Жазасын өтеушілер Қызылордаға эвакуацияланды

  Рет қаралды 520

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

14 күн бұрын

Орал түрмесінде жазасын өтеп жатқандар Қызылордаға эвакуацияланды. Тілшіміз Дәулет Сағит репортажында толығырақ.
ДӘУЛЕТ САҒИТ - ТІЛШІ //Сотталғандар Оралдан этаппен эвакуацияланып, кеше түскі сағат екілердің шамасында келіп жетті. Себебі, Жайық өзені тасыған жағдайда №27 орташа тәртіптегі түзету мекемесін су басу қаупі туындаған. Сондықтан жазасын өтеушілерді еліміздің бірнеше өңіріне: Ақтөбе, Тараз, Шымкент қалаларына көшіруге тура келіпті. Эвакуацияланған сотталушыларды орналастырмас бұрын олар түгелдей медициналық тексерістен өткізілді дейді мамандар.
МАҚСҰТ ӨТЕТЛЕУОВ - ОБЛЫС БОЙЫНША ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІ №60 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫ //Қабылдау барысында сотталғандарға құқықтары мен міндеттер түсіндірілді. Мекеме медицина қызметкерлерінің қатысуымен және облыстық басқарма прокурорының міндетін атқарушы Алмас махмұттың қатысуымен бірлескен түрде қабылдап, керек жарағы, көрпе төсек жабдықтары түгел таратылып берілді. Бүгін сотталғандар таксафон арқылы үйлеріне аман есен жеткендерін айтып, хабар беріп жатыр. Жеке 8-ші жасақ ғимараты бар 2 қабаттан тұратын. Сотталғандар сол жерге жайғастырылды. Қазіргі таңда сотталғандардан ешқандай арыз шағым болған жоқ.//
ДӘУЛЕТ САҒИТ - ТІЛШІ //Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған. Эвакуацияланған жазасын өтеушілер Қызылордада қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз. Себебі Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны қаупі әзір сейілген жоқ. Ал ондағы түзеу мекемесі ескі ғимаратта орналасқан.//
Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - qyzylordatv/
Instagram - qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok -www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Пікірлер: 2
@BekzhanMukashov-oo2sd
@BekzhanMukashov-oo2sd 13 күн бұрын
Қызылордаға әкелгенше,қапқа құм толтыртпайма. Пайдасы тиетін елге
@user-oq3zd2bg9n
@user-oq3zd2bg9n 12 күн бұрын
Обратно на родину
船长被天使剪成光头了?#天使 #小丑 #超人不会飞
00:28
超人不会飞
Рет қаралды 11 МЛН
ТОМАТНЫЙ ДОЖДЬ #shorts
00:28
Паша Осадчий
Рет қаралды 11 МЛН
【獨生子的日常】让小奶猫也体验一把鬼打墙#小奶喵 #铲屎官的乐趣
00:12
“獨生子的日常”YouTube官方頻道
Рет қаралды 39 МЛН
船长被天使剪成光头了?#天使 #小丑 #超人不会飞
00:28
超人不会飞
Рет қаралды 11 МЛН