Рет қаралды 4,212
Жолбарыс Қалшораев ауылы еліміздің ең қиыр оңтүстігінде орналасқан. Бір шақырым жерде Өзбекстан шекарсы көрініп тұр. Орналасу ерекшелігі сол - бұл өңірде көп жерге таңсық анар жемісі өседі екен. Сондай-ақ, жүзімнің отаны десек те болады.
Бізді таңқалдырғаны - ауылдағы екі үйдің бірі кәсіпкер. Пластикалық терезе жасау, көлік жөндеу, көлік жуу сынды түрлі бизнес нысандар ауылда толып жатыр. Негізгі кәсіптері - мақта шаруашылығы. Биыл бұл дақылға сұраныс көп. Сондықтан қалшоаревтықтар жақсы пайдадан дәмелі.
Ауылда футбол да жақсы дамыған. Жолдастық кездесуде жігіттердің жігері тасығаны сонша, көзімізше осы аймаққа аты шыққан Мақтаарал футбол командасының ойыншыларын тізе бүктірді. Тартымды матчты Qаймақ жобасынан көріңіздер!