ПСИХОСОМАТ Эльмира КУДАРОВА: Қызымның бір күнде жазылуы, «ТӘУБЕ" методикасы

  Рет қаралды 195,341

Nazik Alem Podcast

Nazik Alem Podcast

Күн бұрын

Пікірлер: 986
@Balnur_Alimkul
@Balnur_Alimkul 11 ай бұрын
Подкасттан түйгендерім: 1. Өзіңнің Алланың ең керемет жаратылысы екеніңді ұмытпай өзіңді ештеңеден шектемеу. 2. Қандай да бір аурумен ауырып жатсаң немесе балаларың ауырып жатса ойлану , психосоматикасына үңіліп, күнәңді мойындап, тәубе жасау,жаңа шешім қабылдау . 3. Қандай эмоция болса да оны көркем түрде жеткізе алу, оны шығара алу. 4. Өзіңе әділетті болу. Проблема адам өзіне-өзі әділетсіздік жасаған кезде келеді. Өзіңе ұнайтын іспен айналысу. 5. Алла өөте мейірімді. Бізге тек жақсылық қалайды, сондықтан біздің күнәмізді өзіміз түсіне алу үшін бізге ауруды оның шипасымен бірге жаратты. 6. Қоғамдағы адамдармен қарым- қатынасыңа қарау. Күйеуіңмен үнемі диалогта қарым- қатынаста болу. 7. Бақытты бола алу. Сен үшін бақыт деген не екенін анықтап алу . 8. Бір принципке қатып қалмау. Біздің таңдауымыз бар. Орта жолды ұстану. 9. Бала өмірге келгенде жауапкершілік алу. Вакцина немесе басқа да бір препараттар болса оларды зерттеу . Кез- келген ақпарат біліп барып қолдану. 10. Қыз бала анасының өзіне -өзінің эмоциясы. Ал ер бала анасының күйеуіне деген эмоциясы. Бала үнемі махаббатты қалайды. Баланы шартсыз сүю. 11.Адам іштей қалап тұрса , яғни ол адамда потенциал бар оны Алланың қалауымен істей алады. Алла разы болсын. Подкаст өте пайдалы болды❤.Айтылған оқиғалар өте әсерлі. Алла істеріңізге жеңілдігін, берекесін берсін. Ин Ша Алла Эльмира ханыммен тағы подкаст болса екен ❤️
@Айгерим-у4х
@Айгерим-у4х 11 ай бұрын
Аллаһ разы болсын прям көшіріп алатын конспект жазғаныңыз үшін
@Balnur_Alimkul
@Balnur_Alimkul 10 ай бұрын
@@Айгерим-у4х Әмин 🤲🏻 баршамыздан Алла разы болсын
@ZhannurTalasbayeva
@ZhannurTalasbayeva 5 ай бұрын
Сәлеметсіз бе! Құттықтаймыз! Сіз Эльмира Кударовадан жеке консультация ұтып алдыңыз! 8-771-581-64-62 номеріне ватсапқа жаза аласыз ба?
@larisaomarova1328
@larisaomarova1328 4 ай бұрын
Керемет
@Balnur_Alimkul
@Balnur_Alimkul 4 ай бұрын
@@ZhannurTalasbayeva Рақмет Алла разы болсын😍🥹🤲🏻
@FariSakh
@FariSakh 3 ай бұрын
МАЛИКА ҰСТАЗДЫҢ ПОДКАСТЫНАН КЕЙІН КЕЛГЕНДЕР БАР МА? БІРГЕМІЗ✊ ӨТЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗАҚША КОНТЕНТ👍
@ГулсияКумат
@ГулсияКумат 2 ай бұрын
ия бар
@nazymgulakhmetkereeva5788
@nazymgulakhmetkereeva5788 2 ай бұрын
Бар
@maralgafu8169
@maralgafu8169 2 ай бұрын
🙌
@aykerimbakhtiyar8111
@aykerimbakhtiyar8111 2 ай бұрын
+
@nurikermekbay967
@nurikermekbay967 2 ай бұрын
Иааа❤
@saltanatturebekova
@saltanatturebekova 11 ай бұрын
Керек кезде керек адамға Аллах бұл подкастты кезіктіреді жане таубе етуге себепші етеді ❤
@Kazakh0909
@Kazakh0909 11 ай бұрын
Соны айтшы Машаллаһ біздің Қазақтар жарады осы ғылымды!!!! Иншалла
@Marya11611
@Marya11611 10 ай бұрын
Ойламаған жерден көріп тыңдадым.1-ші орында Ана өзіміз өзгеруіміз керек екен❤
@englishteacher_Aizhan
@englishteacher_Aizhan 10 ай бұрын
Рахмеет🌹🌹🌹
@nuraytoktagul8486
@nuraytoktagul8486 10 ай бұрын
Мяя швнымен дурыс айтасыз 😍🙌
@АйжанБекмаганбетова-б5ь
@АйжанБекмаганбетова-б5ь 10 ай бұрын
Ойламаған жерден уақытымды кетіріп тыңдап отырмын.жасым 63 ке келген кезде барып енді көзіміз ашылып жатқанына Жаратушыма мың шүкір.Осы қыздарғда үлкен рахмет Көп аналардың ішіңдегі айталмай кеткен сырларын оп оңай ғана жеткізген айтып отыр.Алла разы болсын! 👍👍💐💐💐
@GGG-wz2gv
@GGG-wz2gv 11 ай бұрын
Иә, мен бесплодная болғанмын8жыл бала көтермедім, бармаған дәрігерім, бармаған елім болмады.Сонда менде қорқынышым,күйеуім тастап кетеді деген. Кейбірі бала қадірін білмей жатқанда Бұл әділетсіздік қой,деп күйіп пісетінмін. Сосын қойшы, мен осы Алланың берген сынағына мойынсұндым деп, тек Аллаға тәуекел еттім, бір айдан кейін күтпеген жерден аяғым ауыр екенін білмеймін ғой. Сол үшін Алланың ісіне араласпай, тек дұғада болыңыздар.
@АльбинаСармалаева
@АльбинаСармалаева 9 ай бұрын
Аллаху Акбар
@ЗаринаПарменқұл
@ЗаринаПарменқұл 3 ай бұрын
Менде қорқамын киеуім тастап кетеді деп
@ЗаринаПарменқұл
@ЗаринаПарменқұл 3 ай бұрын
Қалаи арылдыңыз ол оидан 5жыл болды котере алмаи жүрмін
@Gurmanka91
@Gurmanka91 3 ай бұрын
🥹
@СаулеЮсупова-и9г
@СаулеЮсупова-и9г 2 ай бұрын
Керемет. Өзіме үңілмейді екенмін
@СДД-д9р
@СДД-д9р 11 ай бұрын
Керек кезде сізді маған Аллах кездестірді.Я, РАББЫМ МЕН САҒАН РИЗАМЫН ,СЕН ДЕ МАҒАН РАЗЫ БОЛ.ӨТІНЕМ ,ӨКІНЕМ МЕН СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМ.❤❤
@gumaxanym
@gumaxanym 11 ай бұрын
Өмір деген - көңіл-күйдің айнасы, Тәубе еткенге тиер дәйім пайдасы. Қиындықтар - тек күнәнің өтеуі, Ақыретке кетпес үшін зияны...! Подкаст болды өте қызық, тәлімді, Тұшымды ойлар жадыратты жанымды. Эльмиражан шын ұнатып жазбамды, Талдап берсе, қуанар ем хәлімді...!
@МахаббатАмантай-ь2л
@МахаббатАмантай-ь2л 10 ай бұрын
Салематсызба. Таубені қалаи жасаиды. Мысал келтіріп беріңіші. Рахмет
@gumaxanym
@gumaxanym 10 ай бұрын
@@МахаббатАмантай-ь2л алдымен ниет етесіз, екінші күнә жасамауға, сосын 2 рәкағат тәубе намазын оқисыз. Сосын уәдеңізде тұрасыз. Бірақ байқамай қайталап күнә жасап қойсаңыз, тағы тәубе жасайсыз! Тәубенің шарттарын гуглге жазсаңыз шығады.
