Жүрсін ЕРМАН. "ӘЙЕЛГЕ ОДА". "Жеті нота" жобасы. "Қазақстан" ұлттық арнасы.

  Рет қаралды 32,071

Бекжан Аширбаев

Бекжан Аширбаев

8 жыл бұрын

ӘЙЕЛГЕ ОДА
Қай жерде, мейлі, қай елде
Әлемнің мәні - Әйелде.
Мықтымын десең оныңды
Әйелге барып дәлелде!
Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен!
Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең - әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.
Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,,
Әйелдің тілін таппасаң!
Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!
Әйелден ыстық от бар ма?
Сол үшін түстік көкпарға.
Қарғағың келсе біреуді,
Әйелcіз өтсін деп қарға!
Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін - сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер!
Жөн емес қазақ нақылы,
Болсаң да әлем ақыны,
Жетеді билеп-төстеуге
Әйелдің қысқа ақылы.
Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!
Жүрсін ЕРМАН

Пікірлер: 7
@user-vp8lb6cp5u
@user-vp8lb6cp5u 8 жыл бұрын
Керемет олен! Жасыныз узак болсын! Олендериниз жасай берсин!
@user-sg3pz1ns3b
@user-sg3pz1ns3b 6 жыл бұрын
Аллам өмір жасыңызды ұзақ қылсын
@danamaulenbergen6767
@danamaulenbergen6767 6 жыл бұрын
Айелдер манги жасасн деген Журсин ага Аналарды сыйлаган айел кызлардын хурметин орнына койган сиздей Азаматтар коп болсын
@user-vm9ju4jp2g
@user-vm9ju4jp2g 6 жыл бұрын
Жүрсін аға!шабытыңыз шарықтай берсін!Бақыт жеңгеймен қазыналы қарт болуыңызға еліңіз жұртыңыз тілектес,бірақ бір өтінішім осы Айнұр деген жүйрігіңіз өлеңмен бəйгеге қосылмай-ақ,өмірін өрендерге өнеге етіп алсыншы,Айнұр қай нұрдан жаралса да,үйірі ұйып тұрған айғырдың артына мінгесіп,өз ошағын ойран ете салған ақынсымақты жария ете бермейікші,онсызда ол басын керек емес жерлерге сұғып бітті əйтеуір,жасандылыққа жаным қас!
@jasaiberqazaq8685
@jasaiberqazaq8685 6 жыл бұрын
шындық
@user-xr6uu4lk5e
@user-xr6uu4lk5e 2 жыл бұрын
Гап жок прости
@user-fq2so8zm1o
@user-fq2so8zm1o 8 жыл бұрын
Калайсыздар? Уатсапка осы видео жибериниздерши отиниш 87789145490
Which one will take more 😉
00:27
Polar
Рет қаралды 66 МЛН
Balloon Pop Racing Is INTENSE!!!
01:00
A4
Рет қаралды 12 МЛН
CAN FOXY TRICK HIM?! 🤣 #shorts *FOXY AND NUGGET!*
00:17
LankyBox
Рет қаралды 18 МЛН
Mini Jelly Cake 🎂
00:50
Mr. Clabik
Рет қаралды 15 МЛН
ӨЗ ҮЙІМ - ЖҮРСІН ЕРМАН
1:26
Aisaule Beisenxan
Рет қаралды 37 М.
Ғашықтар әні
4:30
StoPesen
Рет қаралды 1,2 МЛН
Alisher Konysbaev - Ol Aru (Official Music Video)
2:40
Alisher Konysbaev
Рет қаралды 3 МЛН
Coco Chanel
1:54
Asik - Topic
Рет қаралды 1 МЛН
Wallem, Mult96 - Она безумна (Mood Video, 2024)
2:33
Wallem
Рет қаралды 3,9 МЛН
Asik - Coco Chanel (Lyrics Video)
1:58
Rukh Music
Рет қаралды 1,2 МЛН
Қайдағы махаббат
3:00
Досбол Нұрылла - Topic
Рет қаралды 525 М.
Alisher Bayniyazov & Kazbek Mirza - Ku'nde oylayman
3:04
ALYONMEDIA
Рет қаралды 911 М.
Кешірім сұрамаймын
3:22
Дариға Бадықова - Topic
Рет қаралды 211 М.