыр экен. Бекке Кыргызстандан чоң салам айтам.
@polatestai4775
@polatestai4775 Жыл бұрын
Беу, неткен керемет дауыс. Бек бауырым, сенің салған әндеріңді күтіп жүремін. Таралымын көбейту керек секілді.✊✊
@user-fd3gl6vu4p
@user-fd3gl6vu4p Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз
@user-qu8lx6qc1h
@user-qu8lx6qc1h 3 ай бұрын
Ол үшін көбірек лайк басып, комментарий жазу керек,Ютуб соған қарайды!
@user-tw8il3jc2h
@user-tw8il3jc2h 3 ай бұрын
Дурыс айтасын бауырым .недеген дауыс
@limmajuna3359
@limmajuna3359 25 күн бұрын
Балам, әнді нақышына келтіріп айтады екенсің! Дауысыңа сөз жоқ, жүрекке жеткізетін қоңыр үнің естіген жанның есінде қалатындай екен, айналайын! Шығармашылығың сәтті болсын!
@qazaqqyzy8935
@qazaqqyzy8935 3 ай бұрын
Қазағымның домбырасы мен қоңыр даусына, халық әніне ештеңе жетпейді ғой, шіркін! Кризис, стресс, депрессияның бәрін жеңуге көмектеседі. Жаным тыныштық тауып тыңдап отырмын. Сізге сол үшін алғыстымын! Әндеріңіз көп болсын! Табысқа кенеліңіз
@user-iy1yb2sd2v
@user-iy1yb2sd2v Жыл бұрын
Бұл әнді "ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы" жеткізген қандай керемет ән
@user-oe9uj6qb6d
@user-oe9uj6qb6d Жыл бұрын
Қазақстанның еркек даусы
@user-zt2ew3nm1t
@user-zt2ew3nm1t Жыл бұрын
Тамаша орындау
@user-yl1wb2sj8v
@user-yl1wb2sj8v Жыл бұрын
Керемет, Тамаша! Дауысына соз жок, тыл козден сактасын!
@Madik81
@Madik81 Жыл бұрын
Бауырым керемет орындау! Алла тіл көзден сақтасын🤲
@user-cy3rv1ns6r
@user-cy3rv1ns6r Жыл бұрын
Керемет бауырым, өнерің өрлей берсін!
@user-sj6we7hp1y
@user-sj6we7hp1y 5 ай бұрын
Әкеміз шертіп отыратын рахмет ескеалдық жасы сізге жуғысты болсын 100- ге кел
@user-it5jo7oe1z
@user-it5jo7oe1z 6 ай бұрын
ҚАЗАҚТЫҢ КЕҢ САХАРАСЫ ЕСІМЕ ТҮСІП КӨЗІМЕ ЖАС КЕЛДІ, АР ЖАҒЫНДА СҮИЕМЕЛДЕУДІ АЙТСАҢШЫ.❤🇰🇿🙏🌷🌹
@user-jp4cw3xx8m
@user-jp4cw3xx8m 7 ай бұрын
Пах шіркін дауысын әкетіп бара жатыр ғой бөлексін👏👏👏
@qyrqyzy
@qyrqyzy Жыл бұрын
өнеріңіз өрлей берсін!👍
@user-hp4ys3pk7l
@user-hp4ys3pk7l 11 ай бұрын
Әп бәрекелді
@ulanbaikakex7256
@ulanbaikakex7256 10 ай бұрын
беу қандаи тамаша дауыс
@t.akezhan
@t.akezhan Жыл бұрын
Ерекше орындау 😍
@user-up7rg1my5x
@user-up7rg1my5x 8 ай бұрын
Керемет. Ар турли дыбыс коспай, дөп өзін айтып шықтың. Жарайсың!!!
@user-ry7od3ws7b
@user-ry7od3ws7b 6 ай бұрын
Жарайсың балам, әндеріңнен ләззат аламын !!!
@Bat_Bt47k
@Bat_Bt47k 11 ай бұрын
Жақсы шыққан. Саған ғашық болып қалдым
@user-gs7mj9su2b
@user-gs7mj9su2b 5 ай бұрын
Өте. керемет. өлең. рахмет. ұлым. 👍👍👍
@user-qz8zm6mh5m
@user-qz8zm6mh5m 11 ай бұрын
Керемет орындау.
