Qazaq Grammar: Памятка для россиян, Латын әліпбиі, Билингуал қоғам (Dope Soz 25)

  Рет қаралды 43,269

DOPE SOZ

DOPE SOZ

Күн бұрын

Qazaq Grammar - қазақ тілін популяризациялауға арналған қазнеттегі ең ірі жобалардың бірі. Басты міндеті - тіл емлесін реттеу, тіл реформасы, латын әліпбиін насихаттау, қазақ тілінде контент жасауға атсалысу.
Бұл шығарылымда біз ресейліктерге арналған нұсқаулық (памятка), қостілді қоғам мен консенсус, қазақша акцент туралы сөйлестік.
Сонымен қатар қазақша контенттің дамуы мен дербес ақпараттық кеңістік туралы да сөз қозғадық.
Шығарылым "399 студиясында" жазылды - / podcast.astana
Таймкодтар:
0:00 Интро
1:46 Qazaq Grammar туралы
3:06 Qazaqsha Jaz туралы
6:22 Qazaq Grammar ұсынған латын әліпбиі
7:19 Тіл реформасының мақсаты
10:38 Реформа нәтижесінде тіл мен әдеби мұрадан айырылып қалу қаупі
12:09 Екі әліпби - екі тіл
14:15 Нұсқаулық (памятка) пен шовинизм туралы
18:04 Тарихи консенсус пен отарлау
20:07 Болашақ билингвтердікі
21:33 Президент үлгі болуы керек
23:04 Қазақ тілінде тек өткенді талқылай ма?
26:37 Мектептегі қазақ тілін сабағы туралы естеліктер
28:54 Қазақ тілінің амбассадорлары
30:37 Кеңес одағынан қалған мұра
33:37 Қазақ тілінде диалект бар ма?
34:12 Боғауыз сөздер
36:05 Неліктен орыстілділер қазақшаны үйренгісі келмейді?
39:01 Орыстілді ақсақалдар туралы
40:03 Акцент туралы
41:50 Qazaq Grammar перспективалары
44:06 Қазақтілді қоғамдағы фактчекиң
48:05 Мектептегі жаңа пәндер
51:31 Советы для изучающих казахский❤️
Qazaq Grammar
Instagram: / qazaqgrammar
Telegram: t.me/QazaqGrammar
Dope soz:
Instagram: / dopesoz
Telegram: t.me/dopesoz
#dopesoz #дөпсөз

Пікірлер: 426
@DOPESOZ
@DOPESOZ 2 жыл бұрын
Құрметті көрермен! Осыған дейін біздің жобаға атсалысып, дем беріп келе жатқан өздеріңіз. Әр пікір мен лүпіл біз үшін маңызды. Егер сізге Dope soz жасайтын контент ұнаса, достарыңызға бөлісуді сұраймыз. Құрметпен, Dope soz ұжымы❤
@Kysy2022
@Kysy2022 2 жыл бұрын
14:21, Шовенист ол орыс қорсылдар.
@Kysy2022
@Kysy2022 2 жыл бұрын
3:10, иә жалынып, сүмірейіп, мүсәпірленіп сұрайсыңдар ма?! Ұялсаңдаршы.
@Kysy2022
@Kysy2022 2 жыл бұрын
17:24 ешқандай лайт, жеңіл құсқасы қажеті жоқ. Жолдарын жеңілдетпеңдер!
@ebayuayu6800
@ebayuayu6800 2 жыл бұрын
Jzig🙄😬😯🇿🇼😀😀💕💕😊😊😊👐👐😈😈😈🇦🇿🇦🇿🇾🇪🇾🇪🇼🇸😂😁
@banusabitovna9718
@banusabitovna9718 Жыл бұрын
Yea
@QazaqGrammar
@QazaqGrammar 2 жыл бұрын
Подкастқа шақырғандарыңыз үшін көөөп рақмет, жігіттер! Сіздерге сәттілік, мол табыс тілейміз! Қазнеттегі ең үздік, ең қызықты подкаст - сіздердікі! 🖤🖤🖤
@DOPESOZ
@DOPESOZ 2 жыл бұрын
Мың алғыс!
@shokanshynybekov1400
@shokanshynybekov1400 2 жыл бұрын
Кеш жарық! Толығымен келісемін. Сәттілік
@mirassabyr5584
@mirassabyr5584 2 жыл бұрын
Алға Қазақ Тілім🇰🇿☝🏼✊🏼
@user-dx2mu5ps3v
@user-dx2mu5ps3v 2 жыл бұрын
@@DOPESOZ Жігіттер Анар Фазылжанова апайды шақырыңыздаршы. Өте керемет подкаст болатынына сенімім мол. Алматыда тұрса да ол кісі міндетті түрде келеді сіздің подкастқа
@user-nt2cc7pe1b
@user-nt2cc7pe1b 2 жыл бұрын
Жігіттер, жобаның дамуына краудфандинг ашсаңыздар, қолдаушылар аз болмас еді.
@elvmc
@elvmc 2 жыл бұрын
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру - қазіргі таңдағы біздің басты міндет. Біріншіден, мемлекет тарапынан заң жүзінде қазақ тілін жалғыз мемлекеттік те, ұлтаралық құрал тілі ретінде бекітуі жөн(орыс тілінен бүкіл мәртебе босатылуы керек). Себебі, мемлекеттік қазақ тілі еліміздегі барлық ұлттарды біріктіретін бірден-бір ұтымды құралға айналуы әбден мүмкін. Және де, әрине, жергілікті халық қазақ тілін тұрмыс аясында да, сервиста да, іс-қағаз жүзінде де дамыту керек. Бұл подкасттың өзі де жаңа деңгей деп ойлаймын
@saika6694
@saika6694 2 жыл бұрын
Осындай жастарымыз тұрғанда қазақ тілі өлмейді.Нағыз тіл жанашырлары! Қазақ тілінің тарихын да, тілдің грамматикасын да терең білетін сауатты, патриот, ұлтжанды жастар! Алға қазақ жігіттері!
@danial_tv
@danial_tv 2 жыл бұрын
Осындай қазақша таза сөйлетін тұлғаларды естігенімде қуанамын, өзім бірақ орысша оқығам, 18 жасымнан бастап қазақ тілінде сөйлеуге үйрендім, әлі де кейде қателіктерім бар, бірақ осы Украинадағы болып жатқан соғыстан кейін өз тілімде көбірек сөйлеуге келеді және балаларымды үйрету қажеттілігін анық көрдім. Рахмет, жігіттер, сіздің жасап жатқан жұмысыңызға Алла жар болсын!!!
@user-qp5kb4hl5r
@user-qp5kb4hl5r 11 ай бұрын
Я не совсем понимаю, причем здесь военная операция на Украине, и какая связь с казахским языком?
@danial_tv
@danial_tv 11 ай бұрын
@@user-qp5kb4hl5r Связь прямая, потому что растет национальное самосознание и интерес к своим корням.
@user-ed6hr1ox2v
@user-ed6hr1ox2v 2 жыл бұрын
Сәлеметсіз бе!? Расскажу свою историю, как русскоязычная казашка из Севера страны, родом из Костаная. Соглашусь, что за 30 лет можно выучить язык, да и не один а тем более родной) Но знаете, мотивации не было, то есть ты живешь в среде где и без казахского справляешься. В Астане в принципе тоже можно без казахского трудоустроится. Хотя в семье у нас, Мама таза қазақша сөйлейді, оның бәрі туысқандар қазақ тілінің мұғалімдер. Бірақ папа тек ғана орысша сөйлеп жатыр. Қазір қазақша сөйлейді акцент болса да. Оттуда естественно и мен шалақазақпын. Разница между казахами которые учатся говорить на русском и казахами которые учатся говорить на казахском большая. Потому что есть некая вина, что вот ты не можешь выучить свой родной язык) Чувствуешь себя не осень, когда над акцентом смеялись)) Но это в прошлом, қазір сөйлем акцентпен, не істеймін енді, практика керек))) еще охота дұрыстап таза айтуға, поэтому тоже бывает переходишь на русский. Сподвигла эта война на Украине. Когда уже понимаешь, что твоя культура, история начинается с твоего родного языка. Бәрінізге рақмет) Подкаст өте күшті, өте ұнады. Қонақтарын тағыда келгені шақырамыз)
@Nmd-ux2um
@Nmd-ux2um 2 жыл бұрын
Сәлем .Практика керек сізге ,ұялмаңыз сөйлей беріңіз .
@kisoarosiana7084
@kisoarosiana7084 2 жыл бұрын
Оз тилинде сойлеу ушин мотивация керек емес. Миндетти турде казактардын бари билу керек мангурттер оншен
@user-mf5lg2vg1v
@user-mf5lg2vg1v 2 жыл бұрын
@@kisoarosiana7084 не деген негативный адамсыз. Адамша жазып отыр ғой. Үйреніп жүргенін. Мотивация в любом случае керек.
@user-mf5lg2vg1v
@user-mf5lg2vg1v 2 жыл бұрын
Вы молодец! Көбірек кітап оқыңыз, грамматиканы тезірек меңгересіз. Тіпті еш ережелерге қатты ден қоймасаңыз да. Және заманауи емес, бұрынға авторлардың кітаптары болса ) Іске сәт 🌷
@user-ed6hr1ox2v
@user-ed6hr1ox2v 2 жыл бұрын
@@kisoarosiana7084 😑 зачем друг друга топить? Рақмет, сау бол 👋
@user-yp9yi3ux9t
@user-yp9yi3ux9t 2 жыл бұрын
Рақмет, бауырлар- інілерім! Сіздер болашағы осы Еліміздің! Университеттірдің қазақ тіл бөлімдеріне, оқулықтарына Сіздердің назарларыңыз қатты керек болып тұр! Өте жақсы қатаң талап ағылшын тіліне қойылған! Намысыңа келеді, жүрегің ауырады! Істерің алға аса жүре берсін! Аман болыңдар!
@yedil_myrza
@yedil_myrza 2 жыл бұрын
Маған аз болды, тағы да қазақграммар ұжымың шақыруды сұраймын. Рақмет подкастарына
@TomyDi
@TomyDi 2 жыл бұрын
Көптен күткен едім осы қонақтарды, керемет подкаст, жаныма майдай жақты🙌🔥🔥🔥
@orynbasarkosbay4530
@orynbasarkosbay4530 2 жыл бұрын
рақмет подкаст үшін! керемет ой толғаулар болды. қонақтар - сапалы қазақ тілі туралы ақпарлардың акселераторлары!
@lovelypandanim6148
@lovelypandanim6148 2 жыл бұрын
Кешiрiнiз бiр сурак: казiр неге "раХмет"тi сiз сиякты "раКмет" дейдi? Ол ардаим рахмет болды гой, бирак бул жылы коп корип турмын буны.
@user-tj5ru7wk8b
@user-tj5ru7wk8b 2 жыл бұрын
@@lovelypandanim6148 мен де осы тенденцияны байқадым. Мумкін “х” әріпі орыс тілінен келгендіктен деп ойлаймын, шыныменде “қазақ” орысша “казак” болу керек, бірақ олар “казак” атауын әскери ұйымдастыққа бергендіктен бізді басында “киргиз-кайсак” деп атап жүрген. Сол себепті жалпы алғанда көп жердегі “х” шынында “қ” болу керек. Бұл да латиницаға көшудің бір себебі, өйткені сонғы 80 жылда қазақ тілінің фонетикасы қатты өзгерген, орыс тіліне бейім болып кеткен. Өзімнің жеке оймнан шыққан пікірім, егер басқа түсіндірмеңіз болса, білгім келеді.
@orynbasarkosbay4530
@orynbasarkosbay4530 2 жыл бұрын
@@lovelypandanim6148 екі нұсқа да дұрыс деседі, “рақмет” - бұрынғы жазбаларда қолданылған нұсқа
@popcorn6370
@popcorn6370 2 жыл бұрын
Дубляж кобейту керек. Мықты сапамен. Тіліміз тірілсін иншааллаһ.
@sayakhatshysayakhatshy5279
@sayakhatshysayakhatshy5279 2 жыл бұрын
Құдай бұйыртса (иншалланың орнына 😊)
@Buyanjagal.B
@Buyanjagal.B 2 жыл бұрын
Әсіресе мульфильмдерді. Балалардың тілі қазақша шығу үшін.
