"Мұқағали жасаған ұрлық", Ұ. Есдәулет, "Әбілхаят", 7-бөлім.

  Рет қаралды 9,565

Өткір

Өткір

15 күн бұрын

Белгілі қаламгер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдәулеттің “Әбілхаят” естеліктер мен эсселер кітабының аудионұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
#ұлықбекесдәулет #әбілхаят #мұқағалимақатаев #өткір #откир #otkir

Пікірлер: 55
@amirnugmanov6356
@amirnugmanov6356 12 күн бұрын
Коре алмагандыктан Мукагалиды мукатып жазгандарыгой,канша мукатсада Мукагалига жетпейди❤ жаны жаннатта болсын агамыздын
@otkir
@otkir 12 күн бұрын
Мәселе көре алмағандықта емес, мәселе шынайылықта. Қалай бар, солай жазу керек қой.
@user-vl1bk4fo5v
@user-vl1bk4fo5v 13 күн бұрын
Қайран біздің ұлылар, ақындар!
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
👍
@user-zy9cx6eg4n
@user-zy9cx6eg4n 6 күн бұрын
Мукагали макатаев улы тулга! Макатаев агамыздын шыгармалары керемет! Жазушылар одагы курметтеп, аруагын сыйлап, шыгармаларын жарыкка шыгарсын!!!!!
@user-pi7uc4of9k
@user-pi7uc4of9k 4 күн бұрын
Мухагалый керемет жигитер Нарын колда болдым аса слу жер.
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o 13 күн бұрын
Жарықтықтың жаны, жұмақта болсын!
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
🤲🤲🤲
@user-sb2wj3de6c
@user-sb2wj3de6c 13 күн бұрын
Жандары жаннатта болсын
@user-mz7gm8cc3l
@user-mz7gm8cc3l 12 күн бұрын
Жарықтықтар-ай! Иманды болғырлар!
@user-fn3mh8qg8u
@user-fn3mh8qg8u 13 күн бұрын
Адам өзі көрген естелік болмай ма, .басқадан естіген қалай естелік болады.ақын өзі туралы өлеңдерінде тұр, нағыз ақын,ол кісі
@rysty9501
@rysty9501 13 күн бұрын
Қалай ғана жазғырамын, айтуға аузым да бармайды.... Сол заманда бәрі ішті. Бірақ Мұқаңдай өшпес өлеңдерімен із қалдырған ешкім жоқ . Тірі кезінде солар , бірге ішіп жүрсе де, Мұқаңды "ішкіш " деп мазақ қылған . Құдіретті , терең философияға толы өлеңдерін ел сүйіп оқиды . Мұқағали поэзиясы бәрімізге өмір үлгісі.!!!!
@rysty9501
@rysty9501 13 күн бұрын
Шынында да солай ғой, Мұқағалидай ақын әлі туған жоқ
@user-bs2oi2xb5c
@user-bs2oi2xb5c 13 күн бұрын
​@@rysty9501"Туады, туады әлі нағыз ақын!" деп Мұқағалидың өзі айтып кеткендей, мұзбалақ Мұқаңа айнымай тартқан, өлеңі де өзі де елден ерек тұлға ЕРШАТ ҚАЙБОЛДИН есімді АҚЫН ТУҒАН! Инстаграмнан табасыз, аты-жөнін терсеңіз
@user-ne2tb8ql2f
@user-ne2tb8ql2f 12 күн бұрын
Бұндай естелікті не үшін жазады түсінбеймін, ақын ағаның ішкенін мақтан етеме. Сол қу арақ таланттардың түбіне жетті ғой.
@otkir
@otkir 12 күн бұрын
Естелік жазылу керек. Және қандай болды, солай жазылу керек.
