«Ахмет. Ұлт ұстазы» саундтрегі. Мейрамбек Беспаев - халық әні «Екі жирен»

  Рет қаралды 90,310

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

2 жыл бұрын

Тұсаукесер! «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. Бейнебаян «Екі жирен» халық әніне түсірілген. Орындайтын - әнші Мейрамбек Беспаев.
Ұлттық арна Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолындағы айтулы оқиғаларға негізделген туындыны Тәуелсіздік мерекесіне орай 16-17 желтоқсан күндері көрсетеді.
Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqstan_tv
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/qazaqstantv
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
AppStore - apps.apple.com/ru/app/qazaqst...
Google Play - play.google.com/store/apps/de...
Арнаның ең танымал жобалары:
-Қазақстанның ең үздік әзіл-сықақ шоуы - «Әзіл әлемі»
• Жаңажылдық бағдарлама ...
- Kóńİldİ Tapqyrlar Alańy
- • Айнұр Тұрсынбаеваға ер...
- Танымал отбасылық сериал - «Жаңа қоныс» - • Жаңа Қоныс

Пікірлер: 170
@user-rx5hl8vj3j
@user-rx5hl8vj3j Жыл бұрын
Киносын жыламай көру мүмкін емес, басынан аяғына дейін қарап жүрегім ауырып кетті! Алаш арыстарының жандары жәннатта болсын! 🥹🤲
@user-dd3qm9ft9s
@user-dd3qm9ft9s 2 жыл бұрын
Қайран қазағым деп жанын берген Арыстай Алаштықтар , аруақтарыңызға бас иеіз, бізді қолдап жүріңіздер 🙏 Мейрамбек қоңыр даусыңмен жүрекке жеткізе білдің Аман бол 🙏👍😍💐
@user-kf9fc9hj1h
@user-kf9fc9hj1h 2 жыл бұрын
Ассалаумалейкум Аға отте керемет орындау. Алла қолдасын!
@user-pb7zi3fr7k
@user-pb7zi3fr7k 2 жыл бұрын
Ахметтей ұлт қаймақтарының түбіне жеткен орыстардың тілінде сөйлегеніне мәз боп біз жүрміз
@nurasilasanov9379
@nurasilasanov9379 2 жыл бұрын
Айналайын Қазақ ұлты үшін жанын отбасын бала шағасын құрбан еткен аталарым ай.Қазағым өзге ұлтан кем болмасын деп барын салды ақыры сол жолда құрбан болды.Бұл аталарымыз анасының сүтін адалдап емді,медресседе сауат ашты бар жиған білімін күшін ұлттың жолында жұмсады.Ал қазіргілер бар жиғанын қатыны мен балдарының жолында жұмсап кележатыр.Алла жандарыңызды Фирдауыс жәннатынды болуды нәсіп қылсын...
@user-et8ye1pg2f
@user-et8ye1pg2f Жыл бұрын
Қайран қазағым! Басыңнан қаншама қиын қыстау заман өтті-ау! Бірақ сағы сынбаған ата-бабама мың тағзым! Солардың бүгінгі ұрпағы біздер сол кісілердің арманына жеттік! Еліміз аман жұртымыз тыныш қазақ елі мәңгі жасасын! Бір Аллам қолдасын!
@adminmen4786
@adminmen4786 8 ай бұрын
Осы қиындықтарға қарамастан қазақ тілін сақтап қалған аталарымыз үшін бір-бірімізбен қазақша сөйлесейікші
@zhansayakanatova8166
@zhansayakanatova8166 2 жыл бұрын
Мәәәәә недеген саундтрек😭😍недеген переход, недеген үйлесімді ән, сапалы екені көрініп тұр. Асыға күтеміз😍Қазақстанда кино саласында конкуренция көбейіп, сапасының артқаны байқалады. Қуаныныштымын өте😍👏🏻
@user-ge5eb1lu4k
@user-ge5eb1lu4k 2 жыл бұрын
Ериксиз козиме жас келди.Алаштыктар! Казактын мандайына биткен багы! Сиздердей аталарымызды еске алып дуга жасаймын! Орындарыныз пейиш болгай аумин! Алгысым шексиз! Басымызды иемиз аруактын алдында 🤲🤲🤲😭😭😭😢😢😢
@user-id7cj5op2v
@user-id7cj5op2v 2 жыл бұрын
Екі жирен Көшкенде жылқы айдаймын аламенен, Аулыңа барушы едім даламенен. Түскенде сен есіме, беу қарағым, Сағынып сарғаямын санаменен. Қайырмасы: Екі жирен, жалын түйген, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген. Ғизатлу хат жазамын, қалқам саған, Самарқау, осы күнде көңілім шабан. Мұғалақ екі дүние бірінде жоқ, Дариға осыменен өтті заман.
