ҚАРА ҚҰРДЫМ ІШІНДЕ НЕ БАР?

  Рет қаралды 25,041

Darkhan Otegen

Darkhan Otegen

4 жыл бұрын

ВК группа: proxima_g
Мен ВКда: aleksss000
Мен Инстаграмда: @proxima_d
Мен Твиттерде: @Darkhan87403546
QIWI Wallet: +77059619280
Қара құрдымның ішінде не бар деп ойлайсыз? Қара құрдымдар негізінде осы әлемдегі ең құпия нәрселердің бірі. Ешкім факт ретінде оның ішінде не бар екендігін айта алмайды. Ғалымдардың зерттегені бойынша модельдері жасалып ең бірінші санды бейнесі түсіріліп алынса да, біз онда не бар екендігін анықтай алмаймыз. Өйткені оның ішіне ешкім барып көрмеді. Тіпті барғанның өзінде де ондағы нәрселерді айтып беруі қиын, тірі қалмайды. Өйткені ондағы жарық та ішіне кірсе кері қарай қайта алмайды.
Негізінен қара құрдым массаның максималды деңгейіне дейін тығыздалған кезінде пайда болатын өте тығыз және өте массивті нәрсе. Осы характеристикасынан ондағы гравитация да алпауыт. Өйткені масса көп болған сайын гравитация күші де жоғары болатынын физика сабақтарынан да оқып біліп жүрген боларсыз. Осындай массасы тіпті Күннен милиондаған есе милиардаған есе ауыр болатын қара құрдымдар көптеген галактикалардың ортасында орналасады. Галактикалардың модельдерінің суретін қарағанда сіз де элипс немесе домалақ болып айналған галактика ортаға қарай оратылып бара жатқанын байқаған боларсыз. Бұл сол галактиканың ортасында алпауыт қара құрдым орналасқандығын білдіреді. Ал қасындағы жарық пен жұлдыздар сол қара құрдымға тартылып жатқандықтан сондай бейнеде модельденген. Осылай айналып жүрген кезде жылу және жарық фотондарының арасынан электрондар қуатты радиотолқындар шашады. Кейбір кезде адамдар квазарлар мен қара құрдымның айырмашылығын білмей жатады. Екеуі де өте ұқсас нәрсе және галактикалардың немесе басқа да шоғырланған аспан обьекттерінің ортасында орналасады. Бірақ Квазарлар өте жарық болып көрінгенімен Қара құрдымдар тіпті көзге көрінбеуі де мүмкін, егер қасында ұшып бара жатқан жарық фотондары болмаса. Және квазарлар деп қара құрдымның өзін айтпайды. Ол Қара құрдымның сыртындағы жарықтан пайда болған бізге көрінетін нәрсе.
Аспанда Қара құрдым жұтатын өте көп нәрсе бар. Ол кез келген аспан денесін өзіне тартады. Супермассивті қара құрдымдар галактиканың орталарында орналасатынын айттық. Олар галактикалардыңң орталарында орналасып галактиканы түгелдей жұтып қоя алады. Әрине бірақ оған көп уақыт кетеді. Бірақ мынадай қызық нәрсе бар. Қара құрдымдар шаңсорғыш сияқты емес. Яғни қара құрдымға қатты жақындап кетсе ғана өзіне тартып алады. Мысалы Күн жүйесіндегі Күннің орнына кішігірім Қара құрдым орналасатыын болса, біздің планета қап қараңғы және суық болады. Бұл факт. Өйткені қасында айналып жүрген жұлдыздардан жарық фотондары келмей жарық шаша алмайды. Және кішігірім қара құрдымдарда тесігіне шамамен 20-30 миллион километр жақындап кетсе ғана тарта бастайды. Мысалы Күн мен Жердің арасы 149 миллион километр деп есептесек. Күннің орнына келген Қара Құрдымға Жер құлап кетпейді, Күнді айналғандай айналып жұреді. Мүмкін өз осінен не орбитасынан жыллдамдығы өзгерер, бұл Қара Құрдымға байланысты. Сол сияқты Қара Құрдымнан 20-30 миллион километр алыс тұрған барлық планеталар да Қара Құрдымды айналуларын жалғастыра береді.

