Саят 50 жасың құтты болсын! Өмір жасың ұзақ болсын.Жасыңа жас қосыла берсін. Алланың назарында, бақыттың базарында бол.Керетет концерт..Аман бол,әкпемнің баласы.
@ДанаМирали-п2о9 ай бұрын
Керемет кеш ушин рахмееет 🥰 Аман болыныздар 🙏🏻
@ГульсимИсмагулова-о6ц8 ай бұрын
Жастардың ішіндегі өте сабырлы салмақты, әнінде тыңдайбергің келеді. Бақытты болайналайын.
@Usert192008 ай бұрын
Керемет, ерекше концерт болды. Әндері, дауысы, сәні ерекше. Мәнді, мағналы. Өркенің өссін, 💯 жаса! Рахаттанып тыңдадым. Ақбота, Мақсат, Мейрамбекпен дуэттері жарды!!! Рахмет!
@СараМахатова-г7я8 ай бұрын
Өте керемет Байсалды қалпынан айнымаған Өзін өте бір қалыпты ұстайды. Дені сау болсын. Шырқай берсін Қазағым!
@КымбатАблезова-ъ1ь8 ай бұрын
Керемет тамаша ғажап орындау!!! Нағыз қазақ халқының әншісі ! Алланың гұры жаусын!!! Еліңнің мақтанышы бола бер! бақытты бай қуатты болып ұзақ жаса!!!
@РизвангулКайракпаева9 ай бұрын
Мықты аттады Саят бақытты болыңыз менің ен жақсы көретін әнші шіркін аман бол рахмет .қуатты болсын өрлей бер
@GaukharKeldenova10 ай бұрын
Саяттың әндері бірінен-бірі өтеді! Жүректен шыққан әнін жүрекке жеткізетін күміс көмей,жезтаңдай әнші!!!
@GazizaDairbaeva-os9qb10 ай бұрын
💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@SejilbekIbragimov-ho7yf6 ай бұрын
бұл игі мм мм😊😅😮😢😂❤@@GazizaDairbaeva-os9qb
@akgulisina4049 ай бұрын
Саят бауырым, ердің жасы 50-жасың құтты болсын! Мықты денсаулық, отбасыңа амандық тілеймін! Өнерің өрге жүзіп, сахана төрінде қоңыр әуеніңмен, әсем әніңмен, халықтың алғыс-баталарына бөленіп, ғұмырлы, бақытты бол! Түкке тұрмайтын, ақшаның буымен жүрген жасанды әншісымақтарға беріліп жатқан марапаттар, төс белгілер Саят бауырыма беріліп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Қандай марапат болса да әбден ылайық. Жоғарыдан көрінбей, өнерің бағаланбаса да, қарапайым халық "Халық әртісі"-, деген үлкен атақты беріп қойған. Тіл-көзден аман болып, жолыңда өзің сияқты жақсы адамдар болып, шығармашылық табыстар тілеймін! Концертіңді көріп, әніңді тыңдап бір жасап қалдық. Керемет! Ұрпағыңмен, өнеріңмен мың жаса бауырым!
@ТумарханСолтангазина-э8ч10 ай бұрын
Бұл концерт басқа концерттен өзгеше болды... жаным рахаттанып тыңдадым. Саят бауырымның әрбір әні жүрекке жетеді. Ең таза, боямасыз, у-шусыз, бір керемет рухани концерт болды. Рахмет, алтыным, халқың үшін туған ұлсың❤❤❤
@АйтбалаРахимбекова-м9г8 ай бұрын
Саят айналайын, кешің керемет болыпты Алла қайырлы ғұмыр нәсіп етсін
@simple_user_77710 ай бұрын
Керемет😍 әкем марқұм өлеңдерін көп айтатын еді. Өмірден өткеніне жыл өтті, жаным сағынышқа толып, афишаны көре сала, әкем осында күтіп тұрғандай болып, алып-ұшып билет алып, концертке келдім. Жүрегім қан жыласа да, көзімнен шығаруға қысылып, ішімде сақтап отырдым, есесіне шыққан соң өзімді ұстай алмай, бір босап калдым. Сол жеңілдікпен 1 ай еркін жүрдім. Саят ағаның дауысы ерек, болмысы бөлек. Үніндегі қоңырлық ауылымды, марқұм ата-анамды еске салады, жанымды тынықтырады. Ескі, есті әндер жиналған, құлақтың құрышы қанатын кеш болды. Аллаһ ғұмырын ұзақ еткей🤲😍❤
@СабираРахметжанова-я6щ10 ай бұрын
Амин!