@user-im4nk1bp1t
@user-im4nk1bp1t 2 жыл бұрын
👍
@user-nc1tm2iq8w
@user-nc1tm2iq8w 2 жыл бұрын
👍қосылып айтуға жақсы болды
@zhoratanzhanov4050
@zhoratanzhanov4050 2 жыл бұрын
Осы екі жиреннің авторы А.Байтұрсынұлы
@estaidurysvai7254
@estaidurysvai7254 Жыл бұрын
Рахмет!
@Alsbaby
@Alsbaby 2 жыл бұрын
Көзіме жас келді. Жүрекке жетті.
@abdullina_laura
@abdullina_laura 2 жыл бұрын
❤️‍🩹❤️‍🩹Фильмді асыға күтудемін.Саунтректің өзіне көзіме жас келді🤧.Осындай тарихи асыл бабаларымыз туралы фильмдер көп болса екен.
@user-im4nk1bp1t
@user-im4nk1bp1t 2 жыл бұрын
Керемет ролик екен.
@user-xw1js4jo8x
@user-xw1js4jo8x Жыл бұрын
Не только кино, ол кісілердің идеологиясы жайында сабақ жүргізуді нәсіп етсін, әумин!
@user-us6ud3hs8e
@user-us6ud3hs8e 2 жыл бұрын
Құлақтың құрышын қандырар ән, үн! Құттықтаймыз👏🏻👏🏻👏🏻!!!
@user-fk3jc5qj4d
@user-fk3jc5qj4d 9 ай бұрын
Керемет орындау. Фильмдердин барлығын көріп шыққан адамның жан дүниесі өзгерді деп ойлаймын. Қазақ тілін , қазақ құндылықтарын ұмытпайық деген патриоттық сезім оянды деп ойлаймын.
@bakytkeldisaulet903
@bakytkeldisaulet903 2 жыл бұрын
Мен көрген ең керемет қазақ тіліндегі сериял ! Мұрат Есжан Қазақстандағы No.1 режиссёр
@galymzhanutebayev4554
@galymzhanutebayev4554 8 ай бұрын
Жүрек толқып, көзіме жастың келгені-ай.. Азаттық үшін құрбан боп кеткен ерлер-ай, Білеалмай кеттік тірісінде қадірін, Кеткеннен соң жер сипап қалған біздер-ай!
@user-su9is5nk2l
@user-su9is5nk2l 2 жыл бұрын
Қайран қазағым ай, сен көрмеген азабың, тауқыметің қалды ма? Көрінген шұқып, түртіп, теуіп кеткен екен ғой
@user-hq5ob7ke7d
@user-hq5ob7ke7d 2 жыл бұрын
Бұдан артық ән бар ма екен әлемде? Қандай жүректі,нәзік ән!
@user-uf6oz6bq1y
@user-uf6oz6bq1y 2 жыл бұрын
Керемет орындау. Қаншама зиялыларымыз жазықсыз, жазаланды. Өздерін ұлт болашағы үшін, құрбан еткен Арыстарымыздың аты асқақтала берсінші!
