Көптен сағынған шығарсыздар?! Комментарийдан жаудырайық! Ұнаған сәтті минутымен жазып жібер! Лайк коммент жазып барлық ватсаптағы достарыңа жібер! Соңына дейін көр
@baha_kz14 ай бұрын
Әрине
@АйсулуКалдыбаева-е4п4 ай бұрын
Әрине сағындық
@nukanaibazhiev57784 ай бұрын
каспи голд ном жазшы😂
@АлмасБердыхан-м9л4 ай бұрын
Маке Ереке Ассалаумагалейкум, Азарник Нурик ты шакырасыздарма, Ол киси тоже бетке тутар мыкты киси
@sayatalhanov67364 ай бұрын
56:08,Раймнын брәтшкасы😂😂😂😂😂
@AidanaKoroleva4 ай бұрын
Анасын жанында жарқыратып жүретіндейі бар екен ғой. Ананың қолдауы, дұғасы, батасы, разылығы жеткізген ғой жеңіске❤
@BaurHan-po1dx4 ай бұрын
Құрметті Елдос Сметов! Сіз - еліміздің мақтанышы, әлем аренасындағы дара тұлғасыз! Спорттағы жетістіктеріңіз, қажырлы еңбегіңіз бен қайсар рухыңызбен жастарға үлгі болып жүрсіз. Сіздің талантыңыз бен табандылығыңыз бізге шабыт береді. Алдағы жарыстарда сіздің жеңістеріңіз бұдан да көп болғай! Еліміздің туын жоғары көтеріп, әрдайым жеңістен жеңіске жете беріңіз! Сізге сәттілік, мықты денсаулық және зор жетістіктер тілейміз!
@dustUN-14 ай бұрын
👍👍🎉
@brawlstark3294 ай бұрын
😇😇😇
@Ydyrysovaainur4 ай бұрын
Елдос Сметовтың сөз саптауы ,өз ойын еркін ,ашық жеткізеді екен .Ой өрісі өте жоғары екен ,Осындай жігіттер көп болсын
@iseri-sugir4 ай бұрын
Ой - өрісінің қай жері жоғары ?
@nurikkambarov59974 ай бұрын
@@iseri-sugirсіздіңкінен жоғары бастысы
@damu00004 ай бұрын
@@iseri-sugirсені сігема
@Garifollauly_N4 ай бұрын
Ия сөйлеу мәнері өте керемет👍👍
@adilbekio25744 ай бұрын
Ия, әдетте спортшылар камера алдында, халық алдында сөйлеу былай тұрсын, сұхбат беріп өз ойын ашық еркін айта алмайды.. Мысалы біздің футболшыларымыз... Елдос Спортшы болсада журналисттер секілді сөйлейді.
@ВенераНысамбаева4 ай бұрын
Көзі ашық, көкірегі ояу, санасы ашылған қазақтын батыры. Сөзіде, әзіліде орнықты азамат екен
@yernurmaratovich40814 ай бұрын
Елдос Сметов ағамыздың қазақша сөз саптауы қандай керемет! Бізде ғана емес, жалпы әлемде стереотип қалыптасқан ғой, спортшылар аса қатты білімді емес деген. Міне, ол жәй ғана стереотип екеніне дәлел! Жарайсыз! Алтын медаліңіз, жақсылықтың бір мықты фундаменті болсын!
@Amir-rock4 ай бұрын
Я, Хабиб Нурмагомедовте оган далел
@zhuldyzbaigaliyeva53914 ай бұрын
"Балаң жақсы болса жердің үсті жақсы, балаң жаман болса жердің асты жақсы". Керемет сұхбат болды. Сөз саптауы, ойын жеткізе алуы күшті! Жастарға мотивация мен ақылға толы шығарылым үшін рақмет!
@МеруертЕскараева-ж5з4 ай бұрын
Балаң жаман болса, жердың астыда жаман болар😢
@ILESification4 ай бұрын
Элита деңгейіндегіндегі спортшылар осындай болады ғой, талайды көрген жігіттер, таза еңбектің, дисциплинаның, мінездің нәтижесі ғой. Бұндай дәрежедегі спортшылар алдына қойған кез келген мақсатқа жетеді, ағылшын тілін семішкідей шағатын болады әлі. Ризамын, көп рақмет алтын үшін!