@БакытРахметова-б7в9 ай бұрын
W🎉🎉🎉🎉🎉❤❤❤❤😢
@АлмасОмирбеков-б7ъ9 ай бұрын
Қандай керемет әсерлі концерт болды! Қарапайымдылық деген осындай ау сірә!Бәрі тамаша!Ақбота Мейрамбек басқа қатысушыларға мың алғыс!Талайға сабақ болды!Жанды дауыс керемет болды!Отбасыңа амандық Бала-шаға, туған туыстар,өнердегі үзеңгілес достарың бәрі аман болсын!Жарадың Саят!
@НуржанатКабденова9 ай бұрын
Шебер әр қашанда биікте керемет концерт қалай тез бітіп қалды барлық әндері жүрекке ой көңілге шаттық силайтын басымды ием көп рақмет тамаша шығармашылық кеш көп болсын ұзақ ғұмыр тілеймін ❤❤❤
@Gazizkhan10 ай бұрын
Саят Медеуов қазақтың бағына туған мықты әнші. Аман болыңыз аға
@СабираРахметжанова-я6щ10 ай бұрын
Амин!
@КуландаНатаева9 ай бұрын
Нағыз қазақы ер азамат.Біраз болды шықпай кетті.Елу жасың құтты болсын.Өте жағымды,жүрекке жеткізіп айтатын әнші баламыз.Даусы керемет,сөздерін анық мәнерлі етіп жеткізеді.
@GulmiraKarimullina10 ай бұрын
Менің сүйікті әншім,аман жүріңіз. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын!Әндеріңіз керемет.
Тамаша ән, Әншінің орындауы.керемет жүрекке жетті шіркін...
@ДикоМусаев9 ай бұрын
Саят бауырымыздың концертті өте керемет өткен екен бала шагаларымен бақытты болсын. Керемет дауыс айтқан әндері жүректі елжіретеді Аман болсын.
@ОразгулТуганбекова9 ай бұрын
Керемет орындау.Бақытты бол бауырым.❤❤
@Jakozerdesh10 ай бұрын
У-шуы көп мына заманнан басқа әлемде болып демалағандай болдым. Керемет рухаани ән кеші болды👍🏻 Рах ет Саят жарайсың, аман жүр!
@raikulkonarbayeva52199 ай бұрын
Гшк
@muslima765010 ай бұрын
Бір рахат күй кештім Саяттың әндерін тыңдап. Рахмет, Саятжан. Осындай кештерді сағынып жүрдім❤
@ОралханМуханова9 ай бұрын
Қарағым дүние тұрғанша тұр жаным30-жылдай болды әніңді әрқашан сүйіп тыңдаймын. Өнеріңмен өрге жүзіп үрім бұтағыңмен шалқып жасай бер айналайын.
@nurlykyzaidosova26439 ай бұрын
Керемет дауыс, керемет орындау Алла жар болсын жарқыным , ұзақ ғұмырлы бахытты, даулетти бол. Жаратушым жар болсын, үлкен сахнада халықтың сүйіктісі болып аман САУ бол!!!
@ZhZhzhzh-um7ot8 ай бұрын
Ұлболсын немесе оның жеке меншік құқығы мен олардың саны аз емес
@КалқашКадырбековв9 ай бұрын
Саят халық әншісі.қарапайым.сабырлы жұлдызын жарықдеңсаулығын мықты.өмір жасын ұзақ отбасына шаттық береке.еңбегіне жеміс тілеймін. қазақ халқына әдемі ән силап құрметке бөлене бер❤
@ОралханМуханова9 ай бұрын
Саят керемет әнші.Нағыз әнші. Қарапайымдылығы сахнада өзін ұстап әдемі тұрысы қандай.Тек өнерің өрге жүзіп отбасыңмен аман болыпхалқыңды әсем әндеріңмен тербей бер.