@Dinara_96
@Dinara_96 7 ай бұрын
МашаАлла 😍👍Бүйырсын сізге
@Dinara_96
@Dinara_96 7 ай бұрын
@@МахаббатАмантай-ь2л қате ойыңызды(санадағы түсінігіңізді) мойындау Олай қате ойлағаныңыз үшін өкіну Ол ойды ересек позициясында жақсы ойға алмастыру өзім солай түсіндім пайдасы болып калар
@ЛаззатДаулетиярова
@ЛаззатДаулетиярова 3 ай бұрын
Мағанда аитасызба қиналып журмін😢​@@МахаббатАмантай-ь2л
@kamozhan
@kamozhan 11 ай бұрын
Ештеңе себепсіз емес. Бұл подкастты соңына дейін тыңдап, шыны керек өзімнің ЭГОмды сындырдым. Сағат дәл қазір 2:32. Аллах ҰЛЫҚ. Өзімді қабылдауға мүмкіндік берші деп сұрап едім. ЕҢ ЖАҚСЫ БІЛІМ ТЕГІН БІЛІМ дегенге тағыда көзім жетіп отыр. Сіздерге АЛЛА РАЗЫ БОЛҒАЙ🤲🏻
@superDauka2202
@superDauka2202 11 ай бұрын
КЕРЕМЕТ подкаст ....... , ҚАТЕНІ ӨЗІҢНЕН ТАБУ, МОЙЫНДАУ! ТӘУБЕ ЖАСАУ! ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ! БҰЛ ПОДКАСТ АЛДЫМНАН БОСТАН БОСҚА ШЫҚПАДЫ, ШЫНЫМЕН КЕРЕК КЕЗІНДЕ , КЕРЕК УАҚЫТЫНДА ШЫҚТЫ.... АЛЛАХ ҰЛЫҚ
@ГульмираДжанабаева-в2ш
@ГульмираДжанабаева-в2ш 11 ай бұрын
Менің түсінгенім өзіңе үңілу,зерттеу.сол арқылы тура жолға табу ,өзіңді тәрбиелеу Алланың қалауымен.
@НурОмирзак-ж8з
@НурОмирзак-ж8з 11 ай бұрын
Мәә Эльмира ханым Алла разы болсын😢 қазін менде жолдасыммен ажырасу процесі енемен түсініспеушілік болып жатыр. Өзімнің іштей шығармай жүре бергенімнің кесірі көп болғанын ұқтым. Қазір қосылғым келеді жақсы көрем жолдасымды. Тәубе техникасын жасадым. Осы психосоматикаға қызығып жүрмін. Алдағы уақытта сізден ьілім алғым келеді. Өмірімді өзгерткім келеді. Қазір бір баламен кв жалдап бөлек тұрамын. Жатсам тұрсам ойым жолдасыммен қосылу. Бірақ енемді қабылдай алмау болып жатыр біраз. Тәкаппарлық па деп қоям. Ұзақ әңгіме негізі үш жыл болғанда тура ажырасуға бел байладым. Қателігім шыдамай кеткенім болды. Оған дейін сізді жолықтырғанда ғой Алла деп қоям. Бірақ бұл іспен Алла өзіне жақындатқысы келгені екенғой. Тәубеге кел деп. Бәрі ішімде екен ғой. Енді бір Алладан үміт күтем. Қосылу хайырлы болса жолдасыммен қосылғым келеді😢
@КенжегульМаханова
@КенжегульМаханова 3 ай бұрын
Аллла ниетінізді қабыл етсіңші
@улбошулбош
@улбошулбош 2 ай бұрын
Енеңізбен карым катынас күйеуіңізбен ара катынас дұрыс болмаудың себебінен болып тұр) тәубе ет анықтап Аллаға мойында өз күнәңді, Өкін, және енді ондай шешім кабылдамайтындай жаңа шешім шығар! Күйеуіңіз каитып келер)
@cgccfh9459
@cgccfh9459 Ай бұрын
Аллахым ыраазы болсун кайын эненизди кабылданыз никенизди сактап калыныз кийин кеч болуп калат ❤
@МаликаКожамуратова
@МаликаКожамуратова Ай бұрын
саламатсызба таубе техникасын жасадыныз ба? косылдыныз ба?
@НурОмирзак-ж8з
@НурОмирзак-ж8з Ай бұрын
@@МаликаКожамуратова жасадым әлі қосылмадым
@dariyazamanbekova4516
@dariyazamanbekova4516 11 ай бұрын
Подкастты естіп көзіме жас келді, ютубты ашқанда сондай ниетпен аштым, Аллаһым мен бірнәрсені дұрыс жасамай жүрмін, ойымдағыдай болмай жатыр, нені дұрыс жасамағаным жайлы белгі берші деп сұрадым, ютубты ашып қалсам осы подкаст шығып тұр🥺🥺 Қазірде жазған сайын көзіме жас келе береді, Алланың мейірімін ойлап, мен бәрін психосоматикадан деп бұрыннан ойлайтын, бірақ настолько терең ілім екенін білмеппін. Осы подкасттан соң өзіме, ішкі убежденияларыма үңіле бастадым, сөйтсем жауабтың бәрі өзімде екен🥺Ин Ша Алла, Аллаһ разы болсын сіздерге✨
@АсемДусупова-ж6т
@АсемДусупова-ж6т 11 ай бұрын
Жылап жүріп тыңдадым ғой,әлі екі көзімнен жас тоқтар емес. Алла разы болсын сіздерге! Басқаға келгенде көзді жұмып тұрып ақшаны құртам,өзіме келгенде сондай жадная,соншалықты өзімді төмендетіп жібергенімді түсіндім. Рахмет көп-көп. Алдымен өзімнен кешірім сұрап,тәубеме келдім🙏
@НурбануСлямова
@НурбануСлямова 9 ай бұрын
❤Өте керемет жақсы, қғым, мағлұиат, ризамын. Көп рахмет жаным Алла разы болсын. Бақытты бол Айналайын ҚҰДАЙ ҒА ТӘУБӘ шүкір... Аллаға Аманат, Пайғамбарымызға Салауат!!!
@СапияКарагойшиева-ш7ш
@СапияКарагойшиева-ш7ш 9 ай бұрын
Өте тамаша !!! Бәрін ашып керемет түсіндірдіңіз. Еңбегіңіз басқа жандарға көмегі зор болады деп ойлаймын
@КаримаБердибаева
@КаримаБердибаева 9 ай бұрын
​@@НурбануСлямова1:05:28
@zayrewxamitq2279
@zayrewxamitq2279 3 ай бұрын
@@НурбануСлямова
@АлапарАтырау
@АлапарАтырау 3 ай бұрын
❤❤❤❤❤❤
@AnelIssabekova
@AnelIssabekova 11 ай бұрын
Қанша уақыттан бері ішімдегі алай дүлей болған боран 1 сағатта тоқтады. Алғысым шексіз🙏 қаншама адам көріп, проблемасын түсінген болар. Менің де бір емес, бірнеше емес көп проблемамды осы плдкасттан тыңдап байқадым. Сіздің терапияңызға барғым келеді. Тәубені түсінгім келеді. Балама көмектескім келеді.🙏
@Rauka-u6g
@Rauka-u6g 11 ай бұрын
Мен осы кісінің сеансынан өттім. Аллахтан ұлды болдым. Шүкір
@АзизаТобыкбаева
@АзизаТобыкбаева 11 ай бұрын
Аллаһтың қалауымен шығар
@Madina_Dombai
@Madina_Dombai 11 ай бұрын
Саламатсызба! Инста парақшасы қандай?
@K.O.2004
@K.O.2004 10 ай бұрын
​@@Madina_Dombaiтелефон БАРМА ЕКЕН
@ВидосХ3йня
@ВидосХ3йня 8 ай бұрын
Өтініш инста парақшасын жазасызба ?
