«Өрістен малдың өлексесін жинаймыз». Исатау ауданының белсенді азаматтары министрге үндеу айтты

  Рет қаралды 6,906

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Атырау облысы Исатай ауданында судың жоқтығынан мал арам өліп жатыр деген ақпаратты әкімдер жоққа шығарған еді. Алайда бүгін аудандағы бірнеше ауыл тұрғындары бас көтерді. Олар күн көріп отырған малы мен балығының қырылып жатқанын айтады. Су каналдары кеңес кезеңінен бері жөндеу көрмеген. Өрістен өлексе жинап шаршадық деген исатайлықтар, мәселеге ауыл шаруашылығы министрлігінің араласуын талап етті.
Бұл Атырау облысы Исатай ауданындағы бірнеше ауылдың белсенді азаматтары. Аудан әкімдерінің «судың жоқтығынан малдың қырылып жатқаны жалған» дегеніне наразы. Олар өңірде су каналдары құрғап, өрістен төрт түлігіміздің өлексесін жинап жүрміз деп ашынады. Тіпті сөздеріне дәлел ретінде түсірілім тобына далада арам қатқан малдарын көрсетті.
ҚҰРМАНҒАЛИ МҰХТАРОВ, Исатай ауданы тұрғыны:
- 17 басым өлді. Үкіметтен бөлінетін қаражат болмаған соң оны жария қылған ештеңеміз жоқ. Биылғы бейнетіміз осы, келесі жылы қандай боламыз.
ТАЛҒАТБЕК ТАСТАНБЕКОВ, Исатай ауданы тұрғыны:
- Бұл каналдар салынғалы жөндеу көрмеген. Біздің жанайқайымызды жаңа ауыл шаруашылығы министрі келіп жатыр сол кісіге жеткізсеңіздер. Мемлекеттен қаржы бөлінуі тиіс.
Кеңес үкіметінен бері жөндеу көрмеген каналдарды құм басып жатыр. Наразы жұрттың айтуынша түсірілім тобы келетінін естіп, жауапты мекеме бірер күннен бері су айдап жатыр. Алайда бұл су ұзақ тұрмай жоқ болады екен. Өйткені Атырау-Астрахань тас жолын салып жатқан компанияның өзі осы каналдардан күніне 2 мың тонна су алады дейді. Ал "ҚазСушар" республикалық кәсіпорынының жергілікті жердегі басшылары «мемлекеттен қаржы бөлінбей, су болмайды деп кесіп» айтты
БЕЙБІТ БИСАЛИЕВ, "ҚазСуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Атырау облысы бойынша бастығы:
- Бұл мәселені 2014 жылдан бері көтеріп келеміз. Бірақ біздің мекеменің оны жасайтын мүмкіндігі жоқ. Бұл жаңа айтқандай республикадан үлкен қаржы шығарылуы керек, қаржы бөлінбейінше бұл арада су болмайды
Исатай ауданы басшылары өңірге қарасты каналдардың барлығының жобалық-сметалық құжаттары біраз жыл бұрын жасақталғанын айтады. Шамамен каналдарды жөндеуге кететін шығын 1 миллиард теңгеге жақын.
Жанат Молдашова, Фархат Тәжібаев
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#ҚазСуШар #құрғақшылық #Атырау

Пікірлер: 10
@kated1105
@kated1105 2 жыл бұрын
Атырау,Маңғыстау,Қызылорда обылыстарынан құдықтарды қазу керек,мұнайшылардың скважин қазатын машиналарын неге пайдаланбасқа?Бардан жоқ жасамай,тірліктің қамын жасау керек БАСШЫЛАР!
@zoya1162
@zoya1162 2 жыл бұрын
Құдай сақтаған не болды аллам
@kzkz3388
@kzkz3388 2 жыл бұрын
Ақша жоқ қарызға алмасақ дейтін шығар жоғарғы жақ
@user-hq8ot5vr4z
@user-hq8ot5vr4z 2 жыл бұрын
Исатай деп жазыңдаршиш,кате жазыптығо
@samsungprime5105
@samsungprime5105 2 жыл бұрын
😭😟
@user-hb5zw3xu6k
@user-hb5zw3xu6k 2 жыл бұрын
5000000000миларт болса тендірден ұтады
@user-yb9gs1tm6d
@user-yb9gs1tm6d 2 жыл бұрын
Балык не кинали бар
@kunsluqalieva4540
@kunsluqalieva4540 2 жыл бұрын
Əрине көтеріледі қиын жағдайға ұшыраған екейін. Малдың өлгенін айтсайшы . Сəл шыдаңыздар ақшада бөлінетін шығар. Жағдайларыңыз жақсаратын шығар үкімет. Сонша адамды жылатпайтын шығар
@user-vg1ph1cq7e
@user-vg1ph1cq7e 2 жыл бұрын
1 млярд
СҰЛТАН СҮЛЕЙМАНДАР | bayGUYS
24:46
bayGUYS
Рет қаралды 713 М.
Follow @karina-kola please 🙏🥺
00:21
Andrey Grechka
Рет қаралды 26 МЛН
Индер ауданындағы қазіргі ахуал қандай? LIVE
7:39
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,6 М.
Астарлы ақиқат: Қорадан қаштым-4
42:40
«Бесплатный Адвокат» 10 серия
26:32
ASTANATV Movie
Рет қаралды 733 М.
«Бесплатный Адвокат» 8 серия
26:32
ASTANATV Movie
Рет қаралды 735 М.
АНГЕЛ-ХРАНИТЕЛЬ 2 серия
34:13
ASTANATV Movie
Рет қаралды 2,7 МЛН
СҰЛТАН СҮЛЕЙМАНДАР | bayGUYS
24:46
bayGUYS
Рет қаралды 713 М.