«Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін...». Телехикая. 4-бөлім

  Рет қаралды 129,660

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

2 жыл бұрын

Шұғыл ақпараттар: t.me/qazaqstantv
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqstan_tv
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/qazaqstantv
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
qazaqstan.tv/app

Пікірлер: 639
@zhanibekbagydarkan344
@zhanibekbagydarkan344 2 жыл бұрын
Бала кезімде “Қаздар қайтып барады “ “ Жылап қайтым өмірдің базарынан “ деген Жыр жйнақтарын жаттап өстім ! Ержеткенде Мұқағалйдың еліне барам деген жалғыз ғана арманым болды …. ( Қазақстанға кетем ! ) Мен сонау қытайдың аумағында Ерентаудың бір қусына дұнйеге келген Ауыл баласы едім … Жоғары оқуды айқтап , Жалғыз Сумкамен Астанаға келдім ! Қазыр Бала шағалы, Жақсы өмір сұріп жатырмын , бәрніе Шүкір !?! Жаның жәңәтта болсын ! Хантәңірдің мұзбалағы !!! Алла қуат берсе , жазада Отбасыммен Қарасазға , Нарынғолға барып сен туған топыраққа аунап , құран оқып қайтам !!!!
@Kalionn
@Kalionn Жыл бұрын
👍🏻
@chernota.4273
@chernota.4273 Жыл бұрын
саламатсызба, сізбен қалай сөйлессем болады?
@user-fq3yw9mu7z
@user-fq3yw9mu7z Жыл бұрын
Өте керемет адам екенсіз, бірақ Мұқағалй емес Мұқағали, дұнйе емес дүние, айқтап емес аяқтап, жәңәт емес жәннат, Нарынғол емес Нарынқол, жйнақ емес жинақ
@user-ok8hb9bi1m
@user-ok8hb9bi1m Жыл бұрын
@@user-fq3yw9mu7z қытайдын аумагында дуниеге келгем деп тургой, как будто сен кателеспейсін
@aykinmerey6548
@aykinmerey6548 10 ай бұрын
Иә оқуын аяқтап келген ғой... Түсінуге болады...
@askatbozymbay2954
@askatbozymbay2954 2 жыл бұрын
Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім, Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің. Өлсе,өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
@Qazaqqyz01
@Qazaqqyz01 5 ай бұрын
Аққан жұлдыз🌠
@user-ww6pl1of9b
@user-ww6pl1of9b 2 жыл бұрын
Жылаттың ғой Мұқағали Аға! Кешір біздерді!Кешір әділетсіз қоғамды!
@user-xs3wg4jn5s
@user-xs3wg4jn5s 2 жыл бұрын
Өте керемет кино көруге түрарлык Азамат Сатыбалды ағамыз таланты театр және кино актері озн ролин өте жоғары ойнап шыккан
@shynggysmedeubek3782
@shynggysmedeubek3782 2 жыл бұрын
Бір кем дүние....
@user-ct2cp3jy8u
@user-ct2cp3jy8u Жыл бұрын
@@shynggysmedeubek3782 жақсы ақын
@user-ct2cp3jy8u
@user-ct2cp3jy8u Жыл бұрын
@@shynggysmedeubek3782 вконтакте барма
@zhanaryymaripzhanova5363
@zhanaryymaripzhanova5363 2 жыл бұрын
Кейінгі түсіріліп жатқан Ахмет, Мұқағали сынды фильмдер халық жүрегінен орын тауып жатқанын мойындамасқа шара жоқ.Өте керемет.Ұжымға мың алғыс.Кітаптан оқыған бөлек ,оны өздері сезініп көрерменге жеткізе алу тағыда бөлек әсер сыйлады.🤍🌎
@arailymkamalbaeva
@arailymkamalbaeva 7 ай бұрын
Ия барин катарынан корип шыктым тек жылаумен болдым😢 Бирак патриоттыгым оянып, басынан мын киындык кеткен Қазақ екеним есиме тусти❤
@mongoliaqazaqtary
@mongoliaqazaqtary 2 жыл бұрын
*Фаризаға арналған өлеңді оқыған кезде көзден еріксіз жас төгілді-ау😭😭😢😢*
@user-tr4mq3go6p
@user-tr4mq3go6p 2 жыл бұрын
Ол гасырдан емес екен кайран агам Жанынды тусинбеді ау (жалған) ағам Кадіріңді білмеді ау мынау қоғам Кара өлеңнің қаймағы болған ағам!!! Қазақтың бағына сен жанған ағам!!!! Жүректің көрмейсің ау сыздағанын Әніңді жылап тұрып тыңдағаным Жырыңа тан қаламын, таңданамын Кешірші қыран құсым, мұзбалағым Мен сені бұл өмірге қызғанамын!!!!
@user-lj8tx6hg3q
@user-lj8tx6hg3q 2 жыл бұрын
Осы киноны шығарғандарыңа мыңда бір рахмет баршаңа Барлық актёрлар жақсы ойнап шықты Енді Азаматтың ойнағаны бір төбеғой Киноны қарап отырып Мұқағали ағамыздың өзін көргендей болып отырдым зығырданым қайнап ішім күйіп әділетсіздікті көргенде... Киноның басынан аяғына дейін көз жасыма ерік бердім Әттең кино ұзағырақ түсірілсеғой Қайраан Мұқағали ағамаай ерте кеткен 😥 Бірақ әр Қазақтың жүрегінде мәңгі тірі 🇰🇿
@user-qu4cy1bd3h
@user-qu4cy1bd3h 2 жыл бұрын
Дәуірді дәуірге қосқан ақын. Біз қаншалықты Мұқағали жақсы ақын деп зарласақта тірі кезде қадрін білмей кеттік. Алла күнәләрін кешірсін жаны жәннатта болсын.
@user-ii2ep7fs9f
@user-ii2ep7fs9f Жыл бұрын
Мұқағалиды сатқан хайуандарға ешқашан кешірім жоқ!☝
@user-cw4hs8jk2y
@user-cw4hs8jk2y Жыл бұрын
Әумин
@madinasenggerbekova1331
@madinasenggerbekova1331 2 жыл бұрын
Қайтерсің кеш білгенде қадіріңді Сыймай аунап түстің бе қабіріңде Әрбір сөзің тіліп өткен жүректерді Ұмытылмайды, өшпейді есімізде
@abdurrakhman9945
@abdurrakhman9945 Жыл бұрын
Ие апатай сөйдедіңбе, Біздің Мұқаш атамыз өлмейдіде. Ей өскелең қарап тыңдап біліп жүрші, Қандай қандай кісілер болып кеткеніне.
@user-ct2cp3jy8u
@user-ct2cp3jy8u Жыл бұрын
@@abdurrakhman9945 аман бол
@user-ct2cp3jy8u
@user-ct2cp3jy8u Жыл бұрын
@@abdurrakhman9945 ватсап барма
@abdurrakhman9945
@abdurrakhman9945 Жыл бұрын
@@user-ct2cp3jy8u неге?
@user-ct2cp3jy8u
@user-ct2cp3jy8u Жыл бұрын
@@abdurrakhman9945 дос жоқ
@user-ks1he7yb1q
@user-ks1he7yb1q 2 жыл бұрын
Не деген керемет туынды?! Міне,нағыз актёр! Жан дүнием жылап тұр. Қайран ақын.
@user-rt9lw5cs8u
@user-rt9lw5cs8u 2 жыл бұрын
Керемет фильм! 4 сериясын бірінен соң бірін үзбей, қарап шықтым. Мұқағали Мақатаев! Өзіңдей ақын енді қайда бізге.
@user-wf8xg8ke1r
@user-wf8xg8ke1r 2 жыл бұрын
Қанша уақыттан бері жан-тәніммен беріліп көрген, ақынмен бірге қыйналып, бірге қуанған фильмім болды! Фильмді қоюшыларға, актёрларға РАХМЕТ!!!
@co.ltdqalqan6203
@co.ltdqalqan6203 2 жыл бұрын
Қайран Мұқа-ай. Кино керемет түсірілген. Ұжымға мың алғыс ! Ал Мұқаң сол асқақ қалпында Қазағының жүрегінде!
@user-yk6lm1wb6r
@user-yk6lm1wb6r 2 жыл бұрын
Мықты түсірілген екен. Жалпы мен көбінесе отандық киноларды көремін. Соңғы кезде түсіріліп жатқан кинолар керемет! Ақиық ақын Мұқағалидың образын Азамат керемет сомдады жарайсың! Басқа актерлер де өз образдарын тамаша көрсетті. Осындай рухты көтеретін фильмдер түсіре беріңіздер.
@MarkII_90_jzet
@MarkII_90_jzet Жыл бұрын
Иә дұрыс айтасыз
@user-pt8bh6lr7g
@user-pt8bh6lr7g 2 жыл бұрын
Қандай керемет түсірген, міне нағыз көруге тұрарлық дүниелер! Ұлт ұстазы Ахмет, Мұқағали, арты көбейе берсін!!! Табыс, шығармашылық шабыт тілеймін осы туындыға себепші болғандарға.
@aser9814
@aser9814 2 жыл бұрын
Жанымды өртеп жібергендей болды әрбір сәті қиын, қиналдырды, барымызды қашан бағалап үйренеді екенбіз қара қазағым-ай…
@user-ii2ep7fs9f
@user-ii2ep7fs9f Жыл бұрын
Әліде бір бірін көре алмайды, ауыз біршілік жоқ! Провокатор лар толып жатыр, елден шыққан жау жаман!☝
@user-ii2ep7fs9f
@user-ii2ep7fs9f Жыл бұрын
Әліде бір бірін көре алмайды, ауыз біршілік жоқ! Провокатор лар толып жатыр, елден шыққан жау жаман!☝
@user-yo5cw3vu1u
@user-yo5cw3vu1u 2 жыл бұрын
Қайран Муқағали акын аға! Өмірдің қиын соқпағында өзіңіздің өлең жолдарыңыздан өмірге қайтадан шабыт жігер алушы едім. Бос жазылған бір жолы жоқ бәріде жалын атқан ақын жүрегінің жалыны өмірдің шынайылығы дерсің😭 жылатып отырып өмірге күресінге дайындайсың... Азамат Сатыбалды қазақтың дарынды актері ол ойнаған барлық ролі қазақ киносының ажарын кіргізіп тұрғандай. Мұқағалидың жан дүниесін шынайы суреттеді .Кино бітседе көз жасым... ақынды бүгін жерлегендей . Мұқа сіз мәңгі тірісіз!
@user-yo7xi5cd1o
@user-yo7xi5cd1o 2 жыл бұрын
Өте керемет фильм. Неге осындай мән мағынасы бар кинолар миллиондап просмотр жинамайды
@user-vh1ov5zf6d
@user-vh1ov5zf6d 2 жыл бұрын
Мұқағали атамыздың өлеңін жаттап өссекте, өмір жолы қиын тағдырлардан құралғанын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз, дәл осы кино арқылы Мұқағали атамыздың жаңа қыры ашылған секілді, өте керемет туынды! Осы киноны түсірген ұжымға мың алғыс! Жүрекке жетті! Мұқағали атамыз аруағы риза болғай!
@user-rg1fw1pe2u
@user-rg1fw1pe2u 2 жыл бұрын
Ең біріншіден Мұқағали ағамыздай біздің маңдайымызға біткен ақынның болғанынан рақмет айтамын. Ағамыз мәңгі жүрегімізде. Екіншіден актер Азаматқа рақмет өте тамаша ойнады. Мұқағали ағамызды тірідей көргендей болдым. Барлық актерлер тамаша ойнады. Фариза апамызды да. Киноны көріп отырып жүрегім езіліп отырды. Көненің сөзін де, көзін де тамаша жеткізіп, тамаша сомдады. Ду қол шапалақ 👏
@Yerzhan011
@Yerzhan011 Жыл бұрын
Керемет сапа,жоғары деңгей.Актерларды таңдағанда дөп түскен.Осындай қазақтың маңдайына біткен тұлғалар туралы фильмдер көбейе берсе деген жалғыз тілек!Барлық түсірілім тобына алғыс!!!
@user-gy5vs5gj3j
@user-gy5vs5gj3j 2 жыл бұрын
Нағыз ақын, Тарихи ақын, бөлек ақын, тым бөлек. Алып тұлға! Шынайы көріп отырғандай болдым, әсерім керемет! Егіліп отырып жыладым! Жанын түсіне алмады көп адам. Біз неге өлгеннен кейін білеміз бағалау керектігін, неге қолымызды кеш сермейміз? Жүрегіме жетті кино. Ақынның дәуірінде туып, ақынның қасында, өзімен отырып көп нәрсені айтқым келді. Туынды өте ұнады!
@JangazyAlia2002
@JangazyAlia2002 2 жыл бұрын
Мұқағали атаны адамдар қолдап ауруханаға келіп атын атап жатқанда көзімнен жас ақты😥. Алмагүл атты қызы әкесіне айта алмағанын айтып жылағанда қоса жыладым😥. Жаны жәннәттә болсын
@aleke085
@aleke085 2 жыл бұрын
Фариза Оңғарсынова апамыздың рөлі сәтті шыққан сияқты. Басқа актерлар да өз рөлдерін сауатты ойнапты. Жарайсыңдар!
@aizattoizhankyzy
@aizattoizhankyzy Жыл бұрын
Ақындардың,поэзияның патшасы Мұқағали атау🥺 өшпес із қалдырып кеткен өлеңдеріңіз жүректе🥺❤️
@nurakymetseydzadaly3157
@nurakymetseydzadaly3157 2 жыл бұрын
Бақытжан аға Баукеңнің обыразын жақсы алғансыз. керемет! рахмет сізге.