@АлияЕрежепова-б4и
@АлияЕрежепова-б4и 11 ай бұрын
Кез келген проблеманың шешімі өз ішімде екенін түсіндім. Яғни, ақшамен болсын, қарым-қатынас, денсаулық та болсын қандай да бір мәселе болса, өзіме үңілемін. Қай жерде Алланың жаратқандарын сынадым, ашуландым немесе жан қалауымды орындамадым ? Өзіме сұрақ қойып анықтаймын, анықтаған соң, мойындаймын, өкінемін , шешім қабылдаймын. Көп жағдайда өмірімізде қандай да бір мәселе шыға қалса, себебін шарқ ұрып іздейміз. Оның жауабы да, шешімі де қарапайым екен. Сіздерге Алла разы болсын. Осы берген білімдеріңіз екі дүниеңізге пайдалы болсын, Алла мол сауаптан жазсын. Алтын уақыттарыңызды, бөліп, көзімді ашқаныңызға рахмеет. Ғылымның атасы- құран екеніне, ислам- өмір сүру салты екеніне, және оны ұстану қарапайым, одан өміріміз жақсара түсетінімізге көзім жетті. Эльмира ханым, Жаннұр ханым Алла бақтарыңызды еселей берсін, өмірлеріңізге береке тілеймін ❤
@СабираЖусип-ф2к
@СабираЖусип-ф2к 11 ай бұрын
Подкасты тындап отырып ортасына келгенде тоқтатып біраз ойландым. Өзім бұрынан естіп жүрген сөздерді тереңінен түсіне бастадым . 1) Алла бізді бұл дүниеде жазаламайды, яғни сынақтар бұл өткен күнеміздің жазасы емес кафараты екен. 2) Әр қиыншылықтын артында екі жақсылық бар дегенді. түсіндім. Әрбір сынақ біздің жасап жүрген күнәләрімізді түсініп жүрекпен сезіп , тоқтатып, тәубе етіп рухани дамып, Алланың алдында дәрежемізді көтеру үшін берілген сый екенін түсіндім. Бұл ой мен прдкастын ортасына келгенде тоқтатып қойып ойланғаннан келген. Сосын қызық жері 😅😅😅подкасты ары қарай қосып тындаған кезде Эльмира ханымнан именно осы сөздерді естіген кезде шок болдым. Аллаға шүкір . сіздерге Алла разы болсын .
@КадырханКабдуллаева
@КадырханКабдуллаева 8 ай бұрын
Мына рамазан айында дәл осындай подкастқа тап келгеніме мың шүкір. Жасым 70 - тен асса да Эльмира қызымыздың айтқандарына , ісіресе ТӘУБЕ жасау методикасына тәнті болдым. Өзім педагог болған соң методика сөзі келіп қалды. Көп рахмет, тыңдарман қауымға пайдасы тиіп мол сауап жинадыңыздар. Ораза қабыл болсын!!! 1:05:28
@Gulerke98
@Gulerke98 11 ай бұрын
Қатты ұнаған жері- ЕМІЗУЛІ АНАЛАРҒА АЛЛА ТАҒАЛАМ далада әркім мен әрнәрсенің артынан ермей ,үйде отырып-ақ,баласын махаббатпен емізіп отырып-ақ сауапқа кенеліп отырсын дегені, деп айтылған тұс....Өзім бала емізіп жүрген соң,казір ерекше осыны ойлап отырып емізіп...Алланың Мейіріміне одан сайын таңқалудамын☺☺☺
@УлболсынЕрмаханова
@УлболсынЕрмаханова 11 ай бұрын
Аллах разы болсын! Осы подкасттан түйген ойым:”Үлкен күнәлардан қорқып,кіші күнәларды елемегенде оны өмірімізге айна қылып көрсеткен Аллаға сансыз шүкір болсын! “Біліміңізді Алла арттыра берсін! ❤
@ТогжанМолдашова
@ТогжанМолдашова 11 ай бұрын
Сәлеметсіз бе. Менің қызым жүрек ақауымен туылып, Алланың қалауымен аман қалды. Бірақ дамуы жағынан кешігіп дамып жатырмыз. 6 айлық кезінде еш реакциясыз, ембей аспанға қарап жатып қалғанда, зонд салып тамақтандырғанда, врачтар сенің қызың дцп дегенде, Ия Аллам өмірді беретін де өзің, алатын да өзің, осы болып жатқанға көндім дегенімде Алла бізге мықты остеопат жіберді, емінің жолын көрсетті. Аллаға мың шүкір қызым қазір жақсы, дамып келе жатыр. Врачтардың өзі таң қалды сендер осы жағдайдан қалай шығып жатырсындар деп. Подкаст керемет❤❤❤. Элмира ханымның сеансын ұтып алсам, қызымның емінің нақты емінің шешімін тапсам деген үміт ендігісі менде...
@ДинараЖусипова-ж2е
@ДинараЖусипова-ж2е 9 ай бұрын
Саламатсыз ба? Кім деген остеопат? Данныйын бере аласыз ба?
@Aigerim_uhti
@Aigerim_uhti 4 ай бұрын
МашаАллах милость Аллаха безгранична❤
@РаушанХожатова
@РаушанХожатова 3 ай бұрын
Мықтысыз менің басымдағы өтіп жатқан жағдай екен менің баламда сауығып кетсін
@AltingulSadatdiynova
@AltingulSadatdiynova 2 ай бұрын
Алла шыпа берсен балапандарыңа
@улбошулбош
@улбошулбош 2 ай бұрын
Оның шешімі өзіңіз дамымай жатрмын кешігіп жатрмын деп оилау емеспе?
@КундызСерикбаева-з3г
@КундызСерикбаева-з3г 5 ай бұрын
Эльмира Кударова өте керемет түсіндіреді без пафоса, өзін жақсы жағынан көрсеткісі келіп емес, Аллаға шүкір осындай білікті білімді өз ісінің мамандары көп болсыншы🙏🤲 керемет әр подкаст ❤️ жүрекке жетеді Алланың қалауымен👏👏👏
@МейрамгульКашкымбек
@МейрамгульКашкымбек 10 ай бұрын
Менде де барлығы бар. Бірақ бірдеңе жетіспейтін сияқты, бірдеңе дұрыс емес сияқты халде жүр ем. Ютубтан бір сұхбатты көріп отырып, аяқ астынан осы подкастқа көзім түсті. Тағдырыңызды айтқанда, менің қазіргі күйімді айтып жатқан сияқты көріндіңіз. Өзімнен өзім жылап алдым. Бірақ терең түсінік, жеңіл состояние келді. Алла разы болсын! Кез келген жерде пенделері арқылы демеу болатын, бізді үнемі құтқарып алғысы келіп тұратын Раббыма сансыз шүкірлер болсын! Эльмира ханым, Жаннұр ханым, сіздерге Алланың нұры жаусын! Екі дүниеде де абыройлы болыңыздар.
@ZhannurTalasbayeva
@ZhannurTalasbayeva 5 ай бұрын
Әмин! 🙌
@Chavgar
@Chavgar 11 ай бұрын
🕋 Мұсылмандар Ислам ілімдерін ғылыми түрғыда зерттеп, қолдануға неге тырыспайды " деп коп қынжылатын едім бұрындары . Аллаға шүкір, қуанып отырмын осындай адамдардың діннін айналасында медицинаны да, психологияны да зерттеп, дәлелдеп жүргендеріне . Осындай , тырысып жане жетістікке жете білетін кісілер көп болғай 🌹🕋
@shiko_yt2459
@shiko_yt2459 3 ай бұрын
@ГуккСаяхатова
@ГуккСаяхатова 11 ай бұрын
Чётко сөйлейді екен. Рақмет,Эльмира ханым!
@Жекеканал-э2щ
@Жекеканал-э2щ 11 ай бұрын
Аллахым маған сондай шеберлігімен осы подкастты естірткеніне сансыз шүкір еттім!
