Ескі кландар биліктен кетсін деген барлық халықтың талабы емес - Сапарбаев

  Рет қаралды 87,877

Cұрауы бар / Sūrauy bar

Cұрауы бар / Sūrauy bar

Күн бұрын

#cұрауыбар#Сапарбаев#сұхбат
Бұл қаңтар оқиғасынан кейін Бердібек Сапарбаевтың «...Сұрауы бар» арнасына берген алғашқы ауқымды сұхбаты. Ескі гвардияның сапында 40 жылдан астам қызмет еткен Сапарбаевтың зейнетке шығуы қаңтардан кейінгі Назарбаевтың айналасындағыларды биліктен аластатумен тұспа-тұс келуі сәйкестік пе? Жоғары биліктегі трайбализм, командамен қызмет ауыстыру және саясаттағы екіжүзділік. Назарбаев кезеңі мен Тоқаевтың дәуірі. Сапарбаевтың әкім бауыры мен ұлының қызметте өсуі, ірі бизнестегі құда-жекжаты және оған Бердібек Мәшбекұлының қатысы. Сақа саясаткердің күнделігінде бұрын-соңды айтылмаған қандай мемлекеттік құпиялар жазулы? Сапарбаевтің інісі әрі Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ұлына жасап берген үйлену тойына қатысты Мәшбекұлының пікірі. Пиарға жұмсалған миллиондар. Жағымпаздық, қулық және өтірік. Мемлекет және қоғам қайраткерін қоғамдағы тағы қандай мәселелер мазалайды? Осы және басқа да сұрақтардың жауабы ашық сұхбатта.
Сұхбатты көріңіз, таратыңыз, бөлісіңіз!
Тайм-кодты басып, сұхбаттың қалаған жерін көріңіз.
00:00 Анонс
00:53 Амандасу
01:41Сұхбатымды көріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың көзіне түстім
03:54 Назарбаев шақырып алып туған жерің - Қызылорда облысына әкім қылып тағайындаймын деді
05:05 Нұрсұлтан Назарбаев жұмысына баға
09:02 Назарбаевпен жаңа мешітте кездесіп, жағдай сұрастық
11:00 Саяси екіжүзділік: депутаттардың ұяты жауап береді
12:41 Менің қаңтардан кейін зейнетке кетуім сәйкестік емес
13:12 Қаңтарда алаңға шыққан жастардың көздері қанталап кеткен болды
14:57 Біздің полиция мен әскер әлсіздік көрсетті
15:24 Түнде қауіп төнген соң әкімдікті тастап кеттік. Вокзал, әуежайды басып аламыз деді
17:00 Ауыс-түйістің болып жатқанын, жастардың келіп жатқанын көріп Президенттен зейнеткерлікке жіберу туралы сұрадым
17:14 Бес облыстың біріне әкім болайын деп сұранып барған емеспін
17:30 Менің арманым - артымнан жаман сөз ермесе деймін
19:07 Сапарбаев інісі Нәлібаевты өз орнына тастап кетті ме?
20:08 Ескі саяси кландар биліктен кетсін деген барлық халықтың талабы емес
22:22 Қаңтар оқиғасы кітапта жазылған жоқ қой
23:04 Арандатушылардың кесірінен қаңтарда адам шығыны болды
24:35 Қаңтар көтерілісінің себептері
25:20 Ескі саяси жүйенің адамдары енді өмір сүрмеуі керек пе?
32:25 Ескі саяси жүйе өкілдерін қаралауды саяси технология ретінде пайдаланады
33:54 Халық пен мемлекеттің алдында арым таза!
35:54 Әкім, министр боламын деп өмірімде ойлаған жоқпын
37:46 Қулықты, өтірікті, жағымпаздықты жек көремін
40:15 Бердібек Сапарбаев командамен ғана жүрді ме?
45:22 Сапарбаев айналасындағыларға қалай қамқорлық көрсетеді?
46:00 Сапарбаев пиарға қанша ақша жұмсады?
47:24 Зейнетке шыққалы маған ешкім қызмет ұсынған жоқ
48:17 Тоқаевпен болған соңғы кездесу
48:33 Бұл президенттік сайлау бұрынғыдай болмайды
51:17 Бір реттік 7 жылдық президенттік мерзім дұрыс па?
52:10 Сапарбаевтың жеке күнделігіндегі құпиялар
53:26 Зейнеткер Сапарбаев қазір кімдермен дос?
54:38 Иманғали Тасмағамбетов неліктен қоғамнан таса жүр?
55:28 Сапарбаев көрген биліктегі трайбализм
58:03 Елдің болашағын ойлаған адам билікке туыстарын тартпауы керек
58:40 Нұрлыбек Нәлібаевқа - менің атыма кір келтірме дедім
01:00:04 Нұрлыбек Нәлібаев Сапарбаевтың інісі ме, ұлы ма?
01:02:24 Сапарбаев қатысқан 115 млн теңгенің тойы туралы
01:03:02 Оның бар айыбы - әкім болғанында
01:05:30 Інілерім мен балама - қызметтен кеткенде не істейтіндеріңді ойлаңдар деймін
01:07:14 Ақсақал десе ренжіп қаламын
01:09:07 Бердібек Мәшбекұлының өкініші бар ма?
01:10:16 Зейнетке шықсам да қазір бес уақыт намазға жығылуым мүмкін емес
01:11:03 Жаңа мешітте ескі адамдар жүр дегенге қарным ашты
01:14:48 Қорытынды

Пікірлер: 773
@user-cf8mv4nt7l
@user-cf8mv4nt7l Жыл бұрын
Ескі кландар биліктен түгел кетуі керек.Бәрінің жасы келген.Орындарын жастарға берсін.Болашақ жастардың қолында.