@user-wy2mc7jj2t
@user-wy2mc7jj2t 10 ай бұрын
Ахмет атам дай ұрпақтар дүниеде келе берсін ізін жалғар
@user-nh4fs2ms3o
@user-nh4fs2ms3o 2 жыл бұрын
Төл туындымызды көріп бір бір марқайып қалдық!!!Қайран алашым , қазағым- деген аталарымыз әруақтарыңызға қашанда бас иеміз!🤲👏👏👏қаншама еңбек жұмсаған қазағы үшін Қайран Ахмет атамыз !😥😥😥😥өте үлкен әсер алдым фильмнен .қазаққа шын жаны ашып қазағым қайткен күнде қазақ болады деген аталарымыз👏👏👏👏👏😥😥😥
@olzhaskuanbay3600
@olzhaskuanbay3600 Жыл бұрын
Қайран бабаларымыз😢 Жандарыңыз жәннатта шалқысыншы🤲
@yerkebulan8327
@yerkebulan8327 Жыл бұрын
Әумин 🤲
@user-ri2fz7ij1e
@user-ri2fz7ij1e Жыл бұрын
Мейрамбек аға ның Орындауында.керемет.шыккан.ан.Жуз.жаса.
@happygirl3726
@happygirl3726 Жыл бұрын
Керемет туынды😍
@user-gx9yy3zj5n
@user-gx9yy3zj5n 2 жыл бұрын
Қайран асыл мұратты аталарымай. Керемет түсірілген кино. Мейрамбек аға айтқан әніңіз керемет үйлесіп тұр. Жүректі жылататын туынды
@user-mv1zr3zv3e
@user-mv1zr3zv3e 2 жыл бұрын
Өте керемет! Қайран аталарымыз ай, қазақ үшін жанын құрбан еткен. Отан оттан ыстық бекер айтылмаған.
@adminmen4786
@adminmen4786 Жыл бұрын
Әлихан Бөкейхан туралы да фильм шығарылса екен! Жарайсың Қазақстан телеарнасы, еңбектеріңізге береке берсін!
@user-im4nk1bp1t
@user-im4nk1bp1t 2 жыл бұрын
ТАМАША! КЕРЕМЕТ! БРАВО! ЛУЧШЕ НЕБЫВАЕТ РОЛИК. ЖАЛЬ ЧТО ЛЕТ 25 -30 НАЗАД ЗАПУСТИЛИ БЫ ЭТОТ РОЛИК! ҚАЗАҚ ДЕСЕ ЖАНЫН БЕРЕР АҒАЛАР АПКЕЛЕР КӨРУШІ ЕДІ.
@MukhaxSaylan-rl9lu
@MukhaxSaylan-rl9lu 9 ай бұрын
қайран алтын бабаларым-ай жандарың жаннатта болсын, мейрамбектің дауысын айшықтап көисетіпті бұл ән, мейрамбек інім аман бол! жаныңа жамандық болмасын, ерекше орындапсың, жан тебірентерлік төтенше тамаша орындалыпты!
@user-nr7ty6ec8o
@user-nr7ty6ec8o 2 жыл бұрын
Рахмет қазақтарыма тек алға🙏
@akmarjanburkit1750
@akmarjanburkit1750 Жыл бұрын
Ай аталарым ай, қаншама қиыншылықты бастарыңнан өткіздіңдер. Аллахым сіздерге жәнәттің фирдауысын нәсіп қылсын.Сіздерді әрдәйым мақтан тұтам. Осы фильмдегі актерлергеде мың алғыс, керемет сомдап шыққан!
@user-eo7nb8th8m
@user-eo7nb8th8m 7 ай бұрын
85-ақ мың көрілім, қазағым әлі үйқтап жатырма деп ойлаймын.
@aruzhanseidulla8895
@aruzhanseidulla8895 Жыл бұрын
Ішті өртейді ғой қайталанбас тұлғалар💔
@kazakhkazakh9078
@kazakhkazakh9078 2 жыл бұрын
Ахмет атамыз болмағанда мына әріптер боларма еді Ә,І,Қ,Ө,Ң,Ғ.
@Nizamiddin525
@Nizamiddin525 Жыл бұрын
Ү
@birlikbatyr268
@birlikbatyr268 Жыл бұрын
Ахмет атамыздың еңбегі - араб қарпінің негізіндегі төте жазу әліпбесі, мынау емес.
@user-ti9xr7rb8v
@user-ti9xr7rb8v Жыл бұрын
болмас еді
@user-nf3tv8qz1n
@user-nf3tv8qz1n 7 ай бұрын
Бұл әріптерді Ыбырай атамыз жазған , білмесең елді шатастырма
@user-vd4if7tb7j
@user-vd4if7tb7j 2 жыл бұрын
Жылатты ойлантты мына кино! Мұрат Есжан, Айсəуле, барлығыңызға Аллам разы болсын!!!