@saulgoodmanKAZAKH
@saulgoodmanKAZAKH Жыл бұрын
Қазақ тілінің нормалдануы жүру керек. Күнделікті өмірде, теледидарда қазақшаны есту күнделікті нәрсе болу керек.
@emmanuelmax7141
@emmanuelmax7141 9 ай бұрын
Орыстардікі мықты дубляжғо, біз де дубляжды сапалы, әрі мәтінді үйлестірілген етуіміз керек)
@aidoyakhiya4072
@aidoyakhiya4072 2 жыл бұрын
Біз тілді қаламасақ та, бізді қалайтын тіл. Материктің ортасынан дәуірлер бойы қалыптасқан тіліміздің тарихындай алып тұрғанда, неге ол басқалардан қалып тұр. Егер Нұрсұлтанымыз осындай болса, Мақсатымызға жылдам, жетістікке Жомарт жетер едік. Болашағына Әр'сенген адам, біріншіден тіліне сену керек, сүйену керек. Қалғаны қалағаныңша болсын.
@dauletassylbekov3858
@dauletassylbekov3858 2 жыл бұрын
Арсен, ұялмай, қазақша сөйлеп отырғаның - ерлік! Респект саған!
@nurgul6045
@nurgul6045 2 жыл бұрын
А я смотрю этот подкаст из-за Жомарта) нравится его чувство юмора 🙂
@ImanYerlan
@ImanYerlan 2 жыл бұрын
Керемет подкаст. Жаттығу жасаған кезде қосып, 1 сағат қалай тез өткенін байқамай қаласын. Реквизиттерді берсеңіз лайк басып қана қоймай, ақшалай да қолдауға дайынмын.
@user-nn3hs6xm4r
@user-nn3hs6xm4r 2 жыл бұрын
Инстада donate реквизит бар
@TomyDi
@TomyDi 2 жыл бұрын
31:38 мықты сұраққа мықты нақты жауап, достар құлдық санадан арылып бәріміз бір арнада бір тілде сөйлеп, бір әлемде өмір сүретін кез келді! Қазақ тіліне деген сұранысты арттырайық, талап етейік қайда жүрсек те! Ойланайық, көзді ашып!
@ElamanAbdullin
@ElamanAbdullin 2 жыл бұрын
Отличный подкаст, ребята. Прекрасные гости. В целом, Qazaq Grammar, отличный проект и действительно сложно переоценить их вклад в развитие казахского языка. Ваш вариант Алфавита самый топовый) приятно видеть как ребята генерируют идеи и самое главное удачно их исполняют. Успехов вам в будущем.
@galymzhankyrykbaev2976
@galymzhankyrykbaev2976 2 жыл бұрын
KazakGrammar dep atalgan burın. Sol nuska jaksırak
@QazaqGrammar
@QazaqGrammar 2 жыл бұрын
Көп рақмет 🤙
@galymzhankyrykbaev2976
@galymzhankyrykbaev2976 Жыл бұрын
​@@nur-alijanqojayev329 комменттерді өшіргендері ұнамсыз іс-ау, бірақ, мына алфавит қазаққа ең керегі, сеніңізші. қазақы жүйе бар (и, у емлелері, тілді зерттеген ғалымдар бір ауыздан айтар, осы әріптер дифтонг екенін. жай мысал: Шиеліден келген Қуандық. қазақ тілінде буындар дауыссыздан бас-та-ла-ды (бас-тал-а-ды емес, 1-сыныпта солай деген, қазір 4 курс тәмамдап жатырм). Жаңағы мысалға келсек, Ши-е-лі-ден кел-ген Қу-а-ныш. дәл осы и мен у бәрін құртып тұр ҚазақГраммарда осы мәселе ұтымды шешілген (соңғы кезде ди саламын дейді, дей саламынның орнына, түбірі де, сол секілді мысалдар бар, тіл бірізділіктен айырылып жатқан, есімде емес). басқа да шешімдер ұтымды, тілді тазартуға жол аша аламыз, тіл тазарса ой тазарады, құлдық санадан айрылып, қазақы жіне жүйелі ережемен сөйлеуге, жазуға машықтанамыз. қазақ тілі кеңсе тіліне айналып, күні туар (Сәкен атамыз айтқандай) Адамдары нашар болғанымен, олардың ойы нашар емес қой. латын нұсқалары одан нашар болып кетпейді ғой. тағы ойланыңызшы, оларды оқымай-ақ та жүйелі латынды қолдауға болады. Куртуа жаман адам болуы мүмкін (досының қызымен жүріп кетті, Челсиді тастап кетті, интервьюінде ішкен асы Атлетиконы жамандайды), бірақ бұл оны жаман қақпашы етпейді ғой, алдыгүні ғана Реалға қаншама пайда тигізді (футболды білсеңіз, түсінесіз). сұрақтарыңыз болса, теле/инстаграмда @zadeculi
@galymzhankyrykbaev2976
@galymzhankyrykbaev2976 Жыл бұрын
@@nur-alijanqojayev329 өз жазғаныңызды қайта оқыңызшы
@erkinadamdar5237
@erkinadamdar5237 2 жыл бұрын
әй, сау болыңдарш. Ет жеп, сорпасын ішкендей әңгіме болды
@aliyat1300
@aliyat1300 2 жыл бұрын
Подкаст керемет шықты, жігіттерге рахмет. Мен де орыс тілді отбасыда өстім, бірақ ата-анам қазақша мектепке берді, соның арқасында қазақ тілін үйреніп кеттім. Бірақ әлі де орысша ойланамын, сондықтан қазақша сөйлегенде кейде тілім жетпейді. Дегенмен, балаларымыз үшін үйде қазақша сөйлесуге тырысамыз, балаларымыз қазақша ойлайтындай болу керек деп. Қазақ тілі өзімізге ғана керек, басқа ұлтты қайтеміз, өзімізден бастайық. Ана тілі деп бекер айтылмаған, толықтай келісемін, бала туғаннан анасымен көп уақыт өткізеді.