@user-zv6vb6rk4g
@user-zv6vb6rk4g Жыл бұрын
Тергеліп.ұрлаған.дүниелерін.тар тып.алу.керек.әиелінің Атағындағы.тумақұдашөберелеріне.жазған.мүліктерін.халықа.таратукерек.сотамау.керек.біздесотжоқ.
@user-cf7pm2cw7h
@user-cf7pm2cw7h Жыл бұрын
Жасым 56да отыз жыл бойы билік елді тонады. Өміріміз күйбең тірлікпен өтті, не жақсылық көрдік.
@user-pr5yt7gk1k
@user-pr5yt7gk1k Жыл бұрын
Айтпаныз, БИЗДИН ЖАСТЫГЫМЫЗ, ЕН ЖАКСЫ ЖЫЛДАРЫМЫЗ Балаларды камтамасыз етумен, выживать етумен отти гой....
@user-zh8vp4ji1q
@user-zh8vp4ji1q Жыл бұрын
Базар жоқ ініңді қала әкімі еттің өзің пенсяға кететін кезде інің облыс әкімі болып қонжиды жақсы кісілердің арқасында
@user-pm3yn5bq4j
@user-pm3yn5bq4j 2 ай бұрын
Бұл ағаларың о дүниелік болып кетті ғой, иманды болсын. Алдынан жарылқасын, артына қайыр берсін🙏
@user-ne3oj1dy3q
@user-ne3oj1dy3q Жыл бұрын
Жегендерың жельым болсын, ішкендерің ірің болсын.
@user-hr1jm6xw4q
@user-hr1jm6xw4q 10 ай бұрын
Өте дұрыс әрі шынайы сұхбат болды
@user-he6lt2qg3l
@user-he6lt2qg3l 5 ай бұрын
Рахмет Алла Разы болсынБердібек аға,Жанныңыз жәннатта болсын, қалған өмірлерді жұбайыңызбан балаларыңыз,немерелеріңіз,тума туыстарыңыз ұзақ ғұмыр жасасын, Қазақ еліне еңбегіңіз сіңді,ақылды,мейірімді,сауатты,еңбекқор,адал елдің алдында адал қызмет жасадыңыз, болашақ Қазақ жастары сол сіздің жолыңызбен,сіздің улгіңізді алу керек, Барлық берген сұхбатыңыз өте орынды ,өте ойға қонарлық, журекке жылу бергенде болдым , Дұрыс барлығы ,Сіздей жан ашыр мейірімді қазақтың асыл алтын жігіттері көп болсын,Бірлік болса ,елде берекелі мерекелі болады,Бала шағыңызға ,бәріміздің бала шағамызға берсін сіздің ақыл кеңестеріңізді .Жақсы сөз жаным ырыс ,сіздің ақылдарыңызды тыңдап ойға туйіп журемін ,Сіз Қазақ халықның мәңгі журегінде сақталасыз❤❤❤❤
@user-rt8pm7nz7u
@user-rt8pm7nz7u Жыл бұрын
Басшы болып жүргенде неге айтпады екен осының бәрін.Бүгін келіп басқаша сайрап отыр Екі жүзділіктің потологын қойдығой
@rozabaltai1254
@rozabaltai1254 Жыл бұрын
Жарты ғұмыры СССР кезінде өтті.Ол мезгілде орыс тілділердің өмірлері,таза қазақ аудандарына қарағанда анағұрлым жақсы болды..Бірінші кезекте олардың тұрмыс-жағдайын жасауға билік міндетті болды.Ауыру қалсада,әдет қалмайды деген,карьерасының соңында орыс тілді әйелдің итіне,барлық облыс,қалалық әкімшілік құрамымен шығып көңіл айтқаны халықтың есінде қалды.
@user-iy4lz7ot4o
@user-iy4lz7ot4o 10 ай бұрын
жемқорлар сайрап отырғой Алланын алдында жауап бересің иманды болсын Алла төрелейді
@KengeKenes
@KengeKenes Жыл бұрын
Қазактар неге осындай болып кетті? 30 жыл көргені әділетсіздік, алдау, ұрлық, жағымпаздық. Халықтың ниеті бұзылмағанда қайтеді, рухы жоғалды . Бұл өте қиын жағдай. Енді қалай осы халықтың рухын көтеру керектігін билік қолға алу керек.
@mikommm253
@mikommm253 Жыл бұрын
Аузына келгенін айту емес, халық өз ойын айтуға құқылы. Біз зайырлы қоғамда өмір сүреміз. Журналист жақсы сұрақтар қойды
@NN-wf1hn
@NN-wf1hn Жыл бұрын
Ауызына келгенди айтады, Далел жок соз, осек ангиме, Еркек айткан созине жауап береди деген жок казыр, Отырып алып Осек айту
@mikommm253
@mikommm253 Жыл бұрын
@@NN-wf1hn өсек емес, шындықты
@NN-wf1hn
@NN-wf1hn Жыл бұрын
@@mikommm253 Адам оз ойым осы екен деп, сен сиякты маныраумау кеоек, Кани далелин, Корми журсунба, Билип турсунго, Айтып журго деген Жалпылама Осегин керек емес, Накты далелин барма, алде журген Пиздаболсынба? Ерке болсан накты жауап бер? Болмаса Манырап журе бер
@meiramorynbaev6343
@meiramorynbaev6343 Жыл бұрын
Оттапты осылар қазақ елін құртқан ұрлаған ақшасын қалыққа қаитарсын жағымпаз
@user-ds9kj9jg3m
@user-ds9kj9jg3m Жыл бұрын
Рахмет. Ербол осындай кісілерді шығара бер халықтың алдында не айтады тыңдайық Бұл кісіде отыз жылдық шіріген жүйенің адамы ал інісі осылардың мектебінен шыққан оқушысы ескі гвардияны халық жек көреді халық қалай жамандамайды нәсібінің бәрін отыз жылдық жүйе бөліп алса болашақ ұрпақтың қамын отыз жыл бұрын айтуыңыз керек еді .. Отыз жыл да қымбатшылық жемқорлық әділетсіздік жайлап халықтың жағдайының нашарлап кеткенін білмейсіз бе. Өзіңіз айтқадай ініңіз адал әділ әкім болсын аман есен жүре беріңіз. Ербол сенің қойған сұрақтарың тамаша сен сияқты журналистер көп болсын
@user-bx3su1fk6r
@user-bx3su1fk6r Жыл бұрын
Тыныштық болсын деп қазақ 30 жыл отырды. Елдi тонай берген ғой.