@user-zg8ig2oq2y
@user-zg8ig2oq2y 2 жыл бұрын
Киноның Ортасынан бастап көзіме жас алдым тоқтаусыз шексіз жылап отырмдым Кішкентай күнімізден Атамыздың бүткіл өлеңдерін жаттап өстік қой жарықтық тік мінезді болған ер жүрек батыл бір ішкен кемшілігін айта бермейікші ағайын кімнің басынан өтпей жатыр қалай айтсаңдарда Ұлы ақын артындағы Шолпанынан әкесіндей ақын болуын күтеміз
@user-qd6gl5hg1j
@user-qd6gl5hg1j 5 ай бұрын
Ең сүйікті ақыным менің,ұлы ақыным ❤❤❤😢😢😢
@user-so5tm7gs1h
@user-so5tm7gs1h 2 жыл бұрын
Шоқтығы биік фильм!!! Азаматтың Мұқағали ақынды шебер, шынайы сомдауы ғажап екен!
@user-jk1if7eq4h
@user-jk1if7eq4h 2 жыл бұрын
Азамат Сатыбалдының шығармашылығындағы ең мықты ролі осы Мұқағалидың образы болып шыққандай, сіз осы роль үшін туған ең мықты актерсыз👏👏👏шеберлігіңізге бас иеміз
@twixtv8312
@twixtv8312 2 жыл бұрын
Мұқағали әрдайым жүректі ақын Тоқтата алар бар сенің қандай хақың Махаббатпен өлеңді толтырған ол Өшпес ізге тоймарсыңдар қайран халқым
@user-kq6cu1oi4h
@user-kq6cu1oi4h 2 жыл бұрын
Өте керемет шыққан жарайсыздар, актерлер 👍👍👍🇰🇿 кушты. Қалай мақтасақта жарасады. Сөздік мәтін Өте тамаша шыққан 👍🇰🇿🇰🇿🕋👏👏👏
@user-mz6ih2yz6l
@user-mz6ih2yz6l 2 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм ағайын бауырларым Ақын атамыз Қазақтың ақын атасы Аруғына тиеберсін Алдынан жарылқасын Сол мәңгі дүниеде жүмақта төрін тапсын Аумин 🤲
@user-zy9xm1qr3p
@user-zy9xm1qr3p 2 жыл бұрын
Осал өмір емес қой қырықтамын, Ей! болашақ сен мені ұмытпағын. Қажетіңе жарасам қабылдарсың, Қарапайым темірдің, сынықтарын...!!!!
@user-ym9jt2ek8y
@user-ym9jt2ek8y 2 жыл бұрын
Керемет түсірілген, рақмет осындай жақсы туынды халыққа сыйлап жатқандарыңызға, әліде керемет туындыларды күтуге асықпын. Мың алғыс бәрінізге
@user-co2ue4oc1g
@user-co2ue4oc1g Жыл бұрын
Жатқан жерің жайлы болсын Мұқағали аға.
@zerealemi4763
@zerealemi4763 2 жыл бұрын
Өз дәуіріне симай кеткен қазақтың ұлы ақыны, Қазақпен бірге мәңгі жасайды.👍
@user-cu4zv1gg8b
@user-cu4zv1gg8b 2 жыл бұрын
Қазақтың Мұзбалағы.Әдебиеттің патшасы.Әттең өз қазағы өз бауырының жүрегін езіп,еңсесін түсірген жүректі қан жылатады.Тіпті Мұқағалидің өліміне бүткіл қазақ жылағандай. Құдды Бірсол заманда өмір сүргендей әсер алдым.Ешқандай өтірік жоқ.Адамды еріксіз бауратып, патриоттық сезімді оятып,жүрекке рух сыйлайтын өнер туындысы.Сөз жоқ.👍
@aspanjer1556
@aspanjer1556 2 жыл бұрын
Көзге еріксіз жас келді, Барды бағалайық, қазақты қазақ шалуды, көре алмауды, менсінбеуді қою керек. Қазақ Қазақтың досы, бауыры. Әліде арамызда асылдар бар солардың да қадірін біле жүрейік.
@user-in9gd5yh8x
@user-in9gd5yh8x 2 жыл бұрын
Азамат аға керемет мықты актерсіз мына фильмді көріп отырып таза ақиық ақын Мұқағалидің өзі тіріліп келгендей күйде болдым.Сізге тек творчестволық табыс тілеймін қазақ өнері мен қазақ киносына үлес қосып алар асуларыңыз көп болсын осы күнге дейін көп онша қатты көңіл бөлмейтінмін осында шынайы шеберлікті актерлықты көрдім.Мұқағалидай аңыз бір ғасырда бір туар адамды ойнаудың өзі бір абырой және үлкен жауапкершілік!!!! Қазақ киносын асыл мұрасы болатындай осындай керемет туындылар көбие берсін!!!! Мен сізді сыйлаймын құрметтеймін.
@user-nc5lq6kk9d
@user-nc5lq6kk9d 2 жыл бұрын
Өте керемет түсірілген Фариза жан әнін қанша рет тыңдасамда мұндай әсер алмаған едім еріксіз көзіме жас келді. Актёрларға мың алғыс.