@TomyDi
@TomyDi 2 жыл бұрын
Қазақ тілінде ешқандай диалект жоқ! Диалект, тек белгілі бір жерге әр жақтан жиналған халықтардың арасында ғана қалыптасады, ал бізде құдайға шүкір, әлемнің кез келген қазағы бір бірін 1000% түсінеді! Қалғаны жай ғана говор ғой
@sullagraunde204
@sullagraunde204 2 жыл бұрын
бірақ сол говордың арқасында кімнің қай облыстан екенің біліп, ары қарай бөлінушілік сияқты моменттері бар ғой
@ainursagidulla5390
@ainursagidulla5390 2 жыл бұрын
@@sullagraunde204 бізде говор бар, яғни диалектілердің кішкене бір бөлігі ғана. Ол шағын аумақта ғана қолданылады, мысалы бір облыстың бір-екі ауданы делік. Диалектіде екі аумақтың адамы бір-бірінің сөздерін мүлде түсінбеуі мүмкін. Ал бізде ондай алшақтық жоқ. Бірен-саран “ол қандай мағынаны білдіреді?” (сол жаңағы говор сөздерге қатысты) деп сұрап қалатынымыз болмаса, қолданылатын сөздеріміз бір-бірімізге түсінікті.
@sullagraunde204
@sullagraunde204 2 жыл бұрын
@@ainursagidulla5390 Иа билемин , просто делёжка содан да шыгады. Мынау соз нагыз казаки, бизде дастур сакталган деп
@Buyanjagal.B
@Buyanjagal.B 2 жыл бұрын
@@sullagraunde204 бұл жеке адамға байданысты сияқты. Менің айналамдағылар олай бөлмейді бірін-бірі. Тек сөйлегенінен қай жақтан шыққанын білесің.
@sullagraunde204
@sullagraunde204 2 жыл бұрын
@@Buyanjagal.B Иа негизи. Когамымыз свой/чужой деген ойдан арылса кандай болатын едик
@shakhnuriskakova2849
@shakhnuriskakova2849 2 жыл бұрын
Подкаст кайф. Мен өзім Павлодар өңірінің тумасы боламын. Қазақ тілің есейгенде намыстанып менгеріп алдым. Бірақта қазақ мәдениетінің үлкен пластың- фольклор, өлеңдер, халык приколдар - оның барлығы мен және мен сиякты адамдар қайтарымсыз жоғалтып алдық. Сол кішкене мазалайды жүрегімді. Сондықтан адам өз тілінде бала кезінен өсу керек, тілі санасына сіңіп, түлғасын құрастыру керек деп ойлаймын.сонда ғана полностью казак болады)
@Nmd-ux2um
@Nmd-ux2um 2 жыл бұрын
Осы жігіттерге инстаграммда жанкүйерімін , істеріне береке берсін ✊ 🇰🇿 керекті істерді атқарып жатыр ,қоғамға өте керек . ЖАРАЙСЫҢДАР БАУЫРЛАР 🇰🇿❤️тілдің мүддесін көтеріп жүрген ағартушылар
@Nmd-ux2um
@Nmd-ux2um Жыл бұрын
@@nur-alijanqojayev329 Ассалаумағалейкум ислам діні болмағанда орыстанда жаман болушы едік ,сіздіңде созіңізде жан бар .👍
@Nmd-ux2um
@Nmd-ux2um Жыл бұрын
@@nur-alijanqojayev329 Аллаға шүкір сіз сияқты адамдар көп )) хақ жолдан тайдыртпаймыз халқымызды ауызбіршілікті болайық ,істеген жақсылықтарыда бар бұл жігіттердің оныда еске алып отыру керек ,адасып жүріп түзелер )
@ayganim_
@ayganim_ Жыл бұрын
@@nur-alijanqojayev329 Олар ең болмағанда қазақ тілінің мәселесін алдыға тартып өздерінің шынымен де жанашырлар екенін көрсетуде. Ал сен не істедің? Әр коментке бұлапыт сөзден басқа не жазасың?
@shokanshynybekov1400
@shokanshynybekov1400 2 жыл бұрын
Кеш жарық! Dope soz шынымен де ТОП! Сәттілік жігіттер! Көп рақмет! Жалғастырыңыздар
@aiymgalymzhankyzy5149
@aiymgalymzhankyzy5149 Жыл бұрын
Осындай қонақтарды шақырып, маңызды тақырыптарды көтеріп жатқаныңыз үшін рақмет!
@hunhunhun5063
@hunhunhun5063 2 жыл бұрын
жазылманмын!! осы топтың арқасында қазақ тілін үйрену процесін бастап кеттім)) қазақ бабылды күтем (админы Бибарыс қателеспесем)
@hunhunhun5063
@hunhunhun5063 2 жыл бұрын
уфф калькамен аударып қойдым ба, ұйқаспай қалды ғой
@aidanasunny
@aidanasunny 2 жыл бұрын
Менің сүйікті Qazaq Grammar жобасының авторлары қандай деген сұрағыма жауап алдым, көп рахмет айналайын ДөпСөз! Қазақ тілі мәселесі бойынша пікірлерім - сіздердікімен пара пар )))
@asselsagimbekova
@asselsagimbekova 2 жыл бұрын
Очень ждала это интервью. Ребята из Qazaqgrammar - грамотные, интеллигентные, начитанные. Огромную работу проводят в сети. Именно благодаря им многое касательно казахского языка в моей голове уложилось в логическую картину. Спасибо!
@mansurov.m
@mansurov.m Жыл бұрын
Они воспитывают нацистов. Надо мной их подписчики насмехались. Русский язык - язык страны агрессора, так они говорят. Когда я сказал, что русский язык принадлежит всему миру, а не отдельной стране , надо мной стали смеяться
@JdJd-oz7dz
@JdJd-oz7dz Жыл бұрын
@@mansurov.m кто они? парни из dope soz или kazakh grammar?
@mansurov.m
@mansurov.m Жыл бұрын
@@JdJd-oz7dz вторые
@JdJd-oz7dz
@JdJd-oz7dz Жыл бұрын
@@mansurov.m а первые как?)
