Рет қаралды 61,009
Қазақстанда бұрын соңды болмаған халықаралық мегасайыс заманауи музыкалық контенттің алуан түрлілігі мен ауқымының кеңдігімен ғана ерекшеленбейді.
Ең алдымен ол қатысушы елдердің ерекше дәстүрлері мен мәдениеттерінің байланысуы арқылы бүкіл Жібек Жолы елдерінің ортақ медиа-инфрақұрылымының дамуына, олардың мәдениеттерінің сабақтастығына, телеаудиторияның кеңеюіне септігін тигізеді.
Себебі, «Жібек Жолы Жұлдызы» мегажобасының басты мақсаты - Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Ресей Федерациясының: Татарстан, Башқұрстан сияқты және т.б. елдердің қарым-қатынасын біріктіру, жаңа музыкалық дәстүрді орнату.
«Жібек Жолы Жұлдызы» Ұлттық арнада бірнеше ай бойына аптасына бір рет көрсетілетін болады. 12 концерттен тұратын мегадоданың ақтық сайысында тек талантты әнші ғана емес, оны ұсынған ел де финал жеңімпазы болып саналады.
Телевизиялық шоудың трансляциясы жобаға қатысушы елдердің рейтингі жоғары телеарналарында да көрсетіледі. Сонымен қатар, «Жібек Жолы Жұлдызы» сайыстық шоуының қазылар алқасына қатысушы елдердің халықаралық деңгейдегі ең танымал кәсіби әртістері мен продюсерлері кіретін болады. Финалдық, концертте - жоба сайыскерлері және шақырылған жұлдыздардың қатысуымен «Qazaqstan» телеарнасының көрермендеріне үлкен гала-концерт ұйымдастырылады.
Қазақстан - kaztrk.kz
Facebook - / kaztrkkz
VK - kaztrk
Twitter - / kaztrk_kz
Instagram - / kaztrk_kz
(c) 2009-2017, Қазақстан Ұлттық арнасы www.kaztrk.kz