Онсыз да құрғап бара жатқан Жайықтың жағалауына 15 миллиардқа бөгет салудың қаншалықты қажеті бар?

  Рет қаралды 6,822

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Атыраулықтар суы күн сайын тартылып, арнасы құрғап бара жатқан Жайықты жойылудан сақтайық деп дабыл қағып жатқанда биліктегілер бюджеттен миллиардтар бөліп, өзенге тасқыннан қорғайтын бөгет салып жатыр. Тіпті сегіз шақырымға жуық жағалауды тас және бетонмен бекіту үшін қазынадан 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бірақ, күннен-күнге құрғап бара жатқан өзеннің жағалауына 15 миллиардқа бөгет салудың қаншалықты қажеті бар еді деп қарапайым халық қарсылық білдіріп отыр.
Атырау облысындағы Жайық өзені өңірдегі стратегиялық маңызы бар, елдің жаппай күн көріп отырған тіршілік көзі. Соңғы 15 жылда арнасы 3 есеге азайып, 2019 жылы тіпті каналдары су келмей мүлде құрғап қалған еді. Бұл экологиялық апат деп үрейленген ел содан бері биліктегілерден Жайықтың суын сақтап қалуды сұрап дабыл қағып жатыр. Алайда олар құрғап жатқан өзенді сақтаудың орнына, керісінше қазынадан 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөліп, тасқыннан қорғайтын бөгет салып жатыр. Бұл жұмыс Махамбет ауданында тамыз айында басталған. Құрылыс жұмыстарын «Павлодар өзен порты компаниясы» жүргізіп жатыр екен. Мұндағы тұрғындардың бірі бұдан бейхабар болса, енді бірі осыншама қаржы бөлінгеніне таң қалды.
ИБРАЙЫМ ҚАЖЕНОВ, Махамбет ауданы тұрғыны:
- Жайықты осындай хәлге келтіру дейтін бұл сорақылық. Жайықтың жағасында балық жағаға шығып жататын еді. Қазір жаға түгіл ішінде дым жоқ. Жаяу өтіп жатыр. Оған енді үкімет басқаны қойғанда осыған құрттай мүмкіндік жасауға болады ғой. Тіпті ақша дейтін Қазақстанда жетеді. + Махамбетте қанша ақша бөлінсе де, Жайықтың жағасын жасап көрген жоқ.
ҚАЛИМА ӘБУҒАЛИЕВА, Махамбет ауданы тұрғыны:
- Қазір жайықтың жағдайы өте нашар. Бұрын жақсы болды ғой. Қазір күннен күнге нашарлап бара жатыр. Өте өкінішті. Бұрынғы жағдайға келсе екен деп тілейміз.
15 миллиардтан астам қаржы жұмсалатын бұл жобаға тапсырыс беруші Махамбет ауданы әкімдігі. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінген. Бірақ жергілікті атқарушы орган қомақты қаржы бөліп, бөгет салуға қаншалықты қажеттілік болғанын ашып айта алмады. Ал облыс әкімдігіндегілердің сөзінше бұл 2015 жылғы төтенше жағдайлар министрлігінің жол картасы негізінде жасалап жатқан жұмыс.
АСАН НҰРҒАЛИЕВ, Атырау облысы энергетика және тұрғын-үй шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:
- Бекіту жұмыстары ол тек тасқыннан ғана емес Жайық өзенінде орналасқан тұрғын үйлерді алып қалу мақсатында. Жайық тасыған кезде сол үйлерді алып қаламыз. Бұл тасымайды деген жоқ. Ол болашақта судың деңгейі қалай болса да өседі.
Ал экология министрлігі 1970 жылдардан бастап су ағынының көлемі азайып кеткен Жайықты сақтап қалу үшін қазақстандық және ресейлік сарапшылармен бірлесіп, жол картасын әзірлеп жатыр.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық

Пікірлер: 30
@user-ct6rv5et9i
@user-ct6rv5et9i 2 жыл бұрын
ақшаны жеудің айласығой
@user-uy4cc3de1g
@user-uy4cc3de1g 2 жыл бұрын
Жемқорлар қайдағы тасқын су жоқ болса
@user-yg2uh4pv6x
@user-yg2uh4pv6x 2 жыл бұрын
Мына Атырау облысының әкімін орнынан алатын адам барма орнынан мына мемлекетте? Жұмыс жасамайтын тендерде жүретін отход әкімдерді біздің жаққа қайдан әкелесіңдер өзі.
@user-qm7nm3yf3x
@user-qm7nm3yf3x 2 жыл бұрын
Билік хабары бар балық басынан шіриді буйженті жымқырума
@user-ze3tm2wb8i
@user-ze3tm2wb8i 2 жыл бұрын
Жағаны қазып тастады и все, ертен айтып турмасын , солярка қымбат 10 млрд -қа солярка алдық деп😂
@user-yd8qc5tm9t
@user-yd8qc5tm9t 2 жыл бұрын
🤭🤣 таза жемқорлық тонау үшүн керсінше жұмыс істейді арамтамақ жемқорлар
@user-xk1bl4po9t
@user-xk1bl4po9t 2 жыл бұрын
Қызжібектің киесі соғып жүрмесін
@kalifornya6486
@kalifornya6486 2 жыл бұрын
Атырауға 9триллион бөлінді деп шулап жатқандары қайда? Неге сол қаржымен Ақжайығымыздың жағдайын жақсартпайды? Өз қолымызбен суды құрту деген сұмдық емес па?!
@user-fe1do5gh2p
@user-fe1do5gh2p 2 жыл бұрын
Керексіз бөгет---ақша жымқыру .бар шындық осы.
@user-jy5uy7ib6h
@user-jy5uy7ib6h 2 жыл бұрын
Негылган надандык осындай топастардын кесырынен каншама каражат урланып жатыр жексурындар
@user-ff6ic4tu4y
@user-ff6ic4tu4y 2 жыл бұрын
Оган Ким кинали адамдар жане билик бундаига калаи халык жаи солеиди бул деген добыл
@brawlbrawl4194
@brawlbrawl4194 2 жыл бұрын
ои мыисыздараи жок суга бугет согып ,жаиык курыса ишерсин суды
@user-fc2uj5vj1s
@user-fc2uj5vj1s 2 жыл бұрын
Айй биздин билик,миымен емес баска жерлеримен ойлайды.Су тартылып битип жатканда. Таскыннан коргау ушин дамбы согып жатырмыз, дегени калай кетти.Баягыдан бери сокпаган нарсе су тартылып жатканда не ушин керек
@user-og7un7gp6h
@user-og7un7gp6h 27 күн бұрын
Қаралды.ашбау.керек.жаиықта.су.жоқ
@aburustamibnaldabergen6977
@aburustamibnaldabergen6977 2 жыл бұрын
Егер богет салынып жатырса, демек таскын болуы мумкин алдагы уакытта, егер водохранилище ашылса
@brawlbrawl4194
@brawlbrawl4194 2 жыл бұрын
я деим ол аким урлауга келген сиякты миллиард тап урлауга шыктыма миллион аз болды узилеин деп жаткан жаиыкка ,таскын нан коркып отыракша урлау гои тексеретин адам жок
@user-mr9tg3kw5f
@user-mr9tg3kw5f 2 жыл бұрын
Шакалдар
@user-qm5kt2ww8e
@user-qm5kt2ww8e 2 жыл бұрын
Ақша жеудің бір амалы
@user-og7un7gp6h
@user-og7un7gp6h 27 күн бұрын
Қаралды.ашпа
@user-jj1lo2vc1e
@user-jj1lo2vc1e 2 жыл бұрын
Жок Судан коркып богет салу...
ТАСҚЫННЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
3:17
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 99 М.
Қираған ауылдың соңғы тұрғыны марқұм ұлының моласын қимайды
12:18
Последний Закат Кота Макса...
00:21
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 7 МЛН
He Threw A Banana Peel At A Child🍌🙈😿
00:27
Giggle Jiggle
Рет қаралды 19 МЛН
Информбюро 24.05.2024 Толық шығарылым!
25:44
Информбюро 31
Рет қаралды 47 М.
Су тасқынынан кейінгі Құлсары
7:17
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 44 М.
Ел үшін: Тасқын.Қазіргі ахуал
21:33
Atyraý TV / Атырау ТВ
Рет қаралды 14 М.
Ауа райы болжамы. LIVE
7:38
Телеканал 24kz
Рет қаралды 10 М.
КИІКТІҢ КИЕСІ ҰРДЫ МА?
7:30
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 90 М.
АТЫРАУ ҚАУІПТІҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА
4:00
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 15 М.