Рет қаралды 125,235
Өріс Төлегенұлы.
Өріс Iле облысына қарасты Нылқы ауданының Қаратөбе аулы Қараой қыстағында дүниеге келген. 13 жаста. Отбасында 5 жан бар: екі ағасы және ата-анасы. Әкесі - Төлеген Қайнашұлы, анасы - Күлiмхан Райымбекқызы. Екi ағасының бiреуi орта мектепте оқиды, бiреуi жоғары мектепке аттанған. Ал ата-анасы - малшы.Өріс 3 жасынан бастап, әнге, музыкаға қызыға бастаған. Бәрін де радиодан, теледидардан тыңдап, бiлiп үйренген. Ал не үшін көрмейдi десеңіз, Өріс бір жасында көзіне ақ түсу себебінен екі көзі бiрдей көрмей қалған. Дауа алуға отбасы жағдайымен уақыт өткiзiп алған. Соңғы жылдары осы облыстағы үлкен емханаларға алып келiп көрсеткен, операция жасаймыз деген. Бірақ жүз пайыз жазылып кетуіне кепілдік бере алмаған.