@mansurov.m
@mansurov.m Жыл бұрын
@@JdJd-oz7dz первые красавчики
@satsapar4419
@satsapar4419 2 жыл бұрын
Жігіттер, “біз” дегеннің өзі көпше есім, “біздер” дегенді қойсаңыздар екен. Видеоларыңыз үшін рахмет, көрермендеріңіз көбейіп, рейтингтеріңіз өсе берсін!
@DOPESOZ
@DOPESOZ 2 жыл бұрын
Айтпақшы, подкастымызды енді барлық аудиоплатформалардан тыңдай аласыз. Сілтеме - podcast.kz/1617065702
@aidars5196
@aidars5196 2 жыл бұрын
Вааууу! Круто. Так классно слушать подкаст на родном языке! Я помню что в Монголии есть MGL RADIO. Они транслируют онлайн радио передачи, сказки и новости на монгольском языке. Основная цель поддержка монголов уехавших за рубеж и их языковых знаний. Может тоже надо начать такую инициативу?
@kontiray8842
@kontiray8842 Жыл бұрын
@@nur-alijanqojayev329 ең бастысы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге еңбек жасап жүр - жаман ойлары жоқ. еліміз тәуелсіз болған соң әр адам, не автор болсын, болмасын өз ойын, позициясын жеткізе алады. пікіріңізді жойғаны енді дұрыс болмапты, бірақ дінмен байланыстыру да керек емес: теократтық мемлекет емес бізде.
@saulgoodmanKAZAKH
@saulgoodmanKAZAKH Жыл бұрын
@@nur-alijanqojayev329 Қазақ тілін ұсқынсыз қылу жайлы айтып жатқан адам өзі қате-қате жазады. "Бул" емес, "БҰЛ"; "мангол" емес "моңғол"; "ләңғу" дегенді бірінші рет естіп тұрмын. Қазақ деген мұсылман емес. Араб деген мұсылман емес. Мұсылман деген ДІН, ұлт емес, ДІН дегенді адам қалағандай таңдайды. Тәңірші болсаң, христиан болсаң, атеист болсаң бәрі-бір. Еліміз зайырлы, шариғатты емес. Қай посттары "исламофоб"? Қай әріпі "ұсқынсыз"? Айтып жіберіңізші, қызық болып тұр.
@yerkinformat
@yerkinformat 2 жыл бұрын
Өте орынды әңгіме. Жарайсыңдар 🔥
@beikerat2245
@beikerat2245 2 жыл бұрын
ағай , мына жігіттерді шақырыңыз . Халық оларды білу керек. Елге ана тіліміз хақында көп айтары бар екеніне кепілдік беремін.
@akylurazgaliyeva251
@akylurazgaliyeva251 2 жыл бұрын
Бір жыл бұрын Мақсат мырзаның кеңесімен телеграмды қазақшаға ауыстырғанмын, әлі де солай қолданып келемін👍
@kipchakskiy
@kipchakskiy 2 жыл бұрын
Qalai ?
@akylurazgaliyeva251
@akylurazgaliyeva251 2 жыл бұрын
@@kipchakskiy көзім үйренді, ыңғайлы. Керек болса телеграмыңызға сілтемесін жібере аламын
@shinuvv
@shinuvv 2 жыл бұрын
маған жібере аласызба?
@akylurazgaliyeva251
@akylurazgaliyeva251 2 жыл бұрын
@@shinuvvәрине, телеграмыңызды жазсаңыз жіберемін
@user-dz6gw4nm8e
@user-dz6gw4nm8e 2 жыл бұрын
Еще не посмотрел, но очень интересно. Көріп болдым ғажайып бейне
@yersyn3618
@yersyn3618 2 жыл бұрын
Qazaq tili jasasyn! 🇰🇿
@asylbekfariza816
@asylbekfariza816 2 жыл бұрын
Рақмет, Дөпсөз! Өте сауатты әрі қызықты подкаст болды. Қатты ұнады. Осындай көзі ашық, көкірегі ояу, ана тіліне жанашыр және онымен қоймай, сол тұрғыда аянбай қызмет етіп келе жатқан жаңашыл жастармен замандас болғаныма қуанамын! Ал орысша пікірлетіп, жүргізушілерді балағаттап отырғандар, осы жігіттердің істеп жүргенінің 1%-ын істеп алсын бірінші. 🙌
@bshtrmak
@bshtrmak 2 жыл бұрын
жігіттер, жарайсыңдар! жарамза шығарылым! осындай өзекті мәселелерді көбірек талқылайық! Qazaqgrammar, еңбектеріңе мың да бір рахмет!
@ERKINQAZAQ
@ERKINQAZAQ 2 жыл бұрын
Керемет талқылау. Мен қазақпын, орыс тілді ортада өстім. Мектеп пен жоғары оқу орындарын қазақша бітірдім. Бірақ бала кезден 70-80% қазақшам жақсы болса да орысша сөйледім. Өз басымда саяхат туралы блог бар. Соңы былтырдан бастап қазақша жүргізе бастадым. Көп жағдайда табиғатты немесе локацияны сипаттау барысында сөз байлығым жетпей қалады да сөздер қайталанады. Соңғы кездері байкағаным, қарапайым тұрмыстық өмірде, мысалы дүкенде, қазақша көп сөйлей бастадым.
@seilbekassanov5578
@seilbekassanov5578 Жыл бұрын
Жастарға жақын жаңа форматтағы керемет жоба. Талқылауға қатысушылар қазақ тілінің нағыз жанашырлары.
@cooleimenova
@cooleimenova 2 жыл бұрын
Осы пәндердін тізімін алып білім министрлігіне жіберу керек болып тұр ғой 🌝
@woo4ever433
@woo4ever433 2 жыл бұрын
Казак граммардын жигитттерин курметтеймин👏
@shabytfilms
@shabytfilms 2 жыл бұрын
Жақсы подкаст болды жігіттер, тек бір ой келді. Осы подкастың негізгі мақсатты аудиториясы орыс тілділер ғой иа? А подкаст толығымен қазае тілінде өтті. Қазақтілділер немесе қазақ тілін түсінетін орыстілділерге жетті әрине, тек сол қазақша түсінбейтіндерге жетпей қалды ау. Сол орыстілділер осы айтылған ойлардың, әңгімелердің бәрін естісе жақсы болар еді. Подкаст мықты 🔥🔥🔥🔥
@KuatDuisen
@KuatDuisen 2 жыл бұрын
Жақсы шығарылым. Актуалды мәселелер көтерілді 👍👍👍
@easy0103
@easy0103 2 жыл бұрын
Қазақ тілін бірге көтерейік!:)
@janelle6986
@janelle6986 2 жыл бұрын
Подкаст өте керемет! Рахмет! Қазақ тілінің қолданылуының кеңейтілуін қолдаймын, бірақ ол орыс тілін ұмыту немесе мүлдем қолданбау дегенді білдірмейді. Орысша да, қазақша да білген дұрыс. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!
