Рет қаралды 258,491
Бәріңізге Ассалаумағалейкум!
«Біз, қазақ мал баққан елміз.
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз!» деп, кезінде Қазыбек би бабамыз, қазақтың «ешкімке соқтығып тиіспейтін халық» екенін, ал «бізге тиіссе, жауымызға қирата соққы жасап, жерімізден бір жола аластап тастайтын» ел екенімізді, дәл айтып кеткен.
Анау орыстың, «қазаққа жерді, біз сыйға бердік» деп, оттаған депутаттарының ішіндегі Федоров дегені, «жаман түс көрген бе, жоқ әлде, өзінің ары маза бермеді» ме, «бізді жаудан қазақтар құтқарды. Ұлы отан соғысы кезінде, қазақтардың дивизиясы ерекше еңбек көрсетті. Соған рахмет ретінде, жерді сыйға тарттық» деп, көки бастады. Иә, қазақтардың орыстарды қаншама рет «жаудан құтқарып, жер бетінен жойылып кетуден, аман алып қалғаны» тарихи шындық. Оны орыстар біледі. Тек өтірік, тупить етіп мойындамайтын шығар. Мына депутаты міне, «жалпақ әлемнің алдында мойындады». Бірақ, «жерді сыйға бердік» дегені, шылғи өтірік. Қазақ, ешбір халықтан «жер алған» жоқ. Қазақ, «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап» қалған, өзінің жерінде отыр. Жерінен айырылғаны шындық. Ал басқа халықтан «жер алды, сый алды» дегендер, ешбір тарихта жоқ сандырақтар.
Ең алғаш рет орыстарды, шведтердің жаулап алуынан қазақтар қорғап қалған. 1590-ші жылдары, Қазақ хандығының тақ мұрагері, Тәуекел ханның інісі, Ораз-Мұхамед сұлтан, түркі тілді халықтардың әскерін бастап, шведтердің армиясына соққы беріп, бетін қайтарған. Шведтердің әскерінен жеңіліп жатқан жерінен, орыстарды осылай құтқарып қалған. Осы соғыс бес жылға жалғасқан. Бұл тарихты кешегі келмеске кеткір, Кеңес үкіметі айтқызбай бұрмалап, «шведтерді өзіміз жеңдік, Ораз-Мұхаммед сұлтан осы соғыста, ерен еңбек көрсетті» деп қана айтты және солай айтқызды.
1812 жылы, еуропаны жаулап алған, атақты қолбасшы Напалеон, орыстарға шабуыл жасайды. Ешбір жерден жеңіліп көрмеген, тежеусіз келе жатқан Напалеонды, орыстарға көмектесіп, қазақтарымыз соғысқа қатысады. Бұл кез, Қазақтардың ресей империясының құрамына кірмеген тұсы. Қазақтар, Француздардың бетін қайтарып, тағыда жеңіліп жатқан жерінен құтқарып қалған. Осы жорықтың алдында, әйгілі қолбасшы Напалеон түс көріп. Түсін бір сәуегей адамға жорытқанда, «сенің жеңілісің, атқа мінген, көшпенді, киіз үйді паналаған, жауынгер халықтан болады» деген екен.
1941 жылы, немістерге қарсы «ұлы отан соғысы» басталады. Осы соғысқа, қазақ баласы үйде жатпай, фашизмге қарсы аттанады. Тағыда орыстар ойсырай жеңіліп, немістің әскері, Мәскеудің түбіне 20 КМ қалғанда, Мәскеуден қашып көшіп жатқан, Сталин бастаған коммунистердің күні батып бара жатқанда, атақты батыр, қолбасшы Бауыржан Момышұлы атамыз, немістерге соққы жасап, орыстың ақ таңын қайта атырады.
Егер Федоров жер сыйлағыш болса, шведтерден қорғап қалған, Ораз Мұхамедтің ерлігі үшін, Орынбор мен Омбыны берсін. Напалеоннан қорғап қалған аталарымыздың ерлігі үшін, Қорған мен Алтайды берсін. Немістерден қорғап қалған, Бауыржан Момышұлы бастаған аталарымыздың ерлігі үшін, Астрахан мен Еділді берсін. Сөйтіп, орыс баласы, қазақтарға қарызын қайтарсын?
Тарихты айта берсек, қаншама халықтарды жаудан қорғап, елі мен жерін аман алып қалыппыз. Ал қазіргі мынау жаһандасқан заманда, қазақты кім қорғайды?
Бізді, азулы АҚШ елі қорғайтындай, Трамп пен Байденнің бәйгесіне, өзіміз қатысып жатқандай ақ араласып, тартыстық. Бізді, ешкім келіп сырттан құтқармайды. біреуден көмек күту, соған алдану, ол бейшаралық. Өзімізді өзіміз ғана құтқарамыз. Ол үшін, береке бірлік пен үлкен ауыз біршілік керек?
Тарихты ұмыта бастасаң, ол қайталана бастайды. Міне, бізге тарих ілімі не үшін керек! Алаш арыстарының бірі Әлімхан Ермеков, Қазақ жерлерінің тұтастығы үшін Кремльде, асқан ерлік пен табандылық танытып, сол кездегі Орталық Партия Комитетіне, жақ аштырмастан дәлелдей сөйлеп, Жеріміз бен Еліміздің шекаралық бөлінісіне ерекше атсалысқан, Ұлттық Батырымыз! Міне, Қазақтың жерін қорғаған батырлардың бірі.
Ал айта берсек, қазіргі "Нұрсұлтан" қаласында, оның атында, жүз метрлік көшеде жоқ! Есесіне, қарапайым псевдо қайраткерге зәулім етіп, ескерткіштер қойып үлгердік!
Еуропада, Америкада, Африкада, Қытай мен Үндістанда, қысқасы бізден басқа елдерде, тарихты кəсіби тарихшылар ғана жазады. Ешкім де Гарри Поттерда немесе Код да Винчида жазылған нəрселерді, шындық деп, тарих деп қабылдамайды. Бізде болса, Шыңғыс ханның киносын не сериалын көріп алады да, немесе жазушылардың тарихи романдарын оқып алады да, «соның бəрін нақты болған, 100% шындық» деп қабылдап, жырлай бастайды! Олай болса тарих факультеттерінің бəрін жауып, жазушыларға «тарих ғылымының докторы» деген атақ берейік те, əлем тарихын осыларға жазғызып шығайық? Бірнеше жылда, Эдисонның арғы атасы - пəлен рудан, Ньютон - баяғыда көшіп кеткен өзіміздің ауылдың баласы, боксшы Мұхаммед Əлидің пəленбайыншы атасы - Шыңғыс ханның пəленбай ноянының ұрқынан, футболшы Пеле шын аты - Пəле болғандықтан, ол да алыс емес. Сөйтіп шаруаның бəрін бітірейік, бастаған соң, тастамай.
Басқа елдерді білмеймін. Толығырақ Видеода...