Рет қаралды 92
2024 жылдың 6 желтоқсаны күні бөбекжайымызда «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасы негізінде мобильдік топ жұмысы бойынша «Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдары» тақырыбындағы семинар өткізілді.
Алдымен №5 «Құлыншақ» кіші жас тобының тәрбиешісі Кушмагамбетова Б.И., Жаңабай Ж.М. «Бауырсақ» ертегісі ұлттық нақышта» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін, №7 «Еркетай» орта жас тобы дене шынықтыру нұсқаушысы Келдіханова А.Д. «В погоне за Колобком» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін, №8 «Ақбота» ересек тобының тәрбиешісі Каратаева М.М., Тлепбергенова А.Ж. және ата-ана «Лаборатория профессора Чудакова» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін, №4 «Балбұлақ» мад тобының тәрбиешісі Шадкам Ф.А., Каримова Г.И., бейнелеу өнері мамамы Зинеденова Ә.С., музыка жетекшісі Шарланова А.К. «Маңғыстаудың жеті кереметі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді.
Әрі қарай «Әкелер мектебі» ұйымдастырумен «Болашақ- әке көзімен!» атты көрмені тамашалады. №1 «Балапан» орта топ әкелері «Саябақ» орталығы, №2 ересек топ әкелері «Спорт кешені» орталығы, №3 «Балдырған» мад топ әкелері «Болашақ шеберхана», №4 «Балбұлақ» мад топ әкелері «Дәріхана» орталығы, №5 «Құлыншақ» кіші топ әкелері «Болашақ дүкен» орталығы, орта топ әкелері, №6 «Балбөбек» орта топ әкелері «Болашақ космодром», №7 «Еркетай» орта топ әкелері «Болашақ лаборатория», №8 «Ақбота» ересек топ әкелері «Болашақ театр», №9 «Айгөлек» ересек топ әкелері «Болашақ қала» орталықтары бойынша ұйымдастырған көрмелерін таныстырды.
Бөбекжай директоры Нурмуханова М.Т. «Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру тәсілдері» атты семинар қатысушыларымен тренинг өткізді.
Семинар соңында келген қонақтар арнайы QR-код арқылы сілтемеге өтіп, ұсыныс пікірлерін білдірді. QR-код арқылы жүктелген деректер бойынша семинар «өте жақсы» деңгейде өткені туралы мәлімет алынды.