Оралда қала күні аясында тұрғын үй кезегінде тұрған 18 отбасы қоныс тойын тойлады

  Рет қаралды 234

Информбюро 31

Информбюро 31

Күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Оралда қала күні аясында тұрғын үй кезегінде тұрған 18 отбасы қоныс тойын тойлады. Облыс әкімі бұл тек бастамасы деп отыр. Себебі, жыл соңына дейін тағы 200 жанұяға баспана беру жоспарланған екен. Қазір өңірде жаңа үйлердің құрылысы қызу жүріп жатыр. Ал шенеуніктер салынып жатқан үйлердің сапасына баса мән берілетінін айтады.
Орал қаласының тұрғындарына қала күніне орай тамаша тарту жасалды. Облыс орталығынан бір күнде 18 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Ұзақ жылдар бойы кезекте тұрып, баспаналы болған жандар ерекше әсерлерімен бөлісті.
РАУЗА КАСЫМОВА, Орал қаласының тұрғыны:
- Біздің пәтеріміз жарық, жақсы екен. Көңілімізден шықты. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері келіп, кемшін тұстардың орнын толтырды. Барлығы жасалған.
Ал 85 жастағы Нұрзия Қасымова осы пәтерді 15 жыл бойы күтіпті. Кейуана өз үйіме кіргеніме әлі де сене алар емеспін дейді.
НҰРЗИЯ ҚАСЫМОВА, Орал қаласының тұрғыны:
- Ой, бір үй алсам жарар еді деп кіші қызыммен кезекте тұрдым. Күнде барып тұрдым. Каждый жеті күн өткен сайын жаңбырға қарамай. Апаа, неге келесіңдер? -дейді. Мен келмесем өліп қалды деп очередімнен сызып тастайды ма деп ойлаймын ғой деймін.
Жыл соңына дейін қалада аз қамтылған арнайы санаттағы 200 отбасына баспана беру жоспарланып отыр. Осы мақсатта 4 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Тұрғындардың қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев құрылыс жұмыстары бақылауда болатынын жеткізді.
НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, батыс Қазақстан облысының әкімі:
- Мен жүрген жерде айтамын салып жатқан үйдің сапасына көңіл аударыңыздар. Ертеңгі күні бұл жерге халық кіреді. Ол тегін беріліп жатқан үйлер емес. Сондықтан да ертең кіргеннен кейін ол отбасылар қиындық көрмеуі керек. Біреуінің суы жоқ, біреуінің газы жоқ деген мәселелер немесе басқа да жағдайлар, міне осының бәрін болдырмау үшін қатаң талаптар қойып отырмыз.
2023 жылы Орал қаласының Зачаганск кентінде төрт көп қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Ал биыл 1500 пәтерлік 12 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/c...
TikTok - www.tiktok.com...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 1
@ДикоМусаев
@ДикоМусаев 6 сағат бұрын
Құтты болсын үйлері
ПОЛНЫЙ ВЫПУСК ИНФОРМБЮРО ОТ 26.09.2024
24:47
Информбюро 31
Рет қаралды 1,4 М.
Миллионер | 1 - серия
34:31
Million Show
Рет қаралды 1,5 МЛН
Fake watermelon by Secret Vlog
00:16
Secret Vlog
Рет қаралды 16 МЛН
Minecraft Creeper Family is back! #minecraft #funny #memes
00:26
Білім МИНИСТІРІ Сағадиев Ерлан мырзаға.
4:56
АҒАЛЫҚ БОЛАШАҚ
Рет қаралды 114 М.
Миллионер | 1 - серия
34:31
Million Show
Рет қаралды 1,5 МЛН