Пікірлер: 139
@NursultanKanatbek
@NursultanKanatbek 4 жыл бұрын
Дами бер брат сенің видеоларың түсіме кіред даже 😂
@aslanzhumazhan2932
@aslanzhumazhan2932 4 жыл бұрын
Соғо 😂
@rocketskywalker2833
@rocketskywalker2833 4 жыл бұрын
+++++
@rocketskywalker2833
@rocketskywalker2833 4 жыл бұрын
Даусы приятныйғо ещё
@tonycraft8774
@tonycraft8774 3 жыл бұрын
@@rocketskywalker2833 чем Пазлға қарағанда 😂😂😂
@zubair9848
@zubair9848 3 жыл бұрын
@@tonycraft8774 ну олда жақсы
@dumanga1i928
@dumanga1i928 4 жыл бұрын
Керемет,әр шыққан видеодан жақсы ақпараттар мен тың мәліметтер аламын!Дархан саған рахмет!Дами бер!Киноны міндетті түрде қарайтын боламын.
@yumidaismailovna9156
@yumidaismailovna9156 Ай бұрын
Керемет тағы сала берші осындай видио . Лайк и подписк жасадым
@ruslanasqaruly2062
@ruslanasqaruly2062 4 жыл бұрын
Оо рахмет) тағыда күтеміз көп көп.
@almatalaidar7518
@almatalaidar7518 4 жыл бұрын
Керемет ризамын саған !!👍
@golddace6901
@golddace6901 4 жыл бұрын
Қара құрдым өзіне тарқан нарсенің барлығы басқа жақтан шығып жатыуы мүмкін деп ойлайм. Мен интернеттен ақ құрдым жайлы естігем ол өзінен керісінше шығарады деп.
@fnfmodplaying5569
@fnfmodplaying5569 2 жыл бұрын
мен ойлаймын қара құрдым өзіне тартып алады. сол зат ұшып ақ құрдымнан шығады. ақ құрдым өзінен итереді.
@meirzhanabitbekov6068
@meirzhanabitbekov6068 Жыл бұрын
Тамаша бауырым алға✊🤯
@user-rw2bi8sq9g
@user-rw2bi8sq9g 4 жыл бұрын
Кушты
@DJNuR-kh4lr
@DJNuR-kh4lr 13 күн бұрын
Дами бер 🎉🎉
@beksultan6713
@beksultan6713 4 жыл бұрын
Дами бер брат Интерстеллар деген киноны көргем керемет кино
@MAQKZ-xp3et
@MAQKZ-xp3et 4 жыл бұрын
Дами бер әр қашан ғарыш туралы түсірші
@thenurtas007
@thenurtas007 4 жыл бұрын
Керемет контент 👍💪😎
@user-um8wk1uh7j
@user-um8wk1uh7j 3 жыл бұрын
Супер ведио рахмет Бауырым дамый бер мени гылымга кызыктырып койды
@user-sp2ru1yo4e
@user-sp2ru1yo4e 4 жыл бұрын
Сенің видеоларың қатты ұнайды😆
@user-vo7my9cb3b
@user-vo7my9cb3b 4 жыл бұрын
Қара құрдым өз өмірін тоқтатқанымен галактикада миллиардтаған жұлдыз бар ғой Солардың біреуінде жанатын элементтері таусылса Срл галактикада тағыда бір қара құрдым пай болады Менің ойымша қара құрдым галактмканың тек ортасында болмайды ол шетіндеде болуы мұмкін Видео тамаша.Біраз ақпарат алдым.Менен 1 лайк❤️