@ТалгатЕстаев-ь3э4 ай бұрын
Тек дене күші емес, ой өрісі де жоғары екен! Керемет, мақтан тұтамыз
@AsqarBaybulov4 ай бұрын
Менде соны жазам деп отқам
@АйгульКараева-о1ь4 ай бұрын
Мәке шығарылым керемет👍🏻осындай шығарылымдар көп болсын. Елдос жарайсың!👍🏻
@EldosHffh4 ай бұрын
Өте ырзамын бауырыма, жәрәйсің. Ақ жол! Жәй ғана спорт шебері емес көз қарасы мықты екен. Қызық таймс бағдарламасына көп рақмет, осы жағын көрсете білгендеріңе!
@МаржанМанекеева-ь8п4 ай бұрын
Әншейін көп сөйлейтін жүргізушілер бұл жолы артық сөйлей алмады ғой. Мысы басым ер екенінің белгісі. Тілдің тұнықтығы тағы бар. Бұрын күлу үшін көруші едім. Бұл жолы тек көңілге жақсы ой түйіп қана көрдім. Рахмет көп көп көп 😊
@БахтыгулЖубанова4 ай бұрын
Бұл Жігіттер ... қалай жүргізуді , білетін шығар ?! Артық сөйлеу ... Не керек ?!
@MaratOralgazin4 ай бұрын
Көкем-ау, әр нәрсенің орны бар. Өзімізден едәуір кіші бауыр ғой. Мыстың не қатысы бар? Сый, құрмет деген бар. Одан соң айтары бар адамға кедергі жасап не керек.
@НұрсұлтанКөшербай4 ай бұрын
Ойнап күліп прикол ұстайтын адам болады. Серезьно сұхбат жасайтын адам болады.
Басқа сұқбаттарын көрмей, тек қызық times көргенсің ғооооо 😂❤❤ one love қооо❤❤❤ Алғааааа Қазақстан 🎉жұлдызымыз жарқырай берсін ❤
@АдлетАбылай4 ай бұрын
Еркебұлан Марат өте керемет шығарылым, қазақ елі үшін терін төккен азаматтарды халыққа таныту керек. Елдос ағамыздың арқасында көк байрақ қазақтың туы париждің төрінде биіктен көрінді. Алға жігіттер✊
@bayan-nur4 ай бұрын
Не деген ой өрісі кең, сегіз қырлы, бір сырлы жігіт. Өте керемет шығарылым болды! Еліміздің көк туын биікке көтерген С.Елдоска рахмет!
@МаратБербешев4 ай бұрын
Осындай ұл тәрбиелеген ата анасына рахмет!
@zhanb62914 ай бұрын
Елдос - өте сирек кездесетін жігіт қой. Жаратқан ием өмірін ұзақ қылсын.
@aidaturgyn4 ай бұрын
Елдос осы передачаны жақсы ашылды.Жүргізушілерге рахмет👍Жақсы сұқбат болды👍Жамбыл облысын,Қазақстанды әлемге танытып жүре беріңіз❤
@ТолкынКасымова-г6й4 ай бұрын
Қадірлі Елдос Сметов! Парасат пайымы жоғары, ойлау қабілеті терең, алған тәрбиесі мықты, рухы биік, әр дүниенің кемеліне жеткен абыройлы азаматым! Әуелі Аллаға мадақ, одан кейін ата-анаңа алғыс, спортта жетектеп, алар асуларыңды жақындатқан, биік белестеріңді бағындыруға ат салысқан әрбір жанға рақмет! Өзіңнің мандай терің, үлкен еңбекпен қол жеткізген алтын медалін құтты болсын! Өміріңді осы алтындай жарқыратсын Аллам! Өзіңе, отбасыңа, өзіңе бағалы жандарға мызғымас мықты денсаулық, әр күндеріңізге береке мен хайыр тілеймін! Әсерлі әңгімеңіз үшін, сапалы сөздеріңіз үшін, мәдениеттілігіңіз бен имандылығыңыз үшін рақмет! Жақсы күндеріміз көп болсын!❤❤❤❤❤
@MuhammedMercedes4 ай бұрын