@bauyrbauyrzhan7283
@bauyrbauyrzhan7283 Жыл бұрын
Байлыктарын қайтару керек, қарыздан құтылу керек бердбек
@user-xq4jo4cq9q
@user-xq4jo4cq9q Жыл бұрын
СОЛ БАЯҒЫ ЖАР ТАС СОЛ ЖАР ТАС ШИ БӨРИЛЕР
@user-tx4zd1er3o
@user-tx4zd1er3o 10 ай бұрын
Өкінішті, өмірден өтіп кетті. Зейнеткер ретінде де жазғандары мықты. Алла мейіріміне бөлесін! Айтып отырғандарының барлығы орынды.
@siasakberdieva9359
@siasakberdieva9359 Жыл бұрын
Бари тамаша болса, баска елдерге карызымыз неге кобейп кетти екен?
@user-si6if7li8z
@user-si6if7li8z Жыл бұрын
Ит иесіне көңіл айтқыш азамат, бұлармен сұхбат алып қажеті аз . Құлаққа лапша ілгіштер ғой...
@user-fw3fz3yn7l
@user-fw3fz3yn7l Жыл бұрын
ОСЫНДАЙ ОТТАҒАН СӨЗДІҢ КЕРЕГІ НЕ? НЕГЕ ОТЫЗ ЖЫЛ БОЙЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН КӨТЕРМЕДІ ? БҰЛАРҒА ДАУА ЖОҚ БӘРІНЕ ХАЛЫҚ КІНӘЛІ ӨЗДЕРІ АППАҚ ЕШ УАҚЫТТА КІНӘСІН МОЙЫНДАМАЙДЫ
@zhanserik5974
@zhanserik5974 Жыл бұрын
Әкімді халық сайлау керек
@user-cf7pm2cw7h
@user-cf7pm2cw7h Жыл бұрын
Қазақ қарапайым халық, бір бірін жамандамайды. Қазақ халқы жамандаса , жемқор чиновниктерді айтады.
@user-tp1eg7bf2r
@user-tp1eg7bf2r Жыл бұрын
Казах бырын, быры коралмайды. Теккана жамандайды, БАРЛЫГЫ казахтарга кулып жур.
@user-ig7zk1jw8w
@user-ig7zk1jw8w Жыл бұрын
Биліктегілердің мақтайтын жері,халыққа жасаған жақсылығы болмаса не айтамыз?
@user-ws8le2ul2d
@user-ws8le2ul2d Жыл бұрын
Осындай адамдармен тергеу мекемесінде тілдесу керек.Теледидар бұлар үшін зор құрмет,дәріптеу- бұл өте зиян.
@user-jq8cn5nz7y
@user-jq8cn5nz7y Жыл бұрын
Оте дурыс айтасыз. Бул Сапарбаев ангимени зуылдатад. Осылардын турлерин коргим келмейд.
@samsung6213
@samsung6213 Жыл бұрын
Осы уақытқа шейін келген инвестиция қайда? Соларды тауып берші, одан кейінгісін көрерміз
@user-ge8hf5zg8j
@user-ge8hf5zg8j Жыл бұрын
Ия 30 жыл жумыс ыстедын 30 жыл бырге тонадындар енды арине быр бырын колдап отырад,пока билык ауыспай сухбат алудын кажеты жок
@user-yl9iv5co3w
@user-yl9iv5co3w Жыл бұрын
30 жылда басқарған облыстарда қаншама зауыт, фабрикалар салдырды екен 🤷
@user-gt2oy8tg4p
@user-gt2oy8tg4p Жыл бұрын
Басқа ұлттар әрине, күліп жатыр, тірі адамның атына қала атын бергенге. Сол мазақты жою үшін тиранның атын өшіру қажет! Тұрақты бллсаң о баста Ақмоланың атын ауыстырдыңдар? Әлде, Ақмолада өліп қаламыз деп қорықтыңдар ма? Моладан неге шошыйсыңдар?
@user-ws8le2ul2d
@user-ws8le2ul2d Жыл бұрын
Әр сұраққа керемет жауаптары дайын, бұл адамға бұрынғы билік сенді,ал халық сене қоймас. Сырты бүтін,іші түтін!
@bauyrbauyrzhan7283
@bauyrbauyrzhan7283 Жыл бұрын
Сіз халыққа жақсылық жасаған жоқ сын, оны халық айту керек
@user-xf7gs8qw1v
@user-xf7gs8qw1v Жыл бұрын
Бұл кісі тонағандардын ішінде бірге тонаған адам ғой, мықты сайрайды
@user-do7sh7vo6k
@user-do7sh7vo6k Жыл бұрын
Машаллах, не деген тамаша сұхбат, Ербол мырза еңбегіңіз еленеді, сұрақтарыңыз 👍 Бердібек ағамыз өте дана, кішіпейіл азамат екені көрініп тұр, ауызбірлікте болайық ағайын. 🤲✊🇰🇿
@user-ww3rn4pv5r
@user-ww3rn4pv5r Жыл бұрын
Сонда бұның ойынша тағы да ештеңе айтпай, үндемей отыру керек пе, егер билік өкілдері Қазақстанның байлығын ұрлап жеп, халықты алдап отырса.
@user-yu3bi1bd8c
@user-yu3bi1bd8c Жыл бұрын
Кызылордадағы Арай сити моол, ресторан Акниет, үлкен ТОО лардың барлығын келінінің атына аударып қойып өтірік не ақымақ болып отыр.....