@guldanakalkamanova8931
@guldanakalkamanova8931 Жыл бұрын
Жатқан жерлері иманды болсын Алаш арыстары. Ахаңның 150 жылдығына керемет туынды🥲
@almasazamat3753
@almasazamat3753 Жыл бұрын
Менің әкем халық әндерің керемет айтушы еді, атамнан үйреніпті, сонда әкем айтушы еді Екі жирен әнінің сөзін қазіргілер өзгертіп айтады дейтін, жалғанда ғашығымсың дегенді менің әкем "жалғанда сәулем едің ааау жаным сүйген деп айтатын, әкем 1917 жылғы болатын. Атам 1885 жылы туған. Негізі көне әндердің көбісінің сөздері өзгеріске ұшыраған. Сондай ақ менің әкем қара жорға күйін 1970 жылдары бұл қалмақтың қара жорға деген күйі деп шертіп отыратын, бұл күйге қалмақтар буын биін билейді деп, енді осы күні бұл күй емес әнге айналып, қазақтікі болып шыға келді, бұл қалай болғаны?
@user-kj4bx6ll5n
@user-kj4bx6ll5n 2 жыл бұрын
Меирамбек өте керемет орындадың өнерің өрлеи берсін халқыңның алғысына бөленіп жүре бер ауыру сырқаудан аман бол
@user-jl5kf6zh6h
@user-jl5kf6zh6h Жыл бұрын
Керемет , Мейрамбек аман бол.
@user-hv2hk1wd4f
@user-hv2hk1wd4f 2 жыл бұрын
Мейрамбек ағаның дауысы кереметқой шіркін,қоңыр даувсы сазы керемет👍👍👍🔥
@user-xb1tl3rr6q
@user-xb1tl3rr6q Жыл бұрын
Өткір алмастың қырымен жүріп өткен Ұлт ұстазы, Алаш арысы, тіл білімінің негізін қалаушы, реформатор, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы құтты болсын! Ахмет бабамыздың рухы пейіште шалқысын!
@user-lh2hr2vc9i
@user-lh2hr2vc9i 2 жыл бұрын
Ахмет атамыз керемет жазған екен сөзін Меирамбек өте керемет орындады қазақтың бір тума жігіттері
@Quatbektinqyzy
@Quatbektinqyzy 2 жыл бұрын
Мейрамбек ағаның дауысы бірден жүрекке жетеді ғой! Әдемі қоңыр үн бар😍
@user-ts8kn8zy1n
@user-ts8kn8zy1n Жыл бұрын
Керемет сериал .
@user-si3sh5oy6v
@user-si3sh5oy6v 2 жыл бұрын
🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥👍👍👍👍👍👍👍Әнші деген осндай болу керек !
@user-dg8fd2wj5s
@user-dg8fd2wj5s Жыл бұрын
Ең аянышты ғұмыр Ахмет атамыздікі
@dp28sssrrr
@dp28sssrrr 7 ай бұрын
Мыкты кино екен👍👍👍
@user-fh7fk6wx1k
@user-fh7fk6wx1k 2 жыл бұрын
Жарайсыздар түсірілім тобына улкен алғыс айтамын .керемет
@user-dg8fd2wj5s
@user-dg8fd2wj5s Жыл бұрын
Алеш азаматтары біздің ұлт намысы, егер олар болмағанда кіммен мақтанар едік сол заманда
@aksulukusainova3427
@aksulukusainova3427 2 жыл бұрын
Өте керемет сериал Актерларға мың алғыс осындай асыл тұлғалардың образдарын керемет сомдап берген 👏
@user-ge5eb1lu4k
@user-ge5eb1lu4k 2 жыл бұрын
Мейрамбек ага коныр даусынызбен журекке жеткиздиниз 👍
@user-dq6bb3ve2e
@user-dq6bb3ve2e 2 жыл бұрын
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен, Аулыңа барушы едім даламенен. Түскенде сен есіме, беу қарағым, Сағынып сарғаямын санаменен. [Қайырмасы] Екі жирен, жалын түйген, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген. Ғизатлу хат жазамын, қалқам, саған, Самарқау осы күнде көңілім шабан. Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ, Дариға осыменен өтті заман. [Қайырмасы] Екі жирен, жалын түйген, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
@user-gt1zt3fq1z
@user-gt1zt3fq1z Жыл бұрын
Елі,жері үшін жанын пида еткендердің жандары жәннаттық болсын.🤲🏻 Ата бабаларымызға мың алғыс🙌
@user-uu8ku1sj4j
@user-uu8ku1sj4j Жыл бұрын
Ұлт үшін өмірлерін арнаған батыр, биік рухты аталарымыз-ай, кейінгілер адал ұрпақтардан болайық! Киноны енді көріп жүрмін👍🏻👏🏻
@user-eo7nb8th8m
@user-eo7nb8th8m 6 ай бұрын
85-тен 86 мың көрілімге мен жеткіздімау деймін, күніге аздегенде 50 рет көремін.