@kerimai4435
@kerimai4435 2 жыл бұрын
Жақсы тақырып талқыға салынды, көп рахмет. Балалар үшін сапалы контентті шығару қажет деп есептеймін...сұраныс бар ұсыныс жоқ, бәсекелестер көп...
@qalqanqulaq
@qalqanqulaq Жыл бұрын
ең интеллигентті деген апайлар қазақ тілінен болған, ең мейірімділер орыс тілінен, үндемейтіндер ағылшыннан✨
@qiziqkop_
@qiziqkop_ 2 жыл бұрын
Тілге қатысты бөлімді көптен күткенмін! Алға!
@zhaksylykbolatbek9234
@zhaksylykbolatbek9234 2 жыл бұрын
Қазақ тілін сөйлету үшін барлық тұтынатын заттар қазақша болу керек.
@user-sc8ee6gi7j
@user-sc8ee6gi7j 2 жыл бұрын
Фактчекинг туралы тура айтың👍 жалпы өзекті мәселелерді қозғайсыңдар, ризамын. Енді осы айтылғандарға еститін құлақ, көретін көз болса шіркін...
@assemgulkozhabek109
@assemgulkozhabek109 2 жыл бұрын
Рахмет! Тамаша шығарылым👍🏼 Жігіттердің бастамалары жақсы екен
@kamo5273
@kamo5273 2 жыл бұрын
Тамаша! Көп рақмет сіздерге🤍
@Aqantai
@Aqantai 2 жыл бұрын
Салем , өте жақсы ауқымды контент ! Бізде мектепте өнер сабағы болды , бірақ оны берген ұстазым пенсиядан алып қалған Тарих апайы. Ол кісінің сөзі жерде қалды, қызық ауқымды басқа әлемге апарған жоқ ! Жақсы мамандар аз Біздегі ең жаманы үстідегі қария, зейнетке шығатындар кетіп , босатып , оның орнына жаңа буын , жаңа тыңыс келуі тиіс . Рахмет
@yerkinsultangali9773
@yerkinsultangali9773 2 жыл бұрын
Өте қызық шығарылым
@msherimbek
@msherimbek 2 жыл бұрын
Туралап шабыңдааааар, палуандаааар! 😁👏👏👏
@DOPESOZ
@DOPESOZ 2 жыл бұрын
Сені де күтеміз, достым!
@liveandstories
@liveandstories Жыл бұрын
Рахмет сендерге. Елге керек тақырыптарды көтеріп отырсыңдар. Қазақша ғылыми- танымдық контент өте аз.
@user-sg9wu1gv6s
@user-sg9wu1gv6s 2 жыл бұрын
керемет подкаст, бір сағат тез өтіп кетті 🖤
@erkinadamdar5237
@erkinadamdar5237 2 жыл бұрын
сосын егер мүмкін болса анау жаднаманы да қосу керек еді, не мәтінін экранға шығарып, я болмаса дауыстап оқып беру артық болмас еді. Ол жаднаманы тек Қазақстанға келген ресейліктер ғана емес, қазақтар да оқыса артық болмайды
@als___
@als___ Жыл бұрын
Jigitter, rahmet! Mıqtısıńdar! Qazaq tili dami bersin. 🇰🇿
@emmanuelmax7141
@emmanuelmax7141 9 ай бұрын
Ń әрпі Ñ деп жазылады
@user-ox6hn4gt2n
@user-ox6hn4gt2n Жыл бұрын
Одна из первейших задач Назика было закрепить границы страны и мир и говорить о языке в то время смешно. Нам надо развивать язык и поввсеместно его употреблять. Это задача номер 1 сегодня!
@gulchitankakova6330
@gulchitankakova6330 2 жыл бұрын
Жанды тақырып. Өз тілімізге қайтпай, ел бола алмаймыз
@azharrrym
@azharrrym 2 жыл бұрын
Қызықты подкаст үшін көп рахмет
@rauanmamytbay8889
@rauanmamytbay8889 Жыл бұрын
Амилайдың дауысын тыңдағандай болдым. Әріне әзіл, осы шығарылым және көтерілген мәселе керемет. 👍
@user-qv8mh2vh2c
@user-qv8mh2vh2c 2 жыл бұрын
РАҚМЕТ, ЖІГІТТЕР! ЖИІ-ЖИІ ШЫҒЫП ТҰРЫҢДАР!
@shekeralshynbek9351
@shekeralshynbek9351 2 жыл бұрын
Әсіресе қазақтың әйелдері оянып, бала шағасымен қазақ тілінде сөйлесіп, қазақ мектебіне беру керек! Балапан арнасын, тағы басқа қазақ тілінде бағдарламаны көрсетсе дұрыс болар еді
@MerekeDadabayeva
@MerekeDadabayeva 2 жыл бұрын
Жарайсыңдар жігіттер 👍
@Karlbak
@Karlbak 2 жыл бұрын
Қазақ тілінің мәртебесі жоғары болу керек
@ratzpat6710
@ratzpat6710 2 жыл бұрын
Терминологияны жаттап насихаттау керек. Әйтпесе ғылым-техника, айти, бизнес, саясатты - орысша талқылап, ал қазақ тілін тарих марих, дәстүр сияқтылармен шектей берсек қазіргі сорымыз, мәдени шизофрениядан, ешқашан арылмаймыз.
