ПАРСЫ ИМПЕРИЯСЫ ТУРАЛЫ 17 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ!

  Рет қаралды 8,765

Serzhan TV

Serzhan TV

Күн бұрын

Вавилон империясы құлағаннан кейін, Парсы империясы Таяу Шығысты өз бақылауға алдады. Кей деректе Парсы империясын, Ахеменидтер империясы деп те атайды.
«Парсы» атауы алғашқы Парсуа тайпасының атауынан шыққан.
Империяның негізін қалаған Ұлы Кир патша болатын.Кир патша, б.з. 550 жылы Медия империясын жаулап алып, содан кейін лидиялықтар мен вавилондықтарды жаулап алды. Кейінгі патшалар Кирдің ісін жалғастырып империя жер көлемін Үндістаннан Орталық Азияға дейін, Гималай тауларынан бастап Жер Орта теңізіне дейін кеңейтті . Оның шекаралары шығыстан батысқа қарай 3000 км созылып жатты, ол сол заманғы ең үлкен мемлекет болды.
Империяның алғашқы астанасы Персеполис қаласы болды. Бұл атау грекше «парсы қаласы» деген мағынаны білдіреді.
Ұлы Кирдің тұсында парсылар жаулап алған халықтарға өз өмірлері мен мәдениеттерін жалғастыруға мүмкіндік берді. Олар салық төлеп, парсы билеушілеріне мойынсұнған кезде өздерінің әдет-ғұрыптары мен діндерін сақтай алатын. Парсылар ассириялықтар сияқты жаулап алып халықты езіп жаншыған жоқ.
Парсылар Үлкен империяны бақылауды ұстап тұру үшін әр аймақта сатрап деп аталатын билеушілерді қойды. Сатрап - деген қазіргі кездегі әкімдерге ұқсайды. Сатыраптар мемлекеттің заңдары мен салықтарын орындайтын болған, Империяда шамамен 20-30 сатрап болған. Империяның көптеген керуен жолдар мен хабаршы жүйесі блған. Ең әйгілі жол Ұлы Дарий патша салған Корольдік жол болды. Бұл жол қазіргі Түркияның Сардесінен Эламның Сузасына дейін 1700 км болған. Әрбір мәдениетке өз дінін сақтауға рұқсат етілгенімен, парсылар Зороастризм дінін мемлекеттік дін деп бекіткен. Бұл Ахура Мазда деп аталатын от құдайға сендген.
Парсылардың ең ұзақ билік еткен патшасы біздің дәуірімізге дейінгі 404-358 жылдар аралығында 45 жыл басқарған Артаксеркс II болды. Оның билігі империя үшін бейбітшілік пен өркендеу уақыты болды.
Дарий патша кезіндегі гректермен күрес күшейді. Б,з,б 490 жылы Дарий Грекияға басып кіріп, Ол Грекияның кейбір қалаларын басып алды, бірақ, Марафон шайқасында афиналықтардан жеңіліске ұшырап кейін шегінді.
480 жылы Дарийдің ұлы Ксеркс I әкесінің бастаған ісін жалғастырып, бүкіл Грекияны жаулап алуға тырысты. Ол жүздеген мың жауынгерден тұратын үлкен армия жасақтады. Бұл ежелгі дәуірде жиналған ең үлкен әскерлердің бірі болған. Ол қалың әскерін бастап Спартаның аз армиясына қарсы Термопиле шайқасында жеңіске жетті. Алайда, грек флоты Саламис шайқасында Парсының әскери-теңіз флотын талқандады, Парсылар қатты жеңіліске ұшырағаннан кейін шегінуге мәжбүр болды
Парсы империясы б,з,б 334 жылы Александр Македонскийдың парсы жерін толықтай жаулауымен құлады!