@Aminatemirgaliyeva
@Aminatemirgaliyeva 11 ай бұрын
Эльмира ханымның хәлі экраннан-ақ сезіліп тұр. Сондай жеңіл, ойы ашық, көреген, рухани бай адам. Подкастты тыңдап көп ой түйдім. Бір өзімізде жатыр екен ғой бар сұрақтың жауабы, бар мәселенің шешімі, бар аурудың емі. Жаннұр ханымға да, Эльмира ханымға да алғысым шексіз, сіздер арқылы Алла Тағала бізге білдіріп, ой түйдіріп жатыр. Сіздер арқылы білім беріп жатыр. Алла разы болсын. Қазір бисмилля деп өзіме анализ жасап, установкаларымды, қорқыныштарымды тізбектеп жазып өзіме психолог болайын деп жатырмын. Тағы да көп рахмет! Еңберктеріңізге, білімдеріңізге Алла береке берсін!
@KamilaShaikenova
@KamilaShaikenova 10 ай бұрын
МашАллах, керемет! Алла тағала алдымнан шығарып тұр екен. Не жетпейді, үй бар, машина бар,жолдасын, балаларын бар, бірақ өзім жоқ екенмін ғой деген жерде мені айтып отырғандай сезімде болдым😢
@бриллиант2016
@бриллиант2016 11 ай бұрын
МашАллах. Нағыз керемет жүргізуші, сұхбат ала біледі, тыңдай біледі, әңгімесін білмейді керемет. Және нағыз көкейдегі сұрақтарды қоя біледі. ❤❤❤❤❤
@Bekzat_qaldybekova
@Bekzat_qaldybekova 11 ай бұрын
Подкастты бір деммен тыңдадым, өзіме көп инсайттар алып, тәубе етуім керек жерлерін дәптеріме түртіп алдым. Тіпті, тыңдап отырып, бірнеше құрбыма жіберіп үлгердім. Тәубе техникасы өте қатты ұнады, пайғамбарлар методикасын қаншама халыққа түсіндіріп, жеткізіп жатқаныңызға дән ризамын, Алла разы болсын! Эльмира ханыммен тағы да подкасттар күтеміз. Мысалы, аллергиядан, әйелдердің жатыр ауруынан арылуы жайлы подкасттар болса екен. Нәзік Әлем отралығына да осындай маңызды да пайдалы жоба үшін алғысымды білдіремін!
@АйзадаИзбасарова-е6о
@АйзадаИзбасарова-е6о 11 ай бұрын
Жалпы Нәзік әлем барғдарламасын,Элмира ханымға әйел қауымының сауатын ашып сіңірген еңбектері ушін мың алғыс!Еңбектеріңңізге Алла разы болсын!🙏🏼
@inkarimabish
@inkarimabish 11 ай бұрын
Аллаһтың ұлылығы шексіз, мейірімділігі сияқты. Бүкіл әлемді сондай керемет ұйқасымды етіп жаратты, әрбір ұсақ түйекке дейіннің өзінің бір үлкен маңызы бар. Адамдардың ішкі әлемімен, сыртқы әлемі сондай заңдылыққа бағынуы бір ғажап дүние. Подкаст ерекше болды. Менің ойым әрбір адам осыған көзін жеткізсе екен, кішкене болсын сау ойлайтын үммет болсақ екен
@dinarakyrykbaeva1067
@dinarakyrykbaeva1067 3 ай бұрын
Аллаһым маған осы пайдалы подкасты естуге бұйыртқаның үшін сансыз шүкір,мадақ айтамын🤲🤲🤲 Нәзік әлем каналына, Эльмира ханымға Алла күш қуат берсін ❤❤❤ тәубе ету туралы ойым болатын,бірақ сіздерден естігенде өзімнің әлі тәубеге келмегенімді түсініп көзден жас бұрқ етті, тәубе ету бұл Алланың берген бізге сыйы мен мейірімі екен, шектеулі ойымыз бен, бәрін қиындататын өзіміз екен,Алла Тағала Сіздердің жүректен шыққан сөздеріңізді, жүректерге жеткізсін! Білгендеріңізді бүкпей қоғамға пайдасы тисін деп ашып айтқаныңыз үшін Аллаһ разы болсын! Екі дүниенің бақытын нәсіп етсін 🤲🤲🤲
@AltingulSadatdiynova
@AltingulSadatdiynova 2 ай бұрын
Алла разы болсын сизлерден
@ulzhan_muratkizi
@ulzhan_muratkizi 11 ай бұрын
Психосоматика туралы естіп жүрдім, бірақ ол дұрыс па бұрыс па деп ойланып жүр едім. Мына подкастта келтірілген мысалдардан соң жақсы ой қалыптасты. Өзімнің де ойланып жүрген мәселемнің шешімін тапқан сияқтымын. Және де тәубені истиғфармен шатастырып жүр екенмін. Өз мәселеме шынайы тәубе етіп едім бір босап қалғандаймын, өзімде ұстап жүрген нәрсені жібергендей жеңілдедім, аяқ қолым дірілдеп бір әлсіздік сезілді. Пайдалы болсын бәріне! Рахмет Сізге, ханым! Мен бұл кісіні танымайды екенмін. ❤❤❤❤
@АйзадаИзбасарова-е6о
@АйзадаИзбасарова-е6о 11 ай бұрын
Жалпы Нәзік әлем барғдарламасын,Элмира ханымға әйел қауымының сауатын ашып сіңірген еңбектері ушін мың алғыс!Еңбектеріңңізге Алла разы болсын!🙏🏼Әр әйел сіздің қызметіңізге мұхтаж🙏🏼🙌🏽
@RaikhanAbdramanova
@RaikhanAbdramanova 11 ай бұрын
Сұхбаттан түйгенім: Алланың ұлылығы, әр ауруға шипа бары, саналылықтың маңызы. Өзімнің ойланатын тұстарым көп екен. Практикаға айналдыру өмірге енгізу қажет сұрақ қоюды, тәубе етуді. Үлкен рақмет, өте пайдалы.
@Guljan89
@Guljan89 10 ай бұрын
Супер❤Бірақ тоймай қалдық😁дальше айта берсе екен деп. Рахмет Аллаһ разы болсын.
@danaratynybayeva5215
@danaratynybayeva5215 11 ай бұрын
Бул подкасты әрбір ата-ана көру керек. На одном дыхание, оте женил жане түсінікті, но в то же время размышлениеге коп апарды мени. Эльмира Кударова оте шынайы жеткизе алды. От сердца к сердцу.❤ Алла разы болсын сиздерге!🤲
@danara_dyussembinova
@danara_dyussembinova 11 ай бұрын
Всё что я поняла из данного подкаста-нужно правильно слышать и понимать свои чувства, и главное не подавлять собственные эмоции. Потому как это чревато неприятными последствиями. Наши дети-это отражение нашего внутреннего мира!!!!! Спасибо вам большое за очень познавательный подкаст!!!!!!! Счастья вам в обоих мирах, Эльмира Ханым!!!!! Была ооочень рада получить вашу терапию на своё день рождения, я сейчас в ней очень сильно нуждаюсь 🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻💖💖💖💖
@guljamalxalmurzaeva5240
@guljamalxalmurzaeva5240 11 ай бұрын
Оте пайдалы болды. Мен таубе техникасыны кеше колдаган едым. 2 сагатта ауру калды. Алла дан кешырым сорадым жаман ой созым ушын. Маган керек дунелер коп айтылды. Менде кызымнын болашагын коп уайымдаймын. Жок навсегда кайгырып журмыз екен. Оте коп дунелерды тусындым. Озыме деген балаларыма деген омыр жолдасыма деген коз карасым жаксы жака озгерды азгана болсада. Айелдер корсе екен . Жане сухбат болсыншы.
