Отпан тау тарихы

  Рет қаралды 1,874

Маңғыстау 362-Аңыз дала

Маңғыстау 362-Аңыз дала

Күн бұрын

Отпан - тау биігі: Маңғыстаудағы Батыс Қаратаудың ең биік нүктесі (биіктігі - 532 м). Ақтау - Таушық - Шетпе тас жолы бойындағы Жыңғылды ауылы менен Тұщыбек санаторийінің орта жерінде, жолдан 5-6 км сол жақ қапталында орналасқан.
Отпан таудың басынан жан-жағыңа көз салсаң, Бес шоқы - биік тауларды, сай-сала жазық даланы, ағарған биік төбелер мен жотаны, ағып жатқан бұлақты, көгеріп жатқан теңізді, ала бұлт шалған көгіңді, кең байтақ шексіз жеріңді, кей кездері тұман басқан даланы, ақ шаңқан Ақтау қаланы, көгерген бақша көз тартқан елді мекен ауылды, тау бөктеріне жайылған төрт мүлік малды көре аласың. Көктем кездерінде түрлі-түсті гүлдерді, ерте кезде ақсақал ағалар, ем үшін іздеп келетін 15 түрлі өсімдік киелі шипа шөптерді көресің.
Бұл таудың бөктерінен жер бетінде сирек кездесетін көптеген сырқаттарға ем үшін пайдалануға таптырмайтын бал тәрізді қара қоңыр мумияны да кездестіре аласың. Тау бөктерінен қырағы көзге киелі аң арқар да, түлкі мен көкбөрі көкжал қасқыр да қараң етіп көрініп кетуі мүмкін. Көк аспанда қалқып ұшып жүрген тау бүркіті мен сұңқар, ителгі, қаршыға мен күйкентай, Қашаған ақынның жырында айтқан («Отпан таудың басында, «Дегелек» деген бір құс бар, аспанда жүріп ысқырса, мың орда жылан басылған...) киелі қыран құсты да көре аласың. Батыста алыстан ап-анық Каспий теңізінің құрлыққа еніп жатқан жері - Үш ауыз тауы көрінеді. Бұл таудың арасында Адайлардың көтерілісін басам деп теңіз арқылы келген патша әскерімен Иса-Досан сарбаздарының соғысып, шапқыншы орыс әскерлерін қырып тастаған, ұрпағымызды ерлікке, бірлікке, елдікке жетелейтін тарихи орын айналасы қоршалып, ауқымды жерді алып жатқан мола-төбе жатыр.
Түнде басына шықсаң оңтүстік батыстан Ақтау қаласының, оңтүстік шығыстан мұнайлы Жетібай кентінің, терістіктен Қаражанбас кенішінің самсаған оттарын көресің. Бейне бір көкжиекке шашып тастаған отты моншақтар сияқты. Бұлар Отпан таудың басынан 150, 100, 80 шақырым қашықтықта орналасқан.

Пікірлер: 5
@МансияКайбалдиева
@МансияКайбалдиева 2 жыл бұрын
Мен Ресейде тұрамын. Маған осы тарих уақиғалар өте ұнайды. Өз қазағымның , өз ұлтымның тарихын жаңа жаңа біліп жатырмын. Көп рахмет.
@АкАк-ы1н
@АкАк-ы1н 2 жыл бұрын
Алла разы болсын. Туған өлкенің қасиетін әлемге таныта бер. Халықаралық жүлдеге ие болып, шетелдер жоғары бағалап жатыр. Қазақтың өзі туған жерінің қаншалықты киелі мекенін ұқпай, шетелдерге қызығып жүр. Маңғыстаудың қасиетті топырағын басып жүрудің өзі қандай бақыт екенін ұғынуымыз керек.
@Mangystau_balasy
@Mangystau_balasy 6 ай бұрын
👍🏻👏🏻👏🏻
@Райхан-я3ф
@Райхан-я3ф 2 жыл бұрын
Ерекше түсірілген фильм. Керемет!!!
@АлпысҚазақ
@АлпысҚазақ Жыл бұрын
Тарихымыздан сыр шертетін тәрбиелік мәні бар осындай туындылар көп болса екен.
Бабалар ізімен - Қараған босаға қырғыны
37:08
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 3,6 М.
Players vs Corner Flags 🤯
00:28
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 69 МЛН
ҚИЛЫ ЗАМАН. Маңғыстау көтерілісі
24:49
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 4,2 М.
Есен Ата жертөле мешіті
10:11
Маңғыстау 362-Аңыз дала
Рет қаралды 340
Shrine of Adai. 540 meters and 360 steps. Otpan Tau Adai-Ata #kazakhstan #aktau
15:07
Странный Дядька
Рет қаралды 51 М.
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 13 МЛН