@serikakhmetov74749 ай бұрын
P
@NurlanImanbaev-i9k10 ай бұрын
Саят ардақтым, азаматым! Қазақ қанша өмір сүрсе Саят сен сонша ғұмыр кешесің қадірлім! Өнер адамы дегеннің эталоны САЯТ!!! Замандас інім жасай бер! Нұрлан. Шымкент.
@КалияБекова-д9ц9 ай бұрын
Айналайын Саят соткадан осы концертіңді көріп кәдімгідей залда отырғандай болдым. Керемет ! Әкеге , анаға деген сағынышымды әніңмен тебірендім. Шығармашылық табыс тілеймін өзіңе!
Қарапайымдылығың әр қазақты өзіңе жақындатып тұрады, жарайсыз Саят бауырым, осындай ізеттілігіңіз әр қазаққа үлгі, өнеге болсын 👍
@ДинаКенжинс10 ай бұрын
Ж
@ДинаКенжинс10 ай бұрын
😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊
@ДинаКенжинс10 ай бұрын
😊😊😊😊
@БалжанРабаева9 ай бұрын
Қазақтың қарапайым әншісі Саят әншіге биіктерден көріне бер тамаша әндерің шарықтай берсін дегім келеді.
@УмутСейдахметова9 ай бұрын
Па,шіркін❤өте жақсы көремін сіздің өлеңдеріңізді (дауысыңызды,қарапайымдылығыңызды,Ақботамен бірігіп орындайтын олеңдеріңізді),Қостанайға келгенініңізді естімедім,күтеміз❤
@КалияЖурсинова10 ай бұрын
Бауырым Саят Аллам Денсаулығыныз мықты болсын Өмірге өліп бір барып келдініз енді 100жас жасайсыз Тіл 👁көзден сақтағайсыз Енсенді Аллам көтериниз Ауырғанда жаныңызда Жанашыр достарыныз кімдер екенін білдініз Жануянызға аман есендік тілеймин Кеше 20қаңтар 2024жҚазақстан телевизордан сағ21де берген концерт қарап Сізге Жақсылық тілеймін 😘❤❤❤❤❤❤
@janilburisova463110 ай бұрын
Саят қарағым қазағыңның бағына аман бол жаным, дауысыңнан айналдым
@ГулбакытАманжолова-с3с9 ай бұрын
Әндеріңіз жүрекке жетеді, тыңдай бергің келеді, тек сәттілік!!!
@guljamalguljamal940110 ай бұрын
Саят аман бол дауысың өте керемет сениң өлеңдериңди тыңдағым келе береди ар қашан жолың болсын
@БакытГабдулина9 ай бұрын
Иа, менде телефоннан көріп, жылапта, қуаныпта жатырмын, Мейрамбек сахнаға шыкканда екеуіңіз өте керемет орындау болды. Өміріңіз ұзақ болсын, даусыңыз ерекше тартымды, құлакка жағымды, рахмет, өнеріңіз өрлей берсін.
@АйгульСаятова9 ай бұрын
Менің сүйікті əншім Саят аға. 50 жасыңыз құтты болсын! Жағыңыз түспей жамандық көрмеңіз. Алланың назарында, бақыттың базарында болыңыз. Менің əкеміңде аты Саят. Сіздің көкшолағыңызды керемет жақсы көретін. Нақышында орындайтын мықты жігіт деп. Əн əлемінде қанатыңыз талмай самғай беріңіз.❤🎉🎉🎉
@aliyatikosh96439 ай бұрын
❤❤😢a
@Айгуль-ж5г9 ай бұрын
Концертте отырғандай,қайта-қайта тыңдап жатырмын,әкем мен анашымды есіме алып жылап алдым,мың жасаңыз,өнерде алар орныңыз бұдан да биіктен болсыншы,отбасыңызға амандық тілеймін,көз тимесін!!!