@raushansofyieva5195
@raushansofyieva5195 Ай бұрын
Сәлеметсіз бе,қалай жасадыңыз техниканы,түсіндіріп жибересизбе🙏🏻
@АктолкынАбишова
@АктолкынАбишова 11 ай бұрын
Ассалаумуалейкум!Бір емес екі рет тыңдап шықтым,қыздарымның температурасы шыққан кездері есіме түсіп ауырғандары есіме түсіп отырмын ,адам өзін еш жаман демейді гой пендеміз ғой енді,менде жаман ойлап ауыр сөйлеген екенмін гой деееп отырмын,өзі ғой деп кінәні біреуден іздеп отырамыз шындығы,өзіміз таза еш минус жоқ деп,бұл подкасттан туйгенім өз-өзіңді тура жолға салып ,қатені өзіңнен іздеу және іште бұғылып жатқан сезімдерді шығару ,бір сөзбен айтқанда тап -таза болу Бірақ ол да оңай емес сияқты бірден пәк болу я Нәзік әлем дами берсін,осындай әдемі подкасттар көп болсын ,рахмет Алла разы болсын екі кісіге😊
@aida_sapenkyzy
@aida_sapenkyzy 9 ай бұрын
Алла разв болсын сіздерге❤ мен үшін әдемі түсінік болды. Бұл туралы көбірек білуге желанием ашылды. Өзімді де, өзімде болып жатқан нәрселерді де мойындап, қабылдап жүргеніме шүкір дедім Аллаға❤️ інім дцп мен ауырады, 8 жас болады осы айда. Жүрмейді, отырмайды, қолына зат ұстай алмайды, тамақ жей алмайды тек жұтады. Егер нәсіп болып жатса сол сіздің терапияңызды ұтып алсам бақытты болар едім❤ інім мен әке шешем үшін🤍 өзім тұрмысқа шығып кетсем де соны ойлап әркез есімнен шықпайды, шешімін таппаған сұрақ ретінде! Емдей алсаңыз ол вообще ЧУДО болар еді если❤️ өзімді керемет сезініп отырмын сіздердің подкастты тыңдап болып💕
@ӘлияБөрибекова
@ӘлияБөрибекова 11 ай бұрын
Аллах разы болсын сіздерге істеріғізге береке берсін Өте қазақи қара сөзбен жүрекке жеткізіп айттыңыз, өте керемет. Әр адамның өз ұстазы болады деген ғой мен өз ұстазымды таптым. Сізді тыңдап аллақаласа өмірдегі қателіктерімді табатын боламын тәубеге келетін боламын, қайырлы жол салсын өміріме
@АяужанСадырбекова
@АяужанСадырбекова 11 ай бұрын
Маша Аллаһ. Салмақты, өмірлік подкаст болды. Адамдармен қарым - қатынас, мәміле - ол мендегі мәселені көрсетіп тұр. Адамдар сол үшін де бір- бірімізге не сынақпыз, сабақпыз. Біздің рухымыз тазалықты қалайтындықтан күнәдан алыстап, тәубе еткісі келеді. Элмира ханымның сөзінше: Бала ата- анасының біреу туралы ойлаған теріс ойын да өзіне қабылдап жазып алады. Сол себепті меніңше, осы жерде ниетті туралап алып, Алла үшін деп, оның разылығы үшін деп адам өзін- өзі сақтауы тиіс. Себебі адам - ең көркем жаратылыс♡ Мендегі сұрақ: Адам небір ортаға тап болып қалады. Сондай кезде сөз түсінбес ортада сөйлемей қалу немесе бос сөзге араласып сөз қадірін кетірмейінші - деп сөйлемей қалсам... мұның маған қандай әсері немесе әбестігі болуы мүмкін?
@МолдирТайбагарова-к6м
@МолдирТайбагарова-к6м 11 ай бұрын
МашАлла мен өзімнің іздеген ілімімді бүгін тапқандай болдым. Мен өзімді тапқандай болдым. Алла тағала істеріңізге береке берсін. 😊
@justaccount9902
@justaccount9902 11 ай бұрын
Алланың маған берген тағдырына мойынұсынып, иман келтіріп, тәубе ету ең бірінші амал екенін тнсіндірдіңіз !Алла разы болсын! Өз-өзіммен жасайтын жұмысым өте көп екенін түсіндім,және баршамыздың дертімізге Алла шипасын берсін!🤲🏻
@kazyna_official1
@kazyna_official1 11 ай бұрын
ЗРРге байланысты айтқаныңызда мымда төңкеріс болды. Точно, дөп түстіңіз. Ұл бала бізде 3 жаста. Тәубе еттім. Алладан үмітім зор. Толық тәубе бағдарламасына деген қызығушылығым пайда болды. Менде де жас кезімнен келе жатқан дерматический проблема бар. Всегда болмайды. Кейде пайда болады, кейде жоқ. Мазь жағамын. Но теперь понимаю оның да маған бір айтары бар екен.
@Yesercbbbjnxspoecjneeeeeeeerme
@Yesercbbbjnxspoecjneeeeeeeerme 9 ай бұрын
Керемет сұқбат болды. Көп сұрақтарыма жауап алғандаймын. Рахмет сіздерге Алла разы болсын. Ары қарай Ельмира Кударова ханымның сұқбаттарын іздеп көретін боламын.
@РайгульДайраби
@РайгульДайраби 11 ай бұрын
Сағат түнгі 01:00 подкастты от и до қарап болдым, кейбір жерінде айтылып жатқан инсайттардан жан дүнием бір қуанып, бір кезде жан дүнием тәубе етіп жатты, бірақ ең ауыры соңғы сәтінде болды , өкіріп жылап отырмын күнәмді түсінген сияқтымын, әрі дәл бүгін осы подкастты именно көруге қазіргі жағдайым , мышлением қатты себепші болды, өзімді үнемі жертва күйде , жаңа Эльмира ханым айтқандай өзеннің жағасында қалып қойғандай сезінем , Бұйырса әлі қайталап көремін, дұрыстап тәубе жасауға осы подкасттың өзі керемет мотивация берді❤
@Гульпия
@Гульпия 13 күн бұрын
Аллаға шексіз мадақтар болсын қазағымның осындай қызы арқылы бізге жіберіп жатқан іліміне🙏Айналайын Эльмира қызым кеше де Малика ұстаз қызыммен болған подкастыңды тыңдап менде орысша айтқанда взрыв мозга болды күйеуім екеуміз көрдік Алла разы болсын келін болып түскеніңнен бәрін мойныңа алып әрекетіңді тоқтатпай келгеніңе Алланың сыйы шығар осындай ілімді елімізге ашып көптеген адамдарға пайдаларың тиіп жүргендерің 🤗🙏Сені Аллаһым өзі дайындап алып келген ғой дейм осы жолға ілімге қыздарыма келіндеріме жіберіп отырмын тыңдаңдар және өмірде қолданыңдар деп кішкене сіңіріп алсам Алла қаласа туған туысқан таныстарға да жеткіземін 🙏Бір Алламның назарында болыңдар😘🤗🙏
@ТолкынСейфолданова
@ТолкынСейфолданова 11 ай бұрын
Қандай әсерлі эфир, жылап қалдым ғой, өзмнің блоктарымды тапқаныма Аллаға сансыз шүкір
@abucikaiman3437
@abucikaiman3437 9 ай бұрын
Керемет сұхбат менің өміріме менің өзгеруіме өмірге деген көз қарасымның өзгеруіне Алламның көмегі мен көмек береді деп ойлаймын ӘМИН
@АсанСымбат
@АсанСымбат 11 ай бұрын
Әлемді өзгерткің келсе, әуелі өзіңнен баста дейді ғой, түсінгенім бойынша отбасылық өмірінде Эльмира ханым ұзақ жылдар бойы өзін ең соңғы орынға қойып келген, өзінің не қалайтынын, ақиқат тұрғысынан КІМ болғысы келетінін түсінсе де іске асырмаған. Барлық ішкі сезімдерін сыртқа шығарып, тәуекел етіп армандарын жүзеге асыра бастағанда, шынайы Аллаға тәубе етіп, Алламен қарым-қатынасын күшейткенде, отбасымен де қарым-қатынасы нығайып, сынақтарды да еңсере білді. Төребек Бекбаев мырза үнемі "ата-ана баланы тәрбиелемейді, бала ата-ананы тәрбиелейді, сондай-ақ сынақтар адамды тәрбиелеу үшін беріледі" - дейтін сөздерін осы подкастта өте қарапайым тілмен, өмірлік тәжірибеңізбен бөлісе отырып керемет жеткізіп бердіңіз. Алла баршаңызға разы болсын❤
