Рухани кеш

  Рет қаралды 20

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы

22 күн бұрын

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Өріс Яшкурова 75 жасқа толды. Осыған орай Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында оқырмандарымен кездесу кеші ұйымдастырылып, қаламгерге құрмет көрсетілді.
Өріс Яшкүрқызы 1949 жылы 6 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білім алған. Еңбек жолын "Сырдария" аудандық газетінде әдеби қызметкерден бастаған қаламгер қызметтік сатысын өзге өңірде жалғастырған. Алматы облысының Шелек аудандық «Еңбек туы», Торғай облыстық телерадиокорпорациясында комментатор, тележурналист, «Астана ақшамы» газетінде әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде бас сарапшы секілді жауапты қызметтерді атқарған. Қазір де жазудан қол үзбей, шығармашылықпен айналысып келеді.
ҚУАНЫШ ЖАНҰЗАҚОВ - ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қызылорда облысы Алаштың анасы атанған ерекеше өңір. Тума талант, дарабоз аға-әпкелеріміз өте көп. бүгін сіздің Асанадан ат терлертіп өзіңіздің мерей тойыңызды біздің ортамызға келіп бізбен бөлісіп жатқаныңызға үлкен рақмет айтамыз. Оқырмандар бар, жастарымыз бар сол сіздің өнегелі, өрісті жолдарыңызды мына артыңыздан ерген іні-қарындастарыңызға берсін деген тілек білдіреміз.
Кездесу кешінде Өріс Яшкурованың жаңа жинағы таныстырылды. Кітап төрт томнан тұрады. Поэзия, проза, сатира, детектив жанырындағы таңдаулы шығармалары топтастырылған.
ҚАРШЫҒА ЕСІМСЕЙІТОВА - ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ // Бұл кісінің поэзиясында тек ғана лирика емес сатира, мына қоғамда болып жатқан түрлі құбылыстарға өзіндік көзқарасын және де соны жөндеуге, соған бағыт-бағдар беруге ұмтылатын өлеңдер дүниеге келеді. Прозасында тілі өте халыққа жақын. Өйткені оның шығармаларын оқып отырған кезде көз алдыңызға сол ауылдың бейнесі, күнделікті тіршілік тынысы, тіпті сыбдырлап тұрған жапырақ, өсіп тұрған шеңгел осының бәрі осы шығармасында тыныстаған.
ӨРІС ЯШКУРОВА - ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ //Соңғы кездерде мен осы қоғамның көптеген өзгерістеріне байланысты ынтам детектив жанырына аусып, детиктив жанырында шығармалар жаза бастадым. Сол әйелдер жасаған қылмыстар туралы жазған шығармам көпшіліктің қолдауына ие болды. Сол «Жіп тұзақ» деген детективті шығармам былытырға жылы алаш әдеби сыйлығына ие болды. Оқырмандардың сұрауы бойынша «Су астындағы сұмдық» деген шығармам баспада басылу үстінде.
Шығармашылық кештің соңында мерейтой иесіне өзі бейнеленген портрет табысталып, өнерпаздар әннен шашу шашты.
Сайт - qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv

Пікірлер
Путин говорит одно, Белоусов другое
18:33
The Breakfast Show
Рет қаралды 55 М.
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 601 М.
Indian sharing by Secret Vlog #shorts
00:13
Secret Vlog
Рет қаралды 59 МЛН
Аружанға "қара дуа" жасалды ма?😱 Бір Болайық! 05.06.24
56:28
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 6 М.
Қызылордалық теннисшілер жүлдемен оралды
1:21
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 3
Выпуск новостей 16:00 от 06.06.2024
10:20
Телеканал 24kz
Рет қаралды 376
Ұшқыр бәйгенің елдегі әлеуеті қалай?
4:48
Телеканал 24kz
Рет қаралды 101
1 Студия. День государственных символов
19:54
ERTIS TV / Ертіс телеарнасы
Рет қаралды 23
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 5 СЕРИЯ
27:21
Inter Production
Рет қаралды 601 М.