@user-fz3iy5qj5i
@user-fz3iy5qj5i 12 күн бұрын
Құдай өзі егей,есіл жаратқан, Жыр күйінен арай _шуақ таң Атқан! Бар əлемнің əлди сазы секілді, Әуе аспанда оқылады парақтар! Сұмбыл сұңқыл қағыла ма қанаттар, Жылу шарпып алаулайды нəр оттар! Сүлей сағым саумалайды санаттар, Жұлдыз ағып айлы аспанда жолақтар. ,,,, Қазағының ақыиғы ақындар, Түмен сыры жалаулайды лапылдар. Өлең деген құдырет қой, Құдырет, Нəн жүрекпен ұмсынатым қақым бар! ,,,,, Жырыңды оқы! Алау ойнар,лапылдар! Жабырқсаң жадау тартпай жақын бар! Бар əлемнің өр_шұңғылын сапырған, Құдырет қой! Кие құт қой Ақындар!!,, ,,,,,
@otkir
@otkir 12 күн бұрын
🔥🔥🔥
@user-ps2ps1qv6e
@user-ps2ps1qv6e 13 күн бұрын
😂😂кушти ангиме ия, жындылар гой, торт кун ишу деген сумдык 😂
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
Қаламгерлердің өмірі қызыққа толы )
@user-ps2ps1qv6e
@user-ps2ps1qv6e 13 күн бұрын
4 кун арак ишу онай емес денсаулыктары мыкты
@user-hr4qq6qk3y
@user-hr4qq6qk3y 11 күн бұрын
Байғұстар ай, қара күйені әлі жағып жатырсыңдар ма, басқа не келеді сендердің қолдарыңнан? Мұкағали сол ақиық қалпы қалықтап жүр өлең аспанында.
@user-xp6rm1hm9v
@user-xp6rm1hm9v 11 күн бұрын
Мен 1971 жылы ОРТА МЕКТЕПТІ бітіріп бүкіл класс болып тауға шығатын кезде КЕГЕН селосының шетіндегі бір көшемен бойлап кележатып бір үйдің маңында жайылып жүрген ТАУЫҚТАРДЫ қоқылдатып қуып бердім. Қасымда екі сыныптас ұлдар бар. Үшеуміздің қолымызда 3 тауық бар еді. Жол үстімен жайлап басып кележатыр едік артымыздан шу шығып екі үш немересімен бір кемпір қуып келе жатыр екен. Біз тоқтап қалдық. Соның арасынша ҮШ ДӨҢГЕЛЕКТІ мотоциклмен СЫНЫП ЖЕТЕКШІМІЗ жанымызға тоқтай қалды. Гүлдана неістеп жүрсіңдер деді. Мен тауық ұрлап -- деп тұрып қалдым. Ағай тал түсте ұрлыққа шығыпсыңдар ғой дегенде үшеумізде мырс мырс күліп жібердік. Әлгі қуған апамыз ашуланып : -- Мына сарышұнақ шашты албасты еркек балалардың ішінде неғып сереңдеп жүр - деп еді біз одан сайын күлдік. Ағай тауықтарды жіберткізіп АПАДАН кешірім сұратқызып жайына кетті. Біз қайтадан басқа ауладан барып тауықтарды алып қайттық. Тауға апарып Сендерде жазық, бізде азық жоқ. Сендер жеуге даралғансыңдар.Бізге АС болсын деп жеп ЖҮНДЕРІН жартастан төмен қарай ұшырып , -- Тауықтарымыз көп болысын деп ТАУДА сайрандап кеш бата бәріміз бір бірімізге АҚ ЖОЛ тілеп хоштасқан едік. Мұқағали көкеміз түнде жасаған ұрлықты біз ТАЛ ТҮСТЕ жасадық. Кеңес үкіметі заманында МАЛ таршы болды Артық мал ұстауға тиым салынды. Болмашы ҰРЛЫҚТЫ бықсытып ӨСЕКШІ ҚАТЫНҒА ҰҚСАП қоқсытудың керегі жоқ еді. Мұқағалидың өзі жоқ болсада жанбаған шала сияқты әлі БЫҚСЫП жүрсіңдерме ????
@otkir
@otkir 11 күн бұрын
Өсек пен естелікті айыра алмаған қазақ-ай 😅
@user-xp6rm1hm9v
@user-xp6rm1hm9v 11 күн бұрын
@@otkir Қазақтың ойы терең. Өсекке ұқсайтындай біреуді жаман қырынан көрсетуге тырысатындай ЕСТЕЛІК естелік емес ЕСЕКТІК болады. Жұртқа ҮЛГІ болатындай бір бірін КӨТЕРМЕЛЕЙТІНДЕЙ естелік жазу ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ әлі жоқ. Ішіп тышып тастаған соң ТАЗАРАТЫН жағын ойлау керек
@user-li9zh4cz7o
@user-li9zh4cz7o 13 күн бұрын
Әй қайран арыс ай !
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
👍
@user-hb2qy7en3l
@user-hb2qy7en3l 13 күн бұрын
Қанша ішсе де,тарихта қалды.Қарасазда одан асқан кім бар екені!! Дауыл, жойқын, сұмдық ұлы адам ғой!!
