«Бісімілә рахман рахим - Әуелі бастар сөз еді. Асыл сөзді түсінер Қазағым дархан ел еді. Таусылмайтын көңілі Ағайынға мол еді. Сарқылмайтын байлығы Жарқыраған көл еді. Ағалары ініге Үлгілі ұлы жол еді. Ер азамат сөз бастап Қызыққа елім толы еді. Үлкенге кіші Заңы елдің жөн еді. Аталардың ақ жолы Барлығына сән еді. Аталардың ақ сөзі Елімізге дәрі еді. Жақсылар елді басқарып Жаманшылық әрі еді Бүгінгі елден ерлерім Тірі еді және ірі еді. Жаманшылық болса да Алдағыны болжасам - Қара бұлт төніп келеді Тыныш тұрған еліме Ақырдың бұлты төнеді. Төнген күні, ағайын, Жақсыны жаман жеңеді Ақсақалдар биік шың Асқар тауға тең еді. Елестетер келер күн Аласа жаман төбені Асылдың сөзі жүрмейді Билігін елге жүргізер Адамның жаман-төмені. Асылдардан күн кетер, Қолында болмай дерегі. Жаманға жақсы бағынып, Қамауда жапа шегеді. Басшылары елімнің Басына елдің тебеді. Ел басқарған жақсылар Еліне бұрмас жүрегі. Саудамен сартқа айналар Елдің біраз бөлегі. Сарттан таңдап қоярсың Төрде отырар төрені. Ақшасына сүйеніп Қыран болып қара құс Ағайынды бүреді. Жылан болып кесіртке Ысылдап шағып жүреді. Төбет болып қаншықтар, Иесіне қарай үреді. Жазылмас дерттер көбейіп, Шашылып ұрық себеді. Ақ жолдағы молдалар Адал болмас жегені. Тура жолды көрсеткен Ерін талап сөгеді. Бақсы-балгер көбейіп Еліне салар бәлені. Бір-біріне азаяр Адамдардың көмегі Ел алдына шықпайды Болса да жігіт өнері Жомарттық кетіп байлардан, Жетімге болмас берері. Құл-құтандар би болып, Арасын елдің бөледі. Болжай алмай алысты Аяқ астын көреді. Ішерге елім тарылып Қиын өмір сүреді. Төрелік айтар билердің Пара болар керегі. Өсірген қыз бен келінің, Ойламас ата-енені. Батасыз жастар қосылып, Оттары жанбай сөнеді. Тірі жетім көбейіп, Мейірсіз өсіп-өнеді. Керексіз болып туылар Дүнияның тәтті бөбегі. Ұят кетіп қызыңнан, Жалаңаштар денені. Жез тырнақты, жалбыр шаш Кейпіне жынның енеді. Ата-анасы ұл-қыздың Айтқанына көнеді. Жүзінен қашып ибасы Басынан түсіп желегі Келіннің түсі өңеді. Той-мереке бастайтын Ер адамның жолына Әйелдер қағар шегені. Келіндер өзі жүргізер Топ бастайтын кемені. Намыстан ерлер айырылып, Бір келін топ бастаса - Бірі қалмай ереді. Әйел болып еркектер Өсекті жиып-тереді. Батыры елдің жауға емес, Еліне атар жебені. Осыларды болжаған Кенжедегі Ақтанмын - Айтар сөздің шебері Хақтан келген дерегі. Әруақты аталар - Барлығынан өтетін Қазақты асыл деп еді Сондықтан да ұрпағым Түзелер деп қисайып - Сендерге бабаң сенеді!.. Жаратушы Алланың Берері бізге көп еді Сыйынсаңыз Аллаға Сарқылмас әстер берері.
@ГульнарЕртишевнаДуйсекова2 жыл бұрын
О, тоба! Айтқанының тура келген-ай! Ұялып кеттім! 'Нағыз болжам, нағыз көріпкелдік!"- десек болады.
@УбиевКойшыбай2 жыл бұрын
Жаман мен ұрының заманы ғой қазір.Ақтан атамыз дәл болжап айтқан екен.
@sarsenbayzhangirov7474 Жыл бұрын
Ақтан атамыздың болжағаны айдай анық болып сол заман келіп жатыр
@НурияБисенова-е9о2 жыл бұрын
Ойпырмай, дәл айтыпты-ау. Әруағыңнан айналайын Азизім-ай.
@КуанышДжумабаев-к9ц2 жыл бұрын
Халқым аман бол
@әйқайдам3 жыл бұрын
қайран бабаларымыздың айтқандары айдай кеп тұр ғой!
@БахтыгулЖубанова7 ай бұрын
ҚАСИЕТТІ БАБАМ - АЙ 🤲❤️
@БегенЕрназаров-ш8ч2 жыл бұрын
Турыс айтылған тап осындай Оспан рахмет!!!!!
