ІІ Республикалық «Ақкербез» би конкурс-фестивалі

  Рет қаралды 4,252

Қызылорда облыстық филармониясы

Қызылорда облыстық филармониясы

2 жыл бұрын

22 сәуір күні Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында және 29 сәуір - Халықаралық би күніне арналған ІІ Республикалық «Ақкербез» би конкурс-фестивалі өтті.
Қазақ би өнерін дамыту, би ұжымдары арасында шығармашылық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және би өнерін дамытуға зор үлестерін қосқан балетмейстерлер мен хореографтарды насихаттау, танымал ету мақсатында ұйымдастырылған конкурс-фестивальге еліміздің 8 өңірінен 9 кәсіби би ұжымдары қатысты. Олар Алматы облысынан «Алатау әуендері» концерттік ұйымының би ансамблі, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының «Назерке» халық би ансамблі, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының «Аққу» би ансамблі, И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Нұр» би ансамблі, Ш.Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының «Яссы» би ансамблі, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Жорға» би ансамблі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қаракөз» би ансамблі, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының «Атамұра» мәдениет үйінің «Шабыт» би ансамблі және Қызылорда облыстық филармониясының «Томирис» би ансамблі.
Конкурс-фестиваль талаптарына сай екі кезең бойынша өнер көрсеткен би ансамбльдері І кезеңде қазақ биін билесе, ІІ кезеңде өз қалаулары бойынша би қойылымдарын көрермендер назарына ұсынды.
Республикалық би конкурс-фестиваліне кәсіби би ұжымдарының өнерін саралайтын қазылар алқасының төрайымы - балетмейстер, Қазақ Ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, Өнертану кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Тұңғыш Президент фондының лауреаты, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Садықова Анвара Әріпқызы; қазылар алқасының мүшелері - Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің директоры Закиров Мақсат Демешұлы;
- Өзбекстан Мемлекеттік хореография академиясының аға оқытушысы, республикалық, халықаралық би конкурс-фестивальдерінің лауреаты Жалилова Шырын Шухратқызы;
- “Алекс” би өнері мектебінің директоры, «Жыл хореографы» номинациясының иегері Ким Елена Алексеевна;
​ - Қазақ Ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, Өнертану магистрі республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Үздік педагог» номинациясының иегері Шамшиев Алмат Шердарұлы қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша:
ІІІ орын - «Назерке» халық би ансамблі (Орал қаласы);
ІІ орын - «Нұр» би ансамблі (Павлодар қаласы);
І орын - «Аққу» би ансамблі (Ақтөбе қаласы)
БАС ЖҮЛДЕ иегері - «Томирис» би ансамблі (Қызылорда қаласы) иеленді.
Сондай-ақ, Гала концерт барысында ІІ Республикалық «Ақкербез» би конкурс-фестивалінің ұйымдастыру комиссиясының төрағасы, Қызылорда облыстық филармониясының директоры Талғат Бақытбекұлы сөз сөйлеп, жергілікті би ұжымдарын алғыс хаттармен марапаттады. Атап айтқанда, облыс әкімінің алғыс хатымен «Нұргүл» халықтық би ансамблі, «Дидар» халықтық би ансамблі, «Арайлы» би ансамблі, «Ақмарал» би студиясы, «Шаттық» би ансамблі, «Алекс» өнер мектебі және «Балбұлақ» халықтық үлгілі балалар би ансамбльдері марапатталды.
Конкурс-фестивальдің арнайы номинацияларымен, Хафиза Сүлейменова атындағы номинациямен - «Яссы» би ансамблі (Түркістан қаласы);
Болат Қаржаубаев атындағы номинациямен - «Қаракөз» би ансамблі (Шымкент қаласы);
Татьяна Угай атындағы номинациямен - «Шабыт» би ансамблі (Жаңаөзен қаласы);
Дәурен Абиров атындағы номинациямен - «Алатау әуендері» концерттік ұйымының би ансамблі (Алматы облысы);
Шара Жиенқұлова атындағы номинациямен - «Жорға» би ансамблі (Маңғыстау облысы) марапатталды.
Қазақ би өнерінің мәртебесін асыруға, хореография жанрының өрісін кеңейтуге және Республика бойынша би ұжымдарының ынтымақтастығын нығайтуға арналған ІІ Республикалық «Ақкербез» би конкурс-фестивалі осындай нәтижемен өз мәресіне жетті.
Барлық қатысқан би ұжымдарына үлкен алғыс білдіреміз.

Пікірлер: 3
@user-yw1fk6xr4m
@user-yw1fk6xr4m 2 жыл бұрын
Томирис би ансамблінің билері қатты ұнады 👍 Қызылорда молодец
@user-yw1fk6xr4m
@user-yw1fk6xr4m 2 жыл бұрын
Әділ өткеніне қуанып отырмын...
@user-lz4px1nb2b
@user-lz4px1nb2b Жыл бұрын
Өздері алды, негізі қонақжәй халықпызғой, басқа қаладан келгендерге беретін едіғой, негізі дұрыс емес, билері обычный, Аққудың биі керемет болды, бас жүлдені солар алу керек еді
«Сыр сүлейін сұрасаң...» - Сыр өңірі дәстүрлі орындаушыларының концерті
1:52:56
Қызылорда облыстық филармониясы
Рет қаралды 9 М.
ИРИНА КАЙРАТОВНА - АЙДАХАР (БЕКА) [MV]
02:51
ГОСТ ENTERTAINMENT
Рет қаралды 8 МЛН
OMG😳 #tiktok #shorts #potapova_blog
00:58
Potapova_blog
Рет қаралды 4,1 МЛН
Василиса наняла личного массажиста 😂 #shorts
00:22
Денис Кукояка
Рет қаралды 9 МЛН
Қытай Қазақтары
18:48
Qazaqeli. ru
Рет қаралды 2,8 М.
Aidarkhankyzy Inkar (Kazakhstan)
3:25
Inkar Aidarkhankyzy
Рет қаралды 110 М.
Маск-Жүдо цоо шинэ хошин шог
20:19
Mozokus studio
Рет қаралды 497 М.
Халықаралық би күніне арналған "Томирис" би ансамблінің концерті.
1:11:00
Қызылорда облыстық филармониясы
Рет қаралды 6 М.
ИРИНА КАЙРАТОВНА - АЙДАХАР (БЕКА) [MV]
02:51
ГОСТ ENTERTAINMENT
Рет қаралды 8 МЛН