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
Иә, солай
@user-hx2tq5ch2l
@user-hx2tq5ch2l 13 күн бұрын
Ішіп қана жүретін ақын болыпты ғой Бұлай болса? Бәрі бір мұқаңның шалғайына шақ келетін кім бар?
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
Иә, неше жерден ішсе де ақындық өнерде өзгелерден оқ бойы озық тұрады
@user-od8bh3ym2r
@user-od8bh3ym2r 13 күн бұрын
Өлеңдері де "ішіп" алған! "Өзіңді мен деп ойла" - мен Мұқағалимын деп ойлау есі дұрыс адамның басына келер ме?
@user-pu3tj5fm7h
@user-pu3tj5fm7h 13 күн бұрын
🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
🙏🙏🙏
@ganiganji2488
@ganiganji2488 12 күн бұрын
Атамыз Мукагали атак данк дегенге моиынсынбаган биракта жазбалары нағыз музбалак акын екенин тири кезинде ак моиындатып кетті
@otkir
@otkir 12 күн бұрын
Бәрі рас!
@user-pi7uc4of9k
@user-pi7uc4of9k 4 күн бұрын
Казахилык. Адет гурып Казахты сахтайды бирак Казах алыска алды Кетти. Осынын енгизу технологиясын алыс жакындагыга глым кылуды енгизу керек.
@user-kk7kp9pm8s
@user-kk7kp9pm8s 12 күн бұрын
ИШТЫ ТЫШТЫ ДЕМЕ ИШКИЗИП ОТЫРГАН ОЗДЕРИН ГОЙ КОРЕАЛМАУШЫЛЫКПЕН МУКАН МАНГИЛИК ТИРИ ГАСЫР АКЫНЫ
@user-vb1ro6io9v
@user-vb1ro6io9v 12 күн бұрын
Дұрыс айтасыз. Туынды жаздым деп,естерінде қалғанын жазады. Сонда да Мұқалидың биігіне төменнен қарап өтеді- ау...
@Deshti-kypshak
@Deshti-kypshak 11 күн бұрын
Шамырқанса шорт сынатын тектілер деген Қабдеш Жұмаділовтың жазғаны бар, Өрт Қасым мен Ақиық Мұқағали туралы өте ғажап шынайы шеберлікпен жеткізген сол еңбекті ютубқа жарияласа!?
@user-ne2tb8ql2f
@user-ne2tb8ql2f 12 күн бұрын
Ой қу арақ кімдердің түбіне жетпеген. Бұл естелік қазіргі жастарға тәрбие емес несіне жазған.
@otkir
@otkir 12 күн бұрын
Бұл естеліктен тәрбиенің көкесі!
@user-pi7uc4of9k
@user-pi7uc4of9k 4 күн бұрын
Жигитин ишкен барлык адам. ишетин заман еди ол уакыт Ишседе Мукагалый дай бола алмайды ол Манги
@user-rz1gc6dn1l
@user-rz1gc6dn1l 13 күн бұрын
Адамның есімі бас әріппен жазылады
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
Бажайлап қарасаңыз, кілең бас әріптерден тұратын шрифт екенін аңғарасыз.
@user-bg2hb8hp5t
@user-bg2hb8hp5t 13 күн бұрын
Ол кезде көшеде мас кетіп бара жатса ешкім ренжімейді ее қызып қапты болмаса ішіп қойыпты дей салатын кәзір мас әиел көрсек таң емес болды
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
Дұрыс айтасыз.
@user-jl7xw9hl2c
@user-jl7xw9hl2c 13 күн бұрын
😂
@user-di8ye3pn6i
@user-di8ye3pn6i 13 күн бұрын
БҰЛАРДАН НЕ ҮЛГІ АЛАСЫҢ. КҮНДЕ ІШУ.
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
Ол кезде заман сондай болды емес пе?!
@user-jf3fl1xg9t
@user-jf3fl1xg9t 13 күн бұрын
Ол кезде мектептен бастап бәрі ішуші еді еді, Мұқаңды ұлы ақын деп танитын жастарға не үшін осындай жағымсыз жағын жаза бересің, ол да пенде ғой. Ия, тегіннен шабыт келе бермес, ішкен шығар. Біреулердің айтқанын жазып, ақша табу керек емес, бәріміз де періште емеспіз
@otkir
@otkir 13 күн бұрын
Адам қалай бар, солай тану керек. Оның несі айып?! Орыстар Есенинді қалай жазады? Нашақор, қатынқұмар т.б. деп бүкіл кемшілігін тізіп шығады. Сөйте тұра оның ақындығын, дарынын мойындайды. Қазақтардың үлкен кемшілігі сол - бізде бір адам не періштедей пәк, не жер бетіндегі ең зұлым адам. Бәрін осы екі өлшеммен ғана өлшейді. Бұл үлкен қателік.