@ГулманатСыздыкова2 жыл бұрын
Ғайыптан келген құдірет ,бұл кісінің ауызына салып бергенғой дәл айтты
@СайранОрынгазиев2 жыл бұрын
Тек қана алға осылай жыр термелерімізді ұлтымызға насиқаттаи беріңдер
@АдильАбдулхамидов2 жыл бұрын
Ассаламағалейкүм дұрыс айтқан екен Ата Бабаларымның жатқан жері жайлы топырағы торқа болғай! Бұл келешек жастарға айтылған насихат! Қазақ Елім аман жұртым тыныш болсын! Тобыш руы Қызыл Шегем ұрпағымын! Тек бір Алла деп құдайды ұмытпаң, ағайындармен араласып жүрің!
Дурыс айткан барлыгы дәл осындай келіп тур кандай болжаган керемет .
@КымбатЕшматова2 ай бұрын
Жарайсың, орындайтын жырларың көп болсын !!!
@АдылханПирнепесов5 ай бұрын
Батыс пен европа орыспен арапка еліктеп жүрген еліктеушілепдің заманы келетіні дәл болжаған ұлттық идиологияның темірқазығын қаққан. АҚТАН іштен Ақтан атамыз. Жаны жаннатта болсын. Болашаққа деген снніміңізді Жаратқан Алла елімізге нәсіп етсін.
@ЕржанАтабай-о1й Жыл бұрын
Кеменгер Аталарым-ай Білген екен-ау.
@OryngulTaspolatova2 жыл бұрын
Ата бабаларымыздың қадір қасиетімен мықты рухы жар болсын, ұрпақтарын қолдасын. Алладан шын ниетпен сұрасаңыз берері шексіз дептіғой атамыз. Ниетіміз түзу, иманымыз бүтін болсын.
@ШариСабак9 ай бұрын
Керемет деп осыны айт
@БауыржанАвданбаев-х2ы3 жыл бұрын
Бәрекелді бауырым
@ГалымжанНасипкулов-ц4ч Жыл бұрын
Ойпырмай ааа казырге айткангой мына жырды ойпырмай а тан калып отырмын.
@Жанарбек-ы5ф6 ай бұрын
Актан атамай жаны жанатта болсын
@МерейМереев-в2ф3 жыл бұрын
Ой құдай осы уақытты болжапты
@СайранОрынгазиев2 жыл бұрын
Ои бәрекелді жағың түспеи жамандық көрме осылай жыр термелерімізді айта беріңдер
@ИбайдуллаСарсенов3 жыл бұрын
Оспан рахмет
@АмантайАйтыманов-ф2в2 ай бұрын
Адайларым - ай !
@nursskz-d7h3 жыл бұрын
Жаның жамандық көрмесын Оспанжан
@ЖумабекМусагалиев-з2ю3 ай бұрын
Керемет ❤👍👍👍
@УмиржанБекибаевич2 жыл бұрын
Қайран ата бабалар .елдің қамын оилаған .қайтып келсін жақсы күн .еліміздің басына ..Бір АЛЛА .ҚОЛДАП .ЕЛІМДІ АТА БАБА ӘРУАҒЫ .ЖЕБЕСІН ДЕП ТІЛЕЙМІН ...берекет келіп еліме ..жақсылардың қатары көбеисін деп тілеймін ..кәзіргі жүрген түлкілер ..кіріп қайта ініне ..шықпастай боп .қайтадан .көрсетпесін .қарасын ..
@ЫрзабекАлимбаев Жыл бұрын
Не деген көріп келдік. Кәзіргі жастардың, бүгін қосылып, көп ұзамаи, бата бұзып аиырылысып жатырғанын дәл аитты. Мен бір сот досыммен сөилестім, сонда соттың аитқаны мынау болды. Бір аптанын бес күнінде, бес жас жұп аиырылысады деиді. Сонда біз қаида бара жатырмыз? Мына жағдаименен Қазақ өспеиді. Некеге деген адалдық мүлде жоғалды. Қатындар құтырған заман болды. Күиеулері балашаға деп, аилап алыста жұмыста жүргенде, қатындардың жүріске түсіп, соңында ұсталып, жанұялар бұзылып жатыр. Өз кінәсін елемеи, сотта ұялмаи қызармаи күиеуінің дүниясын бөліске салады сұмпаиы қатындар. Әділетсіз соттарда қатынның сөзін сөилеиді. Дұнияныда, баланыда сұмпаиы, көргенсіз қатынға тіиесілі қылып шешім шығарады. Ер азаматтың құқығын кім қорғаиды? Кер заман деген осы болып тұр.
@МуратбекХуаншбеков2 жыл бұрын
Керемет соз жок калай айткан ааа
@adiletensegenov84412 жыл бұрын
362 лайк🤩
@ШариСабак9 ай бұрын
Аллаһ ұлық
@БексултанКожа Жыл бұрын
Жеменей Ақтан атамыз
@Арман-ц5л9я2 жыл бұрын
👏🏻
@АсылбекБердышев-м4м2 жыл бұрын
Адаидын термелерине балкып отсындарма
@zhanibekkerey2948 Жыл бұрын
Адай болып болинбе!!! Неге Керейулы!?
@zhanibekkerey2948 Жыл бұрын
Катесиз жазып уйрен
@БахтыгулЖубанова7 ай бұрын
@@zhanibekkerey2948 АДАЙДЫҢ АЙТҚАНЫ ! Немене ... 'керей' - атын Сатып алып па ең 👎