@user-sk4gv9gu9w
@user-sk4gv9gu9w 2 жыл бұрын
Айғайлапта айтпай керемет үнмен жүрекке жеткізген Мейрамбек ағамызға мың тағзым. Бұл дауыс бүкіл қазақтың жанын үнін көрсетіп естылып тұр
@user-og7nb9rz2z
@user-og7nb9rz2z Жыл бұрын
Қайран аталарымыз ай, елім, халқым деп бастарын қатерге тіккен, қазақтың ұлт болып сақталып қалғаны осындай білімді, зиялы аталарымыздың арқасы. Аллам жандарын жәннәттан қылсын, әумин 🤲🤲🤲қайта қайта қараймын.
@aqeliqsagingali3990
@aqeliqsagingali3990 Жыл бұрын
Керемет
@user-dt3kd7ib2i
@user-dt3kd7ib2i 2 жыл бұрын
Алланың құдіреті бұл Ахмет атамыздың әні сөзі ғой қалай ә, өорқуға дымда жоқ
@Ryszhan579
@Ryszhan579 11 ай бұрын
Керемет, шыңғырмай, 7 октаваны басына көтермей-ақ, жүректен жүрекке жеткізді. Тербетіп, іштегі шерді тарқатты. Мейрамбек - қазақтың маңдайын жазған дара әнші ғой. Жұлдызы жана берсін🙏
@mancity6206
@mancity6206 2 жыл бұрын
Салем Жапониядан калын елiм казагым
@BatinhoKZChannell
@BatinhoKZChannell Жыл бұрын
*Көзге еріксіз жас келеді 😢*
@user-ti9xr7rb8v
@user-ti9xr7rb8v Жыл бұрын
керемет
@user-oi4fm3np7k
@user-oi4fm3np7k 2 жыл бұрын
Керемет орындау, рахмет
@ramilnebiyev9063
@ramilnebiyev9063 2 жыл бұрын
Layk Azərbaycandan !
@user-nc1tm2iq8w
@user-nc1tm2iq8w 2 жыл бұрын
❤️🇦🇿
@user-wn6fj3ks5u
@user-wn6fj3ks5u 2 жыл бұрын
Самурай сияқты катана мен тіліп тастапты екі жиренді Мәкең. Керемет қой керемет.
@user-hw6ek8by3v
@user-hw6ek8by3v 2 жыл бұрын
😂👍
@user-cq1kg7im3p
@user-cq1kg7im3p 6 ай бұрын
Ахмет ата балдырған шақ сыйлаған әліппеңізге мың алғыс!
@muslima9628
@muslima9628 2 жыл бұрын
Телеканалдардан кайта кайта көрсету керек!Қазіргі Ұстаздар үлгі тұтатын ұстаз ғой атамыз!Осы кісі сияқты ұлтқа жаны ашыр болу керек сонда ғана балаға дұрыс білім бере алады!
@user-mb8in9se1w
@user-mb8in9se1w Жыл бұрын
Ай Мейрамбек аға жарайсың!
@dulatuzakbaev264
@dulatuzakbaev264 2 жыл бұрын
Жүсіпбек Аймаутовтың өлеңі керемет 😍
@user-bk5ww2zo5o
@user-bk5ww2zo5o Жыл бұрын
Кайран бабалар . елим деп кетти ау . умиттерин актай аламызба . Алла жар болсын !!!
