P.Diddy қылмыскер атануы мүмкін

  Рет қаралды 157

KAZINFORM

KAZINFORM

Күн бұрын

Тыңдарманға P.Diddy лақап атымен танымал америкалық рэпер, музыкалық продюсер Шон Комбсқа адам сату, зорлау, өлтіру бойынша айып тағылуда. Ол өткен айдың ортасында ұсталған болатын. Осыдан кейін барын әлеуметтік желілерде Комбстың қылмыстары туралы деректер қаптады.
54 жастағы Шон Комбс 90-жылдардан бері танымал хип-хоп продюсер саналады. 3 рет Грэмми сыйлығының лауреаты болды.
Оның Combs Enterprises компаниясында бірнеше бизнес тіркелген: Enyce киімдер желісі, Justin's мейрамханалары, Cîroc ішімдік бренді бар. Бұған қоса Revolt TV телевизиялық желісінің көп бөлігін сатып алды, Bad Boy Records лейбл каталогынан түскен қаржыны иемденді, киноға түсті, White Party кештерін ұйымдастырып, каннабис психотробын өндіретін компанияны басқарды. 2022 жылы Forbes оның байлығын 1 млрд долларға бағалаған.
Осынша дүниені иемденіп, аты дүркіреген P. Diddy-ге тағылған айып өте ауыр болып тұр. Комбсқа қатысты тергеу жүріп жатқаны былтыр қарашада белгілі болды. Оның бұрынғы сүйіктісі Кассандра Вентура рэпер бірнеше жыл бойы оған физикалық және сексуалдық тұрғыда қорлап, жеке және кәсіби өмірін бақылауда ұстағанын айтқан. Кейін Кассандра Вентура рэпер үстінен арыз түсірді, алайда келесі күні екеуара келісімге келіп, әйелге 30 млн доллар төленгені белгілі болды.
Бұдан кейін P. Diddy-дің үстінен аноним арыздар көбейді. Басым бөлігі бірнеше топ адаммен зорлау, адам сату бойынша айыптаған. Шомбсты тек әйелдер емес, танымал өнер иелері де кінәлауда. Биыл ақпанда музыкалық продюсер Lil Rod Джонс оны жалдамалы секс-қызметкерлермен интим қатынасқа түсуге мәжбүрледі деп сотқа берді. Мамырда тағы екі әйел Шомбсты есірткі қабылдауға мәжбүрледі деп арыз түсірді. Көп ұзамай Diddy-дың Кассандра Вентураны шашынан тартып, аямай тепкілеп, ұрып жатқан видеосы пайда болды.
Бұдан бөлек, Комбс ұйымдастырған Freak off party-ға қатысты күмәнді деректер жетерлік. Кешке кез келген жұлдыз қатыса алмайды, арнайы шақырту қажет. Шетелдік басылымдардың мәліметінше, бұл кештер әдетте есірткі қолданумен, адам зорлаумен аяқталады. Кейін желіде осындай кештердің қонағы болған жұлдыздардың суреттері пайда болды. Расталмаған тізімде Рианна, Кардашьяндар, Мэрайа Кэри, Дженнифер Лопес, Леброн Джеймс, Леонардо Ди Каприо сынды жұлдыздардың есімдері аталады.
Джастин Бибер де P. Diddy қамауға алынғаннан кейін байланысын үзген. 2009 жылы Джастин небәрі 15 жаста болғанда, ол рэпердің жанында 48 сағат болған, тіпті екеуінің бірге уақыт өткізгені бейнеленген видеолар KZbin-та бар.
Алайда бұл кездесуде нақты не болғаны жұмбақ. Рэпер қамауға алынғаннан кейін, Бибердің жанкүйерлері оның әндеріндегі мәтіндерінен оғаш нәрселер байқай бастаған. Мысалы, Джастин Lonely әнінде жас кезіндегі азабы туралы айтқан. Көп ұзамай желі қолданушылары оның әндеріндегі сөздер P. Diddy-мен қарым-қатынастың нәтижесі болуы мүмкін деген ой тарата бастады.
Бұдан басқа, бұл іске танымал әнші Бейонс пен оның күйеуі Джей Зидің де қатысы болуы мүмкін деген ақпарат таратып жатыр.
P.Diddy-мен бұрыннан қас болған 50 Cent оның бүкіл былығы туралы сериал түсіретінін айтты. Тағы бір америкалық рэпер Eminem 1996 жылы Fucking Crazy әнінде, 2000 жылғы Marshall Mathers әнінде рэпер туралы айтқан.
Сонымен, алдағы айларда Манхэттеннің федералды соты P. Diddy ісін қарайды. Процесс ұзақ және күрделі болуы мүмкін, себебі прокурорлар дәлелдің көп екенін алға тартқан. Рэпердің өкілдері оны 50 млн доллар төлеп, кепілдік арқылы босатуға тырысты. Алайда P. Diddy Бруклиннің федерал түрмесінде қамауда болады, себебі судья оны «қоғамға қауіпті» деп санап, кепілден бас тартты.
Атышулы жұлдыз 2011 жылы Алматыға келгенін айта кетейік.
Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz
Telegram Rus - t.me/kazinform_news
Instagram - / @kazinform_kz
Instagram - / @kazinform
Facebook - / @Kazinform
Facebook - / @Казинформ
Jibek Joly online: jjtv.kz/kk/live
Cайт - kaz.inform.kz/
#kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

Пікірлер
Любовницы и тайная жизнь российских чиновников
21:18
OYUNCAK MİKROFON İLE TRAFİK LAMBASINI DEĞİŞTİRDİ 😱
00:17
Melih Taşçı
Рет қаралды 13 МЛН
Players vs Corner Flags 🤯
00:28
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 81 МЛН
The selfish The Joker was taught a lesson by Officer Rabbit. #funny #supersiblings
00:12
Ей, айналайын-ай. аман болшы.
1:20
Sailauhan Jolanov
Рет қаралды 593
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 14 МЛН
Қыз алып қашып, сотталып жатыр
3:52
РИКА ТВ
Рет қаралды 334 М.
Выступление президента Турции
37:28
Служба новостей ООН
Рет қаралды 341 М.
OYUNCAK MİKROFON İLE TRAFİK LAMBASINI DEĞİŞTİRDİ 😱
00:17
Melih Taşçı
Рет қаралды 13 МЛН