@user-wd5cx8rt6m
@user-wd5cx8rt6m Жыл бұрын
Дамып не жетістірдіңдер,сол кездегі бір колхоздың техникасы қазір бір облыста жоқ.Әскери техникаң макет,металалом,білім жоқ,әділеттілік жоқ,басы істемейтіндер бастық.Ауқат таппай жүрген ел қанша?Қара бастың қамын ойлап жақсыаттанып жүрді бәрі жағымпаздар.Күнін ойламай келешекті ойлауға болмадыма?Ен кеп шетінен көсем болып отыр.Депутаттарға рахмет ішінара болсада дұрыс адамдар бар екен.
@meiramorynbaev6343
@meiramorynbaev6343 Жыл бұрын
Әдемі сөзін бір жеріне тығып қоисын алаяақ Сапарбаев
@tele9514
@tele9514 2 ай бұрын
Жақсы сұхбат болды.Қазір Бердібек Сапарбаев марқұм болып кетті.Жатқан жері жарық болсын!Иманына қарық болсын!!!Ол дүниеге кеткен адамның артынан жаман сөз айтпаңыздар.
@user-vw7ej8mt8q
@user-vw7ej8mt8q Жыл бұрын
Інісін әкім етіп қойып кетті өзенде уйят барма
@user-og9zu4xm5d
@user-og9zu4xm5d Жыл бұрын
Осы 30 жылда Қазақстанның экономикасы өте нашарлап кетті. Шындықты ғана айтатын адамнан сұхбат алыңыз деп өтінер едім.
@user-hr1jm6xw4q
@user-hr1jm6xw4q 10 ай бұрын
Отыз жыл бұрын,керемет болғанын көрген жоқпын
@user-lf9xz8rp2b
@user-lf9xz8rp2b Жыл бұрын
БҰЛАРДА ҰЯТ , АР , НАМЫС БАРМА ЕКЕН ӨЗІ ! АЙ ҚАЙДАМ ? ҚАРҒА ҚАРҒАНЫҢ КӨЗІН ШОҚЫМАЙДЫ ҒОЙ . ҚАЗАҒЫМ !
@user-ge9jp7gz3x
@user-ge9jp7gz3x Жыл бұрын
Еліміз отыз жылда ешқандай да дамыған жоқ. Керісінше кері кетті. Қазір еліміздің экономикасы 1991 жылғы дәрежесіне жеткен жоқ. Сапарбаевтың өзі де байқамай мойындап отыр, отыз жылда еліміздің байлығы тек қана талан-таражға түскенін. Совет үкіметінің ыдырар шағында Қызылорда қаласында ірілі-ұсақты отыздан астам зауыт, фабрикалар болған. Қазір біреуі де жоқ. Тепсе темір үзетін жігіттер қарауылдық жұмыс тапса бөркін аспанға атып қуанады.
@time443
@time443 Жыл бұрын
акиматпен министерстволарга запрос/сұрау жiберу керек, қайтадан дамытсын өз ақшаларына осылар бәрi немесе құрысын жасамаса
@user-zh8vp4ji1q
@user-zh8vp4ji1q Жыл бұрын
Жемқорлардың жегендері үрім бұтақтарына аиықпас ауру болып жабыссын Әмин әмин әмин
@nursulutlemisova8463
@nursulutlemisova8463 Жыл бұрын
Булардын бары кара бастарын ойлаган жандар
@raikhandakenova3486
@raikhandakenova3486 Жыл бұрын
Кезінде осылай неге айтпадыңыз. Осылай агитация басталып кетті. Енді жағымпазданудан жарыс болады. Жағымпаздансақ жұмыс беретін шығар деген үміт бұларда.
@mikommm253
@mikommm253 Жыл бұрын
Сол ғой кіл жағымпаз
@hhgg5591
@hhgg5591 Жыл бұрын
Бердібек сен жемқорсын, сен халықтын ақшасын жедің, құдайданда қорықпайсын, құдай жазанды берсің, қарғыс атсын, бала шағанңын қызығын көрме.
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
Халыктын талабы биликти кетиру болды гой. Шалдар кетиндер деди. Токаев Назарбаев кетиндер деди.
@salamatkenesov8949
@salamatkenesov8949 Жыл бұрын
Абайдын созин айтпай ак кой бердибек. Ол да сендер сиякты гой. Сози татти иси ащы. Сендер елди тонай берулерин керек, халык кайыршынын кунин кешип ундемей журулери керек екен гой. Осиеттнди котине тык. 46 компанияны куриш суарушы акен тастап кеткен жок гой. Сол компаниянын бари мемлекеттин акшасына курылган. Бари тендермен айналысады. Оним шыгармайды. Бордюрден баска. Мына жургизуши де котжалагыш екен. Бордюрбек Жамбылды да Актобени де булдирип кетти. Аяктаган бир иси жок. Мынау сиякты котжалагыш журналистерди жаксы пайдаланады. Оны пресс секретарлары аркылы истеди. Токаевтын да басын айналдырып алган. Жанагы даригерди де ректор кылган да ози гой. Жанагы даригер басын жазып турпин калпына келтируши болган.
@user-gq3ns3mk2l
@user-gq3ns3mk2l Жыл бұрын
Қай түрімен, қай бетімен елдің алдына шығады әлде сайлау науханында халық не айтады деп зерттеу ма ? Бордюрбектер Қазақстанды құрдымға кетірді, не айтқысы келіп отыр , халыққа жеркенішті болған адамдарды тыңдағым келмейді.
@user-og9zu4xm5d
@user-og9zu4xm5d Жыл бұрын
Мына кісінің сұқбаты жиіркенішті
@user-yw3vc2uw8v
@user-yw3vc2uw8v Жыл бұрын
Репрессия жасау керек ұрыларды.