@nomad_khan
@nomad_khan 2 жыл бұрын
Рақмет, Жігіттер! Жақсы подкаст болды!🔥
@madi.serkebulan
@madi.serkebulan 2 жыл бұрын
Сендермен бір сағат зу етіп өтіп кетті. Рахмет жігіттер. Подкастты шығарған”дарына” мың алғыс(-дарына жалғауында ң болу керек пе? Әлде н әріпі ме? Көмектесіп кетіңдер😉)! Қазақ Граммар жігіттеріне бөлек Рахмет! Біздің Ана тіліміздің деңгейін мен қоғамдағы маңызын көтергендеріне, дамуына көп үлес қосқандарына Рахмет! ✌️ #ОтКонтент🔥🔥🔥
@user-mf5lg2vg1v
@user-mf5lg2vg1v 2 жыл бұрын
"Ң" )
@madi.serkebulan
@madi.serkebulan 2 жыл бұрын
@@user-mf5lg2vg1v ооо Рахмет;) Тосып қалдым біраз)))
@user-mf5lg2vg1v
@user-mf5lg2vg1v 2 жыл бұрын
@@madi.serkebulan сосын "...ана тіліміздің деңгейі (н) мен қоғамдағы...." деген жерде Н келмейді, егер бөлек "ана тіліміздің деңгейін көтеріп..." деп айтсаңыз, соңында Н қосылады )
@madi.serkebulan
@madi.serkebulan 2 жыл бұрын
@@user-mf5lg2vg1v ааа, түсіндім. Біріншіден ойладым, қате жібердім деп, тілге келмегендіктен. Сосын білетін біреуге тапсырдым;) Практика керек, басқаша тілді меңгере алмаймыз!
@user-mf5lg2vg1v
@user-mf5lg2vg1v 2 жыл бұрын
@@madi.serkebulan кітаптар қазақша. Арасында жаңа сөздерді сұрап отырасыз білетіндерден 😀 мен өзім де қазақ тілін жетінші класста бірәқ үйренгем. Жалпы сол кезде Қазақстанға келіп..
@maqsatarzaman7545
@maqsatarzaman7545 2 жыл бұрын
10/10 бисекс… ой, билингуал лүпіл.
@galymzhankyrykbaev2976
@galymzhankyrykbaev2976 2 жыл бұрын
Sälem! Kalaysıň? Körgenime kuwanıctımın :)
@anvartemir7877
@anvartemir7877 Жыл бұрын
@@galymzhankyrykbaev2976 Salam, jaqsı, özüñ qalaysıñ? Ne habar?
@user-wasabi908
@user-wasabi908 2 жыл бұрын
осы тақырып туралы ойланып жүр едім, жаңа ақпарат ала алдым, рахмет!
@alisherkussaiyn3537
@alisherkussaiyn3537 2 жыл бұрын
Рахмет, оте пайдалы подскаст.
@user-kv3cl4xt4h
@user-kv3cl4xt4h 2 жыл бұрын
Макс красавчик жарайсың алға тек қана алға өзің айтқандай Go
@ganijaqsylyq
@ganijaqsylyq 2 жыл бұрын
Киелі тілім! Дауыстап кәне,- шығаршы тәтті үніңді, Жарқырай жайнап, жарық ет мына түнімді. Қазақи сана, баспасын бөтен төріңді, Қадірле бала, қастерлі ана тілімді. Хал-жайың анық, оған да тарих куәгер, Тұсаумен шауып, сүрінбей жеткен құлагер. Мұраңды сақтап, мәреге қарай шабабер, Тақымын қысып, күтіп тұр сені мұрагер. Туыңды көтер, жыйылсын ұрпақ саналы, Озғыр майданда, қалмасын дұшпан амалы. Тағыңа жайғас, жайнасын жанның жамалы, Мәңгі алынбас, салынсын сана қамалы. Құрметіңе сай, асылдан тәжді кигізем, Мәдиниетіңе, жауыңның басын игізем. Сүтіңмен дарып, құндылықтарды түйгізген, Қазынам сенсің, ғаламды танып сүйгізген. Келгенде таяп, ақырғы шығар демімде, Қайтсам ғой деймін, үн қатып туған ділімде. Кезегім келсе, тапсырам мирас тегінде, Күн сөнгенінше, өшпесін тілім кемінде. Ğani Jaqsylyq 02.03.2021 ж.
@akzharkyntleuberdi8864
@akzharkyntleuberdi8864 2 жыл бұрын
Керемет шығарылым 👏🏻😍
@sauletampekova3666
@sauletampekova3666 Жыл бұрын
Мықты спонсорлар сіздерді қолдасын!!!!Өте керемет, үлгі болатын сөзімен, ойымен біздің жастар!!!!!
@gulnuraimolda6446
@gulnuraimolda6446 2 жыл бұрын
рақмет подкаст үшін!
@alashnomad3302
@alashnomad3302 2 жыл бұрын
Осындай бағдарлама ,көп шығу керек.
@maqsatarzaman7545
@maqsatarzaman7545 2 жыл бұрын
Достар, телеграмды қазақшалау үшін: телеграм ішінде translation_kk деп іздесеңіз, телеграм аудармашыларының чаты шығады (авада көк ту), сол чаттың маңдайшасында бекітілген хаттағы бірінші сілтемеге бассаңыз, телеграм қазақшаланады (т нүкте me сләш таңбасы setlanguage сләш kk-beta деген сілтеме). Мына жерде ютуб телеграм сілтемелерді өткізбейді екен, сондықтан осылай жаздым.
@DOPESOZ
@DOPESOZ 2 жыл бұрын
Рақмет!
@sagynbek24
@sagynbek24 2 жыл бұрын
Мықты, мықты!
@islamyersultan
@islamyersultan 2 жыл бұрын
Тамаша! 😋 күштііі👍🏻👍🏻👍🏻
@orynbasarkosbay4530
@orynbasarkosbay4530 2 жыл бұрын
комменттерді оқып басым қатып кетті, неге бәрі Жомартты жақтырмай жатыр? менің ойымша, Жомарт келгелі подкаст екінші демін алған сияқты. баса бер, Жомарт!
@arsentussupbekov2435
@arsentussupbekov2435 2 жыл бұрын
Дөп!