@user-uz8tf5wq6c
@user-uz8tf5wq6c 7 ай бұрын
Пах-шіркін-ай тамаша орындау болды 👍
@user-ox5cr8ev1m
@user-ox5cr8ev1m 9 ай бұрын
Тамаша орындау.
@user-ww3xt8yh8j
@user-ww3xt8yh8j 2 ай бұрын
Жаратқан тамаша дауыс беріпті. Қанатыңыз талмасын!
@user-ex8ky4kv5m
@user-ex8ky4kv5m Жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍💯💯💯💯💯💯
@user-yg8mn1uq6v
@user-yg8mn1uq6v 11 ай бұрын
Керемет дауыс🎉
@user-fw9mq8pl2d
@user-fw9mq8pl2d 10 ай бұрын
Жақсы орындау болды және видео жақсы жасалған екен 👍😄 шырқайбер бауырым ✊️✊️✊️🔥🔥
@user-fi9cs1xt2e
@user-fi9cs1xt2e Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻👏👏👏👏
@user-hz1vz6nk5o
@user-hz1vz6nk5o Ай бұрын
Бала кезімізде радио дан тыңдайтүғымыз осы әнді.Рахмет!!!!
@user-xl5qx7yq4f
@user-xl5qx7yq4f Жыл бұрын
Бәрекелді. Жасай бер бауырым. Бақытты бол. Сенің ютубтағы барлық әндеріңді тыңдап жүремін. Әсіресе Қапездің Дүние ай әнін қатты жақсы көремін.
@zhassulanhuawei6295
@zhassulanhuawei6295 5 ай бұрын
Бауырым даусын керемет Қазақтың жеріндей кең екен өзімді тура бер жайлау да отырып сені тыңдап отырғандай сезіндім аман болшы бауырым
@user-fs6li9qr6c
@user-fs6li9qr6c Жыл бұрын
Лучшее Исполнение,Керемет,Рахмет❤
@user-vi1ts2pu4x
@user-vi1ts2pu4x 6 ай бұрын
Мінсіз, тек бекболаттың оау жоқтауын қоспаса,,,
@user-fd8yo6ui9s
@user-fd8yo6ui9s 4 ай бұрын
Не деген моп молдыр тунык гажап дауыс...керемет мыкты, аншы...
@user-oq2xm1oz6d
@user-oq2xm1oz6d 11 ай бұрын
Ахмет
@user-dw1rm9wb4j
@user-dw1rm9wb4j Ай бұрын
коп рақымет бауырым онерің устем болсын, бул әнді балла кезімімізде радыйодан естіуші едік алпысқа келсемде алты жасымдағыдай жадырап қалдым қудайым узақ ғумыр берсін
@tastuyin_idk
@tastuyin_idk 9 ай бұрын
Әкемнің әні- Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген...
@user-oq6nk2cg2z
@user-oq6nk2cg2z 7 ай бұрын
Менің әкем де жақсы көретін.
@user-vy6xo8mz7l
@user-vy6xo8mz7l 5 ай бұрын
Керемет орындау, Қазақстан дауысы
@user-wf4vv3cg6h
@user-wf4vv3cg6h 5 ай бұрын
Әндердің бәрін Бек бауырым сияқты нақты жеткізіп айтса ғой,бір демалып қаласың,АЛЛА тағалам өнеріңді үстем етсін,осындай әндерімізді көп шығар.
@inar1163
@inar1163 Жыл бұрын
Мықты 🎉. Қайда домбыра үйрену болады екен?
@user-ri4hb2cr7v
@user-ri4hb2cr7v 7 ай бұрын
Тамаша дауыс! Керемет орындау!
@user-zz4kf2sl7g
@user-zz4kf2sl7g 4 ай бұрын
Көзіме жас келді, балалық шағымда осы халық әндерін жиі еститін едім, керемет орындау көп рахмет👏🏻
@user-zd3pc8rq9q
@user-zd3pc8rq9q 3 ай бұрын
Тамаша эн, керемет орындау ! ❤❤❤
@user-ns9mc8qx3v
@user-ns9mc8qx3v 6 ай бұрын
😢😢😢😢Алланын Нуры Жаусын
@user-gy5lp1lk1c
@user-gy5lp1lk1c 3 ай бұрын
Жаксыа ан ❤❤
@user-nt5yr3kz9d
@user-nt5yr3kz9d 3 ай бұрын
Бектін дауысын кұнде тындаймын❤
@user-bq2pg4ox7w
@user-bq2pg4ox7w 7 ай бұрын
Керемет! Әдемі орындау!