@user-qj6mo2hj1r
@user-qj6mo2hj1r Жыл бұрын
Бұрынғы биліктің кезінде жасалған былық-шылықтың бәрі көрініп қалды,енді ақталудың қажеті шамалы,заң алдында бәрі тең десек, сәйкесінше жауап берсін бәрі!
@user-mt6tm7kx5i
@user-mt6tm7kx5i Жыл бұрын
Қазіргі өзіңіз айтып отырған жағдайға отыз жылдық сіз араласқан жемқор, қандықол жүйе айыпты. Жүйе байыды, қазақ кедейленді. Жүйеде жүргенде, Абайдың сөздері қайда еді, Сапарбаев мырза. Біздің әлі жөнді баспанамыз да жоқ.
@user-jq8cn5nz7y
@user-jq8cn5nz7y Жыл бұрын
Сапарбаевты Жасарал Куанышалин,Серикжан Блаш,Рыспек агаларымызбен сухбат жасату керек.
@user-fr9gh2kz1o
@user-fr9gh2kz1o Жыл бұрын
Сапарбаев мырза. Осы айтқандарыңызды 30 бойы, жоғарғы лауазымды қызметтерде жүріп, неге іске асыруға ат салыспадыңыз. Әдемі сөйлейсіз. Сіздің 30 жыл бойы билікте жүргеніңіз, сіздің адалдығыңыздың нәтижесі емес, Назарбаевтың қас қабағына қарап, көңілінен шыға білгеніңіз. Сіздің қабілетіңізге еш күмән келтірмейміз. Әрине сіз Назарбаев жүйесінің жемісісіз.
@user-nd1vp4hr9f
@user-nd1vp4hr9f Жыл бұрын
ОСЫНДАЙ ХАЛЫҚ ЖАУЛАРЫНАН СҰҚБАТ АЛЫП АҒАЛАП ОТЫРҒАН МЫНА ПЕНДЕГЕ ҚАНЫМ ҚАЙНАП ОТЫР.
@user-re9xb5cf9t
@user-re9xb5cf9t Жыл бұрын
Сізбен толық келісіп отырмын!!!! Жыным келіп, қалай үялмай отырғаны
@o-tunpodcast3896
@o-tunpodcast3896 Жыл бұрын
Бұны көру уақыт өлтіру. Осы сұхбатқа көп төленді ме?!
@user-su5nm8pv3r
@user-su5nm8pv3r Жыл бұрын
БҰРЫН ОСЫНДАЙ БОЛМАДЫ.... СЕНДЕР ЖЕТКІЗДІҢДЕР...ХАЛЫҚТЫ.... ҰРЫЛАР...АҚШАДАН БАСҚА ЕШТЕҢЕНІ ОЙЛАМАЙ.... АҚШАНЫ ....ШЕТЕЛДІҢ ҚАРЫЗЫН ҚАЙТАРЫҢДАР....ҰРЛАҒАН АҚШАДАН....ҚАЛҒАНЫНЫҢ БӘРІ БОС СӨЗ!!!
@user-tb2fd9of9n
@user-tb2fd9of9n Жыл бұрын
Жесірге, жетімге , мектепке, ауыруханаға қаражат салса бірінші кезекте сол дұрыс болатын еді. Енді жатақанаға қаражаты жоқ студенттері уақытша қонып шығуға Мешіттер көмектесе ме екен? Халықтық батасы мен қарғысымен бағалау керек еңбектерін әкімдер. Қарғыс көп болса жұмыстан кету керек еді.
@user-ee1yn5eu3c
@user-ee1yn5eu3c Жыл бұрын
Калай-калай сайрайды.Басшы кызметтерде журип осының барин билмей калу мумкин емес кой.Бир казаннан ас ишкен бир науадан су ишкен сабаз ғой,жамандауға тили бармай отыр.
@pushstart6801
@pushstart6801 Жыл бұрын
Сайрама Сапарбаев ☝ 30 жыл бұрын ешкімге қарызы жоқ мемлекет едік , халықтыңда ешкімге қарызы жоқ еді. Қазақстан байлығы жеткілікті мемлекет едік. Білім жеткілікті , білімді көп ел едік. Халықты көзіне ілмей сен сияқтылар мемлекетті тонады. Назарбаев адам емес екен , жаны ашымады , ақтама ешкімді. Мемлекеттің бұрынғы басшысы білгенін жасап құтырды. Назарбаев мешіт салды деп қуанған халық жоқ , ұрлап алған ақшаға мешіт салып халыққа жағымпазданғандағы сауабы қабыл болама бір Алла біледі. Бәріңнің беттерің құрысын.
@user-we8uz4gi2c
@user-we8uz4gi2c Жыл бұрын
Сын айту керек, бірақ професианалды түрде сынау керек.Олай болмаса кез келген Ленин жетектеп кетеді.( сепаратистер ) 1-. 30 жыл бұрын ссср қарызға батып ыдыраған жоқпа. 2-. 30 бұрын, білім әлемдік болса неге ссср экономикасы құлады. Білім мен ғылым шығыннан асқан соң ссср ғылымы төтеп бере алмады. 3-. Тонау болмаса Мәскеу чиновниктері қар мен суға семірген жоқ шығар. Бұрын тонауды ОРЫС ұлтына арналып жүргізді. Орыс ұлты төнаумен айланысты. Орыс алқашының өзі тойып жеді. Мен сын жазсам басқаша жазар едім , жазамын да. Бірақ пролетарлық сөз жазбаймын, менің сынауым мүлдем басқаша, басшылар да, басқалар да, арасында халық та кіріп кетеді сынға.
