Рет қаралды 513,596
Бәріңізге Ассалаумағалейкум!
Украина, Ресеймен соғысуға НАТО елдерін көмекке шақырып жатыр. Украина президентінің кеңсесі басшысының орынбасары Роман Машовец кеше Канаданың елшісімен кездесіп, Донбасс пен Қырым үшін Шығыс Украинадағы соғысқа НАТО елдерінің қатысуы бойынша талқылау жасады. Осыған байланысты НАТО елдері Еуропадағы әскери-техникалық күштерін Украинаның шығысына жылжытып жатыр. Бұл ақпарат Украина прездиентінің ресми сайтында жарияланды. Достар дәл қазір төменге түсіп подписаться деген қызыл тетікті басып, және қасында шыққан қоңыраушаны баса салыңызшы өтініш! Бұл арнаны тездетіп 500 000 тіркелушіге сіз біз болып бірге жеткізейік. Бастыңыз ба? Алғысымыз шексіз ары қарай кеттік!
АҚШ бастаған НАТО елдері көп ұзамай Украинаның шығыс территориясында әскери-соғыс жаттығуларын өткізетін болды. Бұл жаттығуға құрлық және теңіз әскерлері де қатыспақ. Ресейдің Украинаға қарсы агрессорлық әрекеті осы жолы Украинаның толық тәуелсіздігімен аяқталуы мүмкін деп отыр Роман Машовец. Бұл шешуші сәт болуы да мүмкін деген сөз.
2020 жылдан бері Украинаның шығыс территориясында кикілжің ушығып кеткен. Украинаның шекарасын қорғаушы күштер зардап шегумен келеді. Канада елшісінің сөзіне қарағанда, Солтүстік Атлантика әскери блогы бұл процеске сақадай сай отыр. Бұл әрекетті бақылап отырған Ресей тарапы да Украинаның шығыс территориясына өзінің соғыс техникаларын үйіп-төгіп апарып жатыр.
Қырым мен Донбасс үшін Ресей мен Украинаның арасы соңғы кезде үлкен дауға соқтырды. Бұл процесс 2014 жылы Қырымды Украинадан тартып алумен басталған болатын.
Дәл қазір Украинада Донецк пен Луганск облыстары өздерінің Ресейден тәуелсіздігін жариялап, соңын айқай-шуға ұластырып жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана құрылған «Батыс-2021» Солтүстік Атлантика әскери блогының жоспары осы жолы іске асуы мүмкін. Көп ұзамай «Украина алдағы 4-5 жылдың ішінде, НАТО-ның құрамына кіруі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр»
«Таз ашуын тарақтан алады» дегендей, Украинаның АҚШ-қа жақындап, НАТО-ның құрамына өтіп кетуінен қорыққан ресей «доллардан бас тартамыз» деп сандырақтады. Бұлай істеу мүмкін бе? Доллардың қындай қуатты ақша екенін білу үшін, журналист Олжас Әбілдің зерттеуін тыңдайық?
Өткенде шетелге шығып алып сатарлықпен айналысатын бір досыммен кездесіп әңгіме дүкен құрған едік. Сөз арасында ол былай деді.
"Біздегі жұрт қызық осы, тіпті жайбырақат қое, доллар өсіп жатыр десе, "өссе өсе берсін, оның бізге қатысы жоқ, доллар ұстаған емеспіз" деп ауызын қу шөппен сүртіп отырғаны...
Енеңді ұрайын сондай дым білмес иісалмастарды түсіне алмай қойдым. Бұның бізге қатысын мен айтайын.
Біріншіден, доллар ешқашан өскен емес, доллар ол Африкада да доллар, ол бірқалыпты,
біздің мында "доллар өсті" деген сөзіміз іс жүзінде ұлттық валюта теңгенің соншалықты құлдырап жатқандығын көрсетеді. Әсілі бұны бізге доллар өсті деп емес теңге құлдырап жатыр деп түсінген абзал, бұл бір.
Екінші мәселе, теңге құлдыраса не болады? Ол құлдыраса әкеңді танытып көзіңнен отың шығады.
Мәселен бізге сырттан бәрі импорт боп келетіндігі белгілі.
Мен мысалы шетелден тауар алып сатып отырмын. Алатын тауарымды былтыр бір долларға сатып алатынмын, ол кезде оның құны 370 теңге болатын. Енді былтыр теңге құлдырағасын мен ол тауарды 420 теңгемен сатып алып отырмын. Сосын бұл саудадан пайда көру үшін, жол шығынын өтеу үшін әрине мен оның үстіне баға қосамын.
Сонымен елде қымбатшылық деген нәрсе шыға келеді. Біздегі жұрт осыны түсінбейді.
Былтыр теңге құлдырағанда мен шетелдік әріптесіме звандап "бізде жағдай былай боп кетті, тауардың бағасы мен үшін сенен алу қымбат боп тұр, бағасын сәл түсірсейші" деп өтінген ем,
ол шетелдігім маған "оу көке, сен менен бұл тауарды бес жыл бойы 1 доллармен алып келесің, мен сенімен тағы он жылға сол бағаға тауар жасауға дайынмын, ал енді "теңгем арзандап кетті, мен үшін бұл тауар қымбат боп кетті" деген сенің сөзің, ол сенің өз ішкі проблемаң, оны маған емес, өз үкіметіңе айт" деп ренжіпті.
Досымның айтқан әңгімесі ып - ырас. Меніңше, біздегі көп жұрт осыны түсінбейді.
Бізде мында "доллар өссе өсе берсін, тыққан долларымыз жоқ, біз теңгемен жүреміз, каспи голдымыз аман болсын" деп отырған мақаулар ырғын ғой, ырғын. Ал теңгенің құнсыздануы дегеніміз ол шын мәнінде қара халық үшін қалтадан қағылу деген сөз.
Соңғы кезде АҚШ президенті Байденнің күншығысқа, яғни Ресейге қарай беталысы өте жаман боп тұр, оны көріп отырмыз. Біздің осы Ресейдің көгендеулі қозысының бірі екендігіміз де әмбеге аян.
Соның бәрін саралап ойлай келе, өз басым «келешек бір он жыл көлемінде бұл өңірде қандай да бір өркендеу, даму деген нәрсе әзірше бола қоймас деп отырған жайым бар» дейді.
Адамның бүкіл денесінде, қан айналысы жүйесі жұмыс істейді. Қанның орнын ешкім су немесе антифризбен алмастыра алмайды. Тура сондай бүкіл әлемдік экономикада, қан айналысының қызметін доллар атқарады. Оны дәл қазіргі уақытта, басқа қағазбен (ақшамен) алмастыру мүмкін емес. Толығырақ видеода...