@user-sk8pe3vf7o
@user-sk8pe3vf7o Ай бұрын
Керемет! Бәрекелді!
@rasbaigiglamkhaanrisbay3847
@rasbaigiglamkhaanrisbay3847 6 ай бұрын
Өткeн өмiр ай кандай тамаша
@azamatyeshmatov641
@azamatyeshmatov641 7 ай бұрын
Ай красавчик!🔥
@user-vv3hw6qd4q
@user-vv3hw6qd4q 10 ай бұрын
Керемет ❤
@juliahilton2889
@juliahilton2889 7 ай бұрын
Керемет. ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤Мын жаса
@diko-3049
@diko-3049 3 ай бұрын
Керемет ән,керемет орындау!👍👍👍👏👏👏
@user-xk3mk5jl1z
@user-xk3mk5jl1z 3 ай бұрын
Рахмет өте тамаша👍👍👍👍👍👍👍👍👍👏👏👏👏👏❤❤❤әжемнін өлені еді😢
@user-cj8rk3yf3r
@user-cj8rk3yf3r Ай бұрын
Керемет орындау😊
@aldabergenjoldasbaitegi4499
@aldabergenjoldasbaitegi4499 3 ай бұрын
Керемет орындау
@user-os7ef7io3h
@user-os7ef7io3h 6 ай бұрын
Керемет!
@user-ns9mc8qx3v
@user-ns9mc8qx3v 3 ай бұрын
😢😢😢😢😢😢керемет коз жасым токтамайд ❤❤❤❤❤❤❤керемет
@balziraa3578
@balziraa3578 6 ай бұрын
❤ Әр тыңдаған сайын жіберіп отырамын
@user-fd2lz8el8f
@user-fd2lz8el8f 4 ай бұрын
Рахмет баурым, керемет орындау👍👍👍
@user-on5ls9bl7f
@user-on5ls9bl7f 6 ай бұрын
Керемет ан даусын тамаша балам мын жаса 🤲🤲🤲🎆🎆🎆💖💖💖👏👏👏👏👏👏👏🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-vw2hh9xr1i
@user-vw2hh9xr1i 2 ай бұрын
Керемет.кадимги демаласын гой уйып тындап
@user-fl9kq6bs9h
@user-fl9kq6bs9h Ай бұрын
Дауысың қандай жағымды еді😊
@user-yz5pj6ns1n
@user-yz5pj6ns1n 3 ай бұрын
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен, Аулыңа барушы едім даламенен. Түскенде сен есіме, беу қарағым, Сағынып сарғаямын санаменен. Қайырмасы: Екі жирен, жалын түйген, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген. Ғизатлу хат жазамын, қалқам саған, Самарқау, осы күнде көңілім шабан. Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ, Дариға осыменен өтті заман.
@user-kn2qj5rk7b
@user-kn2qj5rk7b 3 ай бұрын
Сөз жоқ.Керемет орындау 👍
@user-sj6we7hp1y
@user-sj6we7hp1y 5 ай бұрын
Алла Жар болсын биікке самғай бер бауырым
@user-ro8dn3sm6q
@user-ro8dn3sm6q Ай бұрын
Тамаша
@user-fq6zh1xk1v
@user-fq6zh1xk1v 3 ай бұрын
Ерекше жан екенсіз дауысың керемет тамаша ұмытпаймыз Аллаға !👍🔥👍🔥👍🔥♥️♥️♥️♥️♥️👏👏👏🙏
@KaldikulSuleimenova
@KaldikulSuleimenova 2 ай бұрын
Керемет
@sbtl.racurs-kz
@sbtl.racurs-kz 2 ай бұрын
"Ой, жарайсың балам!". Нақысына келтіріп, нағыз қазақтың табиғи сезімін қозғайтын әнді шерттің! Осы әнді бала кезімде әкемнен еститін едім.
