✅️Отбасыңа зор байлық Ісіңе табыс Болашаққа жол ашатын сүре Шура сүресі Сүрелер мен дұғалар

  Рет қаралды 4,565

Holy Quran

Holy Quran

7 ай бұрын

Отбасыңа зор байлық Ісіңе табыс Болашаққа жол ашатын сүре Шура сүресі Сүрелер мен дұғалар
Әр күніңді Аят, Хадис, Дұға, Мақал оқып және оларды меңгеріп әсемде: t.me/aiatgz
Құран АЯТ Хадис: / @bna_ai
Сүрені оқушы: Абдулла Абдал - Нұсқа: Асимин Хафс
Дереккөзге сілтеме: mp3quran.net/ru/a_abdl
islam.global/verouchenie/kora...
/ @bna_ai
kuran.kz/sureler/72
Шура сүресі Қазақ тіліне аудармасы
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Ха Мим. (1)
‘Айн Син Қаф. (2)
(Мұхаммед Ғ.С.) Тым үстем, аса дана Алла (Т.) саған да, сенен бұрынғыларға да осылайша уахи етті. (3)
Көктердегі, жердегі барлық нәрсе Оныкі. Ол тым жоғары, өте зор. (4)
(Алладан қорқып) көктер үстінен жарыла жаздайды. Періштелер Раббыларын дәріптей мақтап, жердегілерге жарылқау тілейді. Көңіл бөліңдер. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, төтенше мейірімді. (5)
Сондай Алладан өзге ие жасап алғандарды; Алла бақылайды. (Мұхаммед Ғ.С.) Сен оларға кепіл емессің. (6)
Осылайша қалалардың орталығы (Мекке халқын) әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін; саған арапша Бір Құран уахи еттік. Ол күні бір топ жаннатта, бір топ тозақта. (7)
Мүбада Алла қаласа оларды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда Алла, кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға дос та, көмекші де жоқ. (8)
Я, олар Алладан өзге ие жасап алды ма? Негізінде Алла, өзі ие; Ол өліні тірілтеді. Және Оның әр нәрсеге толық күші жетуші. (9)
Сендер тартысқан нәрсе турасында шешім жасау Аллаға тән. Міне осы Алла, менің Раббым. Оған тәуекел еттім, әрі Оған мойынсал болдым. (10)
Көктер мен жердің жаратушысы; сендер үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, хайуандар үшін де жұптар жаратушы. Өстіп сендерді өсірді. Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық көруші. (11)
Көктер мен жердің (қазыналарының) кілті Оған тән. Кімді қаласа, несібесін кеңітеді де шамалайды. Өйткені Ол, әр нәрсені толық білуші. (12)
(Мұхаммед Ғ.С.) Алла Нұх (Ғ.С.) қа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді сондай-ақ Ыбырайым, Мұса және Ғиса (Ғ.С.) ға нұсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырған нәрсең мүшріктерге ауыр келді. Алла оған (сен шақырған дінге) кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе оны тура жолға салады. (13)
Олар өздеріне білім келгеннен кейін араларындағы көре алмастықтың салдарынан ғана бөлінді. Егер Раббың тарапынан, белгілі бір мерзімге дейін сөз бекіген болмаса еді, әлбетте араларында іс біткен болар еді. Расында олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер де әлбетте одан шәк ішінде күдіктенуші. (14)
(Мұхаммед Ғ.С.) міне сол үшін ақиқатқа шақыр да бұйрылғаныңдай мықты тұр. Олардың ойларына ілеспе және оларға: “Алла түсірген Кітапқа иман келтірдім. Сондай-ақ араларыңда әділдік қылуға бұйырылдым. Алла, біздің де Раббымыз, сендердің де Раббыларың. Біздің ісіміз бізге, сендердің істерің сендерге тән. Сендер мен біздің арамызда тартыс жоқ. Алла арамызды қосады. Және қайтар орын сол жақ” де. (15)
Дін қабылданғаннан кейін Алла турасында дауласқандардың даулары Раббыларының қасында босқа. Оларға ашу және қатты азап бар. (16)
Ол сондай Алла, Кітапты және өлшеуді шындықпен түсірді. Қайдан білесің? Қиямет жақын шығар. (17)
Оған сенбегендер, асығыс тілейді. Сенгендер, одан үрейленіп, оның хақ екенін біледі. Сақ болыңдар! Ол мезгіл жайында тартысатындар, әлбетте ұзақ адасуда. (18)
Алла (Т.) құлдарын өте аяушы. Кімді қаласа, несібе береді. Ол өте күшті, тым үстем. (19)
Кім ақырет пайдасын қаласа, оған оның пайдасын арттыра түсеміз. Ал және кім дүниенің пайдасын іздесе, оған одан береміз. Оған ақыретте несібе жоқ. (20)
Немесе дін тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар. (21)
(Мұхаммед Ғ.С.) залымдарды, қылмыстарының жазасы келуінен шошығандарын көресің. Ал сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер, жаннат бақшаларында болады. Олар үшін Раббыларының қасында не тілесе бар. Міне сол, ұлы кеңшілік. (22)
Міне Алла, иман келтіріп, түзу іс істеген құлдарын қуанышқа бөлейді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін” де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бұндағы жақсылығын арттыра түсеміз. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, шүкірлікті бағалаушы. (23)
(Мұхаммед Ғ.С. олар сені): “Аллаға өтірік жала қойды” дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шығарады. Өйткені Ол, жүректегілерді толық біледі. (24)
Ол, құлдарының тәубесін қабыл етеді де, күнәларын кешіреді. Әрі не істегендеріңді біледі. (25)
Жалғасы бар...
#сүрелермендұғалар #құран #құранкәрім