@user-ey8wp8nc3l
@user-ey8wp8nc3l 2 жыл бұрын
Өте сенімді шыққан сериал.Актерлер шеберлігіне тәнті болдым.Ақиық ақынды шынайы бере білген.Азамат бауырым өнерін өрлей берсін.Көзге жас алмай көру мүмкін емес.Жексұрын Алиулинді де керемет сомдаған.Ұжымға Рахмет
@user-gk8un9zv4v
@user-gk8un9zv4v 2 жыл бұрын
Мұқағали поэзиясы қызықтырмайтын алдын, соның өзінде 10 шақты өлеңін жатқа білетінмін, ал енді бар кітабын жаттайтын секілдімін
@JasaKazakh
@JasaKazakh 2 жыл бұрын
Мен туған жер Қарасаз баурайдағы, Жалғанда жер біткеннің бал-қаймағы. Есім кетіп жүргенде ес білдірген, Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы.
@user-sq5be5zw9k
@user-sq5be5zw9k 2 жыл бұрын
Маңайдағы емес, “баурайдағы” , Жалғанда жер біткеннің бал-қаймағы
@shaiqyp
@shaiqyp 2 жыл бұрын
Сырым да осы, жырым да осы алдыңда, Байқашы бір бықсыдым ба, жандым ба. Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты - МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ бар мұнда.
@erkegulzhuparkhan7218
@erkegulzhuparkhan7218 2 жыл бұрын
Керемет туынды! Әр өлеңі әнге сұранып тұратын мұндай ұйқас жолдары енді тумас, тума талант дарабоз! Барында бағалай алмадық. Азамат Сатыбалды ағамыз да жанын салып ойнапты, керемет! Жүрегім ауырып көзіме жас келіп қарап шықтым.
@user-lj8tx6hg3q
@user-lj8tx6hg3q 2 жыл бұрын
Білмеймін бүгін күні бойы кешегі көрген кино есімнен кетпей қойды қаатты әсер алған болуым керек деп ойлаймын Домбырамды қолыма алып Фариза ән ді айтсам болды жүрегім аузыма тығылып көзімнен жас парлап айта алмадым Әсіресе " Жігітінен қазақтың дос таба алмай " " Бірі итеріп кеудемнен бірі шалып" деген жерлері жаныңды жегідей жейдіғой😥
@user-qq9zn3tv9j
@user-qq9zn3tv9j 2 жыл бұрын
Өте әсерлі етіп түсірілген, көзге жас қайта-қайта келе берді. Ақынды көз алдыма елестетіп отырдым, Азамат Сатыбалды өте жақсы рөлін сомдап шыққан . Браво
@user-tf4gz8vs4t
@user-tf4gz8vs4t 2 жыл бұрын
Керемет кино шығыпты. Жүрекке жетті. Мың рахмет Сіздерге кино ұжымы. Қайта тіріліп келгендей күй кештім. Алғысым шексіз.
@SamsungA-lm4cu
@SamsungA-lm4cu 2 жыл бұрын
Біз қазақ неге осындай сор маңдаймыз! Қазақтың бағына туған тұлғаларды қасақана жарға итереміз.
@user-fk4rj6ru1g
@user-fk4rj6ru1g 2 жыл бұрын
Өте унады !Асыресе соңғы сериясын жыламай көру мумкін емес 😪Керемет туынды !
@Aigerim-ou9zu
@Aigerim-ou9zu Жыл бұрын
Көріп отырып,көзімнен жас тоқтамай алар емес😭😭😭😭 Мұқағали Мақатаев атамыз ешқашан өшпейтін Ұлы Тұлға
@sayak8213
@sayak8213 Жыл бұрын
Керемет. Алла разы болсын. Мұқағалидың аруағы бір аунап түскен болар. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
@user-kh6if9ge8z
@user-kh6if9ge8z 2 жыл бұрын
Журегим кан жылады...💔 Оте керемет тусирилген туынды 🔝🔝🔝
@Ara_079.
@Ara_079. 2 жыл бұрын
Аллаһ Тағала разы болсын, Азамат бауырым.
@eldanabaiguzhanova7863
@eldanabaiguzhanova7863 2 жыл бұрын
Оте керемет тусирилген. Актерлик курам мыкты. Сценарий ОТЕ ЖОГАРЫ ДЕНГЕЙДЕ ЖАЗЫЛГАН. КАНАТ РАМАЗАН оте биликти сценарист!!! Еңбектеріңізге табыс.