@user-pw9ez7si4h
@user-pw9ez7si4h 10 ай бұрын
Қымбатты жұрналист балам Ербол бүгін болған субхаттың өте əсерлі болды. Б. Сапарбаев (мархуммен)болған əңгімең ерте ректе жазылған екен. Бəрі Алланың қолауымен деген осы. Бердібек Алматыдағы НАРХОЗ-ДА ол кезде 1966-1979-жылдары осылай, немесе толық аты АИНХ-(Алматы халық шаруашылығы институты )-деп аталатын. Осы оқу орнында бірге оқыдық . ол бір кұрс жоғары оқыды. ОЛ 1977-Ж бітті.мен 1978-ж бітірдім.Осы жерде айтарым :Сол кездегі керемет доктор-профессорлар экономиканың майын ішіп жілік шыққан ағаларымыз-Шəукенбаев,К. Сағадиев, Н. Мамыров, Ж. Балапанов, Родостовец т. басқалар білімімен суғарды. Міне соның жемісі Б. Сапарбаев . иманы жолдас болсын Бердібектің. (Талдықорған Ж. Ахаев 15.06.2023-ж)
@asiyabeksultanova660
@asiyabeksultanova660 Жыл бұрын
Урылаганын шынгой Көп халык саган карсы . Урысып Жүрген жерин Урлык
@user-xg4mn7bu7b
@user-xg4mn7bu7b Жыл бұрын
Басқа, басқа осы Бердібек трайбализм туралы аузын ашпай-ақ қойса болар еді.
@user-et9on9kl4k
@user-et9on9kl4k Жыл бұрын
Көздері қанталап кетті дейді жастарды әрине олар билікке сенбейді өздерінің ақша көргенде көздерін өздері көрмейді ғой
@user-mj7em3qp7f
@user-mj7em3qp7f Жыл бұрын
Судында Сурауы бар Уакыт келеди Сураймыз
@10989777
@10989777 Жыл бұрын
Бердибек отдыxай демал жетеді
@user-in1jy3jb4c
@user-in1jy3jb4c Жыл бұрын
тонаушылар ақталуға шебер
@user-sz3sb3ft3d
@user-sz3sb3ft3d Жыл бұрын
Бердібек аға сіз ел ағасы болып билікте болдыңыз. Неге біздің елде аула тазалаушы сиақты қара жумысшыларда тиатірге концертке барып демалуға хақы бар. Бірақ осыған мүмкіндік жоқ. Теңдестіруге әрекет жасадыңыздарма.
@user-pp1yj6nl6r
@user-pp1yj6nl6r Жыл бұрын
30жылдан бұрын қандай Қазақстан болды, қазір қандай дейді. Байлар байыды, кедейлер кедей болды. Әлі күнге 10 соток жер ала алмай жүрміз. Қысқасы екіжүзділік.
@user-bx3su1fk6r
@user-bx3su1fk6r Жыл бұрын
Мен 27 жыл тәрбиеші болып жұмыс iстеп окiметтен түк алған жокпын. Iнiнiздiн байыганы соншалық акшасын шашып жыр...
@user-ev3lb9nf5m
@user-ev3lb9nf5m 10 ай бұрын
Билікте болғандардың бәрі адал еңбек еттім, халықпен бірге болдым дейді. Бірақ халықтың 90-95-пайызы несиеде, кедейлік зардабын тартып отыр, сонда қалай болғаны.
@user-ie5se2qo6e
@user-ie5se2qo6e Жыл бұрын
Сол тұрақтылықты бір сөзде тұруды Астанаға Нұрсұлтан атын бергенде конституцияға бір адам үшін өзгеріс енгізгенде неге айтпадыңдар.
@user-dk1ej1ws2d
@user-dk1ej1ws2d Жыл бұрын
Елді Құртқан...бордюрбек 🤣🤣🤣
@user-ry7pp3qs2o
@user-ry7pp3qs2o Жыл бұрын
Сұмпайылар. СССР ДАН ҚАЛЫП НҰРСҰЛТАНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАНДАРДЫҢ БӘРІ ҰРЫ
@user-fl8in3sh5q
@user-fl8in3sh5q Жыл бұрын
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Құрметті жамағат, әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж бауырымызға көмек қажет болып тұр! Жалдамалы жұмыс жасайтын бауырымыз қазіргі уақытта денсаулығы сыр беріп, жұмысқа шыға алмай отыр. Өмірлік жары да еңбекке жарамсыз. Ал тұрып жатқан үйлері апатты жағдайда екен! Екінші бір бауырымыз, құрығы ұзын азаматтардың қысымымен, қорқытуымен, айла-шарғысымен қиын жағдайға тап болған. Қазіргі уақытта, ағайын-туысынан және үйін кепілдікке қойып қыруар қаржы алып, қарыздары қысуда. Қазіргі жағдайда, өзіне тиесілі болған 40 шаршы метр үйінен айырылу қаупі туындап отырған көрінеді. Оның үстіне қарыз иелері де қысып жатқаны ақиқат. Күнделікті тапқан табысы, отбасының ас-ауқатынан артпай отыр. Бауырларымызға көмек қолын созу мақсатында шот ашып отырмыз! Ешкімге салық салайын деген ойымыз жоқ, әркім мүмкіндігіне қарай (1000, 500, 200, 100 теңге бола ма әркімнің өз қалауы) қол ұшын созса деген ой біздікі. Каспи Голд: 4400 4301 3841 4682 “Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді. Көмекке ашық болыңдар, дұғаларың қабыл болады!” ...Ибн Мажә..................................................................................................
@user-rd1jx5sf5l
@user-rd1jx5sf5l Жыл бұрын
Бқрынғы әкімдер дұрыс жұмыс істемеді, қайда қазақ байлығы
@user-rd1jx5sf5l
@user-rd1jx5sf5l Жыл бұрын
Осыған қалай жеттік, түк жауап жоқ
@user-rd1jx5sf5l
@user-rd1jx5sf5l Жыл бұрын
Барма барып-барып жеп-ішіп болдың сол үшеуі бар байлықты тонады, жеді, неге түрткілеймізқайда завод фабрикалар, енді неге уақытында өз байлығымызды өзімізге пайдаланбай шаштыңдар, кетші былжырамайорандасаңдар неге орындамадыңдар
@anipabaikonirova8493
@anipabaikonirova8493 9 ай бұрын
Ески команда кетсе, сауатты мамандар табылады. Бирак олар кетпейди, желимдей жабысқақ жабысқактар ғой. Ески гвардия дан Токаевта аяғын тартады, батыл шешим жасай алмайды. Осылай 7 жыл мерзимин откизеди.