@cocaineocaen6233
@cocaineocaen6233 4 жыл бұрын
Осындай гарыш форматында виделар коп шгарш топ💥💥🇰🇿
@rocketskywalker2833
@rocketskywalker2833 4 жыл бұрын
БАСЫМ ЖЕТПЕДІ ТҮСІНУ ҮШІН
@zamko
@zamko 4 жыл бұрын
Дауысын 👍👍👍
@dykoonn4496
@dykoonn4496 4 жыл бұрын
Космос мой рай!!! PROXIMA 👍👍👍 Darhan👍👍👍
@starlinkquest8271
@starlinkquest8271 4 жыл бұрын
Көрмей жатып 👍👍👍 LIKE
@mukazhansarsenbay176
@mukazhansarsenbay176 4 жыл бұрын
Интерстеллар 👍
@user-qh7mj4fm1q
@user-qh7mj4fm1q 4 жыл бұрын
Брат сені скавроннан іздеп жүрсем мында жүр екенснғой Даусыңды сағындыққой😉
@user-xv9db7iy8j
@user-xv9db7iy8j 2 ай бұрын
Күшті🎉
@fatally7
@fatally7 4 жыл бұрын
Лайк👍
@Diy58815
@Diy58815 4 жыл бұрын
братан кормей жатып лайк осындай ведио кутемыз
@user-nc5yo1oy3i
@user-nc5yo1oy3i 4 жыл бұрын
Осындай видеоны жақсы көремін
@Qarpaim_bala
@Qarpaim_bala 3 ай бұрын
О скаврон сені ютуб тастап кеттіма деп журсем 😂
@abzal6780
@abzal6780 4 жыл бұрын
👍💪🤘
@user-nr3wz5fi8c
@user-nr3wz5fi8c 4 жыл бұрын
super
@user-lh7nj6si6r
@user-lh7nj6si6r 2 жыл бұрын
Қара құрдымның ішінде менің ойымша өзге ғаламшарлықтар бар хехехехехехехехехехее🤣🤣🤣🤣🤣😂😂😅
@fnfmodplaying5569
@fnfmodplaying5569 2 жыл бұрын
видеоңыз өте керемет 👍👍👍👍 кино атын жазып қалдырасызба?
@kazkosmos9665
@kazkosmos9665 4 жыл бұрын
Проксима туралы тусырш
@abs.b
@abs.b 4 жыл бұрын
Рахмет сіздерге !
@user-cs9wp2nt9o
@user-cs9wp2nt9o 4 жыл бұрын
Осылай күнде видео шығарсаң 100000 ға жетерсің Алла қаласа.
@manyaktv7350
@manyaktv7350 4 жыл бұрын
Осының ішіне кіріп бұның құпиясын барлық әлем ге адамдарға ғалымдарға айтуды армандаушы едім
@Umbrella-CORP
@Umbrella-CORP Жыл бұрын
Керемет Лаик пен подписок
@g-4434
@g-4434 4 жыл бұрын
Өте керемет видео. Дархан өте керемет түсіресін. Дами бер. Ренжимесен реклама жасап кетейінші. Менде саған ұқсас қазақша канал аштым. Өтінемін тіркеліп кетіңдерші!!! Рахмет😄
@ruslanasqaruly2062
@ruslanasqaruly2062 4 жыл бұрын
Жалпы тамаша
@user-rm8yi8mg1k
@user-rm8yi8mg1k 4 жыл бұрын
Топ
@SOLDIER-jo9ml
@SOLDIER-jo9ml 4 жыл бұрын
Топ сыңғо дами бер
@user-sb8oj9mm9u
@user-sb8oj9mm9u 2 ай бұрын
Керемет
@user-fx8sj4wb5m
@user-fx8sj4wb5m 4 жыл бұрын
👍
@gamzatshapikholla2291
@gamzatshapikholla2291 4 жыл бұрын
Ослай кунде видио тусырып турш брат!!