@user-pu3cg5je6d
@user-pu3cg5je6d 2 жыл бұрын
Керемет керемет шіркін, ұжымға Алла разы болсын. Рухани шөлдеген ұрпаққа сусын боларлық туынды. Осындай рухты тарихы бар тұлғалар жайлы кинолар көп болғай. Лашынға емханада жазылған КҮРСІНБЕШІ. Нұрғиса ағанын үйінде шығарған ДАРИҒА ДОМБЫРАМДЫ БЕРШІ МАҒАН, деген ЕСІНЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫН деген өлендердің тарихын қосып жібергендеғой. Мықты түсірілген көп көп рахмет
@user-qo8di7qp4k
@user-qo8di7qp4k 3 ай бұрын
Өте жақсы түсірілім, жанға батты, Атамыздың жанны жәнаттан болсын🤲
@user-bg5yy3mz6f
@user-bg5yy3mz6f 2 жыл бұрын
Керемет туынды! Актёрларда өз рөлдерін керемет сомдап шықты! Өте күшті әсер алдым.
@user-qn7cv3hl5l
@user-qn7cv3hl5l 2 жыл бұрын
Жанын жаннатта болсын! Сиздин олендеринизди суйып тындамайтын бирде бир жан жок шыгар.
@qwertyalpamys3691
@qwertyalpamys3691 2 жыл бұрын
Міне нағыз кино .Кейінгі түсірілген кинолардың ішіндегі нағыз ,өте жақсы түсірген.
@user-gt9ml6te2o
@user-gt9ml6te2o Жыл бұрын
Бәрекелді,өте құнды дүние болыпты.Алла разы болсын.Керемет.👏👏👏
@dutynzhansaya8183
@dutynzhansaya8183 2 жыл бұрын
жаның жаннатта болсын асыл аға!
@user-bq7cd8fc1v
@user-bq7cd8fc1v 2 жыл бұрын
Жатқан жеріңіз жәйлі болсын. Қазақтың маңдайына сыймай кетт-ау. Керемет өзімен кездескендей болдық. Жыладық,толқыдық. Ұрпағы ұмытпасын біле берсін. Сіздерге мың алғыс
@user-yi1fm7ec2w
@user-yi1fm7ec2w 2 жыл бұрын
Керемет !!! Азамат Сатыбалды-өте жоғарғы деңгейде сомдадыы!!! Тамаша!!!!
@gulshatimasheva4411
@gulshatimasheva4411 2 жыл бұрын
Рахмет киноға көп көп,бир жылап алдым ау,Халыктын акыны әр казактын журегинде,,,атамыздың жаткан жери жайлы болсын!
@user-ey4xi3jv1k
@user-ey4xi3jv1k 2 жыл бұрын
Жатқан жері жайлы болсын АТАНЫҢ ұмытпаймыз!
@user-hv8nt3bk8z
@user-hv8nt3bk8z 2 жыл бұрын
Осы туындыны қанша күттім десеңші.Қашан түсірер екен,бағаланбай кеткен асылдың сынығы туралы бір туынды?-деп жүруші едім,рақмет,рақмет!Бағаланбай кеттің ау,әттеңай...мұзбалақ!
@user-vn8mu3hx5k
@user-vn8mu3hx5k 2 жыл бұрын
Керемет, кашангы адетимиз, тирисинде багалай алмаймыз. Жалгыз адилетсизди жене алмай, сагы сынса да, каскайып, басын имей пасыктарга, омирден отти,Окиништи...
@user-jw3et6zz2x
@user-jw3et6zz2x 2 жыл бұрын
Өте керемет Алланың берген сыйы деп білемін
@user-iy8rd9co3e
@user-iy8rd9co3e 7 ай бұрын
Жылап кордим оте киын бураландаган омири аяактан шалу бир бике жетиу, киын киналып ауырып омирден откени,оте аяанышты 😢😢жаткан жериниз жанаттан болсын агатай 😢😢
@TUTKABAY
@TUTKABAY 4 ай бұрын
Қайран ақын неткен таза жүректі еді,өлеңдері қандай,жаныңыз жәнатта болсын ақын аға.
@user-vf3sb6yi7u
@user-vf3sb6yi7u 4 ай бұрын
Жақсы түсірілген. Алла разы болсын сіздерге! Көп рахмет 😘
@Nazimur06
@Nazimur06 2 жыл бұрын
Жыламай көру мүмкін емес..очень трогательно...өлеңін оқып өссек те,тағдырының қандай болғанын білген жоқпыз..мың жылда қайталанар ма ,бұл тұлға...Қойған режиссерлер де,рольдерді жақсы сомдаған актерлерге де сансыз алғыс..
