Туған жерім ! Туған жерім ,ата қоныс мекенім, Теңеу барма ,өзіңе жер жететін. Жер жұмағым қадіріңді қастерлеп, Өмір бойы,сені жырлап өтермін. Туған жерім, ол қазақтың даласы, Қорғаштаған көзінің қарасындай. Еңселі ел,еңбекшіл өр алашым, Жерін сүйген,ардакты анасындай. Кайырмасы Көрік береіп ну орманның көлдерің, Арайласын əрбір атқан таңдарың. Шабыт беріп асқар тауың белдерің, Ұлт жанды өссін ұлан балдарың. Туған жерім, ту жайнатқан төріңде, Ынтымақты бірлік болғай елімде. Бабаларым қайтпай осы жер үшін, Құрбан болып ,қан мен тері төгілген. Туған жерім ,өзің менен бақ қандай, Домбыра үнмен далам күмбір қаққандай. Көз тастасам , ұлан байтақ далама, Далам тұнады ,бабам жырлап жаткандай. ........... Қайырмасы Көрік беріп ну орманның көлдерің, Арайласын əрбір атқан таңдарың. Рух беріп асқар тауың белдерің , Ұлт жанды өссін ұлан балдарың. Əні мен сөзін жазған Қ.Қанатов.
@саконтурехан2 жыл бұрын
ю ри,м.ммдюююээх
@АрманАА6 жыл бұрын
Қайран ата бабаларым, астарлап айтқан, жөн білетін жігітке...
@ayazgultemirova2465 жыл бұрын
ескіден сөз қалғаны, жеткізетін ұрпағы аман болсын.
@УбайдуллаРыскалиев5 жыл бұрын
Недеген керемт жыр орындаушы Жаксылык жыраудында орындау шебердеги недеген керемет