Отбасылық зияткерлік квест ойыны өтті

  Рет қаралды 43

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

16 күн бұрын

Қызылордада «Ойтөбе» отбасылық зияткерлік квест ойыны өтті. Білімді, коммуникативті, ізденімпаз отбасыларды даралайтын жобаға 20-ға жуық команда қатысып, үздіктер жарты миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды. Әріптесіміз Гүлсім Нұрланқызының бейнематериалында толығырақ.
Бес белестен тұратын интеллектуалды сайыс «Сыр - Ана» монументінен бастау алды. Квест ойынының ережесі бойынша қатысушылар Жалаңтөс Баһадүр ескерткіші, «Сыр Сүлейлері» аллеясы сынды картада жасырылған 5 түрлі орынға жаяу немесе қоғамдық көлікпен барып, арнайы хэштег арқылы әлеуметтік желіде бөлісіп отырды. Әр белестің тақырыбына сәйкес олар қазақ халқының дара тұлғалары, салт-дәстүр, ел тарихына қатысты 50 сұраққа жауап беріп, білім бәйгесінде бақ сынады. Шиелі ауданынан келген Каукеновтер отбасы үшін тапсырмалар аса қиын болмапты. Тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер жанұясы танымдық жобаның ой серпілтіп, бой сергітуге септігі тигенін айтады.
Бәсекелестікке бәс тіге алатын ұшқыр ойлы, зияткер ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы танымды жоба қорытындысы бойынша 17 топ ішінен Қашқынбаевтар отбасы топ жарып, 250 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды. Шапшаңдығымен дараланған шиелілік Каукеновтер жанұясы жүлде қоры 150 000 теңгені құрайтын 2-ші тұғырға лайық деп танылса, үшінші орын қызылжармалық Байділдаевтар отбасына бұйырды.
Иә, жанұя мүшелері бір жұдырықтай жұмылғанда шешілмейтін түйін, алынбайтын қамал жоқ. Осылайша, «Анаға тағзым» орталығы ұйытқы болған «Ойтөбе» зияткерлік квест ойыны ұрпақтар сабақтастығы мен отбасы құндылығын насихаттап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv

Пікірлер
"Құдайы қонақ" Байқожа ауылында #14шығарылым
46:48
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 104
Екі мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
2:38
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 1,8 М.
The Worlds Most Powerfull Batteries !
00:48
Woody & Kleiny
Рет қаралды 18 МЛН
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
00:15
武林之巅
Рет қаралды 90 МЛН
CAN YOU HELP ME? (ROAD TO 100 MLN!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 36 МЛН
Уральские пельмени  Застрял в заборе
7:51
Геннадий Геннадий
Рет қаралды 1,4 МЛН
Қызылорда облысының әкімі қайта тағайындалды
1:27
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 2,1 М.
Оқу жылы ойдағыдай өтті ме?
4:02
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 24
Қызылорда облысы көш бастап тұр
3:21
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 1,6 М.
Классикалық кеш
3:11
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 98
Уральские пельмени  Аренда коттеджа на Новый год
8:57
Геннадий Геннадий
Рет қаралды 75 М.
The Worlds Most Powerfull Batteries !
00:48
Woody & Kleiny
Рет қаралды 18 МЛН