Рамазан Амантай ft Рамазан Фаилов: еркек пен әйел, алғашқы бала, жұлдыз ауруы | AdminAnon Live

  Рет қаралды 68,955

Nurmakhan Mukanuly

Nurmakhan Mukanuly

Күн бұрын

Qazaq.Bilezic қазақи әшекей-бұйым жасаумен айналысатын зергерлік компания.
Қалаған дизайныңыз бойынша өзіңізге ұнаған бұйымға тапсырыс берсеңіз болады.
Жеткізу ТЕГІН.
24 айға бөліп төлеу мүмкіндігі бар.
Жеңілдік алу үшін сілтеме арқылы өтіңіз: wa.me/77767425656
Лайв подкастқа актер Рамазан мен автор Рамазанды шақырып бала күту, отбасыдағы еркек пен әйел қарым - қатынасы, ат қою, шығармашылық жайлы сөйлестік.
Түсіруші топ: / rec.interview
Нұрмаханның инстасы: / nurmakhan_mukanuly
Рамазан Амантайдың инстасы: / ramantay
Рамазан Фаиловтың инстасы: / ramazan_failoof
ТАЙМ КОД осы жерде:
0:00 Превью
1:23 Қонақтарды таныстыру
2:13 Рамазан Фаиловты шақыру керек
3:20 Бала-шаға жоқ әзірге, пока өзім өсіп жатырмын
4:10 2003тер сияқты емес, саналы түрде үйлендім
6:09 Үйленгенге дейін менде ақ шаш болмады
7:24 Әйелім "ұл" босанады дегенде ата-анам қуанбады
11:29 "Мен сені жақсы көремін" деп айта алмаймыз
13:08 Майкл Джексонның балалық шағы
13:08 Балалық шақты есейгенде өткізу
18:06 Ат қою мәселесі
19:04 Атымды түрік кісі қойған
20:53 Адам өз образының құрбанына айналады
23:39 Жұлдыз ауруы
25:39 КВН-нен кейін жұлдыз ауруымен ауырдым
28:38 Подписчиктердің сапасы
30:24 Феминисттер тиісті
31:45 Отбасыда шешімді еркек қабылдау керек
35:33 "Тек еркектікі дұрыс" деген қате пікір
38:00 Әйел - еркектің мотиваторы
40:51 Ақшамен шешуге болатын нәрселер
41:47 Әйелімнің көзіндегі отты өлтіріп алмауға тырысамын
43:07 "Бизнес по-казахски в Турции" , "I go to school"
47:24 Басында Перкош деген образыма қатты қысылдым
52:00 Мұхаммеджан Тазабековты Мұхаммед(с.а.с) пайғамбардан көп тыңдайтын болып кеттік
53:55 Барлығы өз образдарының құрбаны
55:51 Ешқандай адамды идеал қылмау керек
56:36 Сырым Әуезханның подкасты
57:30 Әннің сөзін ақшаға емес, тамаққа жаздым
1:00:13 "Әннің сөзін 3 ай жазады" деген өтірік әңгіме
1:00:47 Сөз жазғанда атағыңа емес, сапасына қарайды
1:05:26 Проекттердегі авторларға
кеңес
1:07:25 Жұмысқа келгенде өзіңді профессионал сезіну керек
01:09:29 Не үшін үйлену керек?
1:11:45 Ешқашан қыдырысқа тоймайсың
1:13:22 Өз махаббатыңды күту керек
1:14:27 Соңы
#БизнесПоКазахски #Жайдарман #30tayelsizdik

Пікірлер: 376
@NurmakhanMukanuly
@NurmakhanMukanuly 2 жыл бұрын
Сенің ойың қалай? ТАЙМ КОД описаниеде)
@user-nf2fy3ku9v
@user-nf2fy3ku9v 2 жыл бұрын
Галалармен выпуск кайда
@ayguljalgasbaeva3209
@ayguljalgasbaeva3209 2 жыл бұрын
Дурыс ангиме аитатын осындай дурыс кушти приятно тындаган
@user-cx8lx1nl8t
@user-cx8lx1nl8t 2 жыл бұрын
2004те мектеп бітіргеніңізді жаттадық Нұрмахан аға🤣 әр подкасттың хиты
@lazzat1703
@lazzat1703 2 жыл бұрын
Сәлеметсіз бе?! Екі Рамазан сияқты мен 4 жыл өз аттасыммен бірге оқыдым. Қыздың да, ұлдың да тәрбиесі өте қиын. Ең бірінші баланы дүниеге келтірмес бұрын, медицинада баланы жоспарлауға кеңес береді, себебі сапалы, дені сау ұрпақты жарық дүниеге әкелу-ата-ананың парызы. Баланы жоспарлаудың ішіне әркім өзін тәрбиелеу керек. "Кеменің атын қалай атаса, солай жүзеді". Әр есімнің өз сыры бар. Балаға дұрыс ат қоя білу-ата-ананың алғашқы парыздарының бірі. Саны аз, сапалы адекватты пікірді табу өте қиын. Сапалы пікір айту үшін де жан-жақты білім қажет. Мені қазір ойландырып жүрген сұрақ: " Адам атаның жанына Хауа ананы не үшін қосты? " Әрине, жалғыз болмасын деген мақсатта қолдаушысы ретінде жүрек тұсындағы қабырғадан жаратты. Хадиша (р. а) анамыз да Мұхаммед (с. ғ. с) Пайғамбарымыздың жары болу үшін бар мүлкін сатып, қолдады. Рамазан Амантайдың: "Қызды да тұлға деп қабылдау керек" деген ойымен, Рамазан Фаиловтың: "Ең соңғы нүктесін еркек қою керек" деген сөзімен толықтай келісемін. Қазір ең танымал адамдарды бір рамкаға салып қойдық, сол адамдардың инстаграмын күннің атысы, кештің батысы аңдып отырамыз. Өз ақыл-санамыз жоқ сияқты арттарынан еріп жүре береміз. "Аңқау елге-арамза молда" деген сөздің 50% көрініс тапты. "Ханның қызында да кемшілік болады". Шын жақсы көрген жанашыр адам артықшылығымен де, кемшілігімен де қабылдайды. Фанатизм мен шын жақсы көрудің айырмашылығы осында. Ой бостандығы, өз айтары бар адамдарды өте қатты құрметтеймін. " Сыйластық болса махаббат өшпейді" деген сөзді көзім көріп еді, осы сөздің жаны бар. "Адамның ойы, адамның өзі өзгереді" деген пікірге менің айтарым: адамның ойы күнде минутына сан мәрте өзгереді, ал адам қай жағынан өзгереді? Рухани жағынан өзгеру өте қиын, ол жаққа бет бұру үшін де Нарутодағыдай Яруке сансэй керек. ЗАК бір подкастта: "Өз ойым бар ма, жоқ па?" осыған ойланып жатырмын деген. Сырым Әуезхан "Түнгі студия" бағдарламасына келгенде: "Адамның ойы бірінші ата-анасынан, екіншіден мектептен, ары қарай қоғамнан тарайды" деген тұжырым айтқан болатын. Мен де осы сұраққа бас ұрудамын.