@ГульнурЖанысбаева-ц7р10 ай бұрын
Саят бауырым Құдайым саған денсаулык берсін өнерің өрлей берсін өзіңді әнші ретіңде өте жақсы көреміз ұзақ өмір сұріңе. Тілектеспіз
@ЖаңалықДаутоваАй бұрын
Ьиниииздин кызыгын томында өлең аитып риза болдык
@МарияТамырбаева10 ай бұрын
Саят қай әнді болсада өз нақышына келтіріп айтатынын әншіғой тіл-көзден аман болыңыз
Аман болыңыз әрдайым жүзіңізден күлкі кетпесін 🙏🏻🙏🏻👍🏻
@ГолосДетиПопулярныевидео10 ай бұрын
Тууууух, шіркін-ай! Əсіресе домбырамен айтқаны маған əсерлі болды. Аман жүріңіз, Саят бауырым!👏👏👏👏
@ЗамигаШукыжанова-ц7н10 ай бұрын
Осындай салмақты, мағыналы әндерің үшін алғысымыз шексіз, бауырым! Аман жүр, шырқай бер!❤❤❤
@kanat.aidos110 ай бұрын
Керемет концерт Саят аға жасай беріңіз легенда 👏💯😍
@КашеноваКуляш9 ай бұрын
Құтты болсын концерт. Табысты бол. Қазақ өнері жасасың🎉🎉🎉
@ТолешМакижанова9 ай бұрын
Неге қазақы дауыспен ән салу бәйгесі жоқ біздің елде, Саят ініміз бірінші орында болар еді. Нағыз күміс көмей, жез таңдай әнші, дауысы қандай қою, қоңыр үнді, құлаққа жағымды, нағыз қазақтың халық әншісі.
@akgulisina4048 ай бұрын
Біздің мәдениет саласында осындай тума талант, нағыз әншілерді жоғарыға шығармайды, көтермейді, кім көрінгенге беріп жатқан атақ, марапаттарды осы Саят бауырыма бермей ме? Бізде керісінше дауысы жоқ, өнері жоқ, ақшамен жүргендерді бағалайды.
@Usert192008 ай бұрын
@@akgulisina404Келісемін. Саяттың дауысы, әндері жаныңды тербейді. Нағыз жоғары марапаттарға лайық! Халықтың сүйікті әншісі. Жоғарылардың құлағына жетсе екен.
@kanbibirustemova37409 ай бұрын
Супер Саят керемет концерт болды
@Nurbol-Abdiqadyr..10 ай бұрын
Саят аға әндеріңіз бен қазақи қоңыр даусыңыз өте әдемі. Алла тіл көзден сақтасын. Қазақтың бағына біткен өнерлі әншілерінің бірі әрі бірегейі өзіңіз аға. Аман болыңыз. Өз басым Алматыдағы осы қоңыр күзім атты концертіңізге анашымды алып барған болатынмын. Концерт өте жоғары деңгейде өтті. 50 жас туған күніңізбен де құттықтаймын аға🤝🔥✊🏻
@СерикНуртилепов9 ай бұрын
😊
@GulchamalAhmetova9 ай бұрын
Керемет концертті көріп қуанып ортырмын ұзақ ғұмыр тілеймін ❤
@ЖулдызШалабаева-ю2л8 ай бұрын
Керемет! Сіздің дауысыңызды сағыныппыз!
@aizhanyermagulova32709 ай бұрын
Керемет, әсерлі кеш болған екен. Тапжылмай отырып көргенбіз ұлттық арнадан👍
@masha_demenchuk9 ай бұрын
Как хорошо, что этот концерт выложен на Ютубе, и можно много раз его пересматривать. Саят Медеуов - мой самый любимый певец. Рахмет из Беларуси.
@Райхан-ш6б9 ай бұрын
Тамаша орындау!❤
@ЗухраКунтуарова9 ай бұрын
Сізге рахмет
@УмитКоппагамбетова-и7ш9 ай бұрын
Керемет өте әсерлі,мағыналы әндер,көп рақмет Саят,биіктерден көріне беріңіз 👍👍👍
@Бахытжан-г8ч9 ай бұрын
Жанім САЯТ даусың нағыз қазақтың қоңыр даусы бақытты болыңдар бағың жана берсін.