@user-np2or6nm1n
@user-np2or6nm1n 5 ай бұрын
Керемет, рақмет
@user-bs7vy9uz7l
@user-bs7vy9uz7l 8 ай бұрын
Пах ширкин
@user-oq2xm1oz6d
@user-oq2xm1oz6d 11 ай бұрын
Байтурсыновтын ани
@guldarikanisova6924
@guldarikanisova6924 10 ай бұрын
Керемет орындау өзіндік нақышында көп рахмет бауырым осы әнді айтып немеремді ұйыктатамын кейде марқұм әке-шешем есіме түсіп көзіме жас аламын саған Алла разы болсын 🤲
@balziraa3578
@balziraa3578 6 ай бұрын
❤❤❤
@user-rz3go9cv5y
@user-rz3go9cv5y 3 ай бұрын
Керемет. Бірақ , ауылыңа бару шедім саламенен емес даламенен болу керек.
@user-wo7dl6nk7r
@user-wo7dl6nk7r 3 ай бұрын
👍
@akesininkyzy
@akesininkyzy 3 ай бұрын
@user-tk2by8ne7k
@user-tk2by8ne7k 4 ай бұрын
Сонымен кімнің әні болды , несінші ғасырдағы ән . Халық әні ме . Ән керемет орындалған , бар бол бауырым .
@cehzks
@cehzks 5 ай бұрын
👏👏👏
@user-bf1sc3ru8f
@user-bf1sc3ru8f 6 ай бұрын
👍👍👍👍
@user-fd1yv5tz5y
@user-fd1yv5tz5y 2 ай бұрын
Таза осы кунгынын Акан серысы
@dabel8395
@dabel8395 8 ай бұрын
Қателеспесем бұл халық әні емес ау · Сакен сейфулинның әні деп естігем ·
@balziraa3578
@balziraa3578 6 ай бұрын
❤ 🧡💛💚
@balziraa3578
@balziraa3578 6 ай бұрын
❤❤❤❤❤❤
@kanatsamalov4961
@kanatsamalov4961 5 ай бұрын
Аллаһ разы болсың
@balziraa3578
@balziraa3578 6 ай бұрын
❤💛
@balziraa3578
@balziraa3578 6 ай бұрын
❤❤❤❤❤
@balziraa3578
@balziraa3578 6 ай бұрын
❤❤❤❤
@user-gu3kf5jk6s
@user-gu3kf5jk6s 2 ай бұрын
Марқұм әкемнің жақсы көріп салатын әні еді. Кезінде жазып алмаппыз дауысын. Дауысы кешкісін тымық ауада мал қайырып келе жатқанда қыр астынан естілетін еді. Дауысы сұмдық мықты еді.
@kaliaskarkyzy1945
@kaliaskarkyzy1945 5 ай бұрын
Керемет👏👏🏻👏
@user-nt5yr3kz9d
@user-nt5yr3kz9d 5 ай бұрын
🇰🇿❤
@user-oc8jf1ti1l
@user-oc8jf1ti1l 12 күн бұрын
Бул анди кайдан жазып алса болады?издемеген жерим жок отиниш
Балқадиша - Ақан Сері | Бек Нуриддинұлы
3:47
Бек   Мұхида Шайбан #домбыра #терме
3:51
Bek Nuriddinuly
Рет қаралды 35 М.
NO NO NO YES! (50 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 98 МЛН
Uma Ki Super Power To Dekho 😂
00:15
Uma Bai
Рет қаралды 59 МЛН
Зоригто Тогочиев и Дондок Дашипылов - Сагаан дали
6:20
ОН ЕКІ ЖЫЛДАН СОҢ ҮЙІНЕ ОРАЛҒАН ЖИРЕН
14:00
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 70 М.
Аналарды жылатқан терме - Дидар Қамиев
9:40
Дидар Қамиев
Рет қаралды 706 М.
Қазақ халық әндері
20:37
Best Relaxation Music
Рет қаралды 141 М.
Stray Kids "Lose My Breath (Feat. Charlie Puth)" M/V
2:53
JYP Entertainment
Рет қаралды 31 МЛН
Dastan Orazbekov & Ayree - Ómir
3:06
AYREE
Рет қаралды 85 М.
Diana Ismail - Kezdeser (Official Music Video)
4:01
Diana Ismail
Рет қаралды 650 М.
Amre - Есіңде сақта [Album EMI]
2:16
Amre Official
Рет қаралды 89 М.
Artur - Erekshesyn (mood video)
2:16
Artur Davletyarov
Рет қаралды 107 М.
Body
2:38
Asik - Topic
Рет қаралды 222 М.
Қайрат Нұртас - Қоймайсың бей 2024
2:20
Kairat Nurtas
Рет қаралды 617 М.