@aydanaquanishova618
@aydanaquanishova618 2 жыл бұрын
Өте тамаша шығарылым. Осылаи өрлеи беріңіздер. Мен Мұқағали Мақатаевтың өмірін оқып, өлеңдерін жаттағанмын бірақ мына кино сиякты маған еш кітап әсерін тигізген жок. 2бөлімінен бастап тек жылап көрдім 😭😭😭😭😭
@user-rm9qc8iz8g
@user-rm9qc8iz8g 2 жыл бұрын
Өте ерекше сезім алдым көзден жас ақты . Бұл сериалды түсіруге атсалысқан ұжымға алғысымды айтамын. Мұқағали - алып тұлға, дара тұлға. Өз заманына сыймай кеттін-ау!!!!!😭😭😭🙏🙏🙏 Артында үлкен мол мұра қалды. Жаны жәнәттә болсын!!!!
@user-kg1re1fu9i
@user-kg1re1fu9i 5 ай бұрын
Азамат,Нұргүл,рахмет!!! Ұжымға мың рахмет!!!
@user-up9fx9tn5h
@user-up9fx9tn5h 10 ай бұрын
Керемет туынды! Рақмет!
@adilseid91
@adilseid91 11 ай бұрын
Өте жақсы шыққан екен. Мұқағали Мақатаев қазақтың бағына біткен бала жүректі ақынды жүрекке жеткізе білгеніне режисорларға актерларға мың алғыс..
@eldanaaibergenova5855
@eldanaaibergenova5855 2 жыл бұрын
Өнердің құдіреттілігі ғой сонда,шіркін!Бір жылатып,бір күліп,актермен бірге толғанып,ашуланып,қаным қызып,сол ғасырдан болмағаныма өкініп те қалдым арасында…Бұрындары қазақ киноматографиясын онша жақтырта бермейтін едім,жаттанды деп,сөзімді қайтарып алдым.Жаңа қарқынмен,жаңа идеялармен,осындай тарихи дүниетанымымызды дамытатын туындылардың көптеп түсіріліп жатқаны жаныңды қуантады екен,дами берсін! Азамат аға қатысқан фильмді бірінші рет көріп тұрмын,әдетте тек театр сахнасында көріп,ауызымыз ашылып,таңырқаааап қайтатын едік Әкем(Әуезов)театрдан.Фариза апайымызды сомдаған актрисаны айтсаңызшы,образы өте сәтті шыққан.Жаңа тұсынан байқадым.Бұрындары тек Әкем театрдағы “Қоштасқым келмейді” қойылымындағы,әскери шенді,күлкілі әйелді сомдаған керемет образымен есте қалып еді,мына жолы тым бөлек.Жалпы актерлық топтың мықтылығын айтсаңызшы! Одан бөлек шығармашылық топпен осы туынды үшін күні-түні талмай еңбек еткен әрбір қызметкерге басымды иіп алғыс айтамын! Еңбектеріңіз жемісті бола берсін! Айтатын ойларыңыз,көрсететін туындыларыңыз,шабыттарыңыз сарқылмасын! Көрерменнің көз қуанышы болып,халықтың тек алғысын алып жүре беріңіздер! Шығармашылық табыс тіледім!
@user-zy2fh2ok8i
@user-zy2fh2ok8i 2 жыл бұрын
Керемет Керемет Керемет Өте жақсы
@user-ij3gi5pj1o
@user-ij3gi5pj1o 4 ай бұрын
Көзге еріксіз жас келді,ұлы тұлғамызға мың алғыс😢❤
@ui_salu_onai
@ui_salu_onai 2 жыл бұрын
Өзімнің есебімде, Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде. Кім біледі... Ендігі қалған өмір, Неше жылға жетерін, Неше күнге Ұмыт болып есебің де, өсегің де, Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде, Қырықтың бесеуінде...
@ukraine2696
@ukraine2696 2 жыл бұрын
Керемет! Ақын атамыздың күресін көріп әбден жыладым, ай қазағым-ай барды бағалай білейік.
@user-yt3bv5yz5f
@user-yt3bv5yz5f 2 жыл бұрын
Казак киносы дамуда. Уйымдастырушы топка, актерлерге үлкен алғыс. Улы тулгаларымыздын омир жолы киындыкка толы.. бирак өз дара жолдарын салып кетеди. Баска да Азаматтарымыз жайлы фильм тусирилсе куанар едик.
@user-md2gf4wt5r
@user-md2gf4wt5r 2 жыл бұрын
Мақтанышым Мұқағали ата 🤍
@user-og4zu5pu1p
@user-og4zu5pu1p 6 ай бұрын
Жатқан жерлеріңіз жайлы жандарыңыз жәннатта болсын 🥺🤲🏻
@nurmahanovaulbazar3008
@nurmahanovaulbazar3008 2 жыл бұрын
Тамаша. Жылап отырып карадым. Киногерлерге мың алғыс. МҰКАГАЛИ әр қазақтың журегинде омир суретин ақын. Ойткени ол қазақтың өз болмысы.