@ЖанатЮсупова-п7ф
@ЖанатЮсупова-п7ф 10 ай бұрын
Өте керемет подкаст! Эльмира ханымды шақырғандарыңызға рахмет! Мен Эльмира ханымның жөтелге қатысты айтқанын естігенім бар еді (Эльмира ханым машинада эфир жүргізетінін көретінмін) қызымда жөтелі кетпей қойған еді, эфирден есті сап айдалаға шығып кеттім, бааақырып айғайлай бердім. Бас кезінде дауысым қырылдап шықты, бірақ айқайлай келе звонкий болды, күйеуіме айталмағандарымды айтып, алдымда тұрғандай елестетіп ұрысып, бақырып, жылап келгенім бар еді. Аллахтың қалауымен көп ұзамай кетті. Соны естігелі дәрі алуға асықпаймын. Күйеуіме ішімдегіні айтуға асығамын, шүкір қазір көп ауырмайды. Ватцап арқылы айтсам да айтеуір айтам..)) Түсінгенім - сезім айтылу үшін келеді, оны іште сақтап қоюға болмайды. Бір кездері Эльмира ханымға терапияға барғым келіп қолым жетпеген еді)) 3.5- 4 жылдан бері бір нәрсенің себебін таба алмай жүр едім (қолыма қишытын очаг десем ба шығып кете береді), психосоматикасын қараймын, өзіме сұрақ қойып жазып та көрдім, әлі кетер емес, терапия нәсіп болса қуана қуана қабылдаушы едім😊
@Динара-к3и
@Динара-к3и 11 ай бұрын
Плдкасты тыңдап отырып дәл қажет уақытында ақпарат алдым Көп рахмеет жүрекке жетті Алла разы болсын❤
@nurgul5081
@nurgul5081 11 ай бұрын
Сәлеметсіздерме! Жаннұр ханым подкасыңызға рахмет! Каналыңыз өркендей берсін! Эльмира ханым, сізге үлкен рахмет! Подкаст өте құнды болды! Не түйгеніммен бөлісетін болсам, адамның ішкі жағдайын сыртқы көріністерден қарап көруге болады. ЯҒНИ ішкі әлемнің айнасы сыртқы әлем. Сондықтан барлық жауапкершілікті өзіңе алып, Аллаға тәубә жасасаң барлығы шешіледі. Себебі болса, шипасы да болады. Ол 3 этаптан өтеді: 1. Мойындау мәселені 2. Өкіну 3. Шешім қабылдау
@aizirektynalieva8836
@aizirektynalieva8836 11 ай бұрын
Саламатсыздарбы мен Бишкектен жазып жатам, ушул подкаст ютубтан озу эле койулуп озу чыгып калды, Аллахым мени менен адамдар аркылуу суйлошуп жаткан сымал сезилди , жана менин кайсы жерде койгойлорум бар экен корунду , Альхамдулиллах баардык мактоо Аллахка таандык, суроолорума жооп ала алдым Аллахым ыраазы болсун🤲🏻✨
@aiagozmarat
@aiagozmarat 11 ай бұрын
Ассалаумалейкум, өте керемет шығарылым болған екен. Эльмира ханым, Ақнұр ханым Алла разы болсын! Қандай мәселе мазалап жүрсе, сол тақырып алдымнан шығып тұр, Аллаға шүкір. Бұл подкасттан түйгенім •Психосоматика- жан мен тәннің арасындағы нәзік байланыс. Психикамызда болып жатырған процесстердің денемізге берген әсері. • Әр ауру өзінің бір биологиялық мақсатымен келеді. •Бала- күнәсіз, ода проблема жоқ, проблема- ата-анаңның қарым-қатынасында. •Әйел адам ең бірінші ана, әйелден бұрын тұлға болып қалыптасуы керек. Оның да өз арман-мақсаттары, қызығушылықтары болады, соны іске асыра алу маңызды. • Орта жолды ұстану. •Тәубе методикасын орындау: -жасаған күнәні мойындау - оған өкіну - жаңадан шешім қабылдау. • Ішкі хәлге үңілу, өзіңе есеп беру. 1 сағаттық эфир болсада түртіп алар нәрселер, инсайттар көп эфир болды. "Нәзік әлем" подкастына шығармашылық табыс тілеймін! Ой қозғайтын, озық эфирлер көп болсын 🤲🏻
@emaqwer380
@emaqwer380 11 ай бұрын
Эльмира ханым оте тамаша тусиндирдиниз , Алла разы болсын Осирип отырган ул -кыздын кызыгын кориниз 🤲
@feruzamyrzaeva
@feruzamyrzaeva 11 ай бұрын
Әр бір әйелге керек ақпараттар берілді. Расыменде мұсылман өте бақытты . Күнә істеп қойып тәубе етке кешіріледі, Аллаға ұнамды болады. Сынаққа сабыр етсе сауап алады, дұға етсе қабыл болады. Аллаһ пендесіне өз мейірім есігін жан-жақтан ашып қойған! Оны қабып кіру өз қолымызда. Үнемі Алланың берген ойлау нығметін қолданып өз істерімізге есеп беріп отырсақ мына өмірді сүру қайда жеңіл болушы еді. Оны маған түсіндірген осы видео болды ! Эльмира ханымға Алла разы болсын 🙌🏻 Әр бір әйелге өте қажет ақпараттар берілді❤️
@ЖазираБулешова
@ЖазираБулешова 11 ай бұрын
Рақмет сізге ,осы әлемнің ұлы ұстазы болуды нәсіп етсін Алла.адамдарға көмектесемін деген ниетіңіз жүзеге ассын❤
@madina.dreams
@madina.dreams 11 ай бұрын
Аяқ асты көрген подкасттың бірі болып отыр. Алланың маған берген бір сыйы мен мейірімі болды ау. Шешілмей жүрген денсаулыққа байланысты сұрақтарым бар еді. Бұл подкаст техникасы өте керемет. Тәубені шүкіршілікпен шатастырған екенмін. Бұл подкасттан түсінгенім эмоцияңды, сезімдеріңді, қалауларыңды ести білу керек екен. Жүрегіңді тыңдау керек екен. Сонда бәрі жақсы болады. Ал проблемаларды тәубе техникасымен шешу керек екен. Керемет инсайт болды.
@shynaryma
@shynaryma Жыл бұрын
Рахмет!Өте пайдалы подкаст болды. Өзіміздің түпсанамызда не жатқанын білмейді екенбіз көп жағдайда 😔
@АрнаАймуханбетова
@АрнаАймуханбетова 11 ай бұрын
Бисмилляхи рахманир рахим. Аллаға разылығымды сөзбен де білдіре алмайтын шығармын, көзден шыққан жас жеткізеді деп ойлаймын. Алла разы болсын сіздерге. Бір адамның қыйншылығын шешіп берсеніздер, Алла сіздердін қыйншылықтан құтқарады делінеді ғой хадисте. Осы ізгі істе оңды болыныздар🤲🏻 Мен көп нәрсені жүрекпен сездім, әлі мыйма қонып жатыр. Сансыз шүкірлер Аллаға, оның ғайыптарына, нығметтеріне. Бұл чудеса ғой 💛💛💛💛
@altynaimaglumova1690
@altynaimaglumova1690 11 ай бұрын
Керемет подкаст болды,ТӘУБЕ ету жолын ашып тұрып түсіндіріп берді,Алла разы болсын Эльмира ханымға және жүргізуші ханымға Алла разы болсын 🤲
@RuslanMazhitov-pr7uq
@RuslanMazhitov-pr7uq 2 ай бұрын
Керемет! Қатты ұнады. 5 жыл бұрын кішкентай ұлыи ауырып 8 айында шетінеп кетті. Сол кезден психосаматиканы өз бетіммен зерттеп келем... Сіздің айтқаныңыздығ бәрін сол уақытта білгенде ғрй деп өкініш келді, әртне өткенге өкінюеймеуге тырысамю Алланың жазғаны ғана болады. Шынымен цирроз печени диагноз қойған еді балама, шынымен қатты ренішім көп жан едім, ішіме жинай берген бір сыртқа шығармаған... Иә Аллам сол кездегі состоянием үшін кешірім сұраймын, солай бооғаны үшін мойындаймын өзімнің теріс жаман ойларымды, түсіндім ол срстояние ужасный екенің, ендігі өзіммен жұмыс дасап, өзіме үніліп, состояниемді, психикамды реттеп жүруге
@АзатгульТашукова
@АзатгульТашукова 11 ай бұрын
Алла бәрімізге хайырлы етсін осы білімді Бақытты болайық 🤲🤲🤲🤲 Буйырсын сіздің консультацияңыз!!!
