Сәлдеңді шеш асыға.Екі сопының дауы

  Рет қаралды 785

Білгенге маржан сақтап ал

Білгенге маржан сақтап ал

Күн бұрын

Екі сопының дауы
(Фаридаддин Аттардан)
Екі сопы келді бір күн Қазыға,
Даурығысып, көтерді үйді басына.
Екеуіне кезек қарап, таңырқап,
Қазы отырды бұт-борбайын қасына.
Сәлден кейін дауласушы екеудің
Дауыстары қалғанда бір басыла:
- Шырақтарым, сопы емес пе ең екеуің
Келістіріп сәлде ораған басына?
Шекпендерің - ол да сүннет киімің,
Тұратұғын айбатыңды асыра.
Ұят болды-ау үстіңдегі хыркадан
Сенбей тұрмын мынау істің расына.
Дау қуалап жүрер болсаң, екеуің
Шешсеңдерші бұл киімді асыға,
Ең абзалы - құбылмалы жүзіңді
Пәренжемен бүркеп жүру жасыра.
Ал егерде лайықпын деп ойласаң
Айғайласып, артық сөйлеп, тасыма.
Жауласқаның қуып дауды өнбейтін -
Сендерге шақ келмейтұғын базына.
Қазылығым осы болсын - екеуің
Атқар істі ылайқатты басыңа, -
Деп шығарып салды Қазы екеуін
- Кетіңдер, - деп, - келмей қайта қасыма!
Бұл кешегі кемеңгерлер сөзі еді
Алсаң тәлім - теңдесі жоқ қазына...
Жарым кеуіл, Жар жамалын аңсайсың,
Бірақ жұрттың көз саласың асына.
Қызыл-жасыл мың құбылған жалғанның
Елтіп жүрсің сұлу салған сазына.
Хақтың сыры қалай саған ашылар
Аралассаң бұ дүниенің ласына?
Түнде жортып, күндіз қорыққан боласың,
Кім сенеді көзден аққан жасыңа?
Сап көңілім, тыйыл енді, шалқымай
Сыртың бүтін болғанына масыға.
Сен де енді жөніңді тап, қызыл тіл,
Машықтанып сөйлер сөздің азына...
Осы жерден ойыңды түй оймақтай
Әмірі Хақтың пазылына асыла.
Ләйлі Құндақбай

Пікірлер: 4
@Тлектес1982
@Тлектес1982 7 ай бұрын
Күшті
@АкмаралКабдулова-ш1и
@АкмаралКабдулова-ш1и 8 ай бұрын
❤❤❤❤❤
@ГулмираАсанова-ы5щ
@ГулмираАсанова-ы5щ 11 ай бұрын
😢😢😢😢😢😢😢😢
@ГулмираАсанова-ы5щ
@ГулмираАсанова-ы5щ 11 ай бұрын
4саг
Өмір ай
2:59
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 837
Аксенов саудагер
7:52
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 230
Как мы играем в игры 😂
00:20
МЯТНАЯ ФАНТА
Рет қаралды 3,3 МЛН
Man Mocks Wife's Exercise Routine, Faces Embarrassment at Work #shorts
00:32
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 6 МЛН
Это не только ВОЗБУЖДАЕТ мужчину , он еще сойдёт с ума по тебе
18:14
Отношения, Любовь, Самооценка
Рет қаралды 1,8 МЛН
Хор қызына айналған әйел
5:06
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 2,4 М.
"Ақ тілеудің белгісі - бата"
5:16
Арнайы Кітапхана
Рет қаралды 53 М.
Қ әріпінен басталады (прикол)
4:43
Aris Driver
Рет қаралды 227 М.
Жаман ерді жақсы әйел адам қылады
5:45
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 1 М.
Как мы играем в игры 😂
00:20
МЯТНАЯ ФАНТА
Рет қаралды 3,3 МЛН