Пікірлер: 20
@user-sm7yn1eo7o
@user-sm7yn1eo7o 20 күн бұрын
Аумин алла
@kazaxkazax9560
@kazaxkazax9560 18 күн бұрын
ӘМИН АЛЛАҺЫМ ДҰҒА-ТІЛЕКТЕРІМІЗДІ ҚАБЫЛ ЕТСІН
@user-cz7co4mk2v
@user-cz7co4mk2v 19 күн бұрын
АУМИН
@user-or1gc6fk5o
@user-or1gc6fk5o Ай бұрын
Алла әрбір жақсы жандардың тілегін қабыл ете гөрші аумин
@bna_ai
@bna_ai Ай бұрын
Әмин
@bna_ai
@bna_ai 22 күн бұрын
Дәл қазір телеграм арнасына қосылып әр күніңді құран, аят, хадис, дұға, насихат,мақал оқып және оларды меңгеріп жан дүниеңді әсемде! @t.me/aiatgz
@user-lb9dn4km8e
@user-lb9dn4km8e 22 күн бұрын
Әумин...
@bna_ai
@bna_ai 22 күн бұрын
Дәл қазір телеграм арнасына қосылып әр күніңді құран, аят, хадис, дұға, насихат,мақал оқып және оларды меңгеріп жан дүниеңді әсемде! @t.me/aiatgz
@user-sy6he4lv2z
@user-sy6he4lv2z 13 күн бұрын
Аллага сураган тилек,дугаларымызды кабыл етсин
@user-tx2gh5sp5s
@user-tx2gh5sp5s 7 ай бұрын
Алла тағаланың назарында болыныз
@user-fi1ke3yd5b
@user-fi1ke3yd5b 10 күн бұрын
Я Алла Аминь Аминь Аиинь
@bna_ai
@bna_ai 9 күн бұрын
Әр күніңді Аят, Хадис, Дұға, Мақал оқып және оларды меңгеріп әсемде: t.me/aiatgz
@user-is2rr8ou9s
@user-is2rr8ou9s 12 сағат бұрын
Я АЛЛА АМИНЬ АМИНЬ АМИНЬ
@bna_ai
@bna_ai 7 минут бұрын
Әмин. телеграм арнасына қосылып әр күніңді құран, аят, хадис, дұға, насихат,мақал оқып және оларды меңгеріп жан дүниеңді әсемде! @t.me/aiatgz
@user-zq5sy9gn4e
@user-zq5sy9gn4e Ай бұрын
Алла халқымызды топан сулардан сақтай гор сабыр ынтымақ куш қуат беое гор
@user-rn9xu9dl3o
@user-rn9xu9dl3o 24 күн бұрын
Аллам окыган дуганы пендене сауаптан жаз Алла арбир отбасынын береке ырыс даулети ете гор Азаматарымыз аман болсын Не тилесек тилегимиз кабыл болсын аумин
@bna_ai
@bna_ai 24 күн бұрын
Дәл қазір телеграм арнасына қосылып әр күніңді құран, аят, хадис, дұға, насихат,мақал оқып және оларды меңгеріп жан дүниеңді әсемде! @t.me/aiatgz
@user-sm7yn1eo7o
@user-sm7yn1eo7o Ай бұрын
Алла маган дуга тилегтмди бертнизши алла менде сиздин умбетиниз периштенизбин сизге алла арман илегимди киыншылыктан коргап сатти кундермнн жаксылыктарга жетеленизши алла аумин мени сизден отинерим алла мен жаксы боламын
@user-sm7yn1eo7o
@user-sm7yn1eo7o 23 күн бұрын
Ааумин алла жалгыз панам сиззсиз алла маган денсаулык бакыт баилые улкен уи мол баилык акша беринизши сизден ботен панам жлкк жалгыз сенерим сиз алла дуга арман максатымды орвнданвзшы алла аумин
@bna_ai
@bna_ai 23 күн бұрын
Дәл қазір телеграм арнасына қосылып әр күніңді құран, аят, хадис, дұға, насихат,мақал оқып және оларды меңгеріп жан дүниеңді әсемде! @t.me/aiatgz
ПЕЙ МОЛОКО КАК ФОКУСНИК
00:37
Masomka
Рет қаралды 10 МЛН
Dynamic #gadgets for math genius! #maths
00:29
FLIP FLOP Hacks
Рет қаралды 11 МЛН
SHE WANTED CHIPS, BUT SHE GOT CARROTS 🤣🥕
00:19
OKUNJATA
Рет қаралды 12 МЛН