Міне, нағыз ер азамат! Сөзі мен ісі үйлескен, жігіттің жігіті дер едім. Еліміз үшін жасаған ерлігімен қатар, сөзі де нық, елге айтары бар, жасы болсын, үлкені болсын, ой салып тыңдаған жанға өзіне алары бар тәрбиелік, патриоттық мәні бар, шынайы сұхбат, шынайы кездесу болды. Ешқандай Коучтың, ешқандай психологтың керегі жоқ, егер сіз Елдос Сметовтың сұхбаттарын қарайтын болсаңыз, тұнып тұрған мотивация. Болашақта еліміздің билік тізгінін ұстап, жоғарыдан көрініп жатса, елі үшін, жері үшін күресетін, елдің қамын ойлайтын азамат болатынына сенімдімін.Елдос Сметовтей саналы ұрпақ сүюді бұйыртсын!🙏🤲Әрбір қазағым сіздей чемпион болмаса да, сіздей тәрбиелі,саналы, ата-ананың қадірін білетін, көзі ашық, көкірегі ояу адам деген атқа лайық болуын тілеймін!🙏🤲Сізге, ата-анаңызға, жалпы отбасыңызға ғұмырлы өмір тілеймін! 🙏🤲🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍🤍
@Saya_Aitbayevna4 ай бұрын
Жаныыыым! Елдос нағыз батыр!❤❤❤❤❤❤❤ Не деген өнеге, не деген тәрбие, не деген тәртіп, не деген сөздер ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ ЖЕТІП ЖАТҚАН! Тағы бір жылаттың ғой жаным, қуаныштың көз жасы үшін МЫҢ АЛҒЫС! Нағыз азамат! Елдос біз сенімен мақтанамыз!😎😎😎 Таразымның тарланы! Марат, Еркебұлан эфир үшін рахмет үлкен!❤❤ Сағынып қалыппыз.
@Sakura_______4 ай бұрын
Жаным Елдос аға🥹 ішіндегін шығарып алды деп ойлаймын осы жерде. Керемет. Чемпиондарымыз көбейе берсін❤️
@ЛяззатНугуманова3 ай бұрын
Чемпионмын деп жұлдыз болмай қандай әдемі айтып жатыр! Керемет тәрбиелі бала екен, түсінетін адамға Қазақстанның спортының дамуына үлес қосатындай жақсы әңгіме айтылды. Елдосқа сәттілік тілеймін, қазақша өте керемет сөйледі! Адамға қарапайымдылық қалай жарасады. Елдос осы қалпыңды жоғалтпа!
@MerizhanZholdasov4 ай бұрын
Елдос Сметов Ел үмітін ақтаған, “Қызық Times” Намысты TV ға сатпаған ❤️ Аман болыңдар 🫂
@Дана-х5д4 ай бұрын
Елдостың сұхбаттарының бәрін көріп шықтым.Тыңдаудан жалықпайсың.Сөз саптауы керемет,тыңдай бергің келеді❤Бақытты бол. Ата анаң,бала шағаң,отбасың аман саулықта болыңыздар❤
@Holodnoecerd4e4 ай бұрын
😢😢какой воспитанный наш чемпион !! Огромная благодарность родителям что так воспитали!!🎉🎉🎉
@aktilekmed4 ай бұрын
Әлем танитын спортшылар келіп жатыр Қызық Таймсқа, қызық таймстың уровеньінің артқанына дәлел шығар, ары қарай дами берсін Қызық таймс🙌🔥
@ХАН-ю3у4 ай бұрын
«Жасым үлкен мен жеңем» деп жүгірдің, Жұрт алдында омақасып жығылдың. «Күш атасын танымайды» дегенді Бұл өмірде бірнеше рет ұғындың. Көп болсын Елдостай азаматтар, Біліммен де, күшпен де ұрып жығар, Қолдайық бір-бірімізді әрқашан! Қазақ жігіттері әлемді бағындырар..!🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@qazaudiokitap4 ай бұрын
Неғыдың, мақтадың ба даттадың ба
@ЕргалиБекмаганбетов-о3ъ4 ай бұрын
Күш атасын танымайды, дегенді Бұл өмірде бірнеше рет ұқтырдың Осылай дұрыс болар!
@ГүлістанМахашева4 ай бұрын
Сөз саптауы керемет!Елдос,жарайсың!