@mayabelyalova6487
@mayabelyalova6487 Жыл бұрын
Елін тонап зеинетке шықты жауыз
@user-dl8uj2mj7g
@user-dl8uj2mj7g Жыл бұрын
Отыз жылда сыбайластықты ,жемқорларды дайындадық және совхоз ,қолхозды,фабрика және зауытты бұзып қиыраттық.Бастықтар шұрайлы нысандарды жт.басқа қаржы түсетін жерлерді бөліп алып.Халықты бай кедей деп екі тапқа бөліп берді.
@user-gr9rg7lo6x
@user-gr9rg7lo6x Жыл бұрын
Қандай тәжірибені айтып отыр мынау. Қалай корупциямен айналысу керек екені туралы тәжірибе ма.
@user-ws1ng2vl7u
@user-ws1ng2vl7u Жыл бұрын
Интервьюді көріп құлаққа жағымды ертегі естігендей болдым , 30 жыл бойы айтқан ертегіні қайтадан айтып беріп жатыр бізге
@user-es2st6eq1y
@user-es2st6eq1y Жыл бұрын
Мен 40 жылдан астам ұстаз болып еңбектендім бірақ мына кісінің айтып отырғанына таңғалып отырмын журналистің адамдар тырнақ астынан кір іздейді дегені де орынсыз бірінші қазақтар бірін бірі жамандайды деді керісінше осы бетке айтпағанынан болып отыр жастарда үй жоқ жұмыс жоқ жағдайлары өте нашар сол биліктің кесірі ал өздері болса шалқып өмір сүрді сол кезде неге басқа елден ұялмады қандай уятты айтып отырсың. Шығыс Қазақстанды тақырға отырғызып кеткенсің . Қазақ еліне ешқандай жаның ашымайды жаның ашыса билікте жүргенде жасау керек еді барлық жақсылықты сол кезде қалтаңды ойладың. Өзің айтпақшы тарих таразылайды әлі
@abitabit7551
@abitabit7551 Жыл бұрын
Керемет сухбат елбасы болуга лайыкты киси
@samsung6213
@samsung6213 Жыл бұрын
Бұрыңғы ұры биліктен алып қалатын ешнәрсе жоқ. Жұмыс білмейтін, парақорлық, коррупция, жемқорлықтан басқа ешнәрсе қалмайды олардан. 30-жыл соған тәрбиеледі, соған оқытты. Жауап берсін енді сол үшін
@user-vz7ww8lk6m
@user-vz7ww8lk6m Жыл бұрын
Бердібек ағаның сұхбатын естіп жақсы әсер алдым. Қандай басшылықты алмасын, қызметін жақсы атқарумен көзге түскен. Көзі ашық адамға көрініп те тұр. Бердібек Сапарбаевтың еңбекқорлығы, қарапайымдылығы, мәдениеттілігі, адалдығы, және кеше Тараз өңірінде халықтың әкіммен қимай қоштасқаның өзі де біраз нәрсені аңғартады. Қазақстанның ең күрделенген аумақтарына Бердібек Сапарбаевты жібергенде абыроймен алып шыққанын ақпараттық көздерден біліп отырмыз. (Семей су тасқанында аяғына боти киіп, қарапайым болып жүргені есіме түседі.) "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демей ме?
@user-bx3wp4el8l
@user-bx3wp4el8l Жыл бұрын
Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев мырза мықты әкім бола білді ✊️✊️✊️
@user-vp6bq4nb5w
@user-vp6bq4nb5w Жыл бұрын
Қазақты қазақ жамандаса не шығады дейді. Ал қазақты қазақ тонады. Содан не шықты?
@user-mf4ut7ld7k
@user-mf4ut7ld7k Жыл бұрын
Әркімнің күнәсі, кемшілігі өзіне... Дегенмен өте сауатты сұхбат, жік-жігіне қойылған сауалдар... Дәл осылай, таза қазақша ешбір әкім (облыс әкімі) сұхбат берген емес
@user-gt2oy8tg4p
@user-gt2oy8tg4p Жыл бұрын
Сырғақтамай, бірігіп қанша жедіңдер, қайда тықтыңдар, соны айтпайсың ба, Бардюрбек?!
@user-gv8fm6un2g
@user-gv8fm6un2g Жыл бұрын
Осы кісіні көргім келмейді!
@QAZAQ-yg1pg
@QAZAQ-yg1pg Жыл бұрын
Ұлы жаратушы иеміз Алла Тағала сізге разы болсын зор денсаулық қажымас қайрат ұзақ ғұмыр екі дүниенің бақытын нәсіп етсін еліміз аман жұртымыз тыныш болсын 🤲
@user-fx8hw1iq9q
@user-fx8hw1iq9q Жыл бұрын
Отырған кадрлар жемкорлар олар кайфуша олар
@user-yw3vc2uw8v
@user-yw3vc2uw8v Жыл бұрын
Б.Сапарбаев тәжірибе туралы,коррупцияны үйретіп орнына адам дайындау сияқты.ұрылар.
@user-ey7pf1pw5m
@user-ey7pf1pw5m Жыл бұрын
Ұры қарылардан ештеңе сұрамаңдар . Еш уақытта билікті жамандамайды .
@user-ks3kv2wk5z
@user-ks3kv2wk5z 10 ай бұрын
Бұл кісінің айтқанының бәрі дұрыс. Өте көрегенділігі жоғары екен. Иманы жолдасы болсын. Бәрі дұрыс. Ауызбіршілік керек. Ешкім аш емес. Аш болсаң өзіңнің жалқаулығыңнан көр. Бәрін көріп отырмыз айналамыздағы халықтың өмірсүріп жатқанын.