@arailym_ari
@arailym_ari 7 ай бұрын
Аталарызға лайық болатын күндер келсін
@user-qe2fh5cy3t
@user-qe2fh5cy3t Жыл бұрын
Осы, ұстамыз амаң болсың!!!.
@johnanthony4974
@johnanthony4974 2 жыл бұрын
Бүгін көрдім бұл сериалды өте әсерлі ең соңында өлеңін естігенде қазағымның баяғы қасіреттерімен қатты азап шеккендерін сезгендеймін, білмейм не үшін жылып отырғанымдыды бірақ өлеңі менің жүрегімді қатты жылатты мен Қазақ болып туылғаныма өкінбейм Жаным қазағым аман болшы өзің,біз әлі ең ақылды, ең дәулетті ақшадан, үйден тапшылық көрмейтін ең мықты дамыған елдердің қатарынаенеміз, әлі бәрі жақсы болады Қазағымның халқы еңсеңді тік ұстап жүр ешқашан мұңайма Осындай телесериалдар қазақстанда көбейсе өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз Ата Бабаларымыз жайлы тарихты көп білер еді және өзінің елін сүйетініне мен кәміл сенем
@johnanthony4974
@johnanthony4974 2 жыл бұрын
осындай фильмдер көбейсін, осы сериалдар арқылы Қазақтың қарапайым білімді еңсесін тік ұстайтын Қазағымның бейнесін көруге болады және Мен Қазақстанымды сүйем біздің осындай ақылды данышпан кісілеріміз қазір болғанда өз елі үшін қызмет істегісі келетін азамат президент болса қазағым баяғыда дамып ең керемет жер бетіндегі жұмақ болар еді және арағын ішпей намаз оқып жүрсе
@johnanthony4974
@johnanthony4974 2 жыл бұрын
срңында шыққан өлең жүрегімді жылатты сол заманда неге туылмадым деген өкініш бойымды кернеп тврмалап маза берер емес🥺😢😭
@GulsimMyrzabekovaofficial
@GulsimMyrzabekovaofficial 2 жыл бұрын
👏👏👏👏👏
@zhanatrakymgeldi5439
@zhanatrakymgeldi5439 2 жыл бұрын
Маке мына әнді жүрекке жеткіздіңізғой , рахмет сізге.
@estaidurysvai7254
@estaidurysvai7254 Жыл бұрын
Ассалаумағаләйкүм!
@user-eo8dk8ln3e
@user-eo8dk8ln3e 2 жыл бұрын
Ұлтқа өлшеусіз қызмет еткен қайран Алаштықтар ай
@user-gj7xx3gs5z
@user-gj7xx3gs5z Жыл бұрын
Улт устазы Казагым
@eralife5618
@eralife5618 Жыл бұрын
Отанды Сүю- Иманнан 🌷
@aidana9523
@aidana9523 2 жыл бұрын
Көшкенде жылқы айдаймын ахаау аламенен, Аулыңа барушы едім оууу саламенен. Түскенде сен есіме, беу қарағым, Сағынып сарғаямын санаменен. Қайырмасы: Екі жирен, жалын түйген, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген. Ғизатлу хат жазамын, қалқам саған, Самарқау, осы күнде көңілім шабан. Мұғалақ екі дүние бірінде жоқ, Дариға осыменен өтті заман.
@user-wc8yg9sp2p
@user-wc8yg9sp2p Жыл бұрын
Мен неге еңіреп жылап отырмын?😢
@user-gj7xx3gs5z
@user-gj7xx3gs5z Жыл бұрын
Казактын тол дыбыс ариптерин енгизген Ахмет атам
@muslima9628
@muslima9628 2 жыл бұрын
Не деген ән сай сүйегіме жетті ғой қандай керемет ән😍Дауыс кино барлығы🔥🔥🔥
@user-lc9hp2jo1m
@user-lc9hp2jo1m Жыл бұрын
Ахмет атамыздың киносын көрмегендер болса қараңыздар
@user-oq6us1vh4n
@user-oq6us1vh4n Жыл бұрын
Казактын кара домбырасынын осындай зор дауыска жетпей калганы-ай Мейрамбек Ага
@user-ix1vg2nc9u
@user-ix1vg2nc9u 2 жыл бұрын
"Екі жиренді" халық әні емес, Ахаң - Ахмет Байтұрсынұлының әні деп айтуға неге қимаймыз осв?