@НаргизаЯкубова-ж6пАй бұрын
Казакшса жаза албаймда
@БакеБ-н5э4 ай бұрын
Қызық таймс бағдарламасы мен Елдос Сметов топ шығарылым болды❤🎉
@СВЕТАЭШМУРАТОВА4 ай бұрын
Қазір ғана көріп болдым,көп рақмет сіздерге❤.Жылапта алдым,күліпте алдым.Расыменде көңілге жақсы ой түйеді екенсің,көңілімде көтеріліп қалды.Сәттілік сіздерге😊🤗
@gauharkerimbekova41684 ай бұрын
Өте мәдениетті сөйлейді
@shokant69124 ай бұрын
Молодец Елдос, ыржың-тыржың күлкі шоуды мағынасы бар бір бағдарлама қылып кетіпті🐅🐅
@balnur4514 ай бұрын
Меніңше ең керемет выпуск осы деп ойлаймын, өте пайдалы әрі өмірлік ұстаным мен көзқарастың өзгеруіне бірден бір себебі болатын выпуск😍 Рахмет қызық таймс, әр шыққан видео контенттеріңыз көріп қолдаймыз Елдос Сметов сізге алғысымыз шексіз, чемпиондығыңызбен шын жүректен құттықтаймыз🙌🏻
@МайгульБайбурина4 ай бұрын
Керемет сұхбат болды! Терең ойлы, жан-жақты , әрі сегіз қырлы екенін аз уақытта көрсете білді Елдос! Чат рулетка шығу ұнамады ,өңшең бір сауатсыз, боқауыздар көп болды, екі сөздің басын қоса алмайтындар шыға берді. Елдостың болашақта алдына қойған арман-мақсаттары орындалуына тілектеспіз! 🎉❤ Айтары көп екен, тек
@Майра-ц5г4 ай бұрын
Елдосқа жастар еліктейді, көреді, тыңдайды . Жастарға Елдос барлық жағынан үлгі бола алады. Елдостың бойына еңбекқорлық, қарапайымдылық, қазақ тілін сүю, ұлттық намыс, ананы құрметтеу, елін сүю, имандылық , еркіндік секілді ізгі қасиеттер жинақталған. Өте тәрбиелі, сауатты, мәдениетті, әзілқой. Адамды өзіне баурап, тартып тұрады.Тіл көзден аман бол.Осындай қазақ жігіттері көп болсын елімізде. Ата-анаңа мың алғыс.❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@Anuar-18-014 ай бұрын
Елдос Сметов ағамызға риза болдым. Қазақтың көк туын желбіретіп, биікке көтеру әрбір Қазаққа бұйырсын🇰🇿🤲🫂
@MerizhanZholdasov4 ай бұрын
“Қызық times” өте жақсы бағдарлама,Жәй сөз,бос күлкі,Арзан сұрақтар емес. Күлдіріп отырып ой салатын Сұхбат болды,Аллаһ разы болсын Мәке Кеша ✊🏻
@nazgul.rantaeva4 ай бұрын
Анаңның сенімі, халқыңның үміті тұрғанда сынып қалуға еш қақысы жоқ ер азаматтардың. Спорт тәртіпті талап ететін орын. Сол себепті ұлдарыңызды еркек қылып тәрбиелегіңіз келсе спортқа беріңіздер! Елдосқа келер болсақ еңбегі арқылы осы дәрежеге жеткен ер азамат. Мықтыны мықты деу керек. Қазақты қазақ қылып танытқан Елдос. Сөз саптауы өте керемет. Ұтқан кезде қуанышты болдық тіпті жыларман күйде болдық. Қазақтың туы тек биікте шарықтай берсін. Қазақ болғаныма қатты қуанамын😊
@MaratOralgazin4 ай бұрын
Ана туралы мықты айтты иә?
@nazgul.rantaeva4 ай бұрын
Ия анасының сенімі алға сүйреді ғой. Аналық жүрек шіркін баласына ненің жақсы екенін сезеді ғой. @@MaratOralgazin
@nazgul.rantaeva4 ай бұрын
@@MaratOralgazin Марат аға Еркебұлан аға осындай жастар үлгі алатын бағдарламаларыңыз көп болсын. Ел үшін сіздерде қызмет жасап жүрсіздер, сіздерге табыс, үлкен жетістіктер тілеймін. Жастарды сүйреп қолдап жүргендеріңізді көп естимін. Алла бастарыңызға бақ берсін. Ылғи жазамын деймін реті осы келді😊
@Гүлжайна-ч6ч4 ай бұрын
❤@@MaratOralgazin
@МеруертАлмаханова-д6е4 ай бұрын
@@MaratOralgazinчаттарды қалай қостыңыздар сол қызық болып тұр ватсап или инста ма😃
@noname-cs5is4 ай бұрын
Елдос аға сондай тәрбиелі екені байқалады. Сөз саптауы, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстағаны, бәрінен көрініп тұрады қандай ер-азамат екені. Даусы өте жағымды, ән айтқанда да біраз таланты бар екенғой👍🏻
@BauyrzhanAhmetaliuly4 ай бұрын
Керемет шығарылым Қызық times рахмет, Елдостай жарық жұлдызымыз бар болғанын аллаха шүкір! Елдостың ой өрісі өте жоғары деңгейде, сондықтанда қазіргі өсіп келе жатқан жастар үлгі алса деймін!