Пікірлер: 23
@АрзанбекКурымбаев
@АрзанбекКурымбаев 6 ай бұрын
Жоқ
@РайханМамытханова
@РайханМамытханова 3 жыл бұрын
Мен басында оны өзбек па деп ойлап қалдым !😂 Егер сенде осындай болса онда лайк бас 👍🏻👍🏻👍🏻
@Im_Sunna
@Im_Sunna Жыл бұрын
👍👍👍👍мен маған керекті мол мәлімет алдым.
@pentagon890
@pentagon890 4 жыл бұрын
170 жыл омир сурген ба парсылар
@СакенСМАН-п2ш
@СакенСМАН-п2ш 4 жыл бұрын
Папсы империясы біздің ата-бабаларымыз Сақ, Қаңлы, Үйсін, Ғұн империясына үстемдік ете алмаған. Басып аламын деп келген парсы әскерін біздің ата-бабаларымыз тас-талқан етіп жеңген.
@СакенСМАН-п2ш
@СакенСМАН-п2ш 4 жыл бұрын
@@serzhantv9882 Ия тарихта Қаңлы, Үйсін, Ғұндарды б.д.д. 3 ғасырда құрылған деп айтады. Бірақ терең зерттесең, Қаңлы, Үйсін, Ғұндар Сақтардан бұрын пайда болған. Сырдария бойындағы Қаңлыларды Хансақтар деп атаған. Сақ-Үйсін ішіндегі бір атаның аты. Қаңлы, Үйсін, Ғұндарды басын біріктіріп, Сақ мемлекетін құрған.
@bestqazaq2588
@bestqazaq2588 4 жыл бұрын
@@СакенСМАН-п2ш Шынмен қайақтан алдың.
@СакенСМАН-п2ш
@СакенСМАН-п2ш 4 жыл бұрын
@@bestqazaq2588 Менің ата-бабаларымның тарихшы, шежіреші адамдар болған. Ауызша және жазбаша келген деректер мен мәліметтері бар.
@VremennyiGuest
@VremennyiGuest 3 жыл бұрын
Біз сақтың ұрпағы емеспіз біз ғұн үйсін қаңлылардың ұрпағымыз жай біздердің ата бабамыз кошпелі болғасын отырықшы сияқты жазба малиметтер аз кездеседи. Ол үйсін қаңлылар түркілер, ғұндардың ұрпағы түркілер маңғолдар манжұрлар ғұндардың елі мемлекет емес империя болған. Ғұндар оз империясының көп болігін көшпелі халықтар құрады. Ал сақтар қазақстан жерінің оңтүстік жағында омір сүрген тажік парсы тектес халық ол кезде түркілер (яғни қазақ озбек қырғыз татар ұйғыр түрік сияқты халық) монғолия мен қазирги қазақ жане кавказ жеринин солтустик жағында омир сүрген ал бүгінгі кызылорда шымкент жамбыл алматы жерлері сақтардың қонысы болды кейін ғұндар оларды оңтүстікке карай ығыстырған. Жане айтып откан даңқты патша деген кирдің басын алған томирис тажик тектес халық жай биздин тарихшылар ушин казак жеринде омир сүргеннен бари қазақтың ата бабалары бирак алем тарихшылары сақтың тілін накты айта алмасада бас сүйектеринен казирги парсыға уксас онтустик европалыктарға жатқызады.
@rahat-ulserik6jm9sn7m
@rahat-ulserik6jm9sn7m 3 жыл бұрын
@@VremennyiGuest қуа берме тәжік пен парсы яғни соғдияна мен персия бір халық, ал сақтар ол парсыларға мүлде ұқсамайды көшпенділік жағынан болсын, салт-дәстүр киім жағынан болсын.
@ratbekratbek2573
@ratbekratbek2573 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум парсы жерінде бірінші қай патшалық билік құрды патшалық құрды кир патшалығы ма əлде сасанидтер патшалығы ма?
@serzhantv9882
@serzhantv9882 6 ай бұрын
Кир патшалығы, Сассанидтерден бұрын өмір сүрген.
@БагдатСапаров-с6н
@БагдатСапаров-с6н 3 жыл бұрын
Парсылар өзбекстанды жаулап алған
@user-ll8cg6nl6h
@user-ll8cg6nl6h Жыл бұрын
АФРИКА ИРАН
@КульнарТурдалиева
@КульнарТурдалиева 2 жыл бұрын
парсы ели барма казыр . тилдери кандай болган.
@serzhantv9882
@serzhantv9882 2 жыл бұрын
Иран, Афганистан, Таджикстан, Пакистан
@Дулет.к
@Дулет.к 2 жыл бұрын
Парсы тілі араб тіліне ұқсайды
@УсербайРысаев
@УсербайРысаев Жыл бұрын
ҚАЗІРГІ ИРАН. ТӘЖІКТЕРДЕ ПАРСЫҒА ЖАТАДЫ
@zhasikkkzfreefire912
@zhasikkkzfreefire912 4 жыл бұрын
Меғ 1
@animeru-zu3lg
@animeru-zu3lg Жыл бұрын
Не папсы а форс многи люди гаварить перс
Will A Guitar Boat Hold My Weight?
00:20
MrBeast
Рет қаралды 203 МЛН
Как мы играем в игры 😂
00:20
МЯТНАЯ ФАНТА
Рет қаралды 2,1 МЛН
А ВЫ ЛЮБИТЕ ШКОЛУ?? #shorts
00:20
Паша Осадчий
Рет қаралды 8 МЛН
СҮЙІНШІ! ӘЛЕМ ЕНДІ МОЙЫНДАДЫ!
16:22
TARIX MAN
Рет қаралды 96 М.
VATIKANNING SIRLI GUNOHLARI! - @GEOSHOW  x @Xurmomedia
53:03
СҰЛТАН СҮЛЕЙМЕН: СІЗ ЕСТІМЕГЕН АҚПАРАТ!
6:09
ТАРИХ ONLINE Рысбек Рамазанұлы
Рет қаралды 120 М.
МЫНА ТАРИХТЫ ОРЫСТАР БІЛЕ МЕ?
18:35
TARIX MAN
Рет қаралды 45 М.
Почему Арабы и Евреи всегда воюют?
19:22
Сложный Процент
Рет қаралды 1,5 МЛН
Will A Guitar Boat Hold My Weight?
00:20
MrBeast
Рет қаралды 203 МЛН