@user-un6lz1uh4j
@user-un6lz1uh4j 2 жыл бұрын
Қай жылғысыз?
@zemir6608
@zemir6608 2 жыл бұрын
Марат Оралгазин мен Еркебулан Мырзабекты кутемыз🇰🇿✊🏼
@bekzatyc
@bekzatyc 2 жыл бұрын
Ия
@user-qw3rb7th7c
@user-qw3rb7th7c 2 жыл бұрын
Вот вот соны айткым келген
@KassymkanNurbakyt
@KassymkanNurbakyt 2 жыл бұрын
Топ🔝
@user-fd9cp1yn5k
@user-fd9cp1yn5k 2 жыл бұрын
🔥🔥
@user-ej9ld4mf4n
@user-ej9ld4mf4n 2 жыл бұрын
👍🏻💪🏻
@user-pn5je7db4s
@user-pn5je7db4s 2 жыл бұрын
«Фаилов Рамазанның келіншегі, қиын жағдайда болсаң, белгі бер»). Әлі туылмаған қызының мойынына жүк арту, әйелін адам санамау... Өте ауыр. Әйел затын көбею құралы мен қызметші ретінде ғана көріп отырғаны қиын, оның сөздеріне келісіп отырған залдағы қыздардың жағдайы одан да қиын. Осы сөздерді естіп алып, дұрыс екен деп, «внимание жетпей» үйленіп алғандар әйелдеріне зәбір көрсетулері де мүмкін. Мен де қатал ата мен әкенің тәрбиесінде өстім, бірақ әжем мен анам ешқашан аяқасты болған жоқ. Неге қыз туыла береді деп те кейіген емес, мен 4-ші қызбын, атымды «Ұлтусын» деп те қоймаған), керісінше әрқайсымызды ханшайымдай күтті, біз де бетімізбен кетпей, тура бой жеттік. Ол тәрбие. Әркімнің өзінің орны бар, ойы бар, бәріміз бірдей адамбыз. Рамазанның ойының өзгеруіне туылатын қызы себепші болса екен. Нұрмахан как всегда🔥
@aruzhan3227
@aruzhan3227 2 жыл бұрын
Қосыламын👎🏻👎🏻
@asanbratan409
@asanbratan409 2 жыл бұрын
Нахуй көресің онда, басында шығып кету керек еді. Үйінде айталмағанды осы жерге келіп айтып отыр ғой бейшара. Осындай комментті оқып ертең типа феминисттер шығады не екенін түсінбесе де.
@user-pn5je7db4s
@user-pn5je7db4s 2 жыл бұрын
@@asanbratan409 сіздіңше «Типа феминисттер» деген кім? Сұрағыңызға айта кететінім, Нұрмахан Мұқанұлының шығармашылығын Wi-fi-25-тің уақытынан қолдаушысымын, ол кісімен ойымыз біржерден екенін байқаған боларсыз, өзі де айтып өтті осы шығарылымда, мәдениетті мырза.)
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
Бала туу құралы ретінде емес Ерінің ұрпағын жалғастыру Әйел адамның басты міндеті.
@onlineschool9010
@onlineschool9010 2 жыл бұрын
Сіз дұрыс түсінбеген секілдісіз. Толық қорытпапсыз меніңше
@yerke6544
@yerke6544 2 жыл бұрын
Нұрмаханның "еркек еркек болғандықтан өзін биік қоюы дұрыс емес" деген сөзі үшін респект ! олай айту үшін феминист болу керек емес, жай миы бар, адекватты адамдар жынысқа қатысты теңдік туралы айтса болды феминисттер дей беретін болды әйтпесе...
@songff1431
@songff1431 2 жыл бұрын
Иа мен болашақ әйелімді силайм өйткені мен оны сігемғо ол маған бала туып береді тамақ істейді, үй жинайды керек кезде қыдыртып тұрамын
@user-ph1qx5sl6r
@user-ph1qx5sl6r 2 жыл бұрын
@@songff1431 😂😂😂😂😂
@monday6966
@monday6966 2 жыл бұрын
@@songff1431 сен битсей вообще үйленбесей, и вообще көбейме, адамзатқа жасаған жақсылығың болсын
@songff1431
@songff1431 2 жыл бұрын
@@monday6966 көгермегір жағың қарыссын
@balkat9177
@balkat9177 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз ,өтірік мен еркекпін деп кеудесін соға беретіндердің әйелі бақытты ма деген сұрақ ойландырады мені.Егер әйел өз ойындағысын еріне жеткізе алмаса ол не өмір ?!Немесе онымен санаспаса?
@user-pk2xs8fv1q
@user-pk2xs8fv1q 2 жыл бұрын
Рамазан Амантайдың ой өрісі ұнады. Бәрін адекватно қабылдайды. За мир во всем мире дейтін бала😀
@sampuckett2453
@sampuckett2453 2 жыл бұрын
На фоне Рамазана Фаилова Нурмахан снова доказал свое место в моем сердце как один из самых адекватных и толерантных казахов. Респект и обожаю Нурмахана, Нуржан Еркинулы и Тимур Балымбет❤️❤️❤️❤️❤️❤️
@akerkeasubaeva
@akerkeasubaeva 4 ай бұрын
Даа,согласнаа
@janelleabdikamal2790
@janelleabdikamal2790 2 жыл бұрын
Рамазанды тек Жайдармандағы мықты ойыншылардың бірі деп қана танып жүре беруім керек еді...Екі подкасттан соң да ойының таяздығын байқап, көңілім қалды. Нұрмаханға адекватты түрде ойлай алатыны үшін ризамын. Келесі подкастты күтеміз)
@janelleabdikamal2790
@janelleabdikamal2790 2 жыл бұрын
+ далада ойнау жайлы. Далада ойнаған балалардың "поколениесі" тек 2010 жылдарда біткен шығар. Өзім сіздердей жиырмасыншы ғасырды көрмеген болсам да, туа салып телефонға телмірген жоқпын. Әр подкасттан эйджизм байқалады, біз жас болғанымызға кінәлі емеспіз. Әр шығарылымда 2000 жылдардан кейін туғандарға тиісіп өтесіздер..
@kuankassim2839
@kuankassim2839 2 жыл бұрын
✊✊✊
@yerke6544
@yerke6544 2 жыл бұрын
++++++
@yerke6544
@yerke6544 2 жыл бұрын
Одан қалса комменттегілердің ақылдысын-ай деп тағы шақыр дегеніне таң қалып отырмын… басын біраз тыңдаған соң, ары қарай жылдамдатып тыңдап шықтым
@janelleabdikamal2790
@janelleabdikamal2790 2 жыл бұрын
@@yerke6544 еркектердің жұмсақ эгосын асқақтатты ғой..өкінішке орай, біздің елімізде сасық кеуде еркексымақтар тым көп(
@umkn_zhks
@umkn_zhks 2 жыл бұрын
Осы видеоның астындағы қыздар қауымы жазған комменттерді көріп шошып отырмын шыны керек... Матриархат билеген отбасылар болашақта көбейіп кетпесе екен ... Оны көріп өскен балалар не болмақ
@user-ty8om3zg1z
@user-ty8om3zg1z 2 жыл бұрын
КВН дағы Рамазанды просто тыңдай бергің келеді. Все-таки кітап оқыған адам, бәрі-бір қылтиып көрініп тұрады
@user-mz1jd9rc4e
@user-mz1jd9rc4e 2 жыл бұрын
Роматай киттай болсада акылдырак екен жарайсын!!!!
@aruzhan3227
@aruzhan3227 2 жыл бұрын
Барлық подкасттарыңызды демалып, көңіл күй көтеріп көретін едім. Мына подкастта жыныыым келіп отырды Фаиловқа😩. Демалып көре алмадым
@bek9118
@bek9118 2 жыл бұрын
Керисинше Керемет дуниелер Айтты Файлов мырза,
@aruzhan3227
@aruzhan3227 2 жыл бұрын
@@bek9118 онсыз да кормейм айналайын, сен айтпасан да🤣
@balkat9177
@balkat9177 2 жыл бұрын
@@aruzhan3227 закомплексованный еркектерге Гана жагып жатыр 😅колдарынан айел баскару келмегесин киын гой енди
@aruzhan3227
@aruzhan3227 2 жыл бұрын
@@balkat9177 точно😂👍🏻
@lyazzatbelasarova8357
@lyazzatbelasarova8357 2 жыл бұрын
"Дұрыс әйел таба білу" деген оймен келіспеймін. Әр адам өзінің ішкі жан дүниесіне сай адамдармен араласады, дос болсын қас болсын, сондықтан өзіңді дұрыста дұрыс орта қалыптасады сонымен бірге жар да
@bek9118
@bek9118 2 жыл бұрын
Я дурыс айел таба билу деген 👍
@aruzhan3227
@aruzhan3227 2 жыл бұрын
Точно👍🏻, дұрыс әйелге лайықты болуы керек бірінші өзі!!
@user-oy2os5pj7k
@user-oy2os5pj7k 2 жыл бұрын
Мына өмірдегі ең үлкен нығмет салиқалы әйел дейді. Дұрыс әйел деп бәлкім сондай мағынада айтылып тұр
@user-wv5rp5cq3u
@user-wv5rp5cq3u 2 жыл бұрын
Wifi - 25 тің фонында болсыншы бір подкаст олда бір тарихқой 🔥🔥🔥 6-7 жыл бұрынғы...
@kaliuokaliuo4690
@kaliuokaliuo4690 2 жыл бұрын
Нұрмахан аға молодец! Көзі ашық, көкірегі ояу! Білімді азамат
@user-tw1in5rg2d
@user-tw1in5rg2d 2 жыл бұрын
Керемет және керекті ойлар айтылды деп ойлаймын. Әсіресе “идеал санап алған адамыңның минусын көрген кезде өмірден түңіліп кетесің” деген ұнады👍
@khamitofficial
@khamitofficial 2 жыл бұрын
Рамазан Фаилов үшін лайк басайықшы достар! Гени қазақтың бірі
@yerke6544
@yerke6544 2 жыл бұрын
Атың осындай болғандықтан осындай бол деп жүк артып ат қою дұрыс деп ойламаймын, "болғанын қалау" мен "болған күту, есіне салып тұру" екі түрлі нәрсе...
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
"Ырымдап қою" деген нәрсені біліп алыңыз.қазақтың ырым тыйымын дұрыстап қарап швғыңыз
@bermukhanmerteev2825
@bermukhanmerteev2825 2 жыл бұрын
Осы подкатсқа барғым келген еді бірақ жұмыста болып калдым . Өте керемет өткен екен жақсы тақырыптар көтерілді . Рахмет Нуреке 1 сағат калай өтіп кеткенін сезбей қалдым 👍👍👍👍
@user-om5to9hi9v
@user-om5to9hi9v 2 жыл бұрын
Осындай подкасттар тағы шықсынба ағайын. Онда лайк бас және пікір қалдыр.
@user-hl9ys2tx4n
@user-hl9ys2tx4n 2 жыл бұрын
Әдетте, сіздің подкасттарыңызды ұйып тыңдайтынмын, тіпті, шектеулі уақыттың қалай өткенін байқамай қалатынмын. Нұрмахан мен Рамазан Амантайдың саналы түрде кез келген мәліметті қабылдап, қыз баласын құрметтейтініне тамсандым. Фаилов Рамазан туралы ештеңе демесем де болады, төмендегі пікірлерге қосыламын. 36:37 минут бойы Фаилов мырзаның пікірлерінін салдарынан әзер қарадым. Жұлдыз ауруы дейді, подкастқа 2 рет шақырды, өте жақсы дүниелер айтып едім деседі. Шынында, өзі сол жұлдыз ауруына шалдыққан сияқты. Әйел теңсіздігі ауқымды әрі ауыр тақырып. Оны екінің бірі қозғап, дегеніне жете алады деп ойламаймын. Бұл тақырыпты орнымен айтқан дұрыс, бүге - шүгесіне дейін ақтарудың қажеті жоқ. "Әр үйдің салты басқа, иттері қара қасқа" - демекші, әйел теңдігі туралы әркім өзгеше ойлайды, осы тақырыптағы ойларыңызды іштеріңізде сақтап, өзге ер адамдарға "еркек, еркек" деп насихаттаудың қажеті жоқ. Ал жеке басқа келгенде, нешінші әйел алсаңыз алсаңызда, әрине, өз еркіңізде.
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
Онсызда уағыз тыңдамайтын жастар көп.ең болмағанда Рамазанның айтқан қысқаша өз ойын Дұрыс емес деп айтпаған дұрыс Ой-бұл әр адамның өзінің жеке ойы Ал бұл бағдарлама подкаст яғни өз ойын айтып әңгімелейтін бағдарлама Жұлдыз ауруы дегенге де келіспеймін.халық оны келесі подкастта көргісі келді болды.артық ештеңе болған жоқ
@user-sb5ot7pc9p
@user-sb5ot7pc9p 2 жыл бұрын
рахмет жақсы подкаст үшін:)))
@user-tb6wc7ww7q
@user-tb6wc7ww7q 2 жыл бұрын
Рамазан Файлов ютубтан пайдалы контент жасай алады берері көп!!!
@user-mz2xw7dc9z
@user-mz2xw7dc9z 2 жыл бұрын
Күшті подкаст болды, рахмет ☺️👍
@user-sg3rq7ip6y
@user-sg3rq7ip6y 2 жыл бұрын
Жақсы подкаст үшін рақмет 😘😘😘
@aruzhanboranbayeva8142
@aruzhanboranbayeva8142 2 жыл бұрын
Этот выпуск не понравился. Не стала досматривать после заявлении насчет феминизма. Это еще на фоне устрашающей статистики смерти женщин из за домашнего насилия. Приводили очень односторонние, глупые факты. Добили меня овации зрителей.
@Madikaspan
@Madikaspan 2 жыл бұрын
Устрашающий дейтіндей статистиккаға сене бересіз бе? Шынын айтқанда әйелдердің құқығы көп қой біздің қоғамда мен сенбеймін феминистердің көп сөзіне. Тупойлау пікірлер айтады. Қазақтың демографиясына зиян сөздері
@balkat9177
@balkat9177 2 жыл бұрын
С вами полностью согласна!!!А те девушки которые добавили свое *я поддерживаю* я вам сочувствую🤦‍♀️
@1derzkill74
@1derzkill74 2 жыл бұрын
Место женщины в кухне, молчи.
@balkat9177
@balkat9177 2 жыл бұрын
@@1derzkill74 странно что такие мужчины еще существуют ,это от низкой самооценки ...Ты в курсе ?Или ты боишься что твоя жена тебя опередит ?😂
@apollo8282
@apollo8282 2 жыл бұрын
@@1derzkill74 чел будь проще
@user-fv2rs1bn9f
@user-fv2rs1bn9f 2 жыл бұрын
Керемет көп рахмет подкаст ушин🔥
@Matem9905
@Matem9905 2 жыл бұрын
Рамазан Фаилов красавчик✊ Каждый сөзінің айтқысы келген ойы бар👍 Рамазан Амантай тоже красавчик✊
@farizaserdaly993
@farizaserdaly993 2 жыл бұрын
👏👏👏 өте жақсы подкаст . Қызық әрі пайдалы
@whym_
@whym_ 2 жыл бұрын
Рамазан Фаиловтың әйелін жалко болып кетті ғой... Өзін жоғары санап тұр, тупой болсан осы ғой. Оның ойынша әйелмен дым ақылдаспау керек, адам ретінде санамай тұр ғой мынауын. "Слабина берсе.." деп қояд, осындай Фаиловты өзі сияқты ақымақтар сөзін тыңдап, үйде әйелдеріне басынып, сыйламай көрсетпегенді көрсетеді, "мен еркекпін" деп. Жерге түсіндер айналайындар ау Фаиловты комментарийде өзі сияқты ойы таяз адамдар ғана қолдамаса білмим енді. Осындайлардан шығады неше түрлі қылмыскер маньяктар Көрермендерден мынанын сөзін қолдап отырған қыз да ақымақ екен. Өздерін осындайлардың сөзін дұрыс деп, ертең жүресіндер ғой "күйеуім үйтті-бүйтті" деп Мына жерде өзі Нұрмахан ғана адекват па деп ойлап қалдым ғой
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
Қаншама бидайдың арасынан бір арпаны көргендей болып отырсыз бұл жерде Нақтылап қарасаңыз ол "әйелді сыйламау керек"деген жоқ Әйеліңмен ақылдас,бірақ шешімді сен қабылда деді Қай атаңнан көрдің үйдің басшысы әйел адам болғанын. Еш уақытта еркек пен әйел тең тұрмайды.егер олардың өз ойлары бірдей болса.
@user-oy2os5pj7k
@user-oy2os5pj7k 2 жыл бұрын
Сіз толық тыңдамаған сияқтысыз или дұрыс қабылдамаған сияқтысыз. Әйелмен ақылдасу керек деді. Тек шешімді еркек шығару яғни нүктесін қою керек деді. Сондықтан олай бірден " шабуыл " жасамай толық қарап дұрыс түсіне білу керек сияқты
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
@@user-oy2os5pj7k ++
@KurmetKhanov
@KurmetKhanov 2 жыл бұрын
жақсы шығарылым болды, Рамазан Фаилов ағамыз жақсы заттар айтты, Рамазан Амантайды жақынырақ таныдық
@user-ds5vb6wo2l
@user-ds5vb6wo2l 2 жыл бұрын
Сіздің подкасттарыңыздың бәрін жібермей көремін, өте керемет, дами берсін. Рамазан ағамыздың пікірлері, мысалдап сөйлейтіні өте қатты ұнайды👍
@Makelot721
@Makelot721 2 жыл бұрын
Оте Керемет такырыптар козгалып жатыр осындаи подкасттар коп болсын 👍👍👍👍
@wabi-sabi8434
@wabi-sabi8434 2 жыл бұрын
көз тиед подкастында айтқаныңыздай күтіп жүріп көрдім)) рақмет, дами беріңіз))0
@nurgissanurbai9461
@nurgissanurbai9461 2 жыл бұрын
Керемет подкаст👍👍👍!!!
@warmmakzvada9830
@warmmakzvada9830 2 жыл бұрын
Ар дайым кутетин Казак подкасты💯👍🇰🇿
@nurshatbukharbayeva5857
@nurshatbukharbayeva5857 2 жыл бұрын
Өте керемет подкаст болды! Рамазандар жарайсыздар! Рақмет!
@Ashim__Ashimkhan
@Ashim__Ashimkhan 2 жыл бұрын
Мықты 💪
@user-xo1kg9te4i
@user-xo1kg9te4i 2 жыл бұрын
Рахмет👏🏽
@nurbalasyy
@nurbalasyy 2 жыл бұрын
Рамазан Файловтың ойы таяз екен!
@akzholomar435
@akzholomar435 2 жыл бұрын
Қандай керемет емін еркін🔥
@yerke6544
@yerke6544 2 жыл бұрын
ата-аналарыңызды қуанту үшін, тәуелсіздікке орай, жасым келді деп үйлену норма емес *фейспалм*, кей қонақтар Нұрмаханды үйленбеген деп бір кем көріп сөйлеуді қашан қояды...Өз адамын күту, махаббатпен, жарасып үйлену норма.. шын жақсылық тілейтін адам сенің басың бос па, үйленгенсің бе қарамай, сенің кез келген статуста бақытты болғаныңды қалайды, ал адам үйленсе бақытты болады деген заңдылық жоқ, үйленбесе бақытсыз жүр деген сөз емес
@Mahmuuuuuuddddddddd
@Mahmuuuuuuddddddddd 2 жыл бұрын
Қосылам
@user-wh1xp7kh9x
@user-wh1xp7kh9x 2 жыл бұрын
Үйлену, тұрмысқа шығу сүннет біле білсең
@yerke6544
@yerke6544 2 жыл бұрын
@@user-wh1xp7kh9x иә, қосылам үйленіп, тұрмыс құрған жақсы)
@user-wh1xp7kh9x
@user-wh1xp7kh9x 2 жыл бұрын
@@yerke6544 аха
@user-un6lz1uh4j
@user-un6lz1uh4j 2 жыл бұрын
Ұнады дами беріңіз!
@gumaxanym
@gumaxanym Жыл бұрын
Ер адам барлық шешімді қабылдаса, ақша тапса, әйелін үйде отырғызып қойса, жақсы көрсе, қорғаса, сыйласа, сыйлық берсе, ешкімге қол жайдырмаса, бастысы нағыз еркек болса - келіншегі төбесіне көтереді! Оған қарсы шықпақ түгілі, бар билікті қолына ұстатып, өзі еркелеп жүреді, сүп-сүйкімді болып. Сол үшін ер азаматтар басшы болыңыздар! Біздер, яғни әйелдер, қатал, сұсты, қамқор, романтик, отбасын сүйетін азаматтарды қатты қадірлейміз! Ал намазхан болса, тіпті құрметтейміз!
@user-zj7wu6ls2k
@user-zj7wu6ls2k 2 жыл бұрын
Осыған дейін подкатстардың ең жақсысы болды 👍
@user-ej4up7ih9s
@user-ej4up7ih9s 2 жыл бұрын
Керемет. Алға. Сәттілік!
@user-gl2gj1md9g
@user-gl2gj1md9g Жыл бұрын
Рамазан Фаилов оте билимсиз екени катты коринип тур.
@user-sn9tz3kw4u
@user-sn9tz3kw4u 3 ай бұрын
Меня приятно удивило Н. правильные взгляды на женский пол, неужели на юге есть правильно, адекватно, современно соображающие парни🎉🤩🤗👍❤ красавчик
@Makelot721
@Makelot721 2 жыл бұрын
Нуреке Керемет номер 1 ши подкаст админ анон 🥇🥇🥇👍👍✊
@user-ec2df5ey5o
@user-ec2df5ey5o 2 жыл бұрын
Подкатс (әнгіме) күшті болды 👍
@Baks04
@Baks04 2 жыл бұрын
От выпуск🔥🔥🔥
@aiymutepova8249
@aiymutepova8249 2 жыл бұрын
Осындай подкасттарды тыңдап, елдің алдында жүрген тұлғалармен әңгімелескендей боласың😄
@birjanissakhan6045
@birjanissakhan6045 2 жыл бұрын
Жақсы шығыпты
@user-yo7xi5cd1o
@user-yo7xi5cd1o 2 жыл бұрын
Өте керемет қызық сұхбат жарайсыңдар
@user-um2dg4tm4v
@user-um2dg4tm4v 2 жыл бұрын
Керемет!!!!! 👍
@dilyessengeldina742
@dilyessengeldina742 2 жыл бұрын
Сіздердің ашуларыңызға Рамазан аға подкасттың өзінде жауап беріп тастады ғой. Неге негатив жазып жатсыздар? Сізге бұрыс болып көрінген ой, өзгеге дұрыс болып көрінуі мүмкін. Подкасттан өзіңізге керек нәрсені ғана алып, ұнамаған дүниені жай өтіп кетсеңіз дұрыс болады ау)
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
Өте орынды.адам ақ бетте тұрған кішкентей нүктені көріп,үлкен ақ беттің өзін көре алмаған сияқты болып отыр коменттегі ақылсымақтар
@inabatyesselbayeva3244
@inabatyesselbayeva3244 2 жыл бұрын
Айналдырмай көрген жалғыз подкастым❤️
@sabitshorabekov6094
@sabitshorabekov6094 2 жыл бұрын
өте жақсы Нұреке
@bazylkhanov09
@bazylkhanov09 2 жыл бұрын
Керемет жақсы подкаст болды❤👍🏻 Тағы да подкасттар күтеміз🚀💡
@user-uu2bz4rn3b
@user-uu2bz4rn3b 2 жыл бұрын
Керемет! Рамазан Фаилов керемет, терен ойлы азамат екеніне екінші рет көңілім толып отыр.... Білімді жігіт
@user-xt5fh3lw5r
@user-xt5fh3lw5r 2 жыл бұрын
"Экспресс Ақтөбе" чемпион. Жарайсыздар. Ностальгия ұстап, еске түсіру үшін, сіздер чемпион болған ойынды жақында ғана толық нұсқасын іздеп көрген едім таппадым. Өкінішке орай. Үзінділер бар екен, көріп қуандым.
@user-hc2bf1mb5u
@user-hc2bf1mb5u 2 жыл бұрын
Рамазан Амантайды "Айналайын" сериалынан бастап білем. Өте ұнайды өзін-өзі ұстауы👍👍👍
@user-lo5uz6si8u
@user-lo5uz6si8u 2 жыл бұрын
Рамазан Фаиловтың ойы саяз екен байқадым. Рамазан Амантаймен көрген бірінші подкастым, тыңдай бергің келеді.
@aruzhan3227
@aruzhan3227 2 жыл бұрын
Қосыламын👍🏻
@gaukhar_abilzhan
@gaukhar_abilzhan 2 жыл бұрын
Қызықты, ерекше, әдемі шығарылымның бірі болды негізі👌👍👏👏👏👏 Өте жақсы әңгімелер айтылып, біраз нәрсе алдым. Рамазан аға әр қонақпен дебат өткізіп отырады ау дұрысы😂😂😂 Еркебұлан, Марат ағаларымызды күтемін. Жалпы болатын әңгіме айта алатындар келсе уақыт бөліп көруге дайынбыз.👌
@qrqalt448
@qrqalt448 2 жыл бұрын
Нұрмахан ағаның позициясы өте орынды ,кайф🔥
@yerkemaytole6168
@yerkemaytole6168 2 жыл бұрын
Нұрмахан жарайсыз👍🏻👍🏻
@brobetsking6458
@brobetsking6458 2 жыл бұрын
Қанат Алжапаровты шақырш
@user-mf2cl6nt8l
@user-mf2cl6nt8l 2 жыл бұрын
Керемет подкаст болды, Рамазан ағаның айтқандарымен толықтай келісемін, қыз болсамда. Дұрыс, бұл біздің дінмен ұштасқан қазақы тәрбие мен тәртіп. Қалай қарамасаңда ер адам бірінші! Әркім өз орнын білуі керек, сонда ғана дұрыс жүйе қалыптасады, дұрыс ұрпақ өседі, сапалы ел болады. Билікке, шешім шығаруға жауапты ер адам! Рамазан ағанын позициясымен келісемін.
@apollo8282
@apollo8282 2 жыл бұрын
Өзім ер адам болсамда, мұнымен келіспеймін. Не үшін ер адам әйел адамнан жоғары тұруы керек? Тек екі бұтының ортасындағы заты үшін ба? Әркімнің өз ойы ғой, бірақ сонда да бұл дұрыс емес. Әйел мен еркек тең болуы керек. Сол кезде ғана дұрыс жүйе қалыптасады. Кейде кейбір әйел адамдарға қарап аяп кетесің, өзін төмен түсіріп, қадірін кетіреді. Мен өзім сондай отбасыда өмір сүрдім, сондықтан білем не айтып отырғанымды. Еркекпін деп басына беруге болмайды.
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
@@apollo8282 еркек пен әйел бірдей дәрежеде тұрса ақырзаман болады.бұны Мөңке би де айтып кеткен"Әйел ерге теңеледі".
@apollo8282
@apollo8282 2 жыл бұрын
@@b1ackmo2n қалай ақырзаман болады? не үшін әйел адам бір саты төмен тұруы керек?
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
@@apollo8282 ақырзаман болғанда көресің
@b1ackmo2n
@b1ackmo2n 2 жыл бұрын
@@apollo8282 шетелдің көзқарасымен кете берсеңдер бір күні "әйел адам еркекті басқару керек" деп тұратын шығарсыңдар
@user-sg3rq7ip6y
@user-sg3rq7ip6y 2 жыл бұрын
Күштііі 👍👍👍
@nurqassymyerdaulet
@nurqassymyerdaulet 2 жыл бұрын
Өркен Кенжебек пен Тимур Бектұр келсінші)
@user-ns8uw3ne9m
@user-ns8uw3ne9m 2 жыл бұрын
Керемет
@user-et3bq5si1l
@user-et3bq5si1l 2 жыл бұрын
16:40 мен 2004-пін. Кішкентай ғана ауылда тұрғасын ба тығылыспақ, қуаласпақ, түнге дейін футбол ойнау дегенді менде ойнағанмын😅.
@user-pk2xs8fv1q
@user-pk2xs8fv1q 2 жыл бұрын
Рамазан Амантай келіп кішкене публикамен байланыс құрылды ғой) оживилось всё, так сказать)
@bek9118
@bek9118 2 жыл бұрын
Оо Рома 🔥мыкты айтын Нуреке ракмет Рома шакырганын ушин!
@user-od6lr6pn5g
@user-od6lr6pn5g 2 жыл бұрын
Рамазаны 😍
@user-gb1fu6dq2b
@user-gb1fu6dq2b 2 жыл бұрын
Нұреке✊✊✊✊
@Mahmuuuuuuddddddddd
@Mahmuuuuuuddddddddd 2 жыл бұрын
Рамазан Амантай братан уважаю🙂
@moonflower4904
@moonflower4904 2 жыл бұрын
Молодец 🥰🥰🥰
@user-td9dp2lc4g
@user-td9dp2lc4g 2 жыл бұрын
🤩🤩🤩керемет
@elprofessor5195
@elprofessor5195 2 жыл бұрын
Әдемі ғой🔥🔥
@Qairjohn
@Qairjohn 2 жыл бұрын
Рамазан Файлов👍👍🔥
@user-mn9lh9do2z
@user-mn9lh9do2z 2 жыл бұрын
Keremet zhalgasa bersin
@galaazh4215
@galaazh4215 2 жыл бұрын
Рамазан Файловка жеке подкаст ашу керекко
@user-hs5ws4dq9x
@user-hs5ws4dq9x 2 жыл бұрын
Рамазан айналайын, бұтыңның ортасындағы безеуді шәмәлі көрсетпей отыруға бола ма? Әйтпесе, абайсыздан көзім дамбалдай болған экранға түсіп кете береді
@js_travel
@js_travel 2 жыл бұрын
🔥🔥🔥🔥
@amanbauke6506
@amanbauke6506 2 жыл бұрын
Сіздің подкастқа қалай барамыз!
@Mstosico
@Mstosico 2 жыл бұрын
Екинши автордын калаганы болсын! Болашакта кызы бир кабагы калын ер адамнын тортинши айели болуга жазсын. Подкасты аягына дейин карай алмадым. Биринин ойы жииркеништи. Еки ул бала тауып берген жарын сыйламайтын сиякты. Акеси де шешесин сыйламаган гой деген ой келди. Мумкин айтып отырган ойлары дурыс та шыгар, бирак оларды жииркеништи жеткизген.
@user-uh5gc3nd2s
@user-uh5gc3nd2s 2 жыл бұрын
Или бир шалдын ушинши айели болсын 😅
@Mstosico
@Mstosico 2 жыл бұрын
Что то Катты айтып жиберген сияктымын. Акелери ушин балалар жауап бермеу керек. Сондыктан созимди кайтарып алдым. Синилимиз аман есен дуниеге келсин
@monday6966
@monday6966 2 жыл бұрын
Өзінің сущностьі жиіркенішті адам, өмірімде біреуге осыншама хейт комент жазам деп ойламаппын. Бұндай жігіттер өте көп, ауылда түк көрмей, зорлық-зомбылықты күнде көріп, тек еркектердің кеуде керген патриархат қоғамында өсіп, одан қалаға кішкене цивилизациялы қоғамға топ етіп түсіп оны мойындауға өзімшілікдіктері жібермей, кейін дін туралы туралы шала-құла оқып немесе естіп, мені адамдар көзге іледі немесе жас балдар тыңдайтын жасқа келдім деп дұрыс болсын, болмасын бүкіл ойына келген затты електен өткізбей құса береді. Нарцист екені бетіне шығып тұр, дінді жетік меңгерген Закир Найкта бұның жанында қарапайым және өзіне бұндай сенімді емес қой.
@ayguljalgasbaeva3209
@ayguljalgasbaeva3209 2 жыл бұрын
Оте орынды Аке улды дурыс тарбие леу керек
@nurqassymyerdaulet
@nurqassymyerdaulet 2 жыл бұрын
Жақсы әңгіме
@umkn_zhks
@umkn_zhks 2 жыл бұрын
Байқағаным,Рамазан Фаилов ағамыздың сөзі көп қыздардың нәпсісіне тиіп жатқан сияқты ... Рамазан ағаны хейт етіп керек емес,діннен аз-маз біліп алып сөйлеп отыр дегендеріңізге де келіспеймін. Үйіндегі айта алмай жүрген нәрселерді айтып алу үшін келді дегендерге де келіспеймін. Сіздер прмя негативті қабылдамаңыздар! Ол да пенде. Өзіндік ойы бар. Қателескен шығар. Ойын дұрыс жеткізе алмай қалған жерлері бар шығар. Как бы ни крути ер адам әйел адамнан жоғары тұрады. Бұл әйел адамды қор сана,ақылдаспа,санаспа деген сөз емес. Шатастырмаңыздар! Иманы бар,ақылы бар ер адам отбасындағы өз орнын, құндылығын біледі. Отбасы мүшелерінің хақысына қарайды. Аманаты болған әйеліне де сондай жақсы отношение жасайды. Экран артында отырып алып,бөсіп,ол кісіні ғайбаттап керек емес! Әйелін бақытсыз деп те санауларыңыз дұрыс емес! Көңіліне тиеді деп ойламайсыздар ма жазар алдын? Ол кісінің өмірі сіздер ойлағандай емес шығар,бақыттың базарында отбасымен күн кешіп жатқан шығар. Дұрыс ойлай білейікші адамдар жайлы а? Нәпсіңе(эго- ңа) жақпағаны үшін хейт ете бермей!
@jamestrossard2237
@jamestrossard2237 2 жыл бұрын
Фаиловпен келісе алмаймын.Бірбеткейлік өте қате дүние.Жыныспен бөліп құрметтеу деген,нәзік жандылардан бір саты биік тұру деген жәй әңгіме сияқты. Бірақ өз ойығой.Сыйлаймын
@user-mz1jd9rc4e
@user-mz1jd9rc4e 2 жыл бұрын
Аркимнин озинин уйинде зан болек! мынадай болу керек деп айту дурыс емес!!! Ерекпин деп басынбау керек!!! Айелди Сыйлау керек курметтеу керек пикирин тындау керек деп ойлаймын!!!
@user-ex2te9xy8i
@user-ex2te9xy8i 2 жыл бұрын
Алла ұлық қой. Бір біріне лайық жандарды қосады ғой Алла. Әрбір айтылған сөз, осы үш азаматтың қоршаған ортасының айнасын деп ойлаймын))
@zamanauicovers8888
@zamanauicovers8888 2 жыл бұрын
рамазан амантай ушн кутп едм💞
@user-vt8yf8vx2d
@user-vt8yf8vx2d 2 жыл бұрын
👏👏👏👏
@MeirbekTazhigulov
@MeirbekTazhigulov 2 жыл бұрын
Елбасы мен Тоқаевты күтеміз🇰🇿
@maralaitugan607
@maralaitugan607 2 жыл бұрын
Дурыс айтады Рома барлық проблемадар осыдан болып жатыр.
@mandamnart7806
@mandamnart7806 2 жыл бұрын
рамантай уважуха саган +100000 бурын инстаграмнан корип ойлайтын едым оз мнениесы жок просто агаларына жагымпазданып журеды екен деп. базаржок мораль жатыр екенгошешес
@user-qk1yh8lj4u
@user-qk1yh8lj4u 2 жыл бұрын
Данабек Қожантаевты күтеміз алдагы подкасттарда
@aidass4808
@aidass4808 2 жыл бұрын
Нұрмахан,әрқашан дұрыс әңгімеңізбен қазақ жігіттеріне үлгілі бола беріңіз.
@user-ps9ec7ed5f
@user-ps9ec7ed5f 2 жыл бұрын
👍👍👍
He FOUND MYSTERY inside the GUMMY BEAR 😱🧸😂 #shorts
00:26
BROTHERS VLOG
Рет қаралды 46 МЛН
Não pode Comprar Tudo 5
00:29
DUDU e CAROL
Рет қаралды 52 МЛН
Don't Waste!🚫 Turn Ham Into Delicious Food😊🍔 #funnycat #catmemes #trending
00:25
Момынның ісін Құдай оңдайды
19:33
Әзірет Сұлтан мешіті
Рет қаралды 178
He FOUND MYSTERY inside the GUMMY BEAR 😱🧸😂 #shorts
00:26
BROTHERS VLOG
Рет қаралды 46 МЛН