@СакенДунесов-в7ф4 ай бұрын
Ассалаумағалайкум ағайын. Өте қызықты сұхбат болды. Елдос бауырым тек мықты спортшы ғана емес, сонымен қатар өнерлі, білімді азамат екен. Сөз саптауы мықты, өз ойын мүдірмей жақсы жеткізеді екен. Аллаһ тағалла өзіне, жанұясына, ата-анасына зор денсаулық, ұзақ өмір берсін. Ал Мәкең мен Ерекеңе, "Қызық times" бағдарламасына сөз жоқ. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Үлкен рахмет.
@Niazakun4 ай бұрын
Осындай ерлер тұрғанда қазақ елі мәңгілік 🇰🇿🇰🇿
@СанияХасанова-т5я4 ай бұрын
Елдос айналайын.Тәрбиелі,өнегелі, сабырлы, қарапайым азамат екеніңді әлі де көрудеміз.Сөз саптауың ,ақыл ойың қандай керемет. АНА ға деген құрмет, еліңе,халқыңа деген қошемет мол болсын.Абырой атағың арта берсін.
@damirazholdasbay194 ай бұрын
Қызық Times-тың жаңа шығарылымында Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті көргеніме өте қуаныштымын. Елдос Сметовтың еңбекқорлығы мен табандылығы спорт әлемінде үлгі болып табылады. Оның жеңістері тек өзіне ғана емес, барлық жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады. Осы қызықты шығарылымды ұсынып, көрермендерді шабыттандырғандарыңыз үшін алғыс айтамын!
@gulnazgayau3 ай бұрын
Елдостың спорттағы жетістіктері жайлы қана емес, қазақтың жігіті ретінде таныстырғандарыңызға көөп рахмет!!! Бірден - бір ер- азамат, қайсар мінезді, ұшқыр ойлы, мейірімді, бүкіл ел мақтанатындай екен. Сұхбат өте қызықты өтті !
@Dorama_Seryals_Para4 ай бұрын
Елдостың артынан тек чемпиондар көбейсін қазақ спортшыларында. Жарайсың еркексін.
@dd_dlya_detei4 ай бұрын
Осы сұхбат біраз адамға сабақ болды. Тәрбиелік мәні де, әзілі мен шындығы жарасқан инсайд сұхбат болды. Мотивацияға да толы❤ Рахмет көп-көп біздің елдің туын көкке көтеріп,аңсаған алтын әкелгеніңіз үшін😊 Марат пен Еркебұлан ағалар әзілдің жілігін шағып,майын жегендерғой🫶🏻
@Динара-ш8э4 ай бұрын
Өте тәрбиелі. Ата-ана көрген жігіт екен. Ата-анаң 100жасасын саған осындай тәрбие берген. Дұрыс анаңды алып шыққаның мен қолдайм. Әйеліңді әлі ертіп шығып үлгересің
@zhansauleqanatova78644 ай бұрын
Әдемі сұхбат болды. Елдостың сөзін бөлмей, тыңдағандарыңыз үшін🙏 айтарв көп жігіт екен
@Akkumiss4 ай бұрын
Сондай мәдениетті, сөз саптауы керемет, әзілге де бар, интелектісі, ойлау қабілеті өте жақсы нағыз үлгі болатын азамат🔥
@АйнурЕсенова-ч3е4 ай бұрын
Мәдениеті,тәрбиесі,сөз саптауы,қарапайымдылығы өте керемет.
@МерхатЗекен4 ай бұрын
Елдосты тыңдай бергін келеді, өте сабырлы тәрбиелі жігіт
@Azimbek_Bailin4 ай бұрын
Өте керемет қонақ, керемет шығарылым болды. Рахмет жігіттер. Осы сұхбаттан жастарымыз үлгі ала берсін. Братан деген сөзді қойып, АҒА деп мәдениетпен сөйлей білейік. Жеңіс құтты болсын Қазақтың БАТЫРЫ 🇰🇿✊
@user-cn9mn1ws3t4 ай бұрын
Елдос нағыз азамат! Сөзі қандай, өзі қандай! Тіл-көзден аман болсын! Отбасы, ата-анасы, жан жақындары, бауырлары бәрі амандықта болып, еңселі , ордалы чемпиондар, елге қызмет ететін жақсы тұлғалар шыға берсін! Еліміз аман болсын! Сөз саптауды, жастар, Елдостан үйреніңдер! Төзімді, сабырлы болуды Елдостан үйреніңдер!