@СабилаНаурызова9 ай бұрын
Керемет,Саят өзі қандай сабырлы болса,орындайтын әндері де терең мағыналы ,қоңыр үнімен жүректі баурап алады.Рахмет ,көпшіліктің ықыласына бөлене бер!❤❤❤
@УрмашКалыбаевна10 ай бұрын
Қоңыр дауысты әсем әнімен халыққа қызымет көрсеткен Саят балам аман бол
@aidarbekermanov95779 ай бұрын
Нағыз қарапайым қазақи мінез өнерің өрге бас берісін
@РозаМолдабаева-т1р9 ай бұрын
Аман бол !!Еліміздің ардақты сын !!!!!!❤❤
@МиятбекБиназаров-ъ2к9 ай бұрын
Саят бауырым ,50жас мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. От бастарыңызға амандық тілейміз. Өсіп өніңіздер.
@Азамат-д6р10 ай бұрын
Нағыз қазақ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿нағыз мұсылманға тәң мінез
@АсияАликызы9 ай бұрын
Тамаша кеш!!! Халық та сағынып қалыпты!!! Концерттік костюмдері жаңа үлгіде,өзіне жарасып тұр!!! Дайындық керемет болған екен!!! Жаңа әндері қандай тамаша!!!❤👏💯💐💐💐🙏😘😘Жасай бер, Саят!!!😘😘😘
@НурбибиОршабекова-н6т10 ай бұрын
Бауырым аман бол биіктей бер нағыз қазақ жігті деген аттқа лайықсын.Не деген адамның жүрегіне жеткізетін әндер өзінің қарапайымдылығы адамды сүйсіндіреді
@ГулсимЕлжанова9 ай бұрын
Рахмет.Оте керемет кеш.
@Алтыншашжалмуханова9 ай бұрын
Әндері мәнді ,саналыға ой салатын мазмұнды🎉🎉орындаушы керемет
@МаржанАмир-г5п8 ай бұрын
Керемет жоғары дәреже өткен шығармашылық кеш!
@ГулжанСандибаева10 ай бұрын
Керемет орындау,сәттілік өнерің өрлей берсін!
@БакытжамалМухамадиева-ц2л9 ай бұрын
Саят бауырым жолың әрқашан ашық болсын Сендей әншілер санаулы ақ
@БалжанРабаева9 ай бұрын
Саяттың әндерін алғаш рет Ақбота екеуінің репертуарынан бастап тыңдадым.Өте жақсы қазақтың әншісі.
Саят концерт керемет ұйымдастырылған. Жүректі елжіретіп,әр тыңдаған сайын ерекше сезімге бөленесің❤Мейрамбекпен айтқан өлеңдері😍
@МаликаЖаксылыкова-г7э10 ай бұрын
Ана туралы әніңді тыңдағанда,егіліп жыладым анам есіме түсіп. Аналарымыз аман болсын.
@maksatzhekeyev841210 ай бұрын
Мейрамбекпен дос туралы ани керемет шыгыпты. 👍👍👍
@СагадатМатабаева5 ай бұрын
Мейрамекті 😂
@madinabegimkulova55829 ай бұрын
Концерт керемет өтті барлық қатысушыларға музиканттарға мың алғыс. Жақсы көңіл күй силаған САЯТ.бауырым аман бол.
@ЕркебұланТөреханов-р2к9 ай бұрын
Саят концертің күшті өтті бишілерге рахмет мықты.
@СветаСалыкбаева4 ай бұрын
Сүйіп тыңдайтын әншімнің бірі. Әндері, сөздері, дауысы да құлаққа жағымды сондай. Жасың ұзақ болсын бауырым. 🤲🤲👍👍👍👏👏👏
@saraseitzhapparova72499 ай бұрын
Саят биздин суйкти аншимиз.Сахынада орлей бер.Омир жасын узак болсын.