@user-hs6mv1we3d
@user-hs6mv1we3d Жыл бұрын
Орыстар не көрсетпеді ҚАЗАҒЫМА.
@user-by5zb8xw5r
@user-by5zb8xw5r 2 жыл бұрын
Тамаша👍
@gull_zhanat3209
@gull_zhanat3209 Жыл бұрын
Қайран бабаларымыз-ай! Жандарыңыз жаннаттың төрінде шалқысын! Көзге еріксіз жас келеді...
@user-gj7xx3gs5z
@user-gj7xx3gs5z 2 жыл бұрын
Мейрамбек ага шедевр
@aruzhanseidulla8895
@aruzhanseidulla8895 2 жыл бұрын
👏👏👏
@user-pd8hh9uj3q
@user-pd8hh9uj3q 2 жыл бұрын
Мына әуен мына орындауға өлдім.
@user-fg7yb5bl1s
@user-fg7yb5bl1s 2 жыл бұрын
Ахмет Байтүрсыновтың өлеңі кезінде атын айтпай халық әні деп кеткен ғой айтса бұл өлеңді айтқызбайтын болған соң
@user-gl5dq7xv7l
@user-gl5dq7xv7l 2 жыл бұрын
Күніге көретін шығармын осы клипті. Қанша көрсемде жыламай көре алмаймын
@galymbekbaqyt4563
@galymbekbaqyt4563 2 жыл бұрын
Ахмет атамыз, ұлы тұлға, Қазақтың төл жазуын жасаған кісі, бір ұлттың төл әрпін жасау оңай ма, орыс құл ел оны түсінбейді, оны арапша деп біледі, арапқа барып оқытып көр, бір әрпінде түсінбейді.
@user-gj7xx3gs5z
@user-gj7xx3gs5z 2 жыл бұрын
Мейрамбек ага
@meruyertb7974
@meruyertb7974 Жыл бұрын
Ауылым есіме түсті,жүрекке жеткен ән🥺🥺
@abilkanaldash4671
@abilkanaldash4671 2 жыл бұрын
Үнемі жұмыс барысына кіріспес бұрын тыңдау дағды айналыпты. Қандай әсем ән десеңші!
@zhaziramukhambetkali8861
@zhaziramukhambetkali8861 2 жыл бұрын
Оңбаған орыстар Қазақ Халқына Көрсетпегендері Қалмады Осыны Біле Тұра Орысша Сайраймыз...............................
@daurendaur1513
@daurendaur1513 2 жыл бұрын
Көшеде айтып жүрмін жүректің әні😌
@user-pd8hh9uj3q
@user-pd8hh9uj3q 2 жыл бұрын
Қайран арыстарым ай! Сендерден садаға кетейін.
@bekzatkhanaueskhanuly
@bekzatkhanaueskhanuly 2 жыл бұрын
👏🏽👏🏽👏🏽🔥🔥👍🏽👍🏽
«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 1-бөлім (субтитрмен)
53:37
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 666 М.
Watermelon Cat?! 🙀 #cat #cute #kitten
00:56
Stocat
Рет қаралды 27 МЛН
When someone reclines their seat ✈️
00:21
Adam W
Рет қаралды 27 МЛН
Беймәлім дерек.  Ахмет Байтұрсынұлы
19:32
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 15 М.
А Байтұрсыновтың өз дауысы
16:57
Dosmuhambetov mektebi
Рет қаралды 413 М.
Великий учитель нации Ахмет Байтурсынов
41:51
Майя Бекбаева
Рет қаралды 43 М.
Екі жирен - Халық әні
4:40
Bek Nuriddinuly
Рет қаралды 69 М.
Біздің ауыл
3:41
Мейрамбек Беспаев - Topic
Рет қаралды 32 М.
Hum dono pagal hai 😂 #funny #comedy #youtubeshorts #shortsfeed #cutebaby
0:37
Отец не простил Сына 🥺 #shorts #фильмы #кино #сериалы
0:33