@ЖасуланСейлхан-и6д4 ай бұрын
Маке Ассалаумалейкум рухты түсірілім болған екен. Жарайсыңдар бауырларым
@МамановаАйгүл4 ай бұрын
Марат,Кеша қалған ұта алмаған спортшыларды да шақырыңыздаршы.Еңселерін көтерейікші.Өмірлері алда әлі деп жақсы қолдау жасайықшы.Молодец Сметов, өте мәдениетті екен,сөз саптауы тамаша🎉🎉
@ЖансаяЖакаева3 ай бұрын
Сөз саптауы өте жоғары екен,жарайсыз бірінші әке-анаңыздың батасы,екінші өзіңіздің әппақ ниетіңізге қарай Алла берді… сегіз қырлы,бір сырлы екен..дауысы неткен керемет…тіл көзден аман болыңыз… барша Қазаққа үлгісіз!!
@АзаматСапаров-ф8ю4 ай бұрын
Армандар орындалады мақсатың айқын болса деген сөзді іспен дәлелдеді ғой Елдос бауырымыз!🎉🎉🎉
@MaratOralgazin4 ай бұрын
Иә, Азеке! Қаншам еңбек!
@magzhanbakyt87644 ай бұрын
Атаңа рахмет батыр!!!Сендей Қазақтың ұлдары көп болсын❤
@Mara08-084 ай бұрын
Елдос бәрекелді тағыда жеңісін құтты болсын! Жамбыл облысының Қазақстанның намысын ту етіп көтеріп жүре бер! Қызық таймсты қатты сағынып қалыппыз! ♡
@АлтынайЖ-я6т4 ай бұрын
Өте керемет эфир, Елдостың сөйлеу манері , тәрбиесі ұнады. Керемет. Чат рулетка деген қандай қосымша екенін білмеймін. Бірақ жастардың оның ішінде қыздардың сөйлеулері бір женіл болып көрінді. Өзім қыз бола тұра, олар үшін ұялып отырдым.
@ХаншайымАдилхан4 ай бұрын
Елдос аға қайсарлы жігіт. Арыстандай айбатты жолбарыстай қайратты азамат. Аллам оған жар болсын. 3 олимпиадада туымызды көкке желбіретті. Франция жерінде президентінің көзінші өзінің мықты екенін мойындатты. Жарайсыз Елдос. Алға Қазақстан🇰🇿❤
@ЖанаргулНурымова-ъ4ш4 ай бұрын
Құрметті Елдос! Ұлы жеңісіңіз құтты болсын,Алар асуларыңыз биік, көп болсын 🤲 Жақсы тәрбие берген ата анаңа мың алғыс. Қазақстанның туын биікке көтеріп жүре беріңіздер 🤲Қызық тайм ұжымы сіздерге мың алғыс,еңбектерің жана берсін 🤲 Жақсы жастарға тәрбиесі мол программа болды ,түсініп тыңдағанға, жарайсыңдар ✊🔥
@ЧЕРВИЯЧНАЯ4 ай бұрын
Асфальт тақырыбы қызық болып тұр😂❤ ең қызық шығарылым болды бұл
@ГулшаратИнкашева9 күн бұрын
Айналайын Елдосжан саған Алла құзырынан тек жақсылығын нәсіп етсін балам ❤. Биіктерден көріне бер, мәртебең асқақтай берсін алтын балам 🤲🔥
@ЖулдызайАраш4 ай бұрын
Елдос Сметов аға осы бағдарламада еркін, ашық әңгімесін, әзілін айтып отырды. Олай отыру себебі жүргізушілердің ықпалынан деп ойлаймын. Керемет шығарылым, маған ұнады 👍
@maralismagulova4 ай бұрын
Недеген жүзі жылы жан еді. Қарапайымдылығы көрініп ақ тұр😍👏 Сөйлеу мәнері де ерекше. Жарайсыз👏Тек биік белестерден көріне беріңіз❤
@AKN89014 ай бұрын
Қандай керемет! Әрбір қазақ жігіті Елдостай, Марат пен Еркебұландай болғай! Білімді, жігерлі жігіттер көп болсын!