@arsentussupbekov2435
@arsentussupbekov2435 2 жыл бұрын
Жомарт-подкасттың негізін қалаушылардың бірі, жоба басынан бері в теме
@madina9360
@madina9360 2 жыл бұрын
Спасибо за подкаст! Мне, как русскоязычной казашке (к моему стыду и огорчению) очень близки чувства Арсена. Поэтому хотелось бы услышать больше советов от того, кто выучил и стал применять родной язык, нежели от тех кто говорит и мыслит уже на нем. Очень четко подмечено о психологии.
@nurgulabdugappar5085
@nurgulabdugappar5085 2 жыл бұрын
Диас Кузайров бір жыл бұрын Қазақ тілін білмейтін, қәзір акцентіде кетіп барады. Ютубтан көрсеңіз болады, өте намысты Қазақтың қамқор жігіті
@user-xl2pj8lf7j
@user-xl2pj8lf7j 2 жыл бұрын
Жігіттер барлығы жақсы, әдемі. Бірақ тарихи деректерге мұқият болу керек, негізі мынау фэйк, немесе мынау фэйк" деп түбегейлі шешім шығарудан абай болған жөн. Олай тек тарихи деректің барлығын ақтарған тарихшы, зерттеуші айта алады деп есептеймін. А так ұнады барлығы...
@galymzhankyrykbaev2976
@galymzhankyrykbaev2976 2 жыл бұрын
Durıs aytasız
@zlkn915
@zlkn915 2 жыл бұрын
Жарайсындар жігіттер қазақ тілін дамыта берейік
@nurbekbatyrkhanuly9816
@nurbekbatyrkhanuly9816 10 ай бұрын
Керемет шығарылым. Көбісі дұрыс. Бірақ жігіттер, бір елдің 100% билингв болуы мүмкін емес. Олай ешқашан болмайды да, түбі бір тіл жеңіске жетеді. Қазақстандағы ауыр мәселелердің шешілмеуі осы ана тіліміздің керек жерде қолданылмауы.
@user-dc6vv2lo9e
@user-dc6vv2lo9e 2 жыл бұрын
Керемет. Жарайсыздар!
@johnpen6411
@johnpen6411 2 жыл бұрын
Отличный выпуск! Ракмет!
@nureke8940
@nureke8940 2 жыл бұрын
-укладка деді ғой -мәтін үйлестіру деп атаймыз -ок
@ademdon4486
@ademdon4486 2 жыл бұрын
Негізі сыни ойлау мектепте әр пәнде дамуы қажет) ол үшін жеке пән енгізіп керек емес. Әр ата-ана, әр мұғалім балаға сұрақ қойғызып үйретуі тиіс, кез келген ақпаратқа күмәндана қарау арқылы. Қаржылық сауаттылық негізі қазір бастауышта дүниетану пәнінде салына бастайды (отбасы қаражаты, қалта ақшасын ұстау) Одан басқа оқушы бойында оқылым сауаттылығы, математикалық сауаттылық, ғылыми сауаттылық қалыптастырылуы керек. Оның бәрі қазіргі оқу бағдарламасына енгізілген, мектептің. Бірақ оны орындауға мұғалімдердің, педагогика саласы ғалымдарының, оқулық авторларының өресі мен әлеуеті жетпей жатыр-ау. Әрине, ішінара бар жасап жатқандар. Сосын шамасы келмейтін нәрседен құтылып, жаңартылған бағдарламаға қарсы шығып жатыр ғой. Тіпті совет білімін қайтарамыз деп) жиналыстарын сьезд деп алып. Фейсбукте көрдім - сауаттылық дегенді диктант жаза алу деп ұғатын мыңдаған мұғалімді, қазақ тілді(
@sagynbek24
@sagynbek24 2 жыл бұрын
подкасттан подкастқа жете берейік)
@asselduisebekova9808
@asselduisebekova9808 2 жыл бұрын
Керемет шығарылым☺️
@NJN88
@NJN88 2 жыл бұрын
Керемет! 🔥🔥🔥🔥🔥
@user-ii1oc9ng6y
@user-ii1oc9ng6y Жыл бұрын
Өте керемет!
@ulukbekbekdair1571
@ulukbekbekdair1571 2 жыл бұрын
Дурыс айтып жатсындар!!!
@bauke10bs
@bauke10bs 2 жыл бұрын
Qazaq Grammar Top 🔝🇰🇿✊
@user-qy7nc1cp4s
@user-qy7nc1cp4s 2 жыл бұрын
Керемет подкаст 🇰🇿❤🇰🇿✊
@ssb04
@ssb04 2 ай бұрын
Жігіттер өмір бақи қазақша оқыдым,бірақ 23 жылдан бастап одан әрі ден қойдым қазақша оқуға, күнделікті тұрмыстың өзінде қазақша дұрыс сөйлемейміз және әдеби кітаптар неге қиын? Өйткені біз әлі қазақша дұрыс білмейміз деген сөз.
@BM-tk7gn
@BM-tk7gn 2 жыл бұрын
керемет подкаст, памяткага косыламын!
@user-zh6hh8mm7z
@user-zh6hh8mm7z 2 жыл бұрын
Очень интересная беседа получилась. Не совсем согласна с памяткой ребят, так как она показалась мне больше эмоциональной. А вот воспоминания Арсена мне напомнили о моих проблемах с казахским😭
@user-zh6hh8mm7z
@user-zh6hh8mm7z 2 жыл бұрын
Мне не понравилось что гость(или ведущий) всегда перебивал вас и каждый раз не могли закончить мысль. Спасибо за контент!
@marlborored7869
@marlborored7869 2 жыл бұрын
Жарайсындар👍🏼
蜘蛛侠这操作也太坏了吧#蜘蛛侠#超人#超凡蜘蛛
00:47
超凡蜘蛛
Рет қаралды 30 МЛН
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,3 МЛН
Mistakes in Kazakh Cyrillic alphabet | Qazaq Grammar
6:17
Qazaq Grammar
Рет қаралды 21 М.
Мұнайшылар: тарих бастамашылары / ТШО
33:39
АРҒЫНДАР ДЕГЕН КІМ?
6:38
DURYS TARIKH
Рет қаралды 65 М.
18 жаста 7 тіл/Ақтоты Асанова/ Ләйлә Сұлтанқызы
10:04
Laila Sultankyzy / Ләйлә Сұлтанқызы
Рет қаралды 83 М.