Полицияға сенбеген халық «ұрыны» өздері ұстады

  Рет қаралды 947,613

TVK TV

TVK TV

6 жыл бұрын

Бәйдібек ауданының халқы малға қырғидай тиген барымташыны ұстады. Елді бірнеше жылдан бері қан-қақсатқан азамат ауылдас ағайындары екен. Ол бұған дейінде, қылмыс үстінде ұсталып сот алдынан шыққан. Бірақ, жеңіл жазамен құтылып кетіпті. Тұрғындардың айтуынша ол ұрлығын тоқтатудың орнына үдете түскен. Тіпті жетім-жесірдің жалғыз малына қол салып әдбен басыныпты. Арыз жазылып, шағым айтылғанымен аудандық полиция шара көрмеген. Тәртіп сақшыларынан үміті үзілген ағайын айыптының жазасын өздері бермек болды.
Менің күйеуім қайтыс болып кеткен. Мыналарға бірдеңе болсын деп жүрмін ғой мен. Қалай аямайсыз сіз? Ұсталасыз шығасыз.
Барымташыға бар малын ұстатқан тек Сарқырама ауылының тұрғындары емес. Айыпты азамат осы маңайдағы бақандай бес елді мекенді тақырға отырғызған. Барлығы ұрының кім екенін біледі. Алғашқыда ағайынгершілікпен кешірім беріпті. Бірақ, ұрлық тиылмаған. Ақыры шыдамы таусылған жұрт полицияға арызданыпты. Алайда тәртіп сақшылары оны көп ұстамай босатып жіберген.
Егер мойындамай елге, ортаға көнбейсің ба, уақыт емші. Мына жерде 7 адамба мал жоғалтқан. Жетеуі жеті рет арыз жазғанда жеті рет шығындаласын. Адвокат, Полицияң әр барғанда ақша алады. Оданда сен мына халықпен келісімге кел.
Жоғалған малдың барлығын дәл осы азамат үптеп кеткен,-дейді мұндағылар. Қылмысы үстінде ұсталса енді қайталамаймын,-деп ант су ішіп, артынан жымысқы әрекетін жалғастыра береді екен. Дегенмен, кінәлі тағылған айыптың барлығын жоққа шығарып, істеген ісін мойындамады.
Мен көрмеген жерді сен көріп қойғансың. Сондықтан тыныш отыр.
Дүйім жұрттың дүрлігуіне соңғы оқиға себеп болған. Тарқатып айтар болсақ, осыдан бірер апта бұрын Сарқырамада 14 бас мал ұшты күйлі жоғалады. Иелері аяғынан тозып үш күн іздейді. Таба алмайды. Ақыры тәртіп сақшысына арыз жазады.
Қараша халықтың шамбайына батқаны ұрыны өздері ұстап берсе де, не полиция не прокуротура істі соңына жеткізбей жауып тастайды екен. Сондықтан айыптыға өзіміз үкім кесіп, жазасын да өзіміз тағайындаймыз,-деді. Бірақ ауыл ақсақалдары Қазақстан Республикасының заңынан аттап кете алмады.
Пәзіл ҚАРАБАСОВ
Бәйдібек ауданының тұрғыны
Ұрланған малды қорасынан тауып, ұрыны ұстап полицияға бердік. Бірақ олар босатып жіберген. Осыған байланысты облыс прокрорынан көмек сұрап келдік.
Нұрсұлтан Тұрысбеков
тілші
Ауылдың малын барымталап жүрген азаматты Бәйдібектің шенділері жазалайды дегенге сенбеген халық облыс прокурорынан көмек сұрай келді. Мұндағылар ашынған ағайынның арызын қабылдады. Сөйтіп алдағы он күннің ішінде қанағаттанарлық жауап береміз депті. Ал жұрт осыдан нәтиже шықпаса Астанаға баруға дайынбыз деп отыр.

Пікірлер
Сериал Шеф 6 4
48:45
Bakytbek Jusupov
Рет қаралды 126 М.
МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР / ЕЛ ҚАМЫ / 06.04.2023
23:38
Жетісу телеарнасы
Рет қаралды 47 М.
Кәріс тіріма өзі ?  | Synyptas 3 | 8 серия
24:47
kak budto
Рет қаралды 1,6 МЛН
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,6 МЛН
[Vowel]물고기는 물에서 살아야 해🐟🤣Fish have to live in the water #funny
00:53
ҚАЗЫҒҰРТТА МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨРШІП ТҰР
3:52
ЖЫЛҚЫ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН БАРЫМТАШЫ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
5:51
AQJAIYQ TV / Ақжайық телеарнасы
Рет қаралды 274 М.
«Голубойларды» халыққа берсін, шыққан жеріне тығамыз»
3:15
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 236 М.
#Duisembai | Ешқандай тәртіп жоқ.
40:56
Duisembai 😎
Рет қаралды 153 М.
Сериал Шеф 6 22
50:18
Bakytbek Jusupov
Рет қаралды 278 М.
Кәріс тіріма өзі ?  | Synyptas 3 | 8 серия
24:47
kak budto
Рет қаралды 1,6 МЛН