Шоқпарда Аламан ат шаптырып той той берді.

  Рет қаралды 8,254

Жумахан Чекаев

Жумахан Чекаев

5 жыл бұрын

Шу ауданына қарасты Шоқпар ауылында ауыл әкімі Рашид Шоңбаевтың ұйтқы болуымен кәсіпкер Аманбек Қойшыбеков ағамыздың демеушілігімен ауылдың кіреберісінің оң жақ қапталынан ауылдың аты жазылған жаңа ауыл қақпасының белгісі және сол жақ қапталында көкбөрінің мүсіні нақышталған жаңа белгінің ашылу салтанатында болып қайттық. Бұл атаулы шарада ауыл азаматы күміс көмей әнші Бағдат Рлановтың және ауылдық мектеп оқушыларының қатысуымен биыл ғана халық игілігіне берілген ауылдық мәдениет үйінде концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Ауыл ағайындары келген қонақтарға дастархан жайып қонақжайлықтарын көрсетіп артынан ат шаптырып бәйге берді.Бәйге «Аламан бәйге» «Құнан бәйге» «Тай бәйгесі» ұйымдастырылды. Бірінші болып 40 тай бәйге дүбіріне қосылса олардың алдыңғы оза шапқан бес тайға ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
1 орын: Қордай ауданы Қаракемер ауылынан «Наурыз» сәйгүлігі, бапкері Қуаныш 60 000 мың теңгені иеленсе, 2 орын: Шу ауданы Еңбек ауылының «Құмар» атты сәйгүлігі, бапкері Штапхан 50 000 мың теңгені иеленді ал 3 орын: Қордай ауданы Сұлу төр ауылының сәйгүлігі «Удача» сәйгүлігі 40 000 теңге, 4 орын: Қордай ауданы Қаракемер ауылынан «Қоз күрең» бапкері Айдос 30 000 теңге, 5 орынға: Қордай ауданынан «Силық торыға» 20 000 теңге қаржылай сыйлық бұйырды. 32 құнан шапқан Құнан бәйгесіне 5 орынға сыйлық тағайындалса 1 орын: Мерке ауданы «Нұртөбел» сәйгүлігі бапкері Жайдар 100 000 мың теңге, 2 орын: Луговой ауданы «Айшық» сәйгүлігі бапкері Жұмабек 80 000 мың теңге, 3 орын: Қордай ауданы «Жасмин» сәйгүлігі бапкері Ғалым 60 000 мың теңге, 4 орын: Көгершін ауылынан «Қазына» сәйгүлігі бапкері Біржан 40 000 мың теңге, 5 орын: Көкдөнен ауылынан «Жұлдызай» сәйгүлігі бапкері Бақытжан 20 000 мың теңгені қанжығалады. Ал бәйгенің төресі саналатын Аламан бәйгесіне 35 сәйгүлік қатынасып 7 орынға бәйге тігілді. 1 орын: Құлан ауылынан бапкері Жұмабек 200 000 мың теңге, 2 орын: Қаракемер ауылынан бапкері Сержан сыйлыққа бұқа, 3 орын: Мерке ауданынан бапкері Арас 50 000 мың теңге бір қошқар, 4 орын: Кенен ауылынан бапкері Батыржан 40 000 мың теңге бір қой, 5 орын: Қара кемер ауылы бапкері Нұрбол 30 000 мың теңге бір қой, 6 орын: Сұлу төр ауылынан бапкері Шохан 20 000 мың теңге бір қой, 7 орын: Қара кемер ауылынан бапкері Сайн 10 000 мың теңге бір қойды қанжығалады.

Пікірлер: 12
@user-ti4zp6qo4g
@user-ti4zp6qo4g 3 жыл бұрын
Менин атам сол Шокпар жатыр,осындай куаныш болсын жерлестерим маркайып калдындар,ширкин конил,аркашанда жаксылык болсын.
@nurkenkaparov8056
@nurkenkaparov8056 5 жыл бұрын
Шоқпар ауылы тойларыныз құтты болсын. Әрқашан ауыл азаматтары биіктен көринсин.
@user-ku3yq5zj9o
@user-ku3yq5zj9o 5 жыл бұрын
Киндик каным тамган ауылым 😍Шокпар да осындай жаксылыктар бола берсин.ел журтты жинап жаткан агамызга мын алгыс АЛЛА разы болсын .
@user-zw7cj8tj8r
@user-zw7cj8tj8r 5 жыл бұрын
Шокпар алга кутты болсын
@user-xi9bi3nf9l
@user-xi9bi3nf9l 2 жыл бұрын
Шоқпар жүрегімде от бар.
@liliyanazmeeva8160
@liliyanazmeeva8160 5 жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@dinaabdreeva3981
@dinaabdreeva3981 5 жыл бұрын
Жастар жасасын Керемет адеми
@user-rh1sd6qi6w
@user-rh1sd6qi6w 5 жыл бұрын
Көркие бер ауылым
@dinaabdreeva3981
@dinaabdreeva3981 5 жыл бұрын
ЖАСАЙ БЕР ШОКПАР
@user-zw7cj8tj8r
@user-zw7cj8tj8r 5 жыл бұрын
Ок
@user-eu4pn7lv8e
@user-eu4pn7lv8e 4 жыл бұрын
Монидын колын созып калып кеткени калай болды😂
@user-ji2rv6bi9l
@user-ji2rv6bi9l 5 жыл бұрын
Кутузов бәйгеге озин шабайындеп журсинба
ბაკურ გულუას ისტორია - “საქართველოს დაბადება”
3:25:21
საქართველოს დაბადება
Рет қаралды 1,1 МЛН
ორშაბათობა #185 - სტუმარი მებო ნუცუბიძე
3:55:18
Why You Should Always Help Others ❤️
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 129 МЛН
⬅️🤔➡️
00:31
Celine Dept
Рет қаралды 42 МЛН
Final muy increíble 😱
00:46
Juan De Dios Pantoja 2
Рет қаралды 19 МЛН
МАҚСАТ АҚАНОВ ПЕН АҚБОТА МАНАРБЕКОВА. #айтыс #2024
32:54
Вселенная и Специальная теория относительности.
3:51:36
ЗЛОЙ АНАЛИТИК ВСЕЛЕННОЙ.
Рет қаралды 8 МЛН
Why You Should Always Help Others ❤️
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 129 МЛН