Рет қаралды 86,482
Бұл жолы Азия ойындарын өз көзімен көріп келген, жеңімпаздармен бірге қуанып, бірге мұңайған досымыз, журналист Аслан Қаженовты шақырдық. Сұхбатымыз өте әсерлі болады деген оймен. Шынында да солай. Бәріміз білетін ақпараттарға сараптама жасалды, одан басқа тың дүниелер көп айтылды.
Көрейік, қызықты ақпарат көп…
01:00 “Бестікте тұрмыз деп санауымыз қате”
04:55 “Неге Өзбекстанмен салыстырамыз, неге Қытаймен салыстырмаймыз”
06:20 “Айтжановтан басқа бапкер жоқ!”
10:15 “Қазақтан Айтжанов кететін болса қазақ боксы бітеді”
11:55 “Карина “еркектен” таяқ жеді”
13:20 “Каринаны енді еркектермен жаттықтыру керек”
14:00 “Өткелде ат ауыстырмайды, Айтжанов олимпиадаға жігіттерді дайындасын”
15:20 “Айтжановқа да, ұлттық құрамаға да шет елден ұсыныстар көп”
17:00 “Бокста медицина да, ғылым да бар”
18:55 “Мырзағалидың айтқанын түсіне білетін боксшы да болу керек”
21:20 “Мырзағалиды алса қазақта бокс құриды дегенді мен атлеттер қалашығында естідім”
24:10 “Спортшылар арасында жемқорлық пен тамыр-таныс, туыс деген бар”
25:40 “Оралда хоккей жасап, ақша тауып жүргендер бар”
27:45 “Футболдағы балалар 5 000$ берсе скамейкада отырады, 10 000$ берсе алаңға шығады”
29:25 “Ақтоты қайда қазір, не сұраймыз одан?”
32:00 “Оқу жаттығу жиырдары көп, неге? Өйткені ақша жасау керек”
34:00 “Жәмилә Бақбергеноваға үй берілетін болыпты”
36:20 “София 10 жылда өліп қалса ше?”
39:00 “Қазір сын қабылданады, әйтпесе бұрын менімен күресетін”
40:30 “Каратэде ақша көп емес, бұл жерде нағыз жанашырлар жүр”
42:45 “Каратэшілерде командалық рух бар”
43:40 “Турист болып, “қыртып” жүрген легионерлерге қарсымын”
45:20 “Легионер 24 адам барды, бұл өте көп”
46:10 “Легионер алып, көк паспорттың қадірін кетірдік”
47:00 “Легионерлер бөлек, өз елдерінде жаттығады екен”
49:40 “Легионерлер ақша істеудің амалы”
51:20 “Легионерлерге де талап қояйық, гимн жаттасын, қазақша үйренсін”
52:00 “Форма, мас бапкер - тапсырыс, спорттағылар бір-бірімен қырылып жатыр”
56:30 “Мемлекет 178 спорт түрін қаржыландырады, оның ішінде “стриптиз” де бар”
58:30 “Өтініш түседі, жаңа спорт түрін тіркейсің, өйткені заң сондай”
59:00 “Сноубордты Абаевтың кезінде жауып тастап, Ораловтың кезінде қайта ашып берді”
01:01:05 “Жаңа спорт министрі шаруашлықтың адамы деп естідім”
01:03:30 “Спорттағы нәтиже елдегі әлеуметтік жағдайдың айнасы”
01:05:40 “Өресі төмен адамдар, мәселемен емес, мәселені айтқан адаммен күреседі”
#АсланҚаженов #QasqaJol #Спорт