@gulsaradoskozhayeva521810 ай бұрын
Күміс көмей әнші ,Саят бауырым аман бол,отбасыңа бақыт тілеймін
@ZhamilaAbisheva10 ай бұрын
Нағыз ерге жарасқан мінезді, азамат. Бір туар азамат❤
@АрияАкшамбаева-м9м10 ай бұрын
Қазағының әнін жан-тәнімен жақсы көріп шын жүрегімен орындайтын Саят бауырымыздың репертуарын жақсы көріп тыңдаймын.Кейбір әндерін өзім де айтып жүремін.Өнер төрінде шарықтай бер!
@ГюльчатайШарипова10 ай бұрын
Саят аман бол кулыным бакытты бол жан уянмен жаксы коретин адемиде кориктисин батамды бердим орле ос 👋💐🌹🎆👍
@СарсенгалиСыйхымбаев-ю3с9 ай бұрын
Саят иним 50 жасын куттыболсын аман есен бол Кенен атамнын жасынан ас Кордаиымнан шыкан инишегим аман бол
@АнарШекенова-в7п10 ай бұрын
Менің сүйікті әншім, қазақы, қарапайымдылығы мен өзін өзі ұстауы ұнайды. Қазақтың әншілері Саяттай болсын!
@СофияАжигалиева9 ай бұрын
Мына ән кешіңді тыңдап керемет әсер алдым, әндерің жүрекке жетті бауырым, сау болшы, халықтың ықыласына бөлене бер
@АдилжанКопжасаров9 ай бұрын
Саят Медеуовтың өлеңдерін сүйіп тыңдаймын өте керемет орындайды адамның жанын тербетіп
@НурбикеТелжанова2 ай бұрын
Қазақтың мықты әншісіне мың алғыс! Саят Медеуовке Ақ жол тілеймін! Аумин! Бақытты ғұмырлы бол, әке мен анаң берген тәрбиге мың алғыс! зейнеткер әже.
@ЗояБисембаева-ч9и10 ай бұрын
Керемет қоңыр үнді әнші,жаса,жарқырай бер👍👏
@madinabegimkulova55829 ай бұрын
Ана туралы әніңіз үшін үлкен рахмет.Сізбен замандас болғаныма мақтанамын.Сізге сәттілік.
@КультайОмашева9 ай бұрын
Саятжан әдемі мәнерлі әнкештеріңіз көп болсын
@АлтынМаханбетова-э1о10 ай бұрын
Тамаша әндер! Керемет кеш! Нағыз өнер шеберінің концерті!
@АЙТКУЛТуткабекова10 ай бұрын
Биік биік шыңдардан көріне беріңіз, шығармашылық табыс тілеймін, әндеріңіз өте керемет, тыңдай бергің келеді
@ХанМансур-д2ш10 ай бұрын
Саят,айналайын сенің өміріңнің әр уақытта жақсы өтуіне тілектеспін.Ата,Анаға деген қамқорлығыңды тыңдап әр қазақтың баласы болса Саяттай болсыншы деп тіледім Айналайын РАХМЕТ.
@ДаригаАманжолова-ц3п9 ай бұрын
Саят сіздің құлаққа жағымды ғажап қоңыр даусыңыз кімге де болсын ұнайтыны сөзсіз деп ойлаймын. Ескендір ағаның "Бозторғай "әнін сіздей ешкім орындай алмас. Сізге әншілік өнері жолында үлкен табыс тілеймін. Өнеріңіз өрге жүзсін.
@ЗухраКунтуарова9 ай бұрын
Иә,Кененнің әнінде
@Руслан-у3ш10 ай бұрын
Коныр ун,уйып тындай ,жанга шипа,керемет 🤲
@РаушанЖунусова-й2м10 ай бұрын
Саят аға кешіңіз құтты болсын сіз жақсы әншісіз әндеріңіздің бәрін жақсы көремін аман болыңыз 🎉🎉
@aimannagashbek3149 ай бұрын
Керемет,Саят аға ,дауысыңыз,өте қоңыр,сахнаның абызы,ақылшысы,сабырлы қалпыңызбен 100 жасаңыз.отбасымызбен сізді өте қатты жақсы көреміз.