@user-yx9fk3xg9j
@user-yx9fk3xg9j 4 ай бұрын
👍🤗
@aslanzhumazhan2932
@aslanzhumazhan2932 4 жыл бұрын
Брат осы сен Ted ed видео алғанда автроский права ұстамай ма? Әлде сіз рұқсатпен аласызба Аударма жасау көп уақыт ала ма осы?
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
ағылшын тіліне байланысты
@ersultanzhumaly4461
@ersultanzhumaly4461 4 жыл бұрын
OR 2метеоры туралы тусрси
@madddin6715
@madddin6715 4 жыл бұрын
Мыхт мыхт😂🖖
@kazakbala23
@kazakbala23 4 жыл бұрын
Топчик
@seilnurlan7366
@seilnurlan7366 4 жыл бұрын
rahmet scowron garish turali video kop tusirshi otinish proximity
@tuivn6391
@tuivn6391 3 жыл бұрын
2020 31 желтоқсаңда көріп отырм түнгі 12де 2021 болады!
@NursultanKanatbek
@NursultanKanatbek 4 жыл бұрын
Коронавирус туралы шыгарш пжж
@qazfootballwithazamatkoshe9938
@qazfootballwithazamatkoshe9938 4 жыл бұрын
Астрономия жайлы көп видио шгарынызшы
@orazhannyrdaylet300
@orazhannyrdaylet300 4 жыл бұрын
Алғашқы лайк пен коммент менің атымнан.. ✅✅
@minigames5775
@minigames5775 4 жыл бұрын
топ
@user-xb4hf5oi1w
@user-xb4hf5oi1w 4 жыл бұрын
Саламалейкум Дархан 👋 Есіңде болар қара құрдымды суретке түсірген едіғо, неге соны зерттеу үшін ішіне камера жібермейді? Бәлкім бұл сұрағым ақымақтау болар саған, бірақ жауабын айта аласың ба? P.s мен физика жағынан 0 мін айып етпе 🙂
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
Өте алыста. Оған зонд жетем дегенше мыңдаған жыл өтіп кету мүмкін
@user-xb4hf5oi1w
@user-xb4hf5oi1w 4 жыл бұрын
@@Proximachannel аа
@kuanyshdias6442
@kuanyshdias6442 4 жыл бұрын
Darkhan,а как сняли черную дыру?
@mynsan894
@mynsan894 4 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@user-ws2mb3gs5n
@user-ws2mb3gs5n 4 жыл бұрын
интерстейлерде ана адам кара курдым га кирип баска алемде журеди го соны тусинбеди?
@zlonapaker9043
@zlonapaker9043 4 жыл бұрын
Промиха алға биікке самға
@k3ncanrson
@k3ncanrson 4 жыл бұрын
прохима емес проксима
@user-ib4ty8wi6e
@user-ib4ty8wi6e 3 жыл бұрын
Қара Құрдым келгенде Акырғы заман болад Құранда жазылған Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде
@TlekEshim
@TlekEshim 3 ай бұрын
Брат Сены 100мын кыламыз ❤❤
@user-ke8cc4kv9p
@user-ke8cc4kv9p 4 жыл бұрын
Фильмнің аты қалай дедіңіз?
@user-fj3rn5zb2b
@user-fj3rn5zb2b 3 ай бұрын
ЮПИТЕР қандай ғаламшар дегенде айналып жүретін тарнада түсіме кіреді түсімде....
@Like-hf8mz
@Like-hf8mz 4 жыл бұрын
Scowron сенго нау😍
@Azamat.aynur.1985
@Azamat.aynur.1985 3 жыл бұрын
кушты неге бызде нло деген зат корынбейды америка жакта коп сол жайлы шыгарылым болса жаксы болар еды рахмет👍👍
@popcorn7558
@popcorn7558 2 жыл бұрын
Ол отрк америкадада корнбит
@user-hn5uo3cu4d
@user-hn5uo3cu4d 4 жыл бұрын
2 қара құрдым соғысуы мүмкін бе?,және соғысқан кезде қандай құбылыс пайда болуы мүмкін?
