Рет қаралды 246,273
Уақыт ұрлап барады ажарыңды,
Ана, сенiң өмiрiң ғажап үлгi.
Өткен күнге отырсың шүкiр айтып,
Құтқа балап кешкен мың азабыңды.
Қайырмасы:
Сын шақтарда қалған жоқ жүгiң құлап,
Жаныма, ана, сенiң жырың қуат.
Кеше бiздер бала едiк, түсiнбеппiз,
Түсiне алмай жүрмiз-ау бүгiн, бiрақ...
Еңсенi езген сыр бермей нала-мұңға,
Сен қатесiн кешiрдiң баланың да.
Тұрды ананың мейiрiмi жанарыңда,
Тұрды әкенiң ашуы қабағыңда.