@user-nj2ks3mv8t
@user-nj2ks3mv8t Жыл бұрын
Қазақ елінің кемшіліктерін бір адаммен байланыстыруға болмайды. Қолынан келгенше қызметін атқарып, зейнет жасына абыроймен және аса құрметпен шыққан бірде-бір адам- деп айтуға болады.Сол себептен де, Бердібек ағамызды нағыз қарапайымдылықты алға қойып келген, таза іскер қазақи адам ретінде білеміз.
@concordiaintegritas2933
@concordiaintegritas2933 Жыл бұрын
👍Бердібек Сапарбаев негізі қатты жаман адам емес басқаларға қарағанда. Шымкентті кезінде су жоқ свет жоқ кезінде басқарып сол проблемаларды шешіп кеткен тұғын. Бет жоқ жамандаудың қажеті жоқ ақты ақ қараны қар деу керек !!
@user-cb5rl2km6t
@user-cb5rl2km6t Жыл бұрын
Бердібек Сапарбаевтыда жемқор деп айтады ғой,кличкасыда бар"Бардюрбек".деген.Жемқор баласы Астанада ең қымбат көлікті мініп жүр деп.Халық айтса,дұрысын айтады.
@user-nk5xu6mg4h
@user-nk5xu6mg4h Жыл бұрын
Аспаннан жерге түсіп, сұхбат беріп отыр ғой. Таңғажайып. Бұл да жақсылықтың белгісі шығар
@user-jl1kh8ed7j
@user-jl1kh8ed7j Жыл бұрын
Қазақстан қай жағынан дамыды? Жемқорлық жағынан ба?
@user-go2ib5xz3e
@user-go2ib5xz3e Жыл бұрын
Отыз жыл бұрын қазақ халқының басында кредит болған жоқ, Қазақстан республикасының бір тиын қарызы болған жоқ, сондықтан бұрынғы өмір дұрыс болған
@user-il2mq9so8k
@user-il2mq9so8k Жыл бұрын
Одан да, меншігіңдегі құрылымдарды жетім-жесірлерге бөліп бер!
@nurbolberkinbauly8658
@nurbolberkinbauly8658 Жыл бұрын
Жамбыл өңіріне дым істеген жоқ. Мыңғырлап сөйлегеннен басқа. Мен істеген мектепке келіп ремонт жасаймыз деп қоянның суретін салып кеткен.
@time443
@time443 Жыл бұрын
акиматпен министерстволарга запрос/сұрау жiберу керек, қайтадан дамытсын өз ақшаларына осылар бәрi немесе құрысын жасамаса
@user-cj4xj6dm5i
@user-cj4xj6dm5i Жыл бұрын
😀😀😀😀бұрынғы ұры қарылар отырады екен да, жаңа Қазақстан құра салады екен, болды енді ұрламаймыз 😂деп. Ойбай қандай тәжірибелерін үйретіп кетеді екен, қалай ұрлап, тонауды ма 😂. ұялмайтын бетіне, талмайтын жақ берген!!! Он мыңдаған жастарды террорист жасап, түрмеде азаптап, үтіктеп жатқандарға неге айтпвйсың осы ақылыңды. Әрине әлем күлмейма, 20мың террорист аспаннан түсті деп одбк шақырып бейбіт жастарды қырып салып, қазақ жастарын он мыңдап түрмеге тығып, азаптап, үтіктеп қолдан террорист жасап жатқанына. Күледі қазақтарға деп қояды,. Ассамблеяны данышпан ұрысұлтан сол сен сияқтыларды қолдап, қорғау үшін алақанына салып аялаған жоқпа, ия соның жемісін көрдіңдер, ол баршаға аян.
@user-qv1fq9ll2h
@user-qv1fq9ll2h 10 ай бұрын
Жатқан жерің жарық болсын!!! Пендеміз ғой! Бәріміздің бағамызды құдіреті күшті, аса мейірімді Алла береді!
@eliaelia5036
@eliaelia5036 Жыл бұрын
Осы адамды бірінші құрту керек!!! Қызылорданы осы адамның туыстары әлі билеп және тонап отыр!!!
@user-vi7io1kr1n
@user-vi7io1kr1n Жыл бұрын
ОТТАЙ ҚЫЗУ ЖАСТАРҒА, ШЫРПЫ ТАСТАП ЖІБЕРДІ ҒОЙ. АРАНДАТУ БОЛДЫ. ӨТЕ ТҮСІНІКТІ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ЖЕТКІЗДІҢІЗ.
@jibekatym2023
@jibekatym2023 Жыл бұрын
Мына кісі мутып кетті партсобрания да отырғандай сөз сөйлеп отыр.
@user-ss3rx2tz4y
@user-ss3rx2tz4y Жыл бұрын
Мешіттен не пайда? Шет елден неге қарыз алдық? Сол қарызды неге экс президентіміз жаппайды?Өзіңіз қанша жедіңіз?Қанша адамдарды зар жылаттыңыз?
@user-io4ik9pb5n
@user-io4ik9pb5n Жыл бұрын
Ақымақ шал ескі адам деген жоқ. Ескі жүйенің ескі адамдары деді. Сөзді бұрмаламай айт. Әдейі уақыт өткізбей🌹
@user-gr8zg7qb5x
@user-gr8zg7qb5x Жыл бұрын
Заң бар деп қояды . Күлкілі .
Блоховирус !🦠 #симба #тигра #булли
00:57
Симбочка Пимпочка
Рет қаралды 9 МЛН
Китайка и Хеликоптер😂😆
00:18
KITAYKA
Рет қаралды 1,2 МЛН
Duck sushi
00:54
Alina Saito / 斎藤アリーナ
Рет қаралды 25 МЛН
Блоховирус !🦠 #симба #тигра #булли
00:57
Симбочка Пимпочка
Рет қаралды 9 МЛН