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
үлкен қара құрдым пайда болады
@aslanzhumazhan2932
@aslanzhumazhan2932 4 жыл бұрын
Брат сонда Бүкіл галактикада қара құрдым тек 1еу ақ па әлде одан да көп пе?
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
көп
@margulankazhytai5599
@margulankazhytai5599 4 жыл бұрын
Неге түріңді көрсетпей кеттің?
@bekzat_kz6661
@bekzat_kz6661 2 жыл бұрын
5:50 киноның атын айтасызба дұрыс түсінбедім
@qupyakz461
@qupyakz461 4 жыл бұрын
Басындағы шиқылдаған музыканы құртшы құдай үшін, миды тесіп жіберді
@jakon16
@jakon16 Ай бұрын
Қара құрдым да денка бар
@orynbassarov.e
@orynbassarov.e 4 жыл бұрын
Қарақұрдым өзіне жұтқан денені бөлшектеп өзінің көлемін үлкейтетін шығар болмаса өзіне тарту күшін арттыратын шығар
@abs.b
@abs.b 4 жыл бұрын
ЕЕЕЕЕЕ БОЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙ
@user-yl7xy8ke8n
@user-yl7xy8ke8n 2 жыл бұрын
Жалпы камера жіберіп көргенба?
@zhenisserikbol5325
@zhenisserikbol5325 4 жыл бұрын
Ең сапалы контент
@kz-us4bu
@kz-us4bu 4 жыл бұрын
Мен сені скафронан іздеп жүрмін ғо
@strth_ser
@strth_ser 4 жыл бұрын
Қара құрдымның жанында жүретін құбылыс қалай аталды? айтып жіберш
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
Аккреционды диск?
@erasyl_aigyz07
@erasyl_aigyz07 3 жыл бұрын
@@Proximachannel қандай кино дедің
@_nurdi_8842
@_nurdi_8842 4 жыл бұрын
Кандай программа анау?3:25
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
Universe Sandbox 2
@_nurdi_8842
@_nurdi_8842 4 жыл бұрын
@@Proximachannel рахмет;)
@dayanch_nurnazaruli
@dayanch_nurnazaruli 2 ай бұрын
Tek kana Kazak tili!
@zamko
@zamko 4 жыл бұрын
Сенде кандай микрофон
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
Бояшка
@user-gj5bt3yj5l
@user-gj5bt3yj5l 4 жыл бұрын
Ғарыш өзі үлкен құпия
@nurda_kz4896
@nurda_kz4896 4 жыл бұрын
Саусақтай қара құрдым жерді жұтып қоя аладыма?
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
Mumkin
@m.balausa.
@m.balausa. 2 жыл бұрын
Мен көрдім жер андай бір сызық болып жіңішке болып ішінен сыйып кетет
@satsapar55555
@satsapar55555 Жыл бұрын
брат қалайсың? оралсайшы арнаға
@zhalgas5356
@zhalgas5356 4 жыл бұрын
1
@user-vz9hv2dx8t
@user-vz9hv2dx8t 4 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум ағайын, қара құрдымға ғалымдар ғарыш кемесін дайындап жатыр зерттеуге. бірақ қанша мықтысын дайындасада ол мүмкін емес, себебі жылдамдыққа байланысты салыстырмалы айтатын болсақ жарық Жылдамдығының жүзден біріндей жылдам ғарыш кемесі болса да, онда кеменің өзінде мыңдаған жылдар кетеді, ал жерде миллиондаған жылдар өтіп кетеді, біздің галактиканың диометрі жуз мың жарық жылы қашықтықта мүмкін болсада құдайдың құдіретімен, жүздеген жылдар керек шығар алі !!!