@user-gx6wn8ui6o
@user-gx6wn8ui6o 2 жыл бұрын
Керемет фильм Актерлер жақсы таңдалған Әсерлі, мағыналы кино Осындай фильмдер көп болсыншы
@symbaww
@symbaww 2 жыл бұрын
Өте қызықты кино екен.Бір бастасаң тіпті тоқтай алмайсың.Осы кинода ойнаған барлық актёр-актрисаларға көп рақмет.Сол уақыттың аурасын, меніңше ,толықтай көрермендерге жеткізе алды.Алғысым шексіз😊
@natkerimbayev6303
@natkerimbayev6303 2 жыл бұрын
Бұл кино туындыларды ағылшын тілінде субтитрмен түсіріп, экспортқа шығару керек еді... Әлем халықтары көріп-түсіну үшін...
@user-cw4hs8jk2y
@user-cw4hs8jk2y Жыл бұрын
Өте дұрыс!!!
@user-ml6ib5db7c
@user-ml6ib5db7c 2 жыл бұрын
Керемет ұлы МҰҚАҒАЛИ
@ErgenKazakh
@ErgenKazakh 2 жыл бұрын
Қолда бар алтынның қадірін білмейтін халықпыз ғой шіркін, жанымды тебірентіп жіберді
@user-qv3pp1ol2h
@user-qv3pp1ol2h 2 жыл бұрын
Қазақтың ақиық ақыны, жатқан жеріңіз жарық топырағыңыз торқа болғай🤲🙏
@oljaskobeev7520
@oljaskobeev7520 2 жыл бұрын
Өте керемет әсерлі шыққан екен. Әр сериясын көргенде көзіңе жас алмау мүмкін емес...Қайран ақын ағам-ай...Мұзбалақ ақынымыз жайлы фильм түсірген шығармашылық топқа МЫҢ АЛҒЫС!!! ӘСІРЕСЕ АЗАМАТ САТЫБАЛДЫҒА ӨТЕ РИЗА БОЛДЫМ. РӨЛДІ ТАМАША СОМДАҒАН...
@user-mw2le8om2h
@user-mw2le8om2h Жыл бұрын
Ассалаумагалейкум! Фамилиямызбен Есіміміз бірдей екен! Көбеев Олжас Зәкірұлы боламын. Орысша уд.лич Кубеев Олжас
@user-zk9fw5oy7s
@user-zk9fw5oy7s 2 жыл бұрын
Сатыбалды театр актері ғой, ұсақ түйек фильмдегі рольдері онша ұнамайтын. Анаға апарар жол мен осы фильмде керемет түскен. Өзі Мұқанға ұқсайды екен. Ахмет фильмінде жаным ауырып қарадым өз атамның тағдырын көргендей болдым. Тіпті сатқын сұмырайлардың рольдерінде жоғары шеберлікте актерлер ойнап шықты. Актерлерге камераның алдында бостандық бергенге ұқсайды😀
@user-wc5jf5tc5p
@user-wc5jf5tc5p 2 жыл бұрын
Жарайсыз аға 👏👏👏
@askhatmoldagali982
@askhatmoldagali982 2 жыл бұрын
Өте керемет !!! Әсерлі шыққан !!!
@user-pq2se8tj6y
@user-pq2se8tj6y 2 жыл бұрын
😢😭😭😭😭😭😭😢 козимене жас токтар емес ей омир мунша катал медин жаткан жерин топырагын торка, жайлы болсын Ага.
@user-pf8oq3uo7c
@user-pf8oq3uo7c 2 жыл бұрын
Мұқағали атамыз күшті, алып жігерлі азамат, поэзия шыңвна жетті, Азамат рольді өте жақсы сомдады, керемет!
«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 1-бөлім (субтитрмен)
53:37
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 664 М.
«Мағжан. Мен жастарға сенемін!». 1-бөлім (субтитр на русском)
53:45
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 219 М.
NO NO NO YES! (50 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 102 МЛН
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 3,9 МЛН
Кәріс тіріма өзі ?  | Synyptas 3 | 8 серия
24:47
kak budto
Рет қаралды 1,7 МЛН
«Бауыржан Момышұлы» 1 серия
49:26
Khabar TV
Рет қаралды 792 М.
Назима Үсенова - Мерекем сен
3:35
Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония
Рет қаралды 672
«Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін...». Телехикая. 3-бөлім
44:29
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 144 М.
«АБАЙ». Телехикая. 1-бөлім (субтитрмен)
36:51
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 124 М.
«Мағжан. Мен жастарға сенемін!». 4-бөлім (субтитр на русском)
56:15
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 68 М.
Мұқағали Мақатаев өз дауысы
7:58
make90ification
Рет қаралды 916 М.
NO NO NO YES! (50 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 102 МЛН