@akniyetk
@akniyetk 11 ай бұрын
Көркем түрде подкаст жазып, керемет ойларыңызды жеткізгендеріңізге Алла разы болсын! Тәуба ұғымын тереңірек түсіндім.
@Muababy
@Muababy 11 ай бұрын
Ассаляму Алейкум уа рахматуллахи уа баракятух. Подкаст өте пайдалы, мәнді, мағыналы шықты. Ойланып қалдым бір сәтке, өз өміріме есеп беріп те шықтым. Ішімде әлі мыңдаған сұрақ жатыр. Десе де көп маңызды мәліметтер алдым. Жылап та алдым(( Сіздерге көп рахмет Алла разы болсын. Қазіргі заманауи психосаматика ілімінің дінімізбен тығыз байланысын ашып түсінікті етіп жеткізді Эльмира ханым. Өзіңмен күрес өлгенше… деген сөздің төркінін түсіндім..)) Аллах ұлық! Жасаған тәубемізді қабыл етіп, күнә қателерімізді кешірсін. Екі дүниемізді қайырлы, берекелі етсін! Әмин.
@guldanafaizullakyzy1134
@guldanafaizullakyzy1134 11 ай бұрын
Таңғы дұғамды жазып болып, 06:30 дан 07:30 аралығында бір деммен қарап шықтым, маған әсерлі болған сәт ол "МЕН БАҚЫТТЫ БОЛАМЫН ДЕП ШЕШТІМ" деген сөз бүкіл денемді тітіркендіріп жіберді, және Эльмира ханымның қызы ауырған жөтел менде де болған туылғанда... Әлі сол ауру бар менде😢... Жалпы өте пайдалы подкаст болды, Алла разы болсын Сіздерге, барлық аналарға көру бұйырсын, соның ішінде қазақ аналарға көріп тәжірбиеде қолданып өмірлерін жақсы жаққа өзгеруін тілеймін. Сіздерде аман болыңыздар, пайдалы болыңыздар амин.
@zhibekinyatbekova4571
@zhibekinyatbekova4571 11 ай бұрын
Мен үшін өте пайдалы болды, тіпті жылап отырып тыңдадым, рақмет көп көп.
@nurmai-qz1fs
@nurmai-qz1fs 11 ай бұрын
Қандай керемет подкаст болды. Мен Эльмира ханымды бірінші рет тыңдап отырмын. Бірақ сондай тамаша əсер алдым. Соңғы кездері подкасттар тыңдап, кəдімгідей өзіммен жұмыс жасалып жатыр. Саналы жəне бейсаналы түрде. Психосоматика бойынша мен де өзіме қатысты мəселелерімді зерттеп жүрген едім. Эльмира ханымның тəжірибесіне, жасап жатқан əрбір еңбегіне Алла разы болсын. Екі рет қайтара тыңдадым подкастты. Тамаша сезім. Подкасттарыңыз өсіп-өркендей берсін. Мəн мағынасы жағынан да, сөйлеу мəнері мен ойланып-сұрақ қоюыңыз да тамаша Жаннур ханым. Тыңдап, көріп өзіне бір қажетін тапқандарға да баршаға Алла разы болсын.❤
@SuranshiKuanyshbek
@SuranshiKuanyshbek 11 ай бұрын
Эльмира Ханым Алла сызге сыздын от басынзга мерекесымен берексын бере берсын.Алла жолдасынз екеуынзге сабырлы салйкалы карт ата-аже болуды насып етсын. Алла булдунйеге жарынызды-сызды акеген атта -аналарынзга екы дуниенын жаксылыгын насып етсын.Мен озым намаз окыймын сызды тындап отырып коп нарсены тусындым.Алла жубайынз екеуынзге екы дуниенын жаксылыгын насып етсын
@Света-в7ц
@Света-в7ц 11 ай бұрын
Здравствуйте. Психосоматика и психогенетика- это две новые науки. Они похожи по своей сути. Послушала этот подкаст и получила инсайты, особенно про аутизм меня заинтересовало. Я знаю психогегетика, которая в данный момент работает над этой проблемой, ведёт наблюдение и лечение детей с аутизмом и есть уже результаты. Эти науки начали развиваться в 21 веке , и всё это по милости Аллаха, Всевышний даровал эти знания людям. Я думаю, это новый вид исцеления. Хвала Всевышнему. Альхамдуллилах Спасибо супругам Кударовым за кропотливый труд, за упорство и терпение ! Эльмира, Вы большая МОЛОДЕЦ! Я восхищаюсь Вами! Машаалла. Дальнейших успехов Вам!
@亚古丽
@亚古丽 9 ай бұрын
Здравствуйте, можете дать данные психогенетика о котором вы говорите, пожалуйста 🙏
@aktilekkudaibergenova8804
@aktilekkudaibergenova8804 11 ай бұрын
Өте керемет айтылған екен!Алла куш қуат берсін Эльмира ханымға❤😘!
@АйгеримЗакирова-я3х
@АйгеримЗакирова-я3х 11 ай бұрын
Бір подкастты тыңдап терапиядан шыққандай болды,тәубе техникасын этап бойынша видео барысында көріп отырып жасадым, жылапта алдым өте керекмет, “Аллаһ проблеманы күнәсін көрсету үшін береді” деген сөз қатты өтті жүрекке. Сізді көріп тыңдатқанына Аллаһқа шүкір және себепкер болған құрбыма алғыс білдіремін😘😘😘👍👍
@БакытБейсенбай-т1ч
@БакытБейсенбай-т1ч 11 ай бұрын
Мен соны түсінбей отырмын, балам 1 ай болды жөтеліп, тамағы қызарып ауырып жүр, нені ұғу керекпін? Мен өзім сөйлеп қалған адаммын...
@almaissabekova8358
@almaissabekova8358 11 ай бұрын
Мә шаа Аллаh, Әлемдердің Раббысына сансыз шүкір сансыз мадақтар болсын, сүікті пайғамбарымызға(с.ғ.с)-Жаратұшымыздың кәлямын бізге(адамзатқа жеткізген)
@ДаригаТаубалдиева-ч2ш
@ДаригаТаубалдиева-ч2ш Ай бұрын
Это взрыв мозга 🥹 Барлығы өзімізден екен😊 Эльмира ханым Аллах екі дүниенің рахатын берсін сізге❤
@Kamilakurmanalieva96
@Kamilakurmanalieva96 11 ай бұрын
Керемет сұқбат болды, сізлерге Алланың нұры жаусын😇😇😇
@МединаЕр
@МединаЕр 11 ай бұрын
Әрине бәрі Алланың қалауымен 🥹 осы подкастта Эльмира ханымның сөзің ұғыну үшін дәл осы сынақтар менде болып жатыр, және тоқтар емес сынақтар(( әр сынақты женіп шыққандай боламын, артынша басқасы келеді… енді қазір ғана ұғынып отырмын “тәубе” жасамайды екенмін оказывается… маған Алла қалауымен сіздің терапия керек секілді…
@saltanatabdikul7985
@saltanatabdikul7985 11 ай бұрын
Тәубе - екі өмірдегі жетістікке жеткізетін Алланың нығметі екенін түсіндім 🥹🙌🏻 Өзіңнің ішкі жан дүниеңе келіп тұрған әрбір сезімдердің, сөздердің, эмоцияның барлығы маңызды екенін түсіндім🙌🏻. Ма шаа Алла, өте керемет подкаст болды 😍👍🏼 Эльмира ханым орысша әдемі жеткізеді деп ойлап жүрген едім, бірақ қазақша да тіл байлығы жетеді екен😍👍🏼 Тағы да күтеміз подкаст Эльмира ханыммен😍🙌🏻
@бастауышсынып-о8щ
@бастауышсынып-о8щ 11 ай бұрын
Элмира ханым сіздің айтып жатқан сұқпатыңыздың адамдарға пайдасы болып жатса ол үшін рахмет,ал мен үшін қажеті жоқ.Сіздің қызыңыз дың тәуір болуы Алладан.Таза қазақша сөйлеп үйреніңіз.