@aliatabaev8791
@aliatabaev8791 4 жыл бұрын
Дархан сізбен қалай байланыссам болады ватсап номеріңіз бересізба маңызды
@bekzat_kz6661
@bekzat_kz6661 2 жыл бұрын
5:50 қандай киноның аты
@user-ss1jh7kk9m
@user-ss1jh7kk9m 2 ай бұрын
Киноның атың айтыңызшы?😢😢😢😢
@user-ji2ts4xc4v
@user-ji2ts4xc4v 4 жыл бұрын
Қай қаладан боласыз
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
Қызылорда
@user-ji2ts4xc4v
@user-ji2ts4xc4v 4 жыл бұрын
Рахмет
@user-xv9qp4wk8j
@user-xv9qp4wk8j 2 жыл бұрын
Не стесенде АЛЛАҺ атымен бастап.АЛЛАҺмен байланыстыр...бул АЛЛАҺ кудрети...(КҰРАН) да бул айтылган..
@jdmjdmfan6630
@jdmjdmfan6630 4 жыл бұрын
1941 самолеттер осыган кіріп кеткен болуы мумкін бе?Сол самолеттерді осы бергі жылдары казіргі адамдар корген екен дейді,оз ойынды жазсан бауырым?
@erkebulanmashanov7019
@erkebulanmashanov7019 4 жыл бұрын
Кино аты қалай ед
@Proximachannel
@Proximachannel 4 жыл бұрын
Интерстеллар
@user-ow5hw9pj1n
@user-ow5hw9pj1n 4 жыл бұрын
Жұлдыз деген не? Дәу тас па или планета ма
@k3ncanrson
@k3ncanrson 4 жыл бұрын
*КҮН СИЯҚТЫ ЖАРЫҚ ШЫҒАРАТЫН ҒАРЫШ ОБЕКТІ*
@strth_ser
@strth_ser 4 жыл бұрын
132 лайк 0 дизлайк👑
@tamioko_guy232
@tamioko_guy232 2 жыл бұрын
Энтерстолесс
@user-fx4ky6lp7h
@user-fx4ky6lp7h 3 жыл бұрын
2017->Scawron 2021->Proxima
@user-zv7ty1yo9h
@user-zv7ty1yo9h 4 жыл бұрын
Қандай кино деді
@user-lx1ws9fm3d
@user-lx1ws9fm3d 3 жыл бұрын
Бир алем бар шыгар каракурдымда
@user-og7xi7nt3m
@user-og7xi7nt3m 4 жыл бұрын
Ол кинонын калаи
@user-bs8lx4hr5v
@user-bs8lx4hr5v 2 жыл бұрын
Қара құрдым ұйық
ҒАРЫШТАҒЫ ЕҢ ҚАУІПТІ НӘРСЕЛЕР | PROXIMA
9:27
Пробую самое сладкое вещество во Вселенной
00:41
Кушать Хочу
Рет қаралды 1,9 МЛН
She ruined my dominos! 😭 Cool train tool helps me #gadget
00:40
Go Gizmo!
Рет қаралды 53 МЛН
Sprinting with More and More Money
00:29
MrBeast
Рет қаралды 182 МЛН
МАРСТА ТІРШІЛІК БАР МА? | Proxima
7:02
Darkhan Otegen
Рет қаралды 21 М.
МАРСТАН ТІРШІЛІК ІЗДЕУ | Proxima
4:54
Darkhan Otegen
Рет қаралды 7 М.
Купер улетает в черную дыру. Интерстеллар.
5:02
Жер тоқтап қалса, не болады?
5:55
Девушка и AirPods Max 😳
0:59
ОТЛИЧНИКИ
Рет қаралды 17 М.
WWDC 2024 Recap: Is Apple Intelligence Legit?
18:23
Marques Brownlee
Рет қаралды 6 МЛН
How To Unlock Your iphone With Your Voice
0:34
요루퐁 yorupong
Рет қаралды 24 МЛН
сюрприз
1:00
Capex0
Рет қаралды 1,4 МЛН