@ГулнурАбдукаримова-т3б4 ай бұрын
Анасын құрметтеген ұрпақ, жалпы әйел затын құрметтеп өтеді! Ата-анаңа мың алғыс, мейірімді, салиқалы, жүрегінде иман байлығы күшті етіп тәрбиелеген🤩🤲! Жеңісің көп болсын чемпион🇰🇿✊!
@АзаматСапаров-ф8ю4 ай бұрын
МашаАлла! Алла разы болсын! Алла тіл көзден сақтасын бауырымызды. Әмин. Марат пен Еркебұлан сол баяғы ТОП!)😊🎉🎉❤
@gulzirayntymak96534 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат болды Сөз саптауы дауыс ырғағы сондай керемет құлаққа жағымды😊Сана сезімі биік тұлғасы ерекше азамат екені қуантты.Осындай жандар көп болса екен.Үлгі болатындай жаны жайсаң жан екен😊Ата-анасына Алла ұзақ ғұмыр берсін.Мұндай қазақтың бетке ұстар азаматын тәрбиелеген тұлғаларға алғыс☺️
@Bahasila_104 ай бұрын
Қазақ елінің дзюдадан тұңғыш олимпиада чемпионы аңыз аты алтын әріптермен қалады Қазақстан тарихында✊
@СерікКунешов4 ай бұрын
Азамат , осындай тәрбиелі спортшылар көп болсын.
@AselDuisenbaikyzy4 ай бұрын
Қызық Times бағдарламасына алғысымыз шексіз , сіздерді қарап жүргеніме көп болды ,өте керемет бағдарлама!!!Елдос Сметов тек алға ,сізге көп көп рахмет осылай Қазақстанды көтеріп жатқаннызға .Біз сізді әрқашан қолдаймыз ,алға ❤❤❤
Әдемі сұхбат болды. Жарайсың, Елдос! Қазақы тәрбиені жақсы көрсетті. Жеңісті, жемісті күндер алда болсын! Ендігі жастар 3 мәрте олимпиада жүлдегерін шығарған ұлттың өкіліміз деп, алға ұмтыла берсін!
@Dauren_Kuanysh4 ай бұрын
Өте керемет Елдос құтты болсын!!! Сөз таптаулары, қазақша сөйлеуі өте керемет, жастарды өзің сияқты олимпиада чемпионы болуға үлесіңді қоса бер!!!✊🏼✊🏼✊🏼
@ZhumakhanItzhanova_19852 ай бұрын
Кругозоры парасатты адамдардан құралған, ақыл деңгейі, ой-сарасы таза, өресі биік чемпионмен өткен әдемі сұхбат, жақсымен өткен жағымды жарты сағаттар болды.
@Epicminecraft174 ай бұрын
Елдос Сметов агамыз барша казак елыне асыресе осып келе жаткан жастарымызга улгы бола былды, осынын аркасында елымыз дзюдодан алгаш алтын медальга ие болды. Маган унады тек алга🔥🇰🇿
@user-Tolganai4 ай бұрын
Мынау сұхбатты көріп қуанып отырмын. Білімді, тәрбиелі адам екені көрініп 8 қырлы 1 сырлы нағыз ер азамат екені көріп тұр. Баласы осындай болса ата-анасыныңда жақсы кісілер екені көрініп тұр. Ата-анасына, отбасына Алланың нұры жаусын! Жұмақтың төрін нәсіп етсінші😍🤲🏼
@mukanova474 ай бұрын
Жарайсын 🎉🎉 Такада туралы айтканда ностальгия болды прям, бурын Олбрайтпен куресин коруши едик,ал ени мине озимиздин Казак жигити букил әлемге Казак елин танытты 🙏🏻👍
@kazakhalash18534 ай бұрын
😂😂😂ол Такада емес
@НурсШаун4 ай бұрын
😂🤣🤣🤣🤣
@ХадишаАбдыкалыковна4 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат. Спортшы болып қоймай, сөз саптауы, айтқан әңгімесі өте орынды,керемет сөздер. Лайықты олимпиада чемпионы
@umitbekovafarida78264 ай бұрын
күшті шығарылым,Елдостың сөз сөйлеуі жан жақтылығы бәрі керемет болды🎉 чемпион осындай ұлдың анасы болуды нәсіп етсін
@almagulbisahan89644 ай бұрын
Өте керемет сұхбат көңілді болды Елдос Сметовқа толағай табыс тілеймін.Жеңістен жеңіске жет
@Brilliant-y5e4 ай бұрын
Өте білімді жігіт!!! Ұлтымыздың мақтанышы!!!!