@danaratynybayeva5215
@danaratynybayeva5215 11 ай бұрын
Бул подкасты неше рет кайта коретинимди даже билмим, но точно коруден жалыкпаймын. Каждый раз новые осознания.❤
@ГулнурАбдраманова-б2б
@ГулнурАбдраманова-б2б 11 ай бұрын
Лә һаулә уәлә қуата иллә биллә! Сіздің терапияңыз маған бұйыртсын!
@АкбобекЕскалиева
@АкбобекЕскалиева 11 ай бұрын
Жаннур рахмет, Эльмира ханыммен сухбат ушин, коп нарсе уктым🙏 Эльмира ханымды тагы да шакырынызшы.
@РозаЕнсепова-ъ2ж
@РозаЕнсепова-ъ2ж 3 ай бұрын
Өте тамаша подкаст болды әркім өзіне қажет инсайт алды деп ойлаймын рахмет Өте құнды дуниемең бөлістіңіздер Алланың нұры жаусын!
@БагилаКазанканова-т4е
@БагилаКазанканова-т4е 11 ай бұрын
Алла разы болсын! Өте пайдалы подкаст болды. Эльмира ханымды 1-рет көріп, естіп отырмын, Аллаға шүкір. Осы подкасты тыңдаған соң көңіл-күйім алай-дүлей боп, қатты жыладым, есіме өткен күндерім түсіп, өкініш сезімі болғандай күй кештім. Жылаған соң сәл де болса жеңілдік сезімі болды. Алла әр істеріңіздің берекесін арттырып қойсын. Мына Әлемге берерлеріңіз көп болсын .Өте құнды ақпараттар айтылды. Алла сіздерге екі дүниенің бақытын, байлығын, жақсылығын нәсіп етсін. Амин.
@ГульжанИдрисова-е2к
@ГульжанИдрисова-е2к 10 ай бұрын
Мен де жыладым,ішіңдегі сыртқа шықпаған күйіктен😢
@ДинаКокумова
@ДинаКокумова 3 ай бұрын
Керемет, Жаннұрдың подкасттары жоғары деңгейде өтеді, Алланың қалауымен. Эльмира ханым да өте анық чёткий сұрақтарға четко четко жауап берді ғой🎉🎉🎉🎉.
@kydyrova187
@kydyrova187 11 ай бұрын
Әйел адамдарға оның ішінде аналарға өте пайдалы подкаст болды🥰 психосоматиканы ашып діни тұрғысынан да жақсы түсіндіріп бердіңіз☺️ Алла біліміңізді арттырып адамдарға көмегіңізді тигізе беруге күш-қуат берсін🤲🏻 Отбасыңызға береке-татулық пен екі дүние жақсылығын берсін🤲🏻
@ЕлмираАлтвнбекова
@ЕлмираАлтвнбекова 3 ай бұрын
Ассаламу алейкум.осы падкасты жүргізіп отырған ханымға алғысымды айтқым келеді.нағыз, керемет- сұрақтар қойып отырғанына.Эльмира ханымға да үлкен алғыс керемет,нақты жауап беріп отырғаныңызға.
@Ayagul_m
@Ayagul_m 11 ай бұрын
Я в шоке😍😭 у моей дочи дерматит, кажется нашла ответ на все свои вопросы👏 Керемет подкаст👍🏻 үлкен рахмет, Алла разы болсын❤️
@serikkalibaizhumiev7419
@serikkalibaizhumiev7419 11 ай бұрын
Аллага шукур мына передача аяк асты коргем коп нарсени тусиндирди
@Sakhinur_Raziyeva
@Sakhinur_Raziyeva 11 ай бұрын
Ма шаа Аллах 😍 Аллаһ разы болсын!
@Дана-ь8щ4ф
@Дана-ь8щ4ф 11 ай бұрын
Ныгметке толы жаннат насип болсын❤
@AzizaShadman-l7g
@AzizaShadman-l7g 11 ай бұрын
Әйел бақытты болса, Әлем бақытты❤ Аллаһым шын тәубе ететін құлдардың қатарынан етші🤲🤲🤲🥺
@Love2017azi
@Love2017azi 9 ай бұрын
Маған ұнаған подкаст😊 Тәубе ету Мойындай, өкіну, шешім қабылдау
@СанияАренова
@СанияАренова Жыл бұрын
Супер! Аллаһым разы болсын! Эльмира ханымның Жеке терапиясын Аллаһ нәсіп етші маған, мен мұқтажбын🤲❤️
@СанияКлейменова
@СанияКлейменова 10 ай бұрын
Эльмира ханымға алғыс айтамын,мына эфир керемет,көп инсаит алдым. Біраз уақыт болды психосоматиканы зерттеп,оқып жургеніме,арасында Ресей,Казахстан мамандары бар. Қызығушылығым бар,маман болып,өзімнін жасындағы возврастной ханымдарға көмек көрсетсем екен деген оймен журмін. До слёз проникает данный эфир,настолько доступно,без водыи лишних слов! Рахмет сіздерге! Қалай хабарласуға болады сіздермен?
@Aisha_cream
@Aisha_cream 11 ай бұрын
Керемет подкаст,на одном дыхании көріп шықтым! Психосоматика деген ұғымды интернеттен Л.Хейдің таблицасымен қарайтынмын,бірақ Эльмира ханымның методын қолданып көргім келеді🙏🏻
@azharerikova8993
@azharerikova8993 11 ай бұрын
Ассалямуалейкум уа рахматулахи уа баракатух!💐 Осы подкастты көрші деп анам жіберіп еді,Алла сондай ой салған ғой. Біреудің себебінен мазалап жүрген дүниеннің шешімі табылады деген осы ау. Ма шаа Аллах,әлі миым толық қорыта алмай жатыр. Алла разы болсын сіздерге!🌹
@НургулКаресова
@НургулКаресова 11 ай бұрын
Аллаға сансыз шүкір! Аллам бүгін Эльмира ханымның осындай керемет әңгімесін естірткенің үшін мыңда бір шүкір. Тек сөздің емес ойдың да құдіретін түсініп, санам бір тарс етік ашылды. Ашық әңгімеңіз үшін рахмет. Жүрегіңізден шыққан сөздеріңіз жүрегіме жетті. Алла разы болсын!
One day.. 🙌
00:33
Celine Dept
Рет қаралды 64 МЛН
FOREVER BUNNY
00:14
Natan por Aí
Рет қаралды 36 МЛН
How many people are in the changing room? #devil #lilith #funny #shorts
00:39
Don’t Choose The Wrong Box 😱
00:41
Topper Guild
Рет қаралды 35 МЛН
En özel gelinler bizde 😍
0:26
Soner Yılmaz Mardin
Рет қаралды 6 М.
NURADAM #1
1:33:31
Nurtas Adambay
Рет қаралды 660 М.
One day.. 🙌
00:33
Celine Dept
Рет қаралды 64 МЛН