@moldirsarai9736
@moldirsarai9736 10 күн бұрын
Әссәләмүғалайкүм,Ұлықбек ақын!Мен Әшім Қапанай ұлымын ғой.ҚазірӘшімЖақай деп атамның атымен аталудамын.1998жылы Нұрғожа Оразов аға БАҚ-на ертіп барып сізге таныстырған еді ғой! Бірде Сарыарқа журналы редакциясына барғанымда Айбатыр Сейтақ сіздің мені сұрастырып жатқаныңызды айтып,Еуразия университетінде өлең оқуға шақыртқан сәлеміңізді жеткізген еді.Сіз өлең оқитын ақындардыңесімдерін даңқ, мәртебелерімен айшықтап таныстырумен болдыңыз. Халық ақыны бар ,басқасы бар ,кілең атағынан ат үркердей әйгілілер! Кезегім келгенде мені қалай таныстырар екен?! Атақты былай қойғанда атым да беймәлім, үйсіз-күйсіз, вокзальдарда түнеп, Астананың көшелеріндегі ағаштар арасындағы алқаштар босатып кеткен бөтелкелерді тапсырып тапқанын талғажау етіп жүрген біреуді қалай таныстыруы мүмкін?! Содан мен де шықтым.Сіз Мұқағалиды тебірене еске алдыңыз да,-:Міне, Мұқағалидың ізбасар шәкірті алдарыңызда- деп, алдыңғы әйгілілердің бәрінен биіктетіп жібергендей болдыңыз!Сол бір сәт үшін сізге әлі разы болам!Әсіресе сіздің азаматтығыңызға қарыздар сияқтанам.Өйтетін себебім, содан екі-ақ күн бұрын сізді қатты ренжітіп алған шығармын деп ем. Ол былай болған еді ғой. БАҚ-ның кіреберісіндегі шағын ғана кеңсеңізге бар болғаны екінші бас сұғуым болатын.Ешкімнің есігінің қиюын қашырардай қайта-қайта ашып,жүйкесін жұқартып,қажытардай салмақ салған емес ем. Мәди бабамыздай,мен де Арқада сайғақ ғұрлы пана таппай қаңғып жүрген бір жан едім.Сізге бұйымтайым, өлеңімді өткізу үшін емес,күндік талғажау боларлықтай қара кәсіп қарастырып көруіңізді айтпақ едім.Әрине,болып жатса ғой!Бірақ,бұл бұйымтайым айтылмай қалды.Оның себебі,сіз мені өлеңдерін өткізгелі жүрген біреудей ойлап қалуыңыз еді.Ешкімнің көңілін қалдырып алмайын деймін-ақ!Алайда шамырқанған сәттерде шарт кететін кездер де болып қалады. Бұл жайлы Нұрғожа Оразов ағаның 1997.09.11-күнгі маған арнаған жалғыз шумағының екі-ақ жолында: Кітабым сыйлық болсын,Әшімтайым Жырыңа ию үшін басым дайын. Жаныңның жазирасы жыр гүлзары, Шамырқап кеттсең жалтыл жасындайын-деуі құдды бір болмысымның айнадағы шағылысындай еді. Мен сол күні сізге: Сіздерді дауыл тұрса елге ық,топан төнсе тосқауыл боларлықтай тау тұлғалы пана тұтамыз. Ал,ақиқатында селге кеткендей күй кешкенімізде қармайтын тал ғұрлы да болмағандарыңыз ба?!-деуін десем де сонда да дауыс көтермей,барынша бәсеңдікпен қоштасып шығуға ыңғайланғанымда , сіз де ештеңе демедіңіз, кеңсеңіздегі шытырайдай жылтырап киінген модель сияқты екеу де "Бұл кім өзі?!"-деген сыңайлы аңтарылып қарап қалған еді.Есігіңізді де әлдебір дөрекілердей теуіп ашып,серпе жаппай, ізеттілікпен ашып, ілтифатпен жауып кетуім де, бәлкім,кешіруіңізге себеп болды ма екен?! Тіпті,көңіліңізге де алмапсыз-ау! Рахмет!Ңағыз азаматтық деген осы емес пе,сірә! Негізінде, елі бағалаған өзіңіздей ақынға базынам еді ғой!Атамекенге табанымыз тигенде бақыттан басымыз айналғандай тілмен айтып жеткісіз көңіліміздің көк тіреген күмбезін орыс тілін білмеуіміз күйретерін қайдан білейік!