@ДаникАлматы2 ай бұрын
Керемет көрініс Елдос сіздің жеңісіңізді қайталауға тырысатын спортшылар елімізде көп боосын сізге үлкен рахмет, Марат , Еркебұлан керемет чемпионды шақырып сұхбат жасағандарыңызға рахмет
@amangeldy64844 ай бұрын
Елдос Сметовтен қаншама интервью алынды, бірақ ішіндегі ең шыңы осы болды. Қызық Таймс әдеттегідей жоғарғы деңгейде! Қазақстан республикасы жасасын 🫀🫀🫀
@useruser87993 ай бұрын
Жылап, күліп бір деммен көрдім. Күшті сұхбат болды❤
@АйсұлуКөбегенова4 ай бұрын
Елдос Сметовтың сөз саптауы өз ойын нақты жеткізіп айтуы мықты. Биі өте керемет 😊😊😊🥰🥰🥰
@zhannaaitzhanova345917 күн бұрын
Түр десең түрі бар,ой десең ойы бар,күш десең күші бар,менің ұлымда Елдос сияқты ел мақтанышы болса екен деп тілеймін👍👏👏❤️💐🙏🏻🤲🏻
@SaltanatJarylkasyn4 ай бұрын
Елдос аға жеңісіңізбен шын шүректен құттықтаймын!!! Керемет шығарылым болды😍 көп рахмет!!! Уақыттың қалай өткенін байқамай қалдым🥰 Көк туымызды көкке көтерер ер азаматтарымыз көп болсын!!!
@СакенМакен-щ4в4 ай бұрын
(Елдос, ты настоящая гордость Казахстана! Твоя сила духа, целеустремленность и мастерство вдохновляют не только молодых спортсменов, но и всех, кто стремится к успеху. Спасибо за твой вклад в дзюдо и за те эмоции, которые ты даришь своим болельщикам. Желаю дальнейших побед и новых вершин!) Десем қалай орысшам. А брат Марат?
@adiletabdusabarov10654 ай бұрын
Ассалаумалейкум ағайындар. Елдос ағамызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл жеңіс бүкіл халықтың жеңісі деп білеміз. Елдос ағам үнемі осылай жарқырап жүре берсін бұйырса 🇰🇿😎✊. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын ❤🇰🇿
@atlet-093 ай бұрын
Рахмет тамаша передача саттилик тилеймин 👏👏👏👏 Улкен салам Кыргызстандан 🇰🇬🫂🇰🇿
@ДуманРизибек4 ай бұрын
мына жерде көкпарға өкпелеген қырғыз жоқ екенгой 😂😂😂 тып тыныш бүкіл интернет қырғыз қазақ дау дамай мына жер қандай күшті Елдос жарайсың бауырым !!!
@МайраШауменова4 ай бұрын
😂😂😂😂😂😂😂отти👍👍👍👍👍👍
@Holodnoecerd4e4 ай бұрын
Кыргыздар значит воспитанный халык
@АйданаРахатова-ю2ю4 ай бұрын
Нағыз сегіз қырлы бір сырлы азамат екенін дәлелдеген сұқпат болды! Рахмет көп сіздерге⚡️ Спортсмен болса осындай болсын❤ Енді оқушылар дайындап оқушылары олимпиада чемпиондары болсын🎉
@ТаншолпанБасарова4 ай бұрын
Керемет Елдос Сметов өз ойын еркін әрі еш қысылмай жеткізе алды және сөз саптауы керемет.
@ШолпанНұрбай4 ай бұрын
Спортшы дегенде тек күресіп спортпен ғана айналыспай осындай өресі кең азамат болғанына өте қуаныштымын 🩵🩵🩵 әрине өзі айтпақшы тәрбиенің де арқасы. Енді беліңізді буып екінші рет олимпиада чемпионы болуыңызды тілейміз! Анасының да жарының да орны ерекше ғой, екеуі де әйел адамы тілеушісі, тірегі. Анасын бірінші орынға қойып ешкім жаман болмайды. Баланс ұстау керек ер адам. Жарайсыз! ✊️✊️✊️