Рет қаралды 929
«Атқарылып жатқан жұмыстарда кідіріс болмауы қажет! Басталған жобалар нәтижелі әрі сапалы орындалуы тиіс». Бас шаһардағы бірқатар құрылыс нысанын аралаған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты мекемелерге жұмыс барысын тұрақты қадағалауды тапсырды.
Аймақ басшысы алдымен қуаттылығы 240 мегават болатын жаңа жылу-электр станциясының құрылысымен танысты. Инвестор қаржысына салынып жатқан ауқымды жоба өткен жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Жоспарға сәйкес, 2025 жылы іске қосылуы тиіс. Қазіргі таңда мұнда жерасты жұмыстары жүргізілуде.
Мұнан соң облыс әкімі орталық алаңдағы қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстарын көрді. Мұнда субұрқақ аумағына тастөсеніштер төселіп, жаяужүргіншілер жолы қайта жаңғыртылған. Сондай-ақ, жаңа үлгідегі орындықтар орнатылып, жарық бағаналары мен балалар ойын алаңы жаңартылды. Көгалдандыру маусымында тал шыбықтары егілді. Бұл жұмыстар меценат Асқар Әубәкіровтің демеушілігімен және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Нұрлыбек Нәлібаев темір жол вокзалына да барды. Еске салсақ, өткен жылы жолаушыларға жайлы жағдай жасау үшін теміржол вокзалындағы ғимараттар жөндеуден өтіп, перрон мен автотұраққа асфальт төселді. Сонымен қатар, жарықшамдар орнатылды. Енді дүңгіршектермен өзге де кәсіпкерлік нысандардың қасбетін әрлеп, көгалдандыру жұмыстары атқарылуы тиіс. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына жаңғырту жұмыстарын созбалаңға салмай, сапалы аяқтауды тапсырды.
Аймақ басшысы «Арай-2» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін әрлеу жұмыстарымен де танысты. Қала бейнесін, сәулетін көркейтуге бағытталған қадам демеушілердің қолдауымен қолға алынған. Биыл бұл жұмыстар жалғасын таппақ.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ //Біз 50-дің үстіндегі үйді демеушілікпен қамтыдық. Оған 1,5 млрдтай біздің кәсіпкерлеріміз өз ақшасын жұмсады. Әсіресе, оның ішінде құрылыс компаниялары. Биылда менің тапсырмаммен үйлерді әрлеу, жаңарту жұмыстары басталды. Кейбір үйлерді 15-20 жылға жететін сапалы краскілермен сырлап жатырмыз. Оған кепілдік бар. Бұған 200 млн теңгенің үстінде қаражат жұмсалды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстарды жалғастыруымыз керек. Қаланың көркін бұзып тұрған үйлерді әрлеуіміз керек. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық акциясын жариялады. Соның аясында біз қаланы абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын бұрынғыдан да белсенді түрде жүргізуіміз керек. Қалада 30-шақты аулаларымыз жөнделіп жатыр.
Сондай-ақ қазіргі таңда 25 үйдің ауласына спорттық ойнын алаңдары салынып жатыр.
Сайт - qyzylordatv.kz...
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv