Рет қаралды 9,135
Жуырда елге РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сапарлағаны белгілі. Ол жай келмепті. «Жаңалығымен» келіпті. Ресей Қазақстанмен бірге бірлескен тарихшылар тобын құруды көздеп отыр екен. Оның айтуынша, «мұндай қадамның екі елге де пайдасы бар» көрінеді. Біздің биліктегілер Ресей ұсынысын «ләппайлатып» қолдаса да, кейбір тарихшылар бұған үзілді-кесілді қарсы. Солардың бірі - «Қабдеш Жұмаділов» қоғамдық қорының төрағасы, белгілі тарихшы Арман Жұмаділов. Ол бұл пікірін өзінің facebook-парақшасында жариялады. Бұл тақырыпты толығырақ аша түсу үшін тарихшыны сұхбатқа тартқан едік. тыңдап көріңіз, тұщымды көп дүние айтылды.