Павлодар облысында қазақ жылқысының жаңа тұқымы шығарылды

  Рет қаралды 40,767

Khabar Novosti

Khabar Novosti

8 жыл бұрын

Павлодар облысында қазақ жылқысының «Жәбе» атты жаңа тұқымы шығарылды.
Текті жануарға сұраныс күннен күнге артуда. Павлодарлық шаруаларға Қостанай, Көкшетау, Семей, Қарағанды және Алматыдан атбегілер келіп жатқан көрінеді.
Павлодарлық Мұса Жанатаев: «Атбегілік өнер - атадан-балаға қалған мирасым», - дейді. Ол жазда жайлауда, қыста қыстаққа шығып, кең даланың байтағында қамбар ата баласын баптау ісімен айналысады. Жуырда өңірдің үздік жылқышысы атанған Мұса жүлдеге темір тұлпар еншілеп, табынын енді дүлей дауылда да еш кедергісіз бағуда.
Мұса Жанатаев, жылқышы
-Енді жылқышы болу үшін жылқышының баласы болу керексің. Ол өзінің атын ұстай алмаса, қамшы-жүген өру білмесе, бие саумаса, жылқы сою білмесе ол кісі жылқышы емес былай айтқанда. Әкем солай айтатын.
Оның қол астында қазір 6 адам жұмыс істейді. Әрбір қызметкерді өзі таңдаған. «Жылқы асырау кез келгеннің қолынан келмейтін шаруа болғандықтан, ең алдымен жігіттердің атбегілік өнерін, жануармен қарым-қатынасын сынадым», - дейді ол.
Ризолла Аязбаев, табыншы
-Мұсадан көп нәрсеге үйрендік. Енді осындай жылқы боранда баққанда, қай жағынан қалай шығу керек, қай жерге дейін баратынын үйрендік. Солай-солай бізге өз білгенін үйретіп келеді.
Мұсаның қызмет етіп жүрген шаруашылығы тек асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысады. Бірнеше жыл ішінде бұнда «Әсем», «Зов» және «Қолшатыр» атты тұқымды арғымақтар шыққан. Будандастырылған соңғы тұқым - қазақ жылқысының бір түрі. Оған Мұса «Жәбе» деген ат берген.
Мұса Жанатаев, жылқышы
-Әкемнің бастап кеткен жұмысы ғой - жәбе. Сол жалғастырып келеміз. Негізі бір жылда істейтін жеңіл жұмыс емес. Оны бірнеше жыл жасап келеміз.
Ата дәстүрін жандандырып, келер ұрпаққа өнеге болып жүрген Мұсаның ерен еңбегін жергілікті аудан басшылығы да жоғары бағалап отыр. Жаңа жыл қарсаңында Жанатаевтар отбасын шаруашылық директорының өзі де құттықтады.
Авторлары: Жұрағат Баман, Салауат Темірболатұлы, Марат Игіліков және Алексей Омельницкий

Пікірлер: 15
@user-tx4cd4rt1l
@user-tx4cd4rt1l 2 жыл бұрын
Ага 👍
@user-tg2im3ce6l
@user-tg2im3ce6l Жыл бұрын
Жабы біздің қатал қысқа төзімді байырғы қазақы жылқы .жаңа тұқым болу үшін өзіндік ерекшеліктері болу керек. Әрі жаңа тұқым порода ретінде ресіми тіркелуі керек. Әшиін екі породаны шағылыстырып жаңа порода шығардым деуге болмайды .дегенмен талап оң болсын еңбек нәтижелі болсын
@erlikoknebaev6042
@erlikoknebaev6042 3 жыл бұрын
жабе емес жабы де онкеи орыс жабе синеси
@user-gi1ry4hs7y
@user-gi1ry4hs7y 6 жыл бұрын
Негізі жебе ғой. Орысше стрела. Жебе. Жабы емес. Жабы деген дикий ғой.
@user-fo1fk5qf9u
@user-fo1fk5qf9u 2 жыл бұрын
Қумашы жабы атам заманнан барғой
@user-fd7ue3ot4f
@user-fd7ue3ot4f 3 жыл бұрын
Жабы деген бурыннан бар ,Колдан будандаскан тукым болса,ондай барлык жерде бар Асыл тукым деп ата енеси тукымы мыкты вттарды айтады
@user-hd9zi3of6w
@user-hd9zi3of6w 7 жыл бұрын
жәбе емес жабы шығар
@moedeluca4715
@moedeluca4715 6 жыл бұрын
Kya baat hai ki aap ko unse
@user-ly9vb1cw8w
@user-ly9vb1cw8w 8 жыл бұрын
павлодар обылысы қай жер екенін анығырақ айтпайма
@user-fg3rb8lb9z
@user-fg3rb8lb9z 2 жыл бұрын
Жебе де еме жабе де емес бұрыннан бар тұқым жабы деп аталады
@serzhanabdikarimov2878
@serzhanabdikarimov2878 7 жыл бұрын
Нагыз жылкышынын жана жылы Наурыз емеспа
@manbolzhan9811
@manbolzhan9811 6 жыл бұрын
Ең болмаса айтылуын бұзбаса деймін
@user-fo1fk5qf9u
@user-fo1fk5qf9u 2 жыл бұрын
Табыншы емес жылқышы
«СӘЙГҮЛІК СЫНЫ». Жабы жылқысы
16:08
QAZSPORT TV / ҚАЗСПОРТ TV
Рет қаралды 54 М.
Павлодарская область. Джут в степи
5:09
Телеканал 24kz
Рет қаралды 88 М.
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,3 МЛН
SMART GADGET FOR COOL PARENTS ☔️
00:30
123 GO! HOUSE
Рет қаралды 21 МЛН
Nonomen funny video😂😂😂 #magic
00:27
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 15 МЛН
Ағамыз Павлодар облысына қол жүкпен ғана келген...
18:01
Бесқарағайда жылқының жаңа тұқымы алынды
3:26
SEMEI TV / Семей телеарнасы
Рет қаралды 9 М.
Кандагар (Kandahar), 2010, final scene
16:41
Cada Dia
Рет қаралды 6 МЛН
«АУЫЛДАСТАР». Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Еңбек ауылы
28:03
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 66 М.
«СӘЙГҮЛІК СЫНЫ». Мұғалжар
13:15
QAZSPORT TV / ҚАЗСПОРТ TV
Рет қаралды 68 М.
«АУЫЛДАСТАР». Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Мерғалым ауылы
25:14
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 58 М.
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,3 МЛН