Менің табанымнан таусыла іздегенім елімнің төрі емес,есігіндегі қара кәсіп еді ғой!Ит ғұрлы жоқпын ба?Ең құрығанда күзетшілік болса да көңілім хош болатын еді ғой!Тіпті оның өзіне орыс тілін білуің керек екен!,Ал иттердің үрігені қай елде де ұқсас емес пе ?! Өз дінімізбен,өз тілімізбен, өз салт-санамызбен өз елімізде өгейлік көруіміз сұмдық емес пе?!Азаттықтың мәні қайда қалады?!Дегенмен Алла Тағала сол қасиетті азаттықтың таңымен ,киелі атамекенде ,қасиетті Қарасазда, бір кездері өртеп жіберген өлеңімді алаулаған жалынға айналдырып ,қайта жыр шаттығына кенелтті!Елімде еш жер босағадан орын бермесе де,бір дәуірлік бірегей тұлға Мұқағали ағаға қауышуым көңілімде ұлы мұраттың туын желбіреткендей болып,туып өскен елге қайттым.Мен кете бере ерекше қадір тұтатын асыл ағалаларымның бірі Қасым Таукеттегі обылыс әкімі бола салысымен Астанадан баспана беруге мені іздеп, қайта қайтып кеткенімді естіп қатты өкінгені жайлы кейін Бекен Қайраттан естідім. Сол есіл ағалар бастары қосылған бір отырыста тағдырымды жазған Аллаға тапсырып,Мұқағалидың жолындағы мұратымның баянды болуын тілеген дұғалары әлі жүрегімде!Мұқағалиды жырыма үлгі тұтсам,Алланы ғана пір тұтыпҚұран мен Хадистің хикметінен шуақтанғандай болам! Ол туралы: Жырлап Мұқағалидың талғамымен, Жаздым сырды тек тағдыр жазғанымен. Ақыретке жолдадым өлеңімді, Алып еске Әл-Қаһһар Алланы мен-деп ем. Сау саламат болыңыз! Айтпақшы ойда жоқта Алланың қалауымен Еркін Ібітан ағаның үйінде таң атқанша Мұқағали аға жайлы сыр бөліскеніміз бар. Еркін ағаның маған ерекше ескерткені,Мұқағалидың жас ақындарды арақтан аулақ болуға үнемі сақтандыратыны жайлы еді. "Мұқағалимен сонда сөйтіп ішіп,мұнда бүйтіп ішіп едік"-деушілерге Еркін ағаның кейігені менің де жаныма батқан еді. Ананы айт та мынаны айт, Мұқағалидың Махамбет пен Құрманғазыға тылсым үндестігін сезіне алсақ еді-ау!Онда бірігіп арақ ішкенді емес,рухани біртұтастықты мақтан тұтар едік-ау,шіркін! Мұқағали күнделігінде айналасындағылардың өзін арақтан аузы құрғамайтын алқаш сияқты арандату ниеттегі мұқатуларына кейіп:Мен салынып ішіп, санасы мүлде уланған маскүнем болсам сау дүниелер қайдан туды-деген мәтінде налығаны тағы бар емес пе! Мұқағали мен Еркін ағалардың болмысында ерекше ұқсас тазалық,имандылық сезіліп тұрады.Жандары жаннатта болғай!Әмин! Әшім Жақай. 0:00 0:00
@user-uj6et9jm9r
@user-uj6et9jm9r 9 күн бұрын
Мұқағали,мен 21ғасырдың құрдасымын деді ғой. Бұл естелік сымақ Мұқағалиды 21ғасырдың ұрпақтарына жиіркенішті етіп көрсетудің амалы сияқты болып көрінді маған. Құдайдан қорықсаңдаршы арақ ішпейтін адал сынақтар!!!
100😭🎉 #thankyou
00:28
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 40 МЛН
Can you beat this impossible game?
00:13
LOL
Рет қаралды 45 МЛН
Would you like a delicious big mooncake? #shorts#Mooncake #China #Chinesefood
00:30
«Әр өлеңі - бір әлем»
11:31
КГУ "ОСШ №21", КАРАГАНДА
Рет қаралды 1,6 М.
Байдың ақымақтығы… АЙҒЫРҰШҚАН
24:35
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 25 М.
Мұқағали Мақатаевтың сәулелі ғұмыры